Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы


Шымкент қаласының білім басқармасы
«Білім-инновация» қыз балаларға арналған №2 лицей-интернаты
Аббас Аида
10 «а» сынып оқушысы
Жұмыстың дайындалған бағыты: гуманитарлық бағыты
Секциясы: Адам және қоғам
Тақырып
:
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғылыми/шығармашылық жобаның жетекшісі:
Құдайберген Жансая Қайратқызы
Шымкент, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ұғым
1. 1 Тұтынушылар ұғымы және оны анықтаудың кейбір мәселелері
1. 2 Тұтынушылар құқықтарын қорғауда арнайы құрылған қоғамдық ұйымдардың құқықтық мәртебесі
2. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы
2. 1 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың негізгі құқықтары
3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа әлеуметтік сауалнама жүргізу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Абстракт
Мақалада Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамасының нормаларына жəне құқыққолдану тəжірибесіне талдау жүргізу негізінде тұтынушылардың құқықтарын іске асыру жəне олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мəселелері айқындалды. Зерттеушілік жұмыстың мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетігін зерттеу жəне оның тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну болып табылады. Мақалада автор негізгі мəселені көтерді, олардың əрқайсысын жеке талдайды, оларды шешудің жолдарын нұсқайды. Заңнама нормаларына жүргізілген талдаудың негізінде автормен тұтынушылардың соттық қорғану құқығын іске асыруға жəне бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге кедергілер айқындалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқығын қорғаудың теориялық жəне тəжірибелік мəселелеріне кешенді зерттеу жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңнамаларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар əзірлеу болып табылады. Зерттеу нəтижесінің қорытындылары мен ұсыныстарын келешекте тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен байланысты қатынастарды құқықтық реттейтін ұлттық заңнамалардың тиімділігін арттыру мəселелерін одан əрі зерттеуде, сонымен қатар заң шығарушылық жəне құқық қолдану тəжірибесін жетілдіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
Abstract
In the article on the basis of the analysis of the current legislation norms of the Republic of Kazakhstan on consumers protection and law enforcement practices the problems in the implementation of consumers’ rights and the restoration of violated rights are identified. The purpose of the research is to study the legal mechanism of consumers protection and the proposal of ways to improve its effectiveness. The author identifies main problems, analyzes each of them in detail, points out ways to solve them. On the basis of the analysis of the norms of legislation, the obstacles to the exercise of the right to judicial protection and the restoration of the violated rights of consumers are indicated. Scientific novelty is to conduct a comprehensive study of the theoretical and practical problems of consumers protection in the Republic of Kazakhstan. The development of proposals aimed at improving the laws of consumers protection. The conclusions and suggestions received as a result of the research can be used in the future when carrying out research work on the problems of improving the effectiveness of national legislation, governing consumers protection relations, and the obtained results can be used to improve law-making and law-enforcement practice.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Нарықтық экономиканың дамуы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін өзектендіреді.
Әр адам өмір бойы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тұтынушы, ел экономикасында қалыптасқан құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде әрекет етеді.
Тұтынушы мемлекеттің ерекше назарын қажет етеді, өйткені ол кәсіпкерден айырмашылығы ретінде нарықтың кәсіби қатысушысы емес және әлеуметтік, әкімшілік және құқықтық қолдаусыз өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды толық көлемде қамтамасыз ете алмайды.
Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруы тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттырумен тығыз байланысты. Кәсіпкерлікті дамыту тұтынушылардың қорғалуына да байланысты. Өз құқықтарына сенімді тұтынушылар ғана тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге белсенді сұранысты қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде дамыған экономика кепілдіктерінің құрамдас бөлігі болып табылады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында заңнамалық негізде бизнестің өзі ұсынылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мәселелерін реттейтін жағдайлар жасау, олар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көп деңгейлі жүйесін алып тастай отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеу қажет екендігі көрсетіледі
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін анықтау
Жұмыстың міндеті:
1. Тұтынушылардың құқықтары саласындағы заңнаманы талдау.
2. Тұтынушы құқықтарының негізгі құқықтарын қалыптастыру.
3. Тұтынушылардың құқықтарын білу және деректерді талдау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізу.
4. Тұтынушының сауаттылығын арттыру құралы ретінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде ұсыныстар әзірлеу
Қойылған міндеттерді шешу әдістері: Негізгі сандық зерттеу үшін сауалнама қолданылды. Сауалнама оп-line режимінде Google Form платформасында жүргізілді. Сауалнамаға осы зерттеу жобасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін сұрақтар енгізілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ұғым
1. 1 Тұтынушылар ұғымы және оны анықтаудың кейбір мәселелері
Тұтынушы дегеніміз - өзінің жеке қажеттілігі мен жеке шаруашылығына пайдалану мақсатында тауар, өнім сатып алатын азамат немесе белгілі бір ұйым. Олардың заңға сәйкес, белгілі бір құқықтары болады:
1. Тұтынушылардың мыналарға:
1) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге;
2) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы, сондай-ақ оларды сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) туралы толық, сенімді және уақтылы ақпаратты алуға;
3) қауіпсіз тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға;
4) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) еркін таңдауға;
5) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тиісті сапасына;
6) тиісті де, тиісті емес сападағы да тауарларды алмастыруға;
7) тиісті де, тиісті емес сападағы да азық-түлік емес тауарларды қайтаруға;
8) тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) кемшілігінің болуы салдарынан келген залалдың (зиянның) толық көлемде өтелуіне;
9) сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) сатып алу фактісін растайтын құжатты алуға;
10) ойындар бастамашысына (ұйымдастырушысына) ұтыс түрінде берілген (орындалған) тауардың (жұмыстың) сапасы бойынша талап-арыз ұсынуға;
11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
12) осы Заңмен және өзге де заңнамамен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы халықаралық шарттардың нормаларымен қорғалатын бұзылған құқықтардың немесе мүдделердің қорғалуы үшін сотқа және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
2. Тұтынушы егер, тауар нысаны, ауқымы, моделі, түсі, мөлшері, техникалық сипаттамасының жиынтығы бойынша дәл келмеген және оны мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған жағдайда тиісті сападағы азық-түліктік емес тауарды ол сатып алынған сауда объектісінде ұқсас тауарға ауыстыруға немесе қайтаруға құқылы.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын нормалар құқықтың әртүрлі салаларын қамтиды. Бұл нормативтік құқықтық актілер Конституциядан бастау алады. Өйткені, Конституцияның өзінде, біздің еліміздің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылады деп көрсетілген. Сонымен бірге Конституцияда әркімнің тынығу, денсаулығын, тұрғын үйін заңсыз қол сұғушылықтан қорғау, білім алу және өзге де құқықтары бекітілген. Бұл құқықтарға кепілдік беріледі, өйткені қолданыстағы заңнамада тұтынушының өмірінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қойылатын талаптар жүйесі, мемлекетік білім беру және денсаулық сақтау жүйесі, сонымен бірге тауарларды, жұмыс пен қызметтерді бақылау және қадағалау бекітілген. Ал тұтынушылардың құқықтарының бұзылуынан әкімшілік және қылмыстық құқықтық нормалар қорғайды.
Тұтынушыға қатысты қатынастарды реттеуде азаматтық заң шығармашылығы, атап айтқанда Азаматтық кодекс нормалары басты роль атқарады. Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінде азаматтардың және ұйымдардың азаматтық айналымға қатысуының құқықтық негіздері, азаматтық-құқықтық шарттарды жасаудың негізгі талаптары анықталады.
Негізінен, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың құрамына Азаматтық кодекстен басқа әртүрлі дәрежедегі нормативтік құқықтық актілер енеді. Оларға 1991-жылғы 5-маусымда қабылданған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс, әрі өзге де заң актілері мен заңға тәуелді актілер жатады.
Алайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық нормативтік базаның көлемі ауқымды болғанымен, олар әлі толығымен қалыптасып біткен жоқ, әрі қоғамдық қатынастар бір жерде тоқтап тұрмай өмір талабына сай үнемі дамып және өзгеріп отыратындықтан, нормативтік базаны да үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Заң шығармашылығында, тұтынушылық қатынастарды реттейтін нормативтік актілердің екі тобын бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топқа тұтынушы тікелей қатысушы болып табылатын актілерді жатқызуға болады. Бұл топқа тұтынушының тауардың (жұмыс, қызмет) тиісті сапасына құқығын, олардың өмірге және денсаулыққа қауіпсіздігін орнататын актілер, сатып алу-сату, мердігерлік, тасымалдау және өзге де шарттарда қөрініс алатын қатынастарды реттейтін, шарттарды орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау салдарын, тауарды дайындаушының не сатушының жауапкершілігін айқындайтын актілер жатады.
Екінші топқа өз қызметі шегінде тауарларға (жұмыстар, қызметтер) қатысты талаптарды анықтайтын және осы талаптардың сақталуын қадағалайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін актілер жатады. Оларға «Сақтандыру қызметі туралы», «Сертификаттау туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Табиғи монополиялар туралы» және өзге де көпетеген заңдар жатады, әрі олар тұтынушы үшін маңызды ережелерді орнатады.
Бұл жерде бір қатынасқа бірнеше нормативтік құқықтық акт қатысты болса, яғни барлығы бір қатынасты реттесе, әрі олардың арасында қайшылық туындаса қайсысы қолданылуы тиіс деген заңды сұрақ туады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастыру және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізілетін шараларды дамыту және жетілдіру мақсатында 1995-жылғы 22-маусымда Министрлер Кабинеті № 864 «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстардың белсенділігін арттыру туралы» Қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша заң жобаларының және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құжаттардың тізімі бекітілді. Осы қаулы жергілікті әкімшілік басшыларына тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында бөлшек сауда жүйесіндегі мемлекеттік кәсіпорын үшін алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың міндетті тізімін бекіту құзыретін жүктеді. Аталған атқару органдары сауданың, қоғамдық тамақтану және халыққа қызмет көрсету саласындағы жекешелендірілген кәсіпорындарының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес жұмыс істеуін жүйелі түрде тексеріп отырды.
Негізгі заңымыз Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылуға жатады
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормалардың ішінде маңызды роль атқаратын «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңда, тұтынушылардың құқықтары мен оларды жүзеге асыру механизмі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының осы заңға сәйкес шығарылған басқа да заң актілерімен реттеледі деп көрсетілген.
Сонымен бірге Азаматтық кодексте, азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң актілерінде қамтылған нормалары осы Кодекстің ережелеріне қайшы келген жағдайда осы кодекстің ережелері қолданылады деп көрсетілген.
Аталған нормалардан көріп отырғанымыздай, әр актіде әртүрлі айтылған.
Бұл коллизияның шешімін «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңнан табамыз. Өйткені осы заңның 6-бабына сәйкес, әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
Заңдар нормаларының кодекстердің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.
Осы нормадан азаматтың негізгі құқықтары Конституцияда бекітіледі, ал тұтынушы Азаматтық кодексте бекітілген құқықтарды пайдаланады, яғни тұтынушы құқығын қорғауға бағытталған өзге заң актілері, соның ішінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң да Конституция мен Азаматтық кодекске қайшы келмеуі тиіс деген қорытынды шығады.
Енді келесі маңызды мәселе, осы заңнаманы дұрыс түсіну, әрі қолдану үшін біз, тұтынушы деген кім екенін және оның басқа субъектілермен қатынасқа түсу жағдайын анықтап алуымыз керек. Заңға сәйкес тұтынушы - жеке өзі тұтыну немесе өзі жеке меншік шаруашылықта пайдалану мақсатында тауар сатып алатын және жұмыстар мен қызметтерді пайдаланатын азамат.
Аталмыш анықтамадан көріп отырғанымыздай тұтынушыға үш талап қойылады.
Оның біріншісі жеке өзі тұтыну және пайдалану мақсатында тауар сатып алу, яғни тауар пайда табумен байланысты емес жеке қажеттіліктер үшін алынуы тиіс. Сондықтан «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң азаматтар арасындағы жеке тұрмыстық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты қатынастарды реттемейді. Толығырақ айтар болсақ, азаматтардың тауарды, жұмыс пен қызметті кәсіпкерлік қызмет үшін, яғни пайда табу мақсатында және негізгі қызмет қажеттіліктерін не өз жұмысшыларының әлеуметтік тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында алуы осы Заңмен реттелетін қатынастар қатарына жатпайды.
Тұтынушыға қойылатын екінші талап - ол міндетті түрде жеке тұлға болуы тиіс. Ал заңнамаға сәйкес, жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар жатады, әрі Азаматтық кодекстің 3-бабының 7-тармағына сәйкес, шетелдiк жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшiн қандай құқықтар мен мiндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға құқылы және сондай мiндеттердi орындауға мiндеттi [3] . Ал заңды тұлғалардың тауар алу кезіндегі бұзылған құқықтары жалпы заңнама нормалары арқылы қорғалады. Олардың мұндай бөлінуін заңды тұлғалардың мүдделері мамандармен (экономистер, заңгерлер және тағы басқалармен) қорғалатындығымен, ал тұтынушыға ешкім мұндай көмек көрсетпейтіндігімен түсіндіруге болады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын ұйымдардың болуы бүгінгі қоғамымызда өте маңызды және олардың осы салада алатын орны да зор. Өйткені кез-келген тұтынушы, тіпті ол құқықтық жағынан сауатты болса да ұйымның моральдық қолдауынсыз өз құқығын қорғай отырып, сот тартысын бастай да жеңе де алмайды. Ал ұйым бір мақсатта үнемі жұмыс істейтіндіктен, ондағы адамдар тұтынушыларға қатысты барлық мәселелерді жақсы түсінеді, құқық қорғаушылық қызметте зор тәжірибе жинайды, олар үшін тиісті сараптаманы ұйымдастыру, өзі қойған талапты сотта дәлелдеу еш қиындыққа соқпайды. Қоғамдық ұйымның ерекше психологиялық потенциалы да бар, өйткені оның шешімін сатушы ескереді. Егер жеке тұтынушы сотқа дейінгі талап қойса онда сатушы оны қайтіп болса да алдап жеңемін деп сенеді, ал егер талапты тұтынушының атынан ұйым қойса, онда бұл жерде сатушы мамандармен кездіккенін түсініп, залалдың орнын сөзсіз толтырады.
1. 2 Тұтынушылар құқықтарын қорғауда арнайы құрылған қоғамдық ұйымдардың құқықтық мәртебесі
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамаға түзетулер әзірлеп жатқанын атап өтіп, оның әлі жетілмегенін айтты және оған тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты әрі тиімді қорғауға бағытталған түзетулер енгізуді тапсырды.
Тұжырымдама жобасын әзірлеу кезінде әзірлеуші «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) тиімділігін талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК - ның 2021 жылғы 11 маусымдағы Талдамалық анықтамасын (бұдан әрі - ҚР ӘМ ЗҚАИ-ның анықтамасы), 2021 жылғы 25 маусымдағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің бірінші отырысының қорытындылары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды, ғалымдар - заңгерлер Ф. Карагусова, А. Бондарева және Е. Пак «тұтынушылардың мүдделерін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасында мүліктік құқықтарды қорғау үшін топтық талаптарды пайдалану» зерттеу жұмысы, сондай-ақ қоғаммен, бизнеспен, мемлекеттік органдармен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық жаңалықтарды алдын ала ресми талқылаудың қорытындылары назарға алынды.
Жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындау және ұсынылған ұсыныстарды, ұсынымдарды толық көлемде мынадай жүйелі шешімдермен іске асыру мүмкін болады:
- Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің ұлттық қауымдастығы институтын заңнамалық бекіту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу есебінен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің институционалдық күшейту;
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы өзектендіру және жетілдіру.
Бұдан әрі, тұжырымдама жобасын әзірлеуші оны әзірлеу кезінде 2021 жылғы 05 қазанда Қазақстан Республикасының Парламентінан уәкілетті органға келісуге жіберген жаңа редакциядағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Модельдік Заңының (бұдан әрі - ТҚҚ туралы Модельдік заң) жобасын назарға алды, онда ТМД-ның Модельдік Заңына отандық Заңда жоқ мынадай нормаларды енгізеді:
- көрсетілетін қызметтердің (коммуналдық, көлік, медициналық (фармацевтикалық), туристік, байланыс көрсетілетін қызметтері және кәсіпкерлік субъектілері көрсететін өзге де көрсетілетін қызметтер) жекелеген салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау ерекшеліктері туралы;
- тұтынушылардың жекелеген санаттарының (мүгедектер, кәмелетке толмағандар, тұтынушылардың айқындалмаған тобы) құқықтары мен мүдделерін қорғау шаралары туралы;
- тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының (одағының) пайдасына тұтынушының талаптарын ерікті түрде қанағаттандыруды сақтамағаны үшін сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан), егер олар тұтынушының құқықтарын қорғауға өтініш білдірсе, заңда белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айып (айыппұл) өндіріп алу туралы;
- тұтынушы тұтынушылық кредит (қарыз) есебінен сатып алған сапасы тиісті емес сападағы тауарды қайтару ерекшеліктері туралы;
- тұтынушылардың дербес деректерін қорғау туралы;
- тұтынушылармен шарттардың жосықсыз талаптарын бекіту туралы;
- электрондық коммерциядағы тараптардың құқықтық қатынастары туралы, яғни тұтынушымен "интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісі арқылы (қашықтық тәсілмен) жасалған шарт бойынша тауарларды өткізу кезінде, электрондық сауда алаңы (агрегатор) иесінің міндеттері мен жауапкершілігі туралы;
- тұтынушылардың қатысуымен дауларды реттеудің соттан тыс міндетті тәртібі туралы;
- «импорттаушы», «өндіруші уәкілеттік берген тұлға», «электрондық сауда алаңы» ұғымдарымен тұжырымдамалық аппаратты кеңейту туралы.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 61-бабында мүше мемлекеттер тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында олардың мүдделерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жосықсыз қызметінен қорғау бойынша мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тең жағдайлар қалыптастыруға бағытталған келісілген саясат жүргізетіні айтылған.
Бұдан басқа, реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылау шеңберінде тұтынушылар қоғамдастығынан және тұжырымдама жобасына енген басқа да мүдделі тұлғалардан көптеген ескертулер, ұсыныстар мен ұсынымдар келіп түсті.
"Атамекен" ҰКП қатысуымен 2021 жылғы 23 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты және тиімді қорғауға бағытталған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамаға түзетулерге қатысты заңнамалық бастамалары қолдау тапты.
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің Ұлттық қауымдастығы.
Шет мемлекеттердің тәжірибесі тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдармен байланысты мәселелерді құқықтық реттеу модельдерінің алуан түрлілігі және олардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы практикалық саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысуы туралы куәландырады. Бұл ретте осындай жалпыұлттық біртұтас ұйымның мәртебесін кез келген реттеу тұтынушылардың құқықтарын қорғау мемлекеттің ықпал ету саласы болып табылатындығын түсінуге негізделген, осыған байланысты мұндай ұйымдарды мемлекеттік билік институттары тарапынан қаржыландыру (қаржыландырудың өзге көздерінен басқа) жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz