Қазіргі жастардың жаргон, сленг тілінде сөйлеуі


Астана қаласы
№84 мектеп-лицейі
«Сленг, жаргон сөздердің пайдасы мен зияны»
(тіл секциясы, қазақ тілі)
Орындаған: Кенжебай Азамат
Жетекшісі: қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Мусабаева Эльмира Хасеновна
Аннотация
Ғылыми жоба жазу барысында оқушы ауызекі сөйлеу стилі, жаргон және сленг сөздердің пайдасы мен зияны жайлы толық қамтыған. Жастар арасында жаргон, сленг сөздердің пайдалану деңгейін, олардың ана тілімізге тигізетін әсерін толық зерттеген. Мәліметтерді, деректерді өз жасына лайық ізденіп, қолдана білген. Деректермен дәлелдеген.
Оқушы бұл жобаны жазу барысында қызығушылығы мен өте жақсы дайындалғанын байқатты.
Мұғалім:
Мусабаева Э. Х.
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Аннотация
В ходе написания научного проекта ученик полностью осветил пользу и вред разговорной речи, сленга и жаргонных слов. Он всесторонне изучил уровень употребления сленга и жаргонных слов среди молодежи, их влияние на наш родной язык. Он мог искать и использовать информацию соответствующую его возрасту. Доказанно данными.
Ученик проявил интерес и был очень хорошо подготовлен во время написания этого поректа.
Учитель:
Мусабаева Э. Х.
учитель казахского языка и литературы
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Ауызекі сөйлеу стилі . . . 4
1. 1. Жаргон, сленг сөзінің шығу тарихы . . . 5
1. 2. Қазіргі жастардың жаргон, сленг тілінде сөйлеуі . . . 6
ІІ. Жаргон мен сленг сөздерінің айырмашылықтары . . . 7
2. 1. Оқытушы мен студенттерден алынған сұхбаттар . . . 8
2. 2. Оқушылардан алынған практикалық сауалнама . . . 9
Қорытынды . . . 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 11
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: бүгінгі күні жастар арасында кеңінен қолданылып, сәнге айналып бара жатқан жаргон және сленг сөздердің ана тілімізге тигізетін пайдасы бар ма, зияны қандай? -деген сұрақтар төңірегінде іздене отырып, жастардың жаргондар мен сленг сөздерді қолдану деңгейін анықтау. Осы сөздердің жақсы, жаман жақтарын анықтау арқылы ұсыныстар жасау. Бабадан қалған ана тілімізді Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай «мінсіз, таза, терең, кең» қалыпында ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
Адамдар бір-бірімен сөйлесу, тілдік қарым-қатынас жасау арқылы ұғысады. Адамдардың бірін-бірі түсінісуі, тез хабар алмасуы үшін сөйлеу тілі керек. Тілдегі қарым-қатынас жасаудың бұл түрін -ауызекі сөйлеу стилі дейміз.
Сөйлеу барысында адамдар тек қана әдеби тілде ғана сөйлеп қоймайды, олар диалект сөздерді, жаргон, сленг, кәсіби сөздерді, варваризмдерді, т. б. сөздерді қолданады. Мен бұл ғылыми жобада қазіргі жастар арасында кеңінен таралған сленг және жаргон сөздердің тілімізге тигізер пайдасы мен зияны жайында зерттеу жүргіздім.
Зерттеу барысында қазіргі қоғамда жастар ғана емес 40 жасқа дейінгі ересек адамдардың да сленг, жаргон сөздерді қолданатындығына көз жеткіздім.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: қазіргі қоғамдағы жастардың сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, сленг және жаргон сөздердің тілімізге тигізетін пайдасы мен зиянын анықтау.
Міндеті:
- жаргон, сленг сөздердің тіліміздегі маңызын анықтау;
- қоғамдағы орыны мен қажеттілігін білу;
- жастардың осы сөздерді қаншалықты пайдаланатындықтарын анықтай отырып, сауалнама арқылы кестемен көрсету;
- жоғарғы оқу орыны студанттері мен мұғалімінің пікірін білу.
- сленг және жаргон сөздердің мағыналарына тоқталу;
- жүргізген зерттеу жұмысыма өзіндік қорытынды жасау;
- ұсыныс жасау.
І. Ауызекі сөйлеу стилі
Қазақ тіліндегі өте кең таралған функционалды стиль -ауызекі сөйлеу стилі. Ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Біз бір-бірімізбен ауызекі сөйлеу стилін қолданып қарым-қатынас жасау арқылы ұғысамыз. Сөз, сөйлеу болмаса, біздің бір-бірімізбен қарым-қатынас жасауымыз қиынырақ болар еді. Ауызекі сөйлеу барысында сөзді емін-еркін, ешқандай дайындықсыз қолдана береміз. Ауызекі сөйлеу стилінің тағы да бір басты ерекшелігі -сөйлеуші ойының жылдам әрі үнемі өзгеріп отыратындығында. Сөйлеушілер бір тақырыпта әңгімелесіп тұрып екінші тақырыпқа оңай ауысып кете береді. Мысалы, сөйлесіп тұрған адамдар ел ішіндегі жаңалықтарды айтып тұрып ауа райы жайында немесе өз отбасы туралы айтып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, ауызекі сөйлеу барысында сөйлеушілер тек тілдік қатынаста ғана емес, сөйлесу кезінде қимыл-қозғалыс, мимика, жест арқылы да бір-біріне не айтқысы келіп тұрғандығын қосымша түсіндіруі әбден мүмкін. Ауызекі сөйлеу стилінде бейнелі лексика, экспрессивті-эмоционалды сөздер жиі қолданылады және тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де молынан қолданылады (теңеу, эпитет, мақал-мәтелдер, т. б. ) .
Ауызекі сөйлеу стилінің негізгі тілдік қызметі мен қарым-қатынас функциясы:
- бейресмилік;
- сөйлеу еркіндігі;
- сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;
- тілдік тәсілдерді екшеудің қажетсіздігі;
- сөйлеудің аяқ астынан туындауы;
- сөйлеудің мазмұнына қарапайымдылық пен диалог формасында сөйлеу жатады.
Ауызекі сөйлеу стилі тұрмыстық, тілдік қатынаста қолданылады. Ол қоғамның барлық саласында қолданылатын стиль түрі . Ауызекі сөйлеу стилі үнемі басқа тілден енген сөздер арқылы молайып, ауқымы кеңейіп отырады. Осындай жағдайда тілдік нормалар сақталмай, сөйлеу мәдениеті бұзыла бастайды. Тілдің мәдениетін бұзатын сөздердің қатарында бүгінгі күні жастарымыздың кеңінен қолданып жүрген жаргон, сленг сөздері де бар екен.
- Жаргон, сленг сөзінің шығу тарихы.
Қай тілдің болмасын лексикасы әдеби лексика және бейәдеби лексика болып екіге бөлінеді. Бейәдеби лексикаға жастар қолданып жүрген жаргон сөздер мен сленг сөздерді жатқызамыз. Жаргон сөздер деп -белгілі бір топтың немесе қызығушылықтары ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия сөйлесуін айтамыз. Ал сленг сөздер деп -белгілі бір уақыттарда қолданылған, қалыпты әдеби тілден ауытқыған, мысқылды сөздерді айтамыз.
Қазіргі жастар жаргон сөздер мен сленг сөздерді түрлі себептерге байланысты қолдануы мүмкін:
- өзгелер түсінбеуі үшін;
- өзгеше әсер қалдыруы үшін;
- елден ерекше болуы үшін;
- белгілі бір әлеуметтік топқа жататындықтарын білдіру үшін;
- әзіл үшін.
Қазіргі уақытта жасөспірімдер мен жастардың компьютерлік ойындарға әуестенуі белең алуда. Бұл да компьютерлік сленгтердің тууына әкеліп соғатын үрдіс.
Осы зерттеу жұмысын қолға алғаннан бері интернет желісінен жаргон, сленг сөздер туралы көптеген материалдарды оқып, олардың қалай, қайдан пайда болғанын іздедім. Жаргон сөзі француз тілінен шыққан екен. Француз тілінен аударғанда «қылмыс тілі» деген ұғымды білдіреді. Ұлы Кеңес Энциклопедиясына сәйкес, бұл галло -римдік гаргоннан шыққан -сөйлейтін деген ұғымды білдіреді. Жаргон - жалпы ауызекі тілден нақты сөздік құрамымен және бұрылыстардың экспрессивтілігімен ерекшеленетін, бірақ өзіндік фонетикалық және грамматикалық жүйесі жоқ әлеуметтік диалект. Бұл белгілі бір ортада ғана түсінікті шартты тіл, оның құрамында көптеген жасанды, кейде шартты сөздер мен сөз тіркестері бар.
Мәскеудің Ұлттық зерттеу университетінің Экономика жоғарғы мектебінің шет тілдері кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты Россихина Марияның айтуынша, жаргон, сленг сөздер жастық шақтағы сөздік кешеннен келеді дейді. Бүгінгі жаргондар мен сленгтер 18-19 ғасырлардағы студенттер мен оқушылардың «шартты» тілі сияқты заңдылықтар бойынша қалыптасқанын анықтаған. Ресейдің, Германияның, Францияның мысалдары бойынша жүргізілген зерттеу жастардың жаргоны интернационалдық екенін және оның заңдылықтары бүгінде бұрынғыдан да айқын көрінетінін дәлелдеген.
Тарихи дереккөздерде әлеуметтік сөздік қор Германияда 18-19 ғасырлардан бастап Бурш жаргондарымен толыққандығы айтылады. Ол кездерде студенттерді «Бурш» деп атаған. Германияда 18-19 ғасырлардағы Бурш жаргонының 25 сөздігі сақталған. Бұл жаргондар бұл уақыттан да бұрын пайда болған деген деректер бар. Россихинаның зерттеуі бойынша Германия студенттері «өз тілдерінде», яғни жаргон тілінде сөйлеуді 14-16 ғасырларда қолданған делінеді.
Ағылшын лексикографиясында "сленг" термині өткен ғасырдың басында кең тарала бастады. Үлкен Оксфорд Сөздігінде бұл сөздің шығуы «language of a low or vulgar type», яғни «төмен немесе дөрекі тіл» мағынасын беретін сөз ретінде 1756 жылы тіркелген. Сленгті зерттеуші Эрик Партридждің айтуынша, slang сөзі to sling - to utter (айту) етістіктеріне қатысты. Қазіргі заманғы лексикографияда сленг сөзі "ауыз екі тіл", "диалектизм", "вульгаризм", "жаргонизм" сөздерімен бірқатар қолданылады.
Осы деректерді ескере отырып, жаргон және сленг сөздердің тамыры тереңде жатқанын, бұл сөздердің ерте заманнан бері пайда болғанына көз жеткіздім.
- Қазіргі жастардың жаргон, сленг тілінде сөйлеуі.
Қазіргі кезде жастардың жаргон, сленг сөздерді қолдануы сәнге айналып бара жатқандай. Себебі бүгінде жастар арасында қолданылып жүрген көңілге қонымсыз, құлаққа жағымсыз сөздер көп дегенді ұстаздар мен үлкен кісілерден көп естиміз. Байқағаным, сленг сөздерді жастар сәнді сөйлеу үшін қолданса, үлкендер тілді шұбарлау, жастар арасында нәрсіз сөздер белең алуда, жастардың санасын улап бара жатыр деп бағалайды.
Сленг -күнделікті өмірде белгілі бір заттың атауы үшін қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды, мәнерлі сөздер екенін жоғарыда қарастырған болатынбыз. Алдымен «сленг» деген не? Ол жаргонның бір түрі, сөздерге жаңа мағына беру. Жалпы сленг сөздерді, жастар өзара ерекше сөйлеу үшін қолданады. Өздерін басқалардан бөлек, күшті сезіну себебімен қолданулары да мүмкін. Күнделікті естіп жүрген жаргон, орысша, қазақша сөздермен ғана емес шетел тілімен де кездеседі.
Сленг -тілдің қызықты, сонымен қатар күрделі құбылыстарының бірі. Көптеген зерттеушілер сленгті қоғамдық диалектіге жатқызады. Диалект, соның ішінде сленг үнемі тілдік нормаға, стандартқа қарсы қойылады.
Сленг -жастар арасындағы қарым-қатынастың бір ерекше түрі. Жаргонмен сөйлеп олар бір-бірін жақсы түсінеді. Бұндай сөз қолданыстарын түсіне алмайтын үлкен кісілерді мазасыздандырады. Қазақ жастарының орысша сөйлеуі бір мәселе болса, түсініксіз жаргонда сөйлеуі екінші мәселе. Оның шешімі бар ма? Осы сұрақтың жауабын табу өте қиын. Алдымен қазақ жастарын қалайша таза сөйлетуге болады? Жастар дөрекі сөйлеп, балағат сөздерді жазып, мәдениет және тәрбие дегенді білмейтіндігін блогтарына жазған постары арқылы нақты көрсеткен. Тек ұлдар ғана емес, қыздардың да үнемі боқтанып жүретіні бәріне белгілі. Осыдан балалардың ішкі мәдениетін анық аңғаруға болады. Мәдениетті сөйлеу, қоғымның дамуына да байланысты. Мұның бәрі ғаламтордың, технологиялық жетістіктерінің, батыстың киноларының әсері болуы мүмкін. [1, 2]
Кейбір зерттеушілер жаргон сөздер мен сленг сөздер өзара байланысты деп айтады. Сол себепті жаргон сөздер де, сленг сөздер де бір ортадағы, қызығушылықтары бірдей адамдардың қолданатын сөздері деген тұжырымға келдім
Жастар арасында қолданылып жүрген трендтегі сленг сөздер:
Трендтегі сөздер жастардың көретін, оқитын мәлімет, ақпараттарына байланысты қалыптасады. Әзіл-сықақтан, пікір қалыптастыратын тұлғалардан үлгі ала отырып заманауи сөздер пайда болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz