Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері



Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қор биржасының пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7
1.2 Қор биржасының мәні мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.8
1.3 Қазақстанда қор биржасының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ...8.13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ
ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қор биржасының қызмет ету ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.17
2.2 Қор биржасының қазіргі жағдайының мәселелері ... ... ... ... ... .17.20
2.3 Қор биржасының қызметін ұйымдастыруды талдау ... ... ... ... ..21.25
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ ДАМЫТУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30.31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4

1 Қор биржасының теориялық негіздері
1.1 Қор биржасының пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5-7
1.2 Қор биржасының мәні мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-8
1.3 Қазақстанда қор биржасының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ...8-13

2 Қазақстан Республикасының қор биржасының
қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
2.1 Қор биржасының қызмет ету ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..14-17
2.2 Қор биржасының қазіргі жағдайының мәселелері ... ... ... ... ... .17-2 0
2.3 Қор биржасының қызметін ұйымдастыруды талдау ... ... ... ... ..21-25

3 Қазақстан Республикасының қор биржасының дамыту мен жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30-31

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасын жақсартып, бекіту үшін қор нарығын дамыту керек және де қор нарығы әр түрлі меншік нысандарының және кәсіпкерліктің еркін қызметін қамту керек.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар нарығы үлкен орын алады, ол капиталдың қозғалысын реттеп және оның өзін-өзі реттеу жағдайларын жасай отырып, сонымен қатар, портфельді инвестициялар ағымы арқылы дамуына ықпал етеді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы - ақша массасының өсуін шектейтін, несие-ақшалай институтарының баланстарының заңдылығын қолдайтын және мемлекет бюджетінің дефицитін қаржыландыратын қайнар көзі [17].
Қазақстанның қор нарығы өзін инвестициялық механизм ретінде әлі де көрсете алған жоқ. Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә. Назарбаев қаржы секторы реформасын аяқтап және бағалы қағаздар нарығын шығаруға шақырады және де оны реттеуде мемлекеттің үлкен рөлін айтады. Мемлекет мұнда екі түрлі қатысады: берілген қызметтің заңдылығын қанағаттандыратын гарант рөлінде және дербес қатысушы-комитет ретінде. Қор нарығында мемлекеттің кәсіби және реттеу қызметін біріктіру - бұл көрініс әлемде көп, бірақ бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушылардың дамымауына байланысты үкіметтің дұрыс есептелмеген қадамы нарықтың жалпы стагнациясына әкелуі мүмкін [14].
Қор нарығының мәселелелерінің тиімділігі рөлінің кілті - меншік қатынасы. Осы қатынастар ғана қоғам типін және мақсатты бағытын, әлеуметтік және экономика-технологиялық құрылымын анықтайды. Меншік қатынастары материалдық қажеттіліктермен байланысты болғандықтан қор биржасындағы қызмет әлеуметтік-экономикалық жағдайға, республиканың даму темпіне тікелей әсер етеді. Қор нарығы нарықтық экономикада ерекше бөлінеді, ал қор нарығының ең маңызды бөлігі қор биржасы, сондықтан да қор биржасына ерекше көңіл бөлу керек. Бұл нарықтың сату-сатып алуының объектісі арнайы тауар - бағалы қағаздар.
Қазір қалыптасып келе жатқан мемлекттік бағалы қағаздар және жаңа комитеттерінің агрессиялық әсері бар, көп жағдайда шынайы активтері жоқ мемлеттік нарықтың орнына кәсіпкерлік, тұрғын, кәсіпорындардың құрылысындағы инвестициялық проекттерге қызмет көрсететін қор нарығы пайда болу керек [11].
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздің экономикасы үшiн бағалы қағаздар нарығының маңызы мен оны дамытудың iс-шараларын қарастырып өту болып табылады. Себебі бағалы қағаздар нарығы ресурстарды қорландырудан және капитал жұмсалымдарын үлестіруден тауар мен қаржы тасқындарын реттеу жүйесіне өтуге мүмкіндік береді. Және де ол жеке және заңды тұлғалар қаражатын өндірісті жандандыру мен қайта құруға жұмылдырудың тиімді құралына айналып отыр.

Менің жұмысымның мақсаты:
oo қазіргі кездегі Қазақстандық Қор биржасының басты мәселелерін талқылау;
oo қор биржасының қызметін ұйымдастыруды талдау;
oo біздің еліміздің биржалық қызметінің ерекшеліктерін қарастыру;
oo қор биржасының жетілдіру жолдарын көрсету.
Жұмыстың міндеттері:
oo қор биржасының пайда болуын, мәні мен құрылымын көрсету;
oo Қазақстанның қор биржасының қызмет ету ерекшеліктерін сипаттау;
oo Қазақстанда қор биржасының қалыптасуын талдау;
oo қор биржасының қазіргі жағдайының мәселелерін анықтау;
oo қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктерін талдау.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімі қор биржасы қызметінің теориялық аспектілеріне арналған. Бұл бөлімде қор биржасының қалай пайда болғаны, оның мәні мен қызмет ету ерекшелігі туралы баяндалады.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктері мен қызмет ету тенденцияларына тікелей арналған. Онда көрсетілген мәселелер қалыптасудың тарихи кезеңдерін, Қазақстандық қор биржасының басты мәселелрі мен қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін қамтиды.
Үшінші бөлімде Қор биржасының болашақта қарқынды дамуы үшін жасалынатын іс әрекеттер мен биржа қызметін жетілдіру бағыттары қарастырылған.

1 Қор биржасының теориялық негізі

1.1 Қор биржасының пайда болуы

Биржаның қашан пайда болғанын айту қиын. Ерте кездерден бері саудагерлер сатып алушыны табу үшін, іскер және ең басты белгілі бір тауарлардың соңғы бағалары туралы ақпаратты алу үшін белгіленген жерлерда кездесетін. Осындай жиналыстар Ежелгі Римде біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда өтетін.
Қор нарығы суда-саттықтың өсуі және жасалатын мерзімді мәмілелердің санының ұлғаюынан кейін барып, тұтыну тауарларының қойнауында қалыптасқан болатын. Қаржы операциялардың объектісіне қарыздық қолхат - вексельдер біртіндеп айнала бастаған. Бельгия порты Анвертпен ресми түрдегі қор биржасының отаны болып саналады. Оның тауар биржасында 1592 жылы бағалы қағаздармен алғашқы сауда-саттық жасалған.
1653 жылы марсельдік саудагерлер өздеріне жиналыстарды өткізетін жерді талап етті. Олардың айтуы бойынша олар үнемі жиналыстарын далада өткізетін және бұл оларға өте ыңғайсыз болатын.
Бірте-бірте биржалық сауданы жүргізүдің тәртібі қалыптасты. Оның қатысушылары оларға тауарды өздерімен бірге тасудын керегі жоқ деген шешімге келді. Таурдың бағасы келісілсе, болды. Барлық қалған жайттар келісім шартта көрсетілуі тиіс болды. Биржада, сауда-саттықтан басқа сақтандыру, вексельдерді қайта сату және т.б. сұрақтар шешілді. Уақыт өте келе ортағасырлық биржа қазіргі кездегі биржаның сипаттамаларына ие бола бастады.
Биржа сөзінің пайда болуынынң негіздері фладрияның ең ірі сауда орны Брюггада болды. Бұл жерде саудалық жиналыстар Бурсе қонақ үйінің жанында өткізілетін. Қонақ үйдің иесінің аты Ван дер Бурсе болатын. Ол келген адмдарға алды өзінің таңбасы үш амиянмен безендірілген үй салды.
XVII жүзжылдықтың басында саудалық және қаржылық қызметтің орталығы Амстердамға көшті. Дәл осы жерде 1608 жылы әлемнің ең әйгілі биржаларының бірі құрылды. Біршама уақыттан соң биржа Ост Үнді компаниясының резиденциясы мен банкына қарама қарсы тұрған, Дам алаңында орналасқан үлкен ғимаратқа орнықты.
Осы компания жетістіктерінің арқасында Нидерланды әлемдік қаржылық мемлекет болды. Амстердам арқылы барлық маңызды қаржылық оперциялар өтті. Биржада күнде түстен сағат екіге дейін 4,5 мың адамдай жиналатын. Биржадағы тәртіп өте үлгілі болатын. Әрбір сауда саласында белгілі бір орын болған. Биржа келушілерін маклерлер мыңдаған саны қызмет көрсететін. Соған қарамастан үймелеген адамдар арасынан сатушы мен сатып алушыға бір-бірін іздеп табу қиынға соғатын.
Шамамен бүкіл Еуропа Амстердамға қарыздар болған. Осы жердегі байлардың ақшаларынсыз ешқандай соғыс басталмайтын. Осылай швед королі Густаф Адольф отыз жылдық соғысқа кіру үшін амстердамдық банкирлерден керекті ақша қаражатын қарызға алған.
ХVII ғасырдың басында сауда саттықтың орталығы Лондон болды (амстердамдық капиталдың көмегінсіз). Осыған дейін 1625жылы үш мың фунт қарызға алу үшін британдық коронаның әшекейлері Амстердамда салынған болатын. 1695 жылдан бастап лондонық Корольдік биржа мемлекеттік қағаздар мен акциялармен келісім шарттар жасай бастады [4].
Биржалардың басатпқы кезеңдегі қалыптасуы мемлекеттік қарыздың өсуімен байланысты болды, яғни қазыналық вексельдер мен облигацияларға жұмсалған капиталдарды кез-келген уақытта ақшаға айналдруға мүмкін еді. Алғашқы акционерлік қоғамдардың (Нидерланды және ағылшын Ост Үнді компаниясы) пайда болуына байланысты акциялар биржа айналымының басты объектісіне айналды. Саудагерлерді, қарыз иелерін, банкирлерді, өнеркәсіпшілерді біріктіретін серіктестердің пайда болуы теңіздік экспедициялар және Жаңа Жарықтың елдеріне баратын сауда керуендерімен байланыста болды. Қосқан пайлары арнайы құжат акциялар арқылы құжатталды. Акциялар жалпы капиталға үлес қосқандығын куәләндырып, пайданың бір бөлігін алуға құқық берді.
Бұл компаниялардың алған жоғары пайдалары, олардың акцияларына деген бағаның бірден өсуіне және биржалық сауда саттықтың ұлғаюына жол берді. Осы уақыттырда XVII ғасырдың бірінші бөлігінде және келесі жылдары қор биржалары Францияда, Ұлыбритапнияда, Германияда, АҚШ-та құрыла бастаған. Биржалар саны тез өсіп және олрадың арасында өзара тығыз байланыстар орынқты. Сондықтан да капитализмнің қалыптасу кезеңінде қор биржасы белгілі бір дәрежедегі капиталды жинақтаудың маңызды факторына айналып, ол кейіннен қаржы-экономикалық қатынастардың маңызды элементі болып табылады.
Еркін бәсеке нарығындағы жағдай мемлекеттік үлестіруді айналып өтіп, қор биржасы және несиелеу сфералары арқылы ірі ақшалй қаражаттардың саладан салаға құылуын қамтамасыз етті. Бұл кезең ұымдастырылмаған жабайы нарықтық уақытымен сипатталады. Бұл тұста, шаруашылық қызметті реттеуші заңдылықтар мен органдар болмағандықтан да көптеген мәмілелер тіркеуге алынбаған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы жаппай акционерлік қоғамдардың құрылуы мен бағалы қағаздар шығарудың ұлғаюы қор биржасының маңызын арттыра түседі. Өндірістің өсуімен салыстырғанда ақшалай капиталдың интенсивті түрдегі жинақтаулы бағалы қағаздарға деген едәуір сұранысты анықтап, нәтижесінде биржалық айналым өсіп, ал биржада ең бастысы жеке компаниялар мен кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары айналысқа түсті.
Әсіресе бағалы қағаздар нарығы АҚШ-та кеңінен дамыды. Егер де, Еуропада бос ақша қаражаттарын банктегі шоттарда сақтауды, сақтандыру полисі және жылжымайтын мүлікке салуды дұрыс санаса, ал Америкада көптеген кәсіпкерлер өз капиталдарын қаржылай активтерге инвестициялады. Сондықтан да АҚШ-тың қор нарығында қаржылай опрецияларды жүзеге асырудың қазіргі механизмі қалыптасып, ол бүгінгі уақытта біршама ұйымдастрылыған және демократиялық бағалы қағаздар нарығының біріне жатады [6].

1.2 Қор биржасының мәні мен құрылымы

Қор биржасы - бұл бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі орталандырылған, тіркелген сату орны бар нарық. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді, олар сатылатын тауарға байланысты: қор биржасы, валюта биржасы, тауар биржасы, еңбек биржасы.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келсімге келу үшін кездесетін орын [2].
Қор биржасы - құнды қағаздармен басқа да қаржы құралдарының ұйымдастырылған, тұрақты жұмыс істейтін нарығы. Ұйымдастыру- құқықтық тұрғыдан қор биржасы дегеніміз ресми бекітілген ережелер бойынша, биржалық делдалдардың қатысуымен қор құндылықтарын сатушылар мен сатып алушылар арасындағы сауда мәмілелері жүзеге асырылатын, жұмыс тәртібі реттелген қаржылық делдал мекеме болып табылады. Мұндағы ережелер мемлекет заңдарымен және биржа заңдарымен белгіленеді.
Қор биржасы мен оның қызметкерлерінің құнды қағаздармен тікелей еш мәміле жүргізбейтінін айта кеткен жөн. Қор биржасы осындай мәмілелерді өткізуге жағдай жасайды, қызмет көрсетіп, сатушы мен сатып алушыны байланыстырады, оларға орын беріп, кеңестік және арбитраждық қызмет көрсетеді, технологиялық қызмет ұйымдастырып, сол мәмілені жүзеге асыру үшін бәрін жасайды [3].
Әлемде 200-ге жуық қор биржалары бар. Бірқатар елдерде өздерінің ұлттық тарихи қалыптасқан қор биржалары жүйесі бар. Құқықтық мәртебесі тұрғысынан алғанда әлемде қор биржасының үш түрін кездестіруге болады: бұқаралық құқықтық, жекеменшік және аралас.
Бұқаралық-құқықтық типтегі қор биржалары тұрақты мемлекет қадағалауында болады (Германия, Франция). Мемлекет биржа сауда ережелерін құруға қатысады және олардың орындалуын қадағалайды, сауда кезіндегі құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, биржа маклерлерін тағайындап, оларды жұмыстан босатады.
Жекеменшік компониялары ретінде қор биржалары (Англия мен АҚШ) акционерлік қоғамдар түрінде құрылады. Мұндай биржалар мүлдем өз бетінше қызмет жасайтын органдар. Биржадағы барлық мәмілелер елдің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, оны бұзу құқықтық жауапкершілікті талап етеді. Биржалық сауда тұрақтылығын қамтамасыз ету және сауда мәмілелерінің тәуекелін төмендетубойынша мемлекет өзіне еш кепілдік бере алмайды [8].
Егер қор биржалары акционерлік қоғам ретінде құрылып, бірақ олардың капиталының кем дегенде 50%-ы мемлекетке тиесілі болса, олар аралас ұйымдар типіне жатады. Мұндай биржалар көшінің басында сайланбалы биржалық комиссар биржа қызметін қадағалап, биржалық курсты ресми түрде тіркеп отырады.
Бір орталықты (моноцентрлік) және көп орталықты (полицентрлік) биржалық жүйелерді айырады. Бір орталықты биржалық жүйе жағдайында (Франция мен Жапония) басты орында елдің қаржы орталығында орналасқан бір биржа болады, ал қалған биржалар жергілікті маңыз алады (Лондон халықаралық қаржы биржасы). Көп орталықта жүйе жағдайында елде басты қор биржасынан басқа бірнеше ірі қор биржалары қызмет етуі мүмкін (Канада биржалар). АҚШ-та биржалық сауданың дамуы бір орталықты жүйеге де, көп орталықты жүйеге де жатқызуға келмейтін ерекше қор биржаларының жүйесінің пайда болуына алып келеді. Бұл елде Нью-Йорк қор биржасының сөзсіз басымдығына қарамастан, аймақтық биржалық институттар оның қосалқы бөліміне айналмай, өз дербестігін сақтап, жалпы мемелекеттік биржа жүйесі шегінде қызмет жүргізіп келеді.
Қор биржасы қаржы нарығын реттеушілердің бірі болып табылады. Биржаның негізгі рөлі қаржы және несиелік капитал қозғалысына қызмет көрсетуде: бір жағынан бұл капиталды жинақтап, шоғырландырса, екінші жағынан мемлекет пен түрлі субъектілеріне несие беріп, қаржыландырады. Қор биржасының ел экономикасындағы ролі меншіктің мемлекет тарапынан кету дәрежесімен, дәлірек айтсақ, жалпы ішкі өнім өндірісіндегі акционерлік меншіктің үлесімен анықталады. Сондай-ақ биржа ролі тұтасымен алғанда құнды қағаздар нарығының даму деңгейіне байланысты [16].

1.3 Қазақстан қор биржасының қалыптасуы

1917 жылы Қазан революциясына дейін Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болғандықтан ХУШ-ХІХ ғасырларда қазақ даласында азаматтық жэне сауда қатынастары орыстың саудалық-қүқықтық ережелерімен реттелді. Революциядан кейінгі Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдықтарында аталған катынастар РСФСР-дың азаматтық заңдарымен жүргізілді. Сол кезде бағалы қағаздардың айналысына толық құқықтық мүмкіндіктер туғызған жаңа экономикалық саясатқа байланысты шығарылған заңдар болды. Атап айтқанда, ақша нарығында вексель және чектер, яғни қысқа мерзімді төлем құралдары сауда келісімінде кеңінен қолданылды. Олармен қатар тауарларды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып алу-сату келісімдерінде қоймалық, кепілдік куәліктер жэне т.б. бағалы қағаздар қолданылды. Заң жүзінде бағалы қағаздар туралы жалпы ұғым болғанымен, бұл айтылған қағаздардың өндірісті ұйымдастыру үшін қаражат жинауға мүмкіндігі жоқ. Ал негізгі бағалы қағаздарды, яғни акциялар мен заңды тұлғалардың облигацияларын шығаратын және кор биржалары мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби делдалдары (дилерлер мен брокерлер) туралы құқықтық негіз болмады. Себебі делдалдар социализм және коммунизм идеяларына жат элементтер деп есептелді.
1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясында да жеке меншік, еркін кәсіпшілік іс-әрекеттері қаралмагандықтан айналымға акциялар, облигациялар шығаратын акционерлік қоғамдар және баска шаруашылық кәсіпорындары мен шаруашылық серіктестіктерін кұру туралы құқық болған жоқ. Алайда, мемлекеттің өз ішінде айналымға түсетін мемлекеттік облигациялар шығарылып, олар бағалы қағаздар деп аталды. Мем лекетке де облигация сатып, акша тарту, халыққа да облигацияны сатып ал ып, аз болса да не проценттік өсім, не ұтыс алу тиімд і болды. Бірақ ол облигациялардың қолдан-қолға өтіп, сату-сатып алу айналысы, яғни бағалы қағаздармен ойын ұйымдастыратын қызығушылық ынта болмады. Себебі, мұнда азаматтық құқықтың негізі - келісім еркіндігі сақталған жоқ, яғни облигациялар міндетті түрде күшпен жалақының бір бөлігінің орнына берілді.
Дегенмен КСРО халықаралық сауда-есеп айырысуында төлем қаржысы ретінде вексельдер, чектер жэне сол сияқты төлем құралдарын кеңінен пайдаланды.
Заң шығарудың келесі кезеңі - экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігін арттыру, сол сияқты азаматтардың өз бетімен шаруашылық жүргізуге қызығушылығын арттыратын механизмін құру жолдарын табу керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19 маусымындағы шешімі Бағалы қағаздар туралы Ережені бекітті, одан кейін 1991 жылғы 31 мамырда Кеңес Одағы және Одақтас республикалар жаңа Азаматтық заңдардың Негіздерін қабылдады. Оның толық бір тарауы бағалы қағаздар туралы ұғымға және оның түрлеріне, сол сияқты бағалы қағаздарды басқа біреуге беру ережесінің негіздерін бекітуге арналған. Бағалы қағаздар туралы дэл осы Негіздер 1993 жылдың 30 қаңтарында Қазақ КСР-ның Жоғары кенесінің Экономикалық реформа жүргізу квзінде азаматтық ққцық қатынастарын реттеу туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қабылдағанша өз күшінде болды.
Қазақстанда 1990-1994 жылдары бағалы қағаздар шығарып және оларды нарықта сатуға мүмкіндік беретін жоғарыда айтылған.
Азаматтық заңдардың негіздерінде бірсыпыра құқықтық актілер қабылданды. Олар:
oo 1991 жылдың 21 маусымындағы Шаруашылыц серік-тестіктері және акционерлік қоғамдар туралы Қазақ КСР-ның акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып, олардың өз жұмысын қаржыландыру үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкіндік беретін заң;
oo 1991 жылдың 11 маусымындағы Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы бағалы қағаздарды шығаруды реттеуге, оларды тіркеуге, бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық қызметті лицензиялауға, қор биржасын құруға жэне оның жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң;
oo 1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер Кабинетінің қаулысы бекіткен Бағалы қағаздар туралы № Ереже шығарылатын бағалы кағаздардың түрлерін және олардың әрқайсысында жазылатын мағлұматтарды белгіледі;
oo осы нормативті актілер негізінде шығарылған ережелер жиынтығы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, занды тұлғалар шығарған бағалы қағаздардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеу және басқа да қркаттарды шығару тәртібін белгіледі;
oo мүлікті мемлекет меншігінен алу және жекеменшіктендіру арқылы кэсіпорынды акцияландыру, сол сияқты инвестициялық қорлардың жұмысын реттеу туралы бірсыпыра заңдар мен ережелер;
oo вексельдер,банктік(депозиттік)серти фикаттардышығаруды және оларды айналымға түсіруді, сондай-ақ банктік қызмет көрсетуді реттейтін Қазақ КСР-ы Мемлекеттік банкінің ережелері.
Сол жылдары кейбір акционерлік қоғамдар алғашқы акцияларын шығарып, оларды айналысқа түсірді. Сонымен бірге қор биржалары және тауарлы-қор биржалары құрылды. Бағалы қағаздар нарығының алғашқы кәсіби мамандары пайда бола бастады.
Шығарылған актілерді қолданудың нәтижесінде Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру идеясын іске асырудың алғашқы қадамдары жасалып, бұл жүйеде аз да болса тәжірибе жинақтап және оның мәнін түсінуге мүмкіндік туындады [3].
1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта тенге енгізілді. Осы оқиғадан кейін, екінші күні 1993 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қазақстандық жиырма үш алдыңғы қатарлы коммерциялық банкі валюталық биржаны құруға шешім қабылдады. Осыған дейін болған Банкаралық валюталық операцияларды жүзеге асыратын орталық (Валюталық биржа) Ұлттық Банктың құрылымдық бөлімшесі болатын. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаттардың негізгісі тенгені енгізумен байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру мен құру болатын. 1993 жылы 30 желтоқсанда Қазақ Банкаралық Валюталық Биржа атымен жабық акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында биржа заңды тұлға ретінде тіркелді.
Осылай қазір жұмыс жасап жатқан Қазақстандық қор биржасы құрылды, ал 17 қараша оның туған күні болып қалды. 1994 жылы 3 наурызда биржа Қазақстандық Банкаралық Валюталық Биржа атауымен қайта тіркелді. Бұнын себебі: биржа атауы ағымдаға заңнамаға сәйкес болу қажеттілігі.
Алғашқы екі жылы биржа тек шетел валютсымен сауда-саттықты ұйымдастырумен айналысатын. Алайда 1994 жылдың тамызында Биржалық кеңес Биржа басқармасына бағалы қағаздар нарығындағы биржалық қызметтің дамуы туралы мәселелені шешуді бұйырды. Ал биржаның алдағы қызметінің бағытын сипаттау үшін акционерлердің жалпы жиналысы биржаның атауын Казақстандық валюта қор биржасы деп ауыстыру керектігін шешті. 1995жылы 12 шілдеде биржа жаңа атымен қайта тіркелді.
Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетімен 1994 жылы 3 қазанында № 1099 жарғысымен бекітілген Бағалы қағаздарды шығару және айналысы мен қор биржасы туралы уақытша ережені қабылдаған соң қор биржасының қызметі ҚР Қаржы министрлігімен лицензиялауды талап етті (осыған дейін 1991 жылдың 11 шілдесінен Қазақ КСР-дағы бағалы қағаздар айналысы мен қор биржасы туралы Қазақ КСР-ның заңы бойынша қор биржасы республиканың Қаржы министрлігімен тіркеуді ғана көздейтін). Қор биржасы ретінде қызмет ету үшін лицензиялау қажеттілігін ҚР Президентінің заңнамалық күші бар Бағалы қағаздар мен қор биржасы туралы1995 жылдың 21 сәуірінен жарлығына да енгізілді. Осыған орай лицензиар функциялары Қаржы министрлігінен қайтадан құрылған ҚР бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясына берілді.
1995 жылдың 2 қазанында биржа бағалы қағаздар нарығында биржалық қызметті жүзеге асыруға №1 лицензияны алды, бірақ бұл лицензияның күші тек мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастыру құқығымен шектелетін. Биржада алғашқы рет мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттық 1995 жылы 14 қарашада өткізілді. Сол кезде әр түрлі себептермен қор биржасының мемлекеттік қарыздық міндеттемелер нарығының сегменті аз бөлікті қамтитын, мемлекеттік облигациялармен сауда-саттық эпизодтық, тұрақсыз сипатта болатын. Ал бір жылдан кейін - 1996 жылы 20 қыркүйекте биржа бұл бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтатуға мәжбүр болды. 1997 жылы мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттық жүргізілмейтін. Мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің биржалық нарығының қарқыны тек 1998 жылы Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы қорын енгізгеннен кейін ғана басталды.
ҚР Президентінің аталған жарғысы қор биржасына тауарлық биржа функциясын жүзеге асыруға рұқсат етпеді. Сондықтан лицензиар талабымен биржа атауы өзгертіліп оның құрамынан валюта құраушысы алынып тасталды. 1996 жылы 12 сәуірде биржа Қазақстандық қор биржасы атауымен қайта тіркелді, ал сол жылдың 13 қарашасында бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының бағалы қағаздаремн сауда-саттықты ұйымдастыруға шексіз лицензияны алды.
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығын дамытуға бағытталған жұмыспен бірге, биржа жедел нарықты дамыту жұмыстарын жүргізді. 1996 жылдың басында жедел келісім шарттардың биржалық нарығын реттейтін нормативтік базаны құрастыру жұмыстары жүргізілді, ал осы жылдың мамырында валюталық фьючерстер нарығының ашылуы өткізілді. Өкінішке орай, сол кезде осындай нарықты ашу әрекеті өмірге қабілетсіз болды да, 1998 жылдың ақпанында жедел келісім шарттармен сауда-саттық тоқтатылды. Нарықтың бұл секторын 1999 жылдың наурызында ғана қалпына келтіруге мүмкіндік туды.
Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 5 наурызынан Бағалы қағаздар туралы заңы қор биржасының қызметін тек бағалы қағаздармен шектегендіктен, акционерлердің жалпы жиналысы 1997 жылдың сәуірінде биржаның 1997 жылдың 30 шілдесінде тіркелген ЖАҚ Алматы қаржылық құралдар биржасы (AFINEX) бөлек заңды тұлғаға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуы туралы шешім қабылдады. Сол жылдың 1 қыркүйегінен бастап AFINEX сауда алаңына шетел валютасы мен жедел келісім шарттармен сауда-саттық ауыстырылды. Қазақстандық қор биржасының өзі 1997 жылы 3 шілдеде өзінің бұрынғы атымен қайта тіркеліп, сол жылдың 19 қыркүйегінде мемелекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен алғашқы сауда-саттықты өткізді.
1998 жылы мемелекеттік бағалы қағаздардың биржалық нарығы қалпына келтірілді. Бұл бағалы қағаздар нарығының жаңа кәсіби қатысушылар тобы зейнетақы активтерін басқару компаниясының пайда болуымен жүзеге асырылды. Ал бұл компания заңнама талаптарына сәйкес операцияларын тек ұйымдастырылған қор биржасында жүзеге асыруға міндетті болды. Сол жылы бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының көмегімен Қазақстанда Қазақстан Республикасының егемен еурооблигацияларының ұйымдастырылған қайталама нарығы құрылды. Бұл облигациялармен алғашқы сауда-саттық 1998 жылдың 19 қазанында болды. Сол жылдың 15 шілдесінен бастап биржа қолданысқа бағалау сауда жүйесін енгізді, негізінде бұл жағдай Қазақстанда биржадан тыс бағалау ұйымын құру мәселесін шешті.
1999 жылдан корпоративтік облигациялар биржалық нарығының дамуы басталды, бұлардың алғашқылары сол жылдың 1 ақпанында биржаның ресми тізіміне енгізілді. Сонымен қатар 1999 жыл 5 шілдеде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша репо операцияларының биржалық секторын енгізумен және 7 шілдеде муниципалдық облигацияларды орналастырудың алғашқы аукционымен атап өтілді.
1998 жылдың 10 шілдесінен ҚР Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар жайлы заңнамалық актілердің кейбіреулеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңның күшіне енуімен қор биржасының шетел валютасы мен басқа да, бағалы қағаздардан бөлек, қаржылық құралдармен сауда-саттықты ұйымдастыруға тыйымы жойылып, AFINEX-тің Қазақстандық қор биржасына қосылуына мүмкіндік берді. Бұл туралы шешім 1999 жылдың 6 қаңтарындағы акционерлердің жалпы жиналысымен қабылданды, ал сол жылдың 16 наурызда қайта қосылған биржаның қайта тіркелуі жүзеге асырылды.
2007жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу бойынша Агенттігінің (АӨҚО ҚРА) Төрайымының 2006 жылдың 15 желтоқсанынан №74 бұйрығы күшіне енді. Бұл жарлық биржаны алғашқы сауда саттығы 2007 жылдың 27 ақпанында өткен Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы арнайы сауда алаңының операторы ретінде белгілейді.
2007 жылдың 8 тамызында күшіне енген Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 21 шілдесінен Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес биржа өзінің коммерциялық емес статусын жоғалтып, оның акцияларын сатып алу кез келген мүдделі тұлғаларға қолжетімдік болды. Осы заңға дейін заңнама биржа акционерлерінің тобын тек нарықтың кәсіби қатысушыларымен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары емес, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздардан басқа қаржылық құралдармен келісім шарттар жасау құқығына ие басқа ұйымдармен шектейтін.
Бұл күннен бастап тағы биржа акционерлерінің жалпы жиналысының дауыс беру принципі да өзгертіліп (бір акционер - бір дауыс орнына бір акция - бір дауыс), аффилирленген тұлғалармен бірге акцияның бір акционеріне тиесілі максималды санына шектеулер енгізілді. Бұл шектеу биржаның кез келген акционеріне, АҚ АӨҚО-дан басқа, биржада орнастырылған акциялардың жалпы санының 20 % құрайды. АӨҚО биржада орнастырылған акциялардың жалпы санының төрттен біріне иелік етуге құқығы бар (қазіргі кезде аталған қоғам биржада орнастырылған акциялардың жалпы санының 12 % иеленеді).
Бүгінгі күні биржа әмбебап қаржы нарығы саналып, оны шартты түрде төрт негізгі секторға бөлуге болады: шетел валютасы нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, акциялар мен корпоративтік облигациялар нарығы, деривативтер нарығы [20].

2 Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекщеліктері

2.1 Қор биржасының қызмет ету ерекшелігі

Қор биржасы құнды қағаздардың екінші нарығын ұйымдастырушы болып табылады. Биржадан тыс нарық әлбетте құнды қағаздардың жаңа шығарылымдарын қамтиды. Онда несие-қаржы институттары тұлғасында ұжымдық салушы іс-қимыл жасайды. Биржадан тыс нарықта, көбінесе, облигациялардың үлкен бөлігі орналастырылады. Биржада керісінше құнды қағаздардың бұрынғы шығарылымдарының, негізінен акционерлік қоғам акциясының бағасы белгіленеді.
Қор биржасы жабық және кемінде 3 мүшесі болуы тиіс. Тек, қор биржасының акционерлері ғана оның мүшелері болады. Ол коммерциялық емес ұйым, оның мақсаты пайда табу емес, өзін-өзі өтеуге негізделген және өз қызметінен өзінің мүшелеріне табыс төлемейді. Қор биржасының ең аз жарғы капиталы заң жүзінде белгіленеді. Қор биржасы инвестиция институты қызметімен шұғылданбайды, бірақ биржаға мүше болуға құқық беретін өз акцияларын шығарып, сата алады.
Қор биржасы кәсіпорындар туралы заңға сәйкес тіркеліп, Қаржы министрлігінде құнды қағаздармен биржа жұмысын жүргізуге лицензия алады.
Құнды қағаздар операцияларын тауар және биржалардың қор бөлімдерінде де лицензиясы бар болса, жүргізе алады.
Қор биржасы мен басқа биржалардың қор бөлімінде заң тәртібімен бекітілген ереже, биржа жарғысы, құнды қағаздармен жасалынатын мәмілелердің ішкі ережесі негізінде жұмыс істейді.
Қор биржасының қаржы қызметі мыналардың есебінен жүзеге асырылуы мүмкін:
oo қор биржасының оған мүшелікке енуге құқығын беретін акцияларын сату;
oo қор биржасы мүшелерінен мүшелік жарналары;
oo биржада жасалынған әрбір мәміледен алынатын биржа алымы;
oo биржа қызметіне түсетін басқа табыстар;
Биржаның табыстары оның қызмет ауқымын ұлғайту мен жетілдіруіне байланысты шығындарды жабуға жұмсалады [18].
Қор биржасы қаржы министрлігімен келісе отырып құнды қағазды саудаға жіберу -- листинг, сондай-ақ оларды шығару делистинг ережелерін белгілейді.
Қор биржасының негізгі қызметі (функциялары):
1. Бос ақшалай капиталдар мен жинақтарды құнды қағаздар сату арқылы шоғырландыру;
2. Мемлекет және басқа шаруашылық ұйымдарды, олардың құнды қағаздарын сатып алу арқылы несиелеу, қаржыландыру;
3. Құнды қағаздарға салынған салымдардың кері қайтарымының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
Негізгі биржалық операциялар мыналар: листинг, делистинг, бағалау, опционды, форвардтық және фьючерстік келісімдер жасау, есептесу, клиринг, консалтинг т.б.
Қор биржасы құнды қағаздардың сұранымы мен ұсынысын шоғырландыруға, акционерлік капиталдың қызметінің тиімділік деңгейін көрсететін биржалық баға қалыптасу негізінде олардың теңестірілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық ресми тіркелген қор биржаларында қор құндылықтарының айналу процесі арнайы биржалық процедура - листингте (сөзбе-сөз "тізімге қосу ") табысты өткен құнды қағаздар мен жүзеге асырыла алады. Құнды қағаздардың нақты түрлерінің листингі, яғни олардың биржа тізімінде пайда болуы олардың саудаға қатысуына рұқсат етілгендігін білдіреді және де биржа саудасына араласып жүрген кез келген басқа құнда қағаздарға берілетін артықшылықтарды береді. Листинг артықшылықтарына ең алдымен мартабильділігінің жоғарлығын, сондай-ақ олардың бағасының тұрақтылығынан түсетін пайдасының жоғарлығы жатады. Сол беттерде енгізілген қор құндылықтарына қаражат салуды шешкен кез келген инвестор, солармен бірге қор биржалары ұсынатын барлық қорғау құралдары кешенін қосатын барлық артықшылықтарға ие болады. Бірақ қор биржасы листингтен өткен компания акцияларына салынған инвестициялардың кірістілігіне кепілдік бермейді [12].
Биржа -- акциялардың нарықтық құнын қолдау жүйесі. Компаниялардың бірігуі немесе бағалау акциялардың, әдетте төмен болатын кітаптық, баланстық құнына емес, нарықтық курстық құнына сүйенеді. Бірқатар елдерде листинг компанияға салық салу кезінде елеулі шегерімдер беруге негіз болып табылады. Сондай-ақ мұндай парақтарда тұрған компанияларға қарыз немесе несие керек болған жағдайда банктер мен қаржы институттарының сенімі мен жақсы қатынасына қол жеткізу жеңіл болады, сонымен қатар тізімдік (листингтік) акцияларға конвертанциялатын облигациялардың жаңа шығарымын орналастыруды жеңілдетеді. Сонымен, листинг - нарықты қолдау жүйесі, ол ұйымдасқан нарық үшін қолайлы жағдай тудырып, ең сенімді және сапалы құнды қағаздарды анықтауға мүмкіндік береді.
Батыста листинг тек өзінің акцияларын биржаға қойғысы келген кез келген комитет өтуі тиіс формальді-заңды процедура ғана емес. Листинг - сыртқы инвесторға арналған белгі.
АҚШ корпорациялардың листинг өтуіне күшті стимул бар. Біріншіден, бұл процедура құнды қағаздарды өтімді етеді. Биржадағы үздіксіз бағалану акциялардың, биржадан тыс нарықпен салыстырғанда, сыртқы инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады. Екіншіден, листинг комитетті акциялардың жаңа шығарылымын орналастыруын жеңілдетеді, бұл инвестиция үшін қаржы қаражаттарын тартуды қамтамасыз етеді, өйткені акцияларды биржалық тізімге кіргізілуі фирмаға тұрақты мәртебе береді. Үшіншіден, листинг туынды құнды қағаздармен жедел мәмілелерден ұту мүмкіндігі де соншалықты жоғары. Төртіншіден, өнеркәсіп компанияларының акцияларын биржа бағалауына жіберу олардың өнімінің жарнамасы болып табылады және сатып алушылардың қызығушылығын қолдауға мүмкіндік береді [19].
Стимул беру қызметтерінен басқа листинг беру функциясын да орындайды. Бұның басты міндеті, өйткені бұлай болмаса акцияларды биржалық тізімге қосу процедурасы жарнамаға айналар еді. Листинг қор нарығына тиімділігін қамтамасыз етудің ең маңызды факторларының бірі болып табылады.
Тиімді қор нарығында листинг процедурасы құнды қағаздарды теңесті курсының анықталуына жол ашады. Тиімді қор нарығы деп -акциялар курсы сол берілген уақыттағы кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы ақпаратты көрсететін нарық. Сол себепті нарықта сұраныс пен ұсыныс бағаларының тепе-теңдігі орнайды. Одан ауыт нарықта бұрын болжанбаған процестердің бұрын өтіп жатқандығын немесе акциялардың бұрын қол жетпеген ақпаратқа жауап қатып жатқанын көрсетеді.
Қор нарығының тиімділігінің басты критерийі акция курстарының комитет жағдайы туралы ақпаратқа жауап қату қабілеті болып табылады. Мысалы, биржалық курстар циклді түрде қайталанып отырады және құнды қағаздар құнының бұрынғы өзгерулері негізінде олардың курстарының болашақтағы қозғалысын болжауға болады.
Орташа нарық (жартылай күшті), мұнда биржалық өткен өзгерістерді механикалық түрде қайталамайды, жарияланған ақпаратқа реакция береді, бұл ақпарат табыс пен дивидендтер туралы, акционерлік қоғамдардың бірігуі туралы, қаржылық немесе басқа бухгалтерлік есеп берулер туралы болуы мүмкін;
Тиімділігі күшті нарық мұндағы құнды қағаздар курсы компанияның қаржылық тұрақтылығы туралы тек жарияланған емес, сондай-ақ бар қол жетер ақпаратқа реакция береді.
Бұл жағдайда нарықтық әділ тепе-теңдік баға орнығады, бірде-бір инвестор өзінде бар, ешкімге мәлім емес ақпарат есебінен табыс ала алмайды.
Батыс экономистер тиімділіктің "күшті" типіне дамыған елдердің өзінде де қол жеткізу мүмкін емес деген пікірмен келісуге де болады. Шынымен де құнды қағаздар курсы барлық қол жетерлік ақпаратқа реакция беретіндігін тексеру өте қиын. Сондықтан батыс нарықтары негізінен жарияланған ақпаратқа реакция береді, сондықтан да тиімділіктің басым типі орташа "жартылай күшті" болып табылады.
Биржалық курстың кем дегенде жарияланған ақпаратқа реакция беретіндігінде листингтің атқаратын рөлі зор. Кейбір жағдайда ірі қор биржаларының листинг бөлімдері қаржы есептерін толығымен жариялауды талап етеді. Кейбір кезде акцияларды бағалауға жіберілген тәуелсіз сарапшылар - коммерциялық банктердің немесе билік құрылымдарының қатаң қадағалауымен жүзеге асырылады. Нарықтың тиімділігі тек листинг процедурасы ғана емес, әрине, сондай-ақ және де ең алдымен құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу саясатымен және кәсіпорындардың қаржылық есептерін жариялауға міндеттейтін заң құжаттармен шартталады [9].

2.2 Қор биржасының қазіргі жағдайының мәселелері

Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялык мәселелер баршылық.
Экономикалық мәселелерге:
oo нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
oo нарықты дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
oo заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
oo салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;
oo бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы;
oo нарықтық инфрақұрылымның өсу деңгейінің төмендігі жатады.
Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы кағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.
Бағалы қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұқсат берген Оқу орталықтары дайындаған болатын. Олардың жұмысын Ұлттық комиссия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық биржа
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Бағалы қағаздар нарығы. Қазақстан Республикасындағы даму серпіні
Биржалық қызмет бағдарлары және Қазақстандағы қор биржалары
Тауар биржасының мүшелері
Қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру
Биржа саудасын ұйымдастыру және оның даму бағыттары
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Қазақстанның биржа қорының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының бағыттары мен жағдайы
Пәндер