Мәдениет интеграциясымен локаллизациясы


“ Қазақстан тарихы және әлеуметтік - қоғамдық пәндер” кафедрасы
ОБӨЖ
Тақырыбы: С. Хантингтон “Өркениеттер қақтығысы”. “Мәдениет интеграциясымен локаллизациясы”.
Орындаған: Арыстанбек Б.
Группа: В-ФӨТҚ(Б) 02-21
Қабылдаған: Өтегенов Б. Д.
Шымкент-2022ж
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық,экономикалық түсіндіру. Теориялык ыңгайларды шолу С. Ханингтон Өркениеттер қақтығысы.
Қорытынды
Әдебиеттер
1. Талай ғасырлардың сын елегінен өткен, әлемді меңгерудің мейлінше бай тәжірибе-тағылымы бар екендігі, небір тарихи дәуірлердің рухын жинақтаған, арман-ойларын, үміттері мен межелерін уақыт сүзгісінен өткізген мәдениеттің теориясы мен тарихының рухани-шығармашылық маңызы зор .
Мәдениеттану -мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениет қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т. б. ) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, тәуелділіктерімен зерттейді.
Мәдениеттану туралы түсінік беру үшін алдымен осы мәдениет сөзінің этимологиясын, яғни шығу тегін түсіну керек. Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” - қала, қалалық, деген сөзінен енген. Осы “мәдениет” термині мен мағыналас “культура” термині де кең қолданысқа ие.
“Культура” термині латын тілінде көне заманда жерді өңдеу деген мағынаны білдірген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронның еңбектерінде (б. ғ. д. 45 ж. ) бұл сөздің мағынасы тереңдеп “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдіреді. Бірте-бірте еуропалық тілдерде культура сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу”, деген сияқты мағыналарға ие бола бастады.
XVIII ғасырға дейін, яғни ағартушылық дәуіріне дейін, басты құндылық-адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін “мәдениет” сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пйдаланылды.
Жаңа заманда (XVII - XIX ғ. ) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оны шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі - буржуазиялық қайта құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды.
2. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет- адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық - норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады.
Мәдени антропологияның негізін - әлем халықтарының мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттейтін этнография және мәдениеттерді салыстырмалы зерттеу ғылымы - этнология ғылымдары құрайды. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді.
Мәдени саясат тұжырымдамасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің озық тәжірибесі ескеріле отырып әзірленді, атап айтқанда, жұмыспен қамту және кірістер деңгейінің көрсеткіштері бойынша мәдениет және өнер саласын күшейтуге бағытталған.
3 . Мәдениет туралы ғылым - кешiрек, бiздiң ғасырда қалыптасты. Әрине, мәдениет одан бұрын да зерттелдi. XIX ғасырдың ортасына дейiн онымен философия мен тарих шұғылданды, одан кейiн басқа ғылымдар - этнография, философия, антропология қосылды.
Тiкелей мәдениетке арналған алғашқы жұмыстардың бiрi ағылшын тарихшысы Э. Тайлордың «Ертедегi мәдениет» («Первобытная культура») (1871ж. ) кiтабы болды. Бұл жұмыста Тайлор үлкен этнографиялық материалды зерттеу негiзiнде ертедегi мәдениеттiң нақты элементтерiн суреттеп, алғашқы адамның қоршаған ортамен қатынасы бойынша оның бүкiл практикалық тәжiрибесiн байланыстыратын бүкiл табиғаттың жандануына сену теориясына негiзделген тұтас көрiнiсiн бердi.
Тайлор үшiн эволюционист ретiнде басты мақсат (яғни мәдениеттi кенеттен болатын өзгерiстер мен күйзелiссiз, оның бiртiндеп дамуы мен өгеруi процесiнде қарастыруды қолдайтын) “Жабайылықтан” “өркениетке” жету жолында адамзаттың мәдени бiрлiгi мен бiркелкi дамуын көрсету болды. Бiрақ эволюциялық процестi түсiндiру оның мәдениеттi қалай түсiнетiндiгiмен анықталады. Өркениетпен теңдесетiн мәдениеттi Тайлор былай анықтайды: “Мәдениет, немесе өркениет кең этнографиялық мәнде бiлiмнен, сенiмнен, өнерден, адамгершiлiктен, заңдардан, әдет-ғұрыптардан және адамның қоғам мүшесi ретiнде игерген басқа да қабiлеттерi мен әдеттерiнен құралады”.
Бiлiмнiң ерекше саласы ретiнде мәдениеттiң жалпы теориясын кұру мүмкiндiгi мен қажеттiлiгi бiрнеше қайтара ұғынылды. “Мәдениеттануды” құруға талаптанған алғашқы зерттеушiлердiң бiрi белгiлi американ мәдениет антропологы Лесли Уайт болды. Ол “мәдениет туралы ғылымның синонимі ретінде” мәдениеттану терминін қолданудың негізін қалады. . Оның мәдениет ұғымы болмыстың ерекше объектiсiн, әлеуметтiк кұбылыстардың ерекше тобын қамтиды. Жүйе ретiндегi мәдениет индивидтен кейiн тұрады: “Мәдениет” өзiне тән терминдермен түсiндiрiлу керек, алайда бұл әдеттен тыс болып көрiнуi мүмкiн, адамзатты зерттеудiң тiкелей объектiсi адам емес, мәдениет болады».
Л. Уайт мәдениеттi жеке адамға және адамзат қоғамына тәуелсiз, дамудың iшкi логикасына ғана бағынатын объективтi бiлiм ретiнде қарастырады. Ол мәдениетте ұйымдасқан тұтас жүйедегiдей 3 қосалқы жүйенi белгiлеп көрсетедi:
- біріншісі (технологиялық ) адамның табиғатпен өзара қатынасын, оның техникалық құралдары мен еңбек құралдарын, тұрғын үй типтерін және т. б. қолдануын сипаттайды;
- екінші (ресми) қоғамдық қатынастар мен оларға сай мінез-құлық типтерінен, туыстық жүйелерден, экономикалық, саяси, әскери, эстетикалық және т. б. қатынастардан тұрады;
- үшіншісі (идеологиялық) идеялардан, сенімнен, дәстүрден, әртүрлі білім түрлерінен құралады;
4 . "Өркениеттер қақтығысы" - американ саясаттанушысы Сэмюэль Хантингтонның өркениеттік күйреу туралы тұжырымдамасы. Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 ж. Хантингтонның "Өркениеттер қақтығысы" мақаласында келтірілді, қысқа мерзім ішінде бірнеше тілге аударылып, қызу пікір-талас тудырды. Кейінірек С. Хантингтон мақаласының негізгі идеялары оның "Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің шегі" (1996) атты кітабында одан әрі өрбітілді. А. Тойнбидің ізінше Хантингтон өркениетті ең жоғарғы дәрежедегі мәдени қауымдастық ретінде және адамдардың ең ауқымды мәдени бірегейлігінің деңгейі ретінде қарастырады. Өркениеттер объективті тұрғыдағы, тіл, әдет-ғұрып, дін, институттар сияқты ортақ белгілердің, сондай-ақ адамдардың субъективті өзара бірегейлігінің болуымен сипатталады. Осы орайда ол қазіргі әлемдегі келесідей өркениеттерді көрсетеді: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік, славяндық, латын американдық және африкандық. Автордың пікірінше, қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін, кеңестік одақ қирағаннан кейін, қазіргі әлемдегі қайшылықтардың жаңа торабы жоғарыда аталған өркениеттердің арасында болады. Жаһандану процестері адамдардың дәстүрлі бірегейленуін ағын судай шайып бара жатса, бұл түпкі ұлттық тамырға қайта оралуға талпынып, кері реакция тудыруда. Бұл әсіресе, діни фундаментализмнің қайта өрлеуінен көрініс табуда. Батыстық емес елдердің батысқа қосылу жолындағы кедергілер күрделілігі және тереңдігі жағынан біршама ерекшеленеді. Шығыс Еуропа мен Латын Америкасы елдерінде ол аса байқалмайды. Бірақ, ең көп кедергі мұсылман, конфуциандық, индуистік және буддистік халықтар арасында кездесуде. Хантингтонның пікірінше, дәл осы мұсылман-конфуциандық одақ, қазіргі кезде Батысқа ең үлкен қауіп төндіріп тұр. Хантингтон бұл өркениеттік жік әлеуметтік-саяси тұрғыда да әсіресе, түпкілікті батыстық құндылықтар деп саналатын демократия және адам құқы мәселесінде көрініс табуда дейді. Батыстық мәдениеттің біразы басқа әлемді үстірт жаулап алды. Бірақ, терең бойласақ, батыстық идеялар мен көзқарастар басқа өркениеттерге қатысты көзқарастардан әлдеқайда алшақ. Исламдық, конфуциандық, индуистік, буддистік және православиелік мәдениеттерде индивидуализм, либерализм, конституционализм, адам құқы, теңдік, еркіндік, заң үстемдігі, демократия, еркін нарық, шіркеудің мемлекеттен бөлінуі сияқты идеялармен қатар, осы құндылықтарды уағыздап, таратуға бағытталған Батыстың әрекеті "адам құқының империализміне" қарсы жауықтырып, төл мәдениеттің түпкілікті құндылықтарын нығайтуға септігін тигізеді. Хантингтонның өркениеттік жік теориясы Ф. Фукуяманың "Тарихтың ақыры" жөніндегі тұжырымына және либералды демократия принциптерінің салтанатына өзіндік қарама-қарсы салыстыру болды. Хантингтон ұсынған көптеген ережелерді жаһандану қарсыластары қолдануда. "Өркениеттер қақтығысы" мақаласы философиялық, әлеуметтік, саясаттанулық ортада, әдебиеттерде қызу пікір-талас тудырды
Қорытынды
Мəдениеттану - ғылымның жеке саласы ретiнде өзiнiң алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ. Əрине, жоғарыда атап көрсеткенiмiздей, мəдениеттану ғылымының дамуына көптеген ғылымдар ат салысуда, осыған қарамастан бұл пəннəң өзiндiк бағыт-бағдары, бет- бейнесi бар. Мəдениетке өзiндiк баға берушiлiк сол бiр ғылыми iзденiстiң басты белгiсi болса керек, сондықтан да болар мəдениеттану саласында түрлi мектептер қалыптасып, ондағы мəдениеттанушылар «мəдениет» мəселесiмен тығыз айналысуда. Кейде мəдениеттану саласында қанша теория болса, соншама мəдениеттанушылар бар деген пiкiр де айтылып қалады. Шындығында да, теориялар санының көп болуы, мəдениетке де көзқарастардың сан алуан болуымен оның əр əкелiп соқты. Мысалы: мəдениеттi «семиотикалық» тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкiлi Ю. Лотман жəне мəдениеттi «əдебиеттiк» (С. С. Аверинцев), тарихи (Л. Н. Баткин) методологиялық (А. Кребер, К. Кдахкон) антропологиялық (М. Мид) жəне тағы басқа тұрғыдан пайымдаулар бар. Əрине, олардың «мəдениет» мəселесiне байланысты пiкiрлерiнiң, түсiнiктерiнiң айырмашылықтары бар екендiгi даусыз жəне оны ешкiм жоққа да шығара алмайды, бiрақ олар бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi, мəдениеттануға тiкелей байланысты ортақ мəселелеркөтередi. Ендеше, бұл пəндi терең зерттеуге құлшынушылық, мəдениетке байланысты түрлi көзқарастар жүйесiнiң қалыптасуы сөзсiз қуантарлық жағдай, ол гуманитарлық ғылыми пəннiң туып келе жатқандығының белгiсi деп санауымыз керек. Шындығына келсек, əрбiр ғылым салаларының өкiлдерi мəдениеттi өз мамандықтары тұрғысында қарастырады. Бiрақ бұл ғылымдар бiр-бiрiмен тығыз байланысты болғандықтан бiрiнсiз-бiрi өмiр сүре алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz