Аймақтағы тұрмыстық қалдықтарды тиімді өңдеу жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Ақтөбе облысы
Қобда ауданы
Исатай Тайманов атындағы гимназия
Ұмтылыс оқушылар ғылыми қоғамы

Авторлары: Истлеуов Дамир, 6-класс
Курманиязова Назерке, 6-класс

Тақырыбы: Аймақтағы тұрмыстық қалдықтарды тиімді өңдеу жолдары
Бағыты: экология, валеология

Жетекшісі:Абишев Қ.М.
Жас ұста үйірме жетекшісі

Қобда-2022 жыл

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Исатай Тайманов атындағы гимназияның
6-класс оқушылары Истлеуов Дамир мен Курманиязова Назеркенің
Аймақтағы тұрмыстық қалдықтарды тиімді өңдеу жолдары атты
зерттеу жұмысына

П І К І Р
Аймақтағы тұрмыстық қалдықтарды тиімді өңдеу жолдары тақырыбын зерттеу барысында 6-класс оқушылары Истлеуов Дамир мен Курманиязова Назерке өздерінің қызығушылығын, білімділігін көрсете білді. Оқушылар өз зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтер жинақтап оларға талдау жасаған. Зерттеу жұмысында бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі тұрмыстық қалдықтардың пайда болуының алдын алу, оларды азайтуды және өңдеу арқылы кәдеге жаратудың жолдарын көрсетіп, жан-жақты зерттеген.

Пікір білдіруші: технология пәнінің мұғалімі
Аятхан Тіршілік

Мазмұны:

Кіріспе____________________________ ___________________________3-4
1.Негізгі бөлім
1.1.Тұрмыстық қоқыс мәселелері мен оны шешу жолдары____________5-7
1.2. Қоқыс индустриясы________________________ _________________7-10
1.3 Химиялық қоспалардан келер қауiп көп_________________________ 10- 13
1.4 Тұрмыстық қалдықтардың сақталу мерзімі, оларды жою әдістері____13-19
1.5 Қоқыс қалдықтарын кәдеге асыру тәсілдері______________________ 19
Қорытынды ___________________________________ _______________ 21
Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ ____________23

Аннотация

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты қоныстануды ынталандыру бағдарламасының (БҰҰ-Хабитат) зерттеулеріне сәйкес, жыл сайын дүние жүзінде 2 миллиард тонна қоқыс шығарылады. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есеге артады деп болжануда. Барлық қоқыстың 80 пайызы қалаларда. Еуропа бірнеше жылдан бері қоқыстарды қоршаған ортаға зиян келтірмей кәдеге жаратып қана қоймай, оны қалдықсыз қалдырудың жолдары туралы сұраққа жауап беруге тырысуда. Алысқа бармай біз өзіміздің аймағымыздағы қоқыс мәселесін қозғағанды жөн көрдік және мұндағы қоқыс қалдықтарын азайтуға өз үлесімізді қосқымыз келгендіктен Аймақтағы тұрмыстық қалдықтарды тиімді өңдеу жолдары тақырыбын зерттеуге бел будық.
Зерттеу жұмысымызда ғаламдық, аймақтық экологиялық мәселелердің пайда болу себептері мен оларды шешу жолдарын қарастырдық. Қоқыс қалдықтарын кәдеге асырып, алюминий сым темірлерін тоқу арқылы сауыт, металл қалдықтарын пайдаланып, өңдеу арқылы дулыға, қалқан, шарайна, қылыш жасадық. Халықты полиэтилен пакеттің орнына экологиялық таза дорба қолдануға шақыру мақсатында экодорба түрлерін тіктік.

Кіріспе
Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында, тұрмыс тіршілігінде табиғат байлықтарын әртүрлі деңгейде, әртүрлі талаптармен, қолдан келгенінше игере отырып, өзінің қажетін қанағаттандыруға тырысады. Өз қажетін қанағаттандыру алмақтың салмағы бар деген қағида бойынша табиғатқа белгілі дәрежеде зиян келтіру, жапа шектірумен қабаттасып отыратынын бүгінде әркім біледі. Адамзат тарапынан табиғатқа әсер ететін осындай зияндардың бірі -- қоршаған ортаны тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен ластауы.
Жобаның мақсаты: Ғаламдық, аймақтық экологиялық мәселелердің пайда болу себептері мен оларды шешу жолдарын зерттеу. Тұрмыстық қалдықтардың пайда болуының алдын алу, оларды азайтуды және кәдеге асырудың жолдарын анықтау.
Жобаның міндеттері:
-- Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;
-- Тұрмыстық қалдық заттарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау;
-- Аймақтың тұрмыстық қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау және оларды кәдеге асыру.
Зерттеу объектісі: қоршаған орта, экология (аймақты қамту негізінде)
Зерттеу әдістері: сараптама, сұрыптау, сұрақ-жауап, қадағалау, салыстыру және жинақтау, статистикалық. ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, тұрмыстық қалдық заттардың құрамын және қайта өңдеу жолдарын дәлелдеу.
Зерттеу мәселелері: тұрмыстық қоқыс, қайта қолдану мүмкіндігі және өңдеу.
Зерттеу жаңалығы. Қалдықтарды пайдаға асыру үшін қазіргі заманға сай, жаңа технологияларды пайдалана отырып заман талабына сай экодорба түрлерін
жасап сатып пайда келтіру, халықты полиэтилен пакеттің орнына экологиялық
таза дорба қолдануға шақыру. Қазақ батырлары жаугершілік заманда пайдаланған қорғаныс жарақтарын қайта өңдеп,алюминий сымдарын сақиналап
3
тоқу арқылы сауыт, жез темірден дулыға жасап көрсету.
Пластикке екінші өмір сыйлау мақсатында пластик бөтелкелерден бұйымдар жасап, аймағымыздағы қоқыс санын азайту, табиғаттың құнарлылығына көп зиян шектіретін қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу. Қазіргі заманға сай жаңа технологияларды пайдалана отырып тоқыма жіптер қалдықтарынан гобелен түрлерін тоқу. Былғары қалдықтарынан түрлі сумкалар тігу, паннолар жасау, құнды нәрселердің жасалуы, сусындардың пластмасса құтыларынан бұйымдар жасалуы . Топырақ құнарлылығына көп зиян шектіретін қатты тұрмыстық қалдықтарды да өңдеу.
Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату -- бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша, Швецияда тұтыну қалдықтарының 25-ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол 30%-ды құрайды, Германияда 35%. Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың 2,5-ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны 97,5-ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде, өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады.
Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс қоры жыл сайын
бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Сондықтан да біз жұмыс
барысында қалдықтардың зиянын айта отырып, пайдаға асыру жолдарын көрсететін боламыз.

4
1.Негізгі бөлім
1.1.Тұрмыстық қоқыс мәселелері мен оны шешу жолдары.
Ертеде қоқыстарды өңдеу мәселесі бүгінгідей бірінші орында тұрмаған. Себебі, адамдар өз шаруашылығында шығарған өнімдерін өңдемей, түрлі қаптарға қаптамай, жарнама жасамай қолдана берген. Көкөністердің қалдықтары малға берілетін немесе жерге тыңайтқыш ретінде қолданатын.
Адамдардың ауылдан қалаға көшуі күнделікті қолданатын заттардың тұтыну және сұраныс құрылымын өзгертті. Ауылда өндірілетін өнімдерді қалада сату үшін және алушыға ыңғайлы болу үшін қаптау қажет.
Қаланың экологиясына, әсіресе, үлкен қалаларда халықтың кіші ауданда орналасуына, көлік және индустриялық кәсіпорындардың қалдықтары қала экологиясына кері әсер етеді.
Көшелерге қоқыстарды тастағанға тыйым салынатын бірінші құжат 500 жыл біздің заманымызға дейін Афинада шығарылған. Қоқыстырды тастау үшін қаладан тыс арнайы орындар бөлінген. Сол кезден бастап қоқыстарды арнайы бөлінген алаңшықтарға (полигондарға) тастайтын болған. Қалалардың өсу нәтижесінде бос орындар азайып, ал сүйкімсіз иіс және егеуқұйрықтың саны көбеюі нәтижесінде қаланың экологиялық жағдайы нашарлап кетті. Сол себепті алаңшықтар шыңыраулармен ауыстырылды [3,-58б].
Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Үй-жай шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі - тамақ қалдықтары. Бұл қалдықтар тұрмыста тасталынады. Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың түрленуіне байланысты.
Қалдықтардың көлемі мен құрамы және олардың алып жатқан ауданы жөнінде дәл мәліметтің болмауы мәселенің шешімін қиындатады.
Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыруға тура келеді.
5
Тұрмыстық қалдықтарды топтастыру:
* Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылмайтын
* Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын
* Жанатын
* Жанбайтын
* Қатты қалдықтар
* Сұйық қалдықтар
Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтарын, т.б. жатқызуға болады.
Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары - макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі
майлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады. Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Кейбір қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін кішірейтуге болады.
Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтардың негізгі түрлері келесі түрде топтастырылады:
* Макулатура;
* Медициналық қалдықтар;
* Істен шыққан құрал-жабдықтар;
* Қолданыстан шығып қалған аккумуляторлар мен қоректену элементтері;
* Ағаш қалдықтары;
* Мұнай өнімдерінің қалдықтары;
* Азық-түлік өндірістерінің қалдықтары;
* Полимер қалдықтар, пластмассалар;
* Өндірістік қалдықтар;
* Радиоактивті қалдықтар;
6
* Шыны сынықтары мен қалдықтары;
* Құрылыс қалдықтары,
* Тоқыма қалдықтары және тері;
* Түсті металл сынықтары;
* Қара металл сынықтары;
* Дөңгелектер мен резеңке қалдықтар;
* Электрондық сынықтар.
Бүгінгі күні тұрмыстық тұтыну қалдықтарына қолданыстан шығып қалған компьютерлер, теледидарлар және ұялы телефондар, түрлі салқындатқыштар сияқты т.б. электр құралдары жатады. Осы электр құралдарының компоненттері қоршаған ортаға салыстырмалы түрде көп зиян келтіреді[4,-9б].
Қорғасын, мышьяк, сурьма, кадмий, кобальт, сынап, хром және пластиктердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияны көп.
Тұрмыстық тұтыну қалдықтарының ішінде гигиеналық мақсаттарда пайдаланылатын заттардың қалдықтары да қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер етеді.
-Гигиеналық қалдықтар:
-Памперстер;
-Мақтасы бар таяқшалар;
-Гигиеналық ылғал майлықтар
Егер қаланың күндіз - түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар.
Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімізсіз-ақ өзін-өзі тазартып ала алады.
1.2. Қоқыс индустриясы
Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу адамзаттың өзектi проблемасының бiрi
болып отыр. Әлемдегi жетекшi елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, бұл
7
проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкiндiк бар. Мәселен, Швейцарияда әрбiр тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге мiндеттi: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесiнде, шыны сауыттардың 90%, қағаз өнiмдерiнiң үштен бiрi қайта өңдеуге пайдаланылады. Осыдан келiп, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегi экологиялық ең таза мемлекеттердiң қатарында есептеледi. Шынында да, қазiргi уақытта тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинақтау, жою, өңдеу бүкiл мемлекеттiк мәселеге айналып отыр. Республика экологтарының басты құжаты болып саналатын Стратегиялық жоспарда қоршаған ортадағы ластану деңгейiн кемiту, тым болмаса өсiрмей, тұрақтандыру жайы ерекше назарда тұр.
Әлемде қоқысты болашақ өнімнің әлеуетті шикізаты ретінде қарастырады және ол бизнестің элементі болып табылады. Бірақ қоқысты тиімді пайдалану және өңдеу үшін оларды бөлу кажет, мысалы, қағаз қоқысын бөлек, шыны заттарды бөлек, пластикалық бөтелкелерді бөлек, полиэтилен пакеттерін бөлек жинау қажет. Осы қалдықтарды жинау үшін арнайы кәсіпорындар керек. Кәсіпорындар арнайы құрал-жабдықтармен, жинау орынмен, мамандармен камтамасыз етілуі қажет.
Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді. Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан -- 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады. 1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның - 40%, ауаның ластануына - 64%, судың ластануын - 35% үнемдейді екенбіз.
Ал, пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді. Осыған
орай біз сауалнама жүргіздік. Әлеуметтік сауалнама сұрақтары мынадай еді
8
-Сіз гарбология сөзін қалай түсінесіз?
-Сіздің ойыңызша келешекте қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салатынына сенесіз бе?
-Сіз қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне саласыз ба?
-Сіздің үйініздің жанында қоқыс жәшігі бар ма?
-Сізді Красный Яр ауылымыздың экологиясы қызықтырады ма?
-Қоқыс қалдықтарынан адам денсаулығына әсері бар ма?
Сауалнаманың нәтижелері:
Гарбология терминінің мағынасын ауыл тұрғындарының 85% нақты білмейді.
Ауыл тұрғындарының 48% ҚТҚ қайта өңдейтін зауыт салатынына сенімді.
Ауыл тұрғындарының 65% арнайы қоқыс жәшігіне салады.
44% үйінің жанында қоқыс жәшігі жоқ екені айтылды.
Ауыл тұрғындарын 45% қызықтырмайды.
Өкініштісі, өзіміз мекен етіп отырған жердің келбетін көп жағдайда өзіміз осылай бұзып жатамыз. Қай жерде де контейнерге жетпей желкесі қиылып, шашылып жатқан қоқысты көресіз. Сөйтіп, табиғат адамдардың қолдан жасаған қиянатынан зардап шегіп отыр. Бұл жауапсыздық экологиялық ахуалды одан сайын бұзуда. Халық көп, көшеде ығы-жығы адам, кептелісте сірескен көліктер, олардан бөлінген түтін... Бұған тұрғындардың салақтығынан әр жерде шашылып қалатын қоқыстарды қоссаңыз, не болады? Мұның бәрі қаланың сәнін бұзғаннан
бөлек, әрқайсымыздың денсаулығымызға зиян екенін ойласақ қайтеді?
Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан бойынша денсаулығы нашар адамдардың ішінде тыныс жолдарының қабынуына душар болған жандардың көп екенін көрсетеді. Бұл мәселенің ең алдымен қоршаған ортаның ластануынан туындап отырғаны анық.
Дамыған шет мемлекеттерде көшедегі тазалық мәселесі қатаң қадағаланады. Бейжіңде (Қытай), мысалы, көшеде түкіргені, қоқыс тастағаны, тіпті, итінің бүлдіріп кеткені үшін арнайы айыппұл салынады.
9
Сингапурде сағыз шайнамақ түгілі оны сақтауға, бір-біріне таратуға болмайды. Ол есірткімен теңестірілген және бұл үшін үлкен айыппұл (1000 АҚШ доллары) салынады. Сондай-ақ, тасталған қоқыс үшін 500-ден 1000 долларға дейін, көшеде түкіргені үшін 1000 доллар, жеделсатыда темекі тартқаны үшін 1000 доллар айыппұл қарастырылған. Малайзияда асфальтқа тасталған сағыз үшін 1 ай қоғамдық жұмыс және 500 доллар көлемінде айыппұл салынады. Мұндай салақтық үшін Ұлыбританияда 90 фунт стерлинг айыппұл белгіленген. Ал, Біріккен Араб Әмірліктерінде көшеде тасталған сағыз үшін кінәлі адам 137 долларға, ал темекі тұқылы үшін 55 долларға айыпталады.
Аталған мемлекеттердің көпшілігі - заң талабына мойынсұнатын елдер. Соның өзінде тұрғындардың жауапсыздығы, мәдениетінің төмендігі ішінара байқалып қалатынын аңдап отырмыз. Ал қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, тәртіп сақтау, әдептен аттамау секілді атам қазақтың бойында баяғыдан болған ізгі қасиеттерден жұрдай болып бара жатқан біздің адамдар туралы не айтуға болады? Демек, бізде де қоршаған ортаны ластаушыларға, көше тазалығын сақтамай, отырған орнына шашылған қоқыс тастап кете беретін салақтарға деген қадағалауды күшейтіп, жаза қолдануымыз керек. Рас, қалалық әкімдіктер тарапынан бұл бағытта біраз жұмыстардың атқарылып жатқаны белгілі. Бірақ, аңғарып жүргеніміздей, талапты қатаңдата түспесе болмайтын сияқты.
1.3. Химиялық қоспалардан келер қауiп көп
Жоғарыда айтылған қоқыс өңдейтiн кәсiпорын осы пластиктердi балқытып, диаметрi әртүрлi су құбырларын жасауды қолға алып едi, бұл iс те орта жолда тұрып қалды. Ғалымдардың зерттеуiнше, пластик жүз жыл бойы ашық аспан астында шiрiместен жата бередi екен. Ал, олардан ауаға диоксин дейтiн улы зат таралатынын көпшiлiгiмiз бiле бермеймiз. Сондай-ақ, автокөлiк жөндейтiн, май құятын (ауыстыратын) бекеттерден шығарылатын, кәсiпорындарда, жылу пештерiнде жағармай ретiнде жиi қолданылатын мазут дейтiн мұнай қалдығының ыдыстары бар. Ол да табиғат үшiн өте зиянды. Арабтың мазхулат (қалдық) сөзiнен шыққан, құрамында көмiртегi мен күкiрт қышқылы бар бұл

10

қара-қоңыр түстi қоймалжың сұйық төгiлген жерге ешқашан шөп шықпайды
және иісi көп уақытқа дейiн кетпейдi. Сол себептi, департамент мамандары қоршаған ортаны қорғау мақсатында химиялық қоспалар ыдыстарын қайта өңдеу мен көмудi арнайы лицензиясы бар кәсiпорындар арқылы ғана жүзеге асыруды ұсынуда.
Бүгінгі мәселе тек біздің ауданымызда, елімізде ғана өзекті емес. Ол бүкіл әлем жұртының алдындағы күрделі мәселелердің бірі. Жалпы мұнайға балама негіздегі отын көзін әлем ғалымдары көптен бері іздестіруде. Күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттардан қалған қатты қалдықтарды (резина, пластик қалдықтар) қайта өңдеп, онан сұйық отын алу жолында дүние жүзі ғалымдары тер төгуде. Әлемде қатты қалдықтарды өңдеудің өзіндік әдістері бар. Соның бірі
Пиролиз әдісі деп аталады. Терминді өз тілімізге аударар болсақ, пиро- жоғарғы температура, ал лиз - ажырату деген мағынаны береді. Мұның жақсы жағы - қалдықты өте жоғары температурада өңдегенде газ түзіледі. Қалдықтан көп көлемде газ алуға да болады. Әрине, мұны өндіріске енгізу үшін оған қомақты қаражат керек. Еуропа елдері, оның ішінде Германия мемлекеті де тазалыққа бірден қол жеткізген жоқ. Олар да қалдықтар айналымын, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау тәсілін тұрғындардың санасына сіңіру үшін 25 жыл уақыт кетіпті [9].
Қалдықтар - өндірістік, ауылшаруашылығы және тұрмыстық қатты қалдықтар болып бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде бүгінгі жобамыздың тақырыбына тамызық болып отырғаны - тұрмыстық қалдықтар мәселесі. Биылғы жылдан бастап Италия мемлекеті өз тұрғындарына полиэтилен пакетті пайдалануға тыйым салыпты. Өйткені, бір адам жылына 400 дана(бірлік) полиэтилен пакет тұтынады екен. Алайда оның пайдалану мерзімі 10-12 минут
қана. Ал бір пакеттің табиғи жағдайда жойылуы үшін кемі 400 жыл уақыт керек екен. Яғни, оны жер астына көмген күннің өзінде 3-4 ғасыр бойы шірімей жата беретін көрінеді. Ал біздің елдің, қаланың тұрғындары мөлтек аудандарда тұрған қоқыс жәшіктеріне от қойып, қоқысты өртей салады. Полиэтилен пакет пен
11
пластмасса құтылар өртенген кезде адам ағзасына орасан зиян келетін улы газ бөледі. Еуропа елдерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс қалдықтарының зияны
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апат аймақтары
Семей полигонына қарасты территориялардың қазіргі экологиялық жағдайы
Жергілікті деңгейдегі тұрақты даму саясаты мен стратегиясы
Қазақстанның экологиялық проблемалары. Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
Тараздың экологиясы және де оның жақсару жолдары бар ма?
Табиғатты тиімді пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық маңызы
Қоршаған орта тұрақтылығы мен қауіпсіздігі
Қалдықтардың басқарылуы
Тұрақты даму тұжырымдамасындағы экологияның рөлі
Пәндер