Бизнес - табыс әкелетің кезкелген қызметтің түрі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

Университеті

Факультеті: «Ақпараттық технологиялар»

Мамандығы: «Деректер туралы ғылым»

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызмет ұғымы, белгілері, құрылымы, типтері оның ерекшеліктері.

Орындаған: Полатбек Е. А.

Тексерген: Кулиев И. У.

Алматы, 2022ж

Мазмұны

Кіріспе2

Негізгі бөлім4

I Тарау4

II Тарау5

III Тарау6

Қорытынды7

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі8

Кіріспе

Кәсіпкерлік қызмет ұғымы, мақсаты мен қиыншылықтары, белгілері, құрылымы, типтері оның ерекшеліктерін зерттеу, оларды білу және талдаудың өзектілігі, маңыздылығы жоғары. Кәсіпкерлік қазіргі нарықтық заманда экономикалық факторларға, әлеуметтік факторларға тікелей оң ықпалын тигізеді. Нарықтық экономика бойынша - кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта, кәсіпкерліксіз нарықтық экономика болмайды. Кәсіпкерлік қызмет арқылы қарапайым халыққа қажетті сапалы өнім өндіріліп, тұтынушыларды қанағаттандыруға жол пайда болады.

Жалпы алған кезде, кәсiпкерлiк және кәсіпкерлік қызмет экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы арқасында қоғамдағы орта таптың деңгейін анықтауға үлесін қосады және жасақтайды. Кәсіпкерлік қызмет тауар өндіруге (қызмет көрсетуге, жұмыстарды орындауға) және оны нақты өнімге жеткізуге бағытталған.

Кәсіпкерліктің мәніне және рөліне тоқталатын болсақ, экономикалық дамуға үлесінің деңгейі, білікті және ақылды кәсіпкердің жұмысының мемлекеттің дамуына ықпалын бағалау арқылы түсіне аламыз. Кәсіпкерліктің тарихын, жұмыс негізін, қалыптасуы мен мазмұнын, түсініктерін және басқа маңызды түйінді ақпаратты жете меңгерген кәсіпкерлердің қызметі айтарлықтай сапалы нәтижелерге алып келетіні анық.

Кәсіпкерлік нарықтағы бәсекелестік үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың жаңа жолдарын іздестіру және ескі ойлаудан шығудың амалдарын іздестіреді, әлемдік экономикадағы бәсекелестікте белсенді орын алудың жолы болады. Нақты өмірдегі кәсіпкерлік объектісі айырбас пен бөлудің әртүрлі факторларын біріктіретін ерекше мағынадағы инновациялық өндіріс, новаторлық, айырбастау мен бөлудің қосындысы болып табылады. Кәсіпкерлік әрқашан белгілі бір бағытта ұйымдастырылады, нақты нысандары мен формалары болады. Кәсіпкерлік бизнесті жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы сипаттамаларға ие.

Осы рефераттың мақсаты - кәсіпкерлік қызмет ұғымы, белгілері, құрылымы, типтері оның ерекшеліктерін талдау және сипаттау. Бұл ақпараттың өзектілігі кәсіпкерлік жайлы негізгі түсінікке ие болып, түсінудің маңызды болғанына байланысты көрінеді. Берілген кәсіби сөздерді талдаудың ғылыми жағы бойынша қызығушылық туындатуы - олардың маңыздылығын түсінуінен білінеді.

Реферат кіріспеден, 3 негізгі тараудан, қорытындыдан тұрады. Бірінші тараудағы ақпарат кәсіпкерлік қызмет ұғымына және оның белгілеріне арналады, екінші тарау кәсіпкерлік қызметтің құрылымы мен типтері туралы болады. Рефераттың негізгі бөлімінің соңғы тарауында кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы сөз болады. Қорытындыда негізгі тұжырымдар мен талдау идеялары көрсетіледі.

Негізгі бөлім

I Тарау

Кәсіпкерлік қызмет - бұл кәсіпкерлік қызмет субъектісінің табыс табуға бағытталған, жасампаздық пен жаңашылдық қасиеттердің көмегімен өз бетінше жүргізілетін қызмет түрі. Адамдар мен олар құрған топтар мен бірлестіктердің белсенді түрде дербес шаруашылық қызметін басқаша кәсіпкерлік деп атайды. Кәсіпкерлік қызмет етудің негізгі мақсаты кәсіпкерлердің белгілі бір жолмен мүліктік, заңдық жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу.

Кәсіпкерлік қызмет ұғымы мен белгілерін талдаудың маңыздылығы - кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп, ары қарай қадамдарды жасау алдында ең бастапқы, негізгі концепттерді біліп алу керек. ҚР Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi: “Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”[1] . Қазақстандағы кәсіпкерліктің негізгі қызметі - тұтынушылардың қабілетіне байланысты қызметтерін жеткізілуін қамтамасыз етіп, метариалдық немесе моральдық қайтарымын алу. Экономикалық өсу, жалпы ішкі өнім және ұлттық табыс кәсіпорын қызметінің негізгі шарттары болып табылады.

Кәсіпкерліктің негізгі белгілеріне бірнеше түсініктерді жатқызуға болады. Шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі, экономикалық мүдделілігі секілді маңызды белгілер кәсіпкерлікке тән болады. Осыдан бөлек, шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі, белсенді ізденіс және жаңашылдық пен жаңалықтық. Экономикалық қызығушылық - кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды белгілерінің бірі болады. Кәсіпкерлік идеясының басты мақсаты - мүмкін бола алатын табыстың максимумын алу, ал қызығушылығы, жаңа әдістерге деген ашықтығы төмен адам үшін бұл мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес.

Көрсетілген кәсіпкерлердің белгілері бір-бірімен байланысты және бір уақытта жүзеге асады. Кәсіпкерлік әрқашан жаңашылдықпен байланысты. Мұндай экономикалық бизнеске И. Шумпетер мен А. Маршал назар аударды. Егер И. Шумпетер кәсіпкерлік пен инновацияның тепе-теңдігін көрсетсе, А. Маршал кәсіпкерлердің қоғамдық өмірдегі нақты рөлі қоғамдағы жетілу процестерін жеделдетеді деп бекітті. Кәсіпкер үшін дұрыс баға И. Шумпетердің пікірінше, кәсіпкер әрқашан «стресті жасаушы» және қоғамның экономикалық дамуындағы басты кейіпкер болып табылады[2] .

II Тарау

Кәсіпкерлік қызметтің құрылымы мен типтерін білу - өте өзекті мәселелердің бірі. Кез келген кәсіпкер өз идеясын жүзеге асыру барысында зерттеу жүргізеді, сол кезде құрылымның дұрыстығы кәсіпкерліктің ұзақ уақыт бойы қиындықсыз өтуіне ықпалын тигізеді. Кәсіпкерлік құрылым - меншік иесінің айналасында құрылады және олардың дамуының бастапқы кезеңдеріндегі шағын компанияларға тән. Кәсіпкер көбінесе өнім немесе қызмет туралы арнайы білімі бар болады Мысалы - белгілі бір кәсіпкерлік компанияның немесе топтың иесі немесе жеке адаммен басқарылатын кәсіпкерлік жоба.

Кәсіпкерлік қызметтің қазіргі замандағы құрылымының оң жақтары мен теріс жақтарын қарастырып өтсек, оң жақтарында шешімдердің кәсіп иесімен қабылдануы олардың тез әрі нақты таңдалуына жол береді. Нарық өзгеруі кезінде білімі бар лидер өзгеріс бақыланған бойда оны танып, тез әрекет ете алады. Топтар, командалар тізбегінің болмауы және ұйымның шағын көлемі кәсіпкердің жұмыс күшін және ұйым ішіндегі барлық шешімдерді бақылауға ие екендігін білдіреді, демек мақсатпен сәйкестіктің жақсырақ болатынын көруге болады.

Кәсіпкерлік құрылымның теріс жақтары да болады. Нақты айтқанда, бұл құрылым түрі қызметкерлердің жоғары лауазымды алуға талпыныс жасамайтын, кәсіпкерлік орта өскен кезде кейбір қызметкерлердің бір жағдайда ғана қалатындай, әдетте адам саны аз кіші компанияларда тиімді болғанымен, үлкен компанияларда кәсіпкерлік құрылымның тиімділігі төмендейді. Мысалы - Tesla секілді үлкен компанияның бас кәсіпкері белгілі болғанымен, оның жұмыс істеу сатыларын бас кәсіпкер мүлдем бақыламауы да мүмкін, себебі ол бұл жұмысты басқа адам жасаған кезде нәтижелердің деңгейі жоғары болады. Осылайша кәсіпкерлікке байланысты құрылымның әртүрлі жағдайларға байланысты ерекшеленетінін түсінуге болады.

Типтер бойынша қызметтердің негізгі төрт түрін белгілеуге болады. Біріншісі - өндірістік қызмет көрсету типі. Осы типтің негізгі ерекшелігі - тұтынушыларға нақты тауарды өндіру арқылы кәсіптің дамуы жүзеге асады және тип негізінен материалдық сферада жүзеге асады. Екіншісі - коммерциялық. Кәсіпкерлер нарықты зерттейтін, сұраныс жағдайын және баға деңгейін білетін, нәтижесінде шығындарды азайту және пайданы арттыруды қарастыратын кәсіпорындарда кездесетін тип болады. Үшінші типке қаржылық-несиелік қызметтер кіреді және бұл типтегі қызметпен көп жағдайда банктер, несиелік компаниялар, қор биржалары айналысады. Соңғысы - кеңес беру кәсіпкерлік қызметі. Бұл тип білімді сатуға негізделеді, демек курстарды ашу, үйрету, кеңес беру секілді қызмет түрлері көрсетілетін кәсіпорындарға тән болады.

III Тарау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
Туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің үйлесімділігі
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы туралы
Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және микроэкономика негіздері
Кәсіпкерліктің теорияларық негіздері
Бизнес жоспарды жақсарту жолдары
Кәсіпорындардың қаржылық инвестициясын басқару
Кәсіпкерлік. кәсіпкерлік түрлері
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz