Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетіндегі орны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі»КММ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетіндегі орны».

C:\Users\user\Desktop\dsc05048.jpg

Дайындаған оқушы: Ахмедина Аружан 7 сынып

Ғылыми жетекші: Бегалинова Ж. К.

2022-2023 оқу жылы

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Ұлт шамшырағы-Ыбырай Алтынсарин

2. 2 Ыбырайдың артында қалдырған рухани мұрасы

ІІІ. Зерттеу бөлім

3. 1 Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетіндегі орны

3. 2 Ыбырай ұрпағының болашағын өлеңдерімен болжап кеткен ақын

IV. Қортынды

V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Аннотация

Ыбырай Алтынсарин көзі тірісінде қазаққа мәшһүр болған талант иесі. Оның ұлылығының сыры ақындығында. Ақындық тұла бойына тұнған, өз заманының жаршысы, халық жалауын желбіреткен туы болды десек артық айтқандығымыз болмас. Қазақ даласына шам болып, жарқырап білім нәрін шаша білген, ең алғашқы рет қараңғы қазақ жеріне білім тұқымын сепкен адам болатын. Ыбырай Алтынсарин қазаққа неге керек екенін жақсы білді. Қараңғы тар қапастың бодауына түскен қазақты құтқарып, жарық жерге жетелей алып шығу Ыбырайға жүктелгендей еді.

Аннотация

Ыбырай Алтынсарин - талантливый казах, прославившийся еще при жизни. Секрет его величия кроется в его стихах. Без преувеличения можно сказать, что поэт был вестником своего времени, флагом, развевающим знамя народа. Он был человеком, который был маяком в казахских степях, сияющим знанием, и впервые посеял семена знания в темной казахской земле. Ыбырай Алтынсарин знал, зачем он нужен казахам. Ыбырай показалось, что его долг - спасти казаха из темной клетки и вывести его к свету.

Аnnotation

Ybyrai Altynsarin is a talented Kazakh who became famous during his lifetime. The secret of his greatness lies in his poetry. It is no exaggeration to say that the poet was a messenger of his time, a flag waving the banner of the people. He was a man who was a beacon in the Kazakh steppes, shining with knowledge, and for the first time sowed the seeds of knowledge in the dark Kazakh land. Ybyrai Altynsarin knew why the Kazakhs needed him. It seemed to Ybyray that his duty was to save the Kazakh from the dark cage and lead him out into the light.

Тақырыптың өзектілігі:

Ыбырай Алтынсарин балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысында аса қатаң талап қоя білетін. Ыбырай жастарға өнегелі тәрбие беру аса маңызды іс деп білетін. Ол шәкірттерді адамгершілікке, адал еңбекке, Отанды сүюге тәрбиелейтін. «Барлық күш-жігерімді олардың мінез-құлқына да ықпал етуге жұмсаймын . . . », -деп жазған. Ыбырай озық өнер-білімді, мәдениетті мектеп арқылы тарату, насихаттауды мақсат етті.

Мақсаты:

Ыбырайдың еңбектерін жан-жақты ашып көрсете отырып, оны бүгінгі күннің биігінен пайымдау, шығармаларын зерттеген жазушы ғалым аға-апаларымыздың еңбектерімен тереңінен таныса отырып, ол туралы тың деректерді зерттеп, танып-білу.

Міндеті:

  • Ыбырай Алтынсарин қоғам өміріндегі азаматтық тұлғасын таныту;
  • Ақынның шығармалары бүгінгі ұрпақты патриоттық сезімге, рухани адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы екенін айқындау;
  • Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетіндегі орнын айқындау;
  • Ыбырайдың еңбектерін жинақтап оқушылармен тәрбиелік шығармаларын жан-жақты талдау.

Зерттеудің маңызы:

  • Ыбырайдың еңбектері болашақ жастар үшін рухани азық;
  • Ақынның еңбектері болашақта жастарға үлгі болып қалатындығы.

Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде :

Ыбырай Алтынсарин шығармалар жинағы, газет-журнал материалдары, "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы басшылыққа алынды.

Зерттеудің жаңалығы:

Ыбырай Алтынсарин мұрасы бүгінгідей рухани құндылықтың азайған шағында, қоғамның келеңсіз жайттарына тұсау салуға болатындығын дәлелдеп көрсетеді. Ақын мұрасы бүгінгі ұрпақ жүрегіне шынайы сезімнің ұшқынын жағуға болатынына көз жеткізу.

Зерттеудің нәтижесі:

Қазақ жерінде қолына қалам алып, ақындығын ұштаған ақын өте көп. Туған жерінен шабытына шабыт қосып, аузына дүйім елді қарата білген ақынның бұлда бір даралығының көрінісі болар. Ақынды ақын деп, тұлғаны тұлға деп танитын халық. Халық таныған тұлға қашанда тұлға болып қалыптасады. Осындай тұлғалар қашанда жарқырай түспек. Сол аты аңызға айналған тұлғалардың бірі де, бірегейі -Ыбырай Алтынсарин.

І. Кіріспе

Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Сондықтан ғылыми жобаны жазуда педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы - Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін паш етуді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т. б. жақсы мінез - құлықтарға тәрбиелейді.

Ы. Алтынсарин өз хаттары арқылы айналасында орын алып жатқан жайттар мен қоршаған ортаға деген көзқарасын, сондай-ақ туған халқының келешегі туралы ой-арманын білдіріп отырды. Ағартушының мазмұны аса терең қай хаты да оңай оқылады. Əрбір хат ойыңа ой қосып, сол кездегі қоғам өмірінен сыр тартады. Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарын оқуға, ізгілікті, мейірімді, еңбекқор, еңбекқор болуға, өз халқын сүюге, бір сөзбен айтқанда, "ер адам"құрметті атағын ақтай білуге шақырды. Ол бұл міндеттерді жастар ерте жастан дұрыс тәрбиеленген жағдайда ғана орындауға болатындығын түсінді. Сондықтан Ыбырай осы мақсатқа өзінің оқытушылық, поэзиялық, жазушылық және аударма жұмыстарын арнады.

Міне биыл еліміздің тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қоса қазақтан шыққан алғашқы педагогтың туғанына 180 жыл толып отыр. Мүндай айтулы датада біз жастарға түсетіні Ы. Алтинсариннің жүзеге асыруға тырысқан мақсатын жүзеге асыру және ағартушының бізге қалдырып кеткен еңбектерін қадірлеп, ол еңбектердің мәңгі өмір сүруін қамтамасыз ету.

II. Негізгі бөлім

2. 1 Ұлт шамшырағы-Ыбырай Алтынсарин

Қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін салушы, прозаик және ақын деп қана білмей, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп те таниды. Ыбырай - қазақ балаларын, жалпы қазақ ұрпағын сауатты әрі білімді болуын қалаған адам. Алтынсарин ұлттың бала тәрбиесінде өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынған. Сонымен қатар, ол қазақтың жарқын болашағына асқан үмітпен қарады.

Ыбырай болыс мектептеріндегі бірінші бөлімнің оқыту бағдарламасының әрбір ауыл мектептерінде болуын қалады және соған қол жеткізе алды. Нартырақ айта кетсек, ол қазақ қоғамының сауатын ашу тек бастауыш деңгейінен қалып қоймау керектігін алға тартқан. Тек ақынның поэзиясы ғана емес, оның жазған шағын әңгімелерінің де әдебиетте ойып орын алғанын айта кеткеніміз жөн. Себебі оның дәуіріне дейін балалар әдебиеті ретінде танылған бірде-бір еңбек болмаған. Ы. Алтынсарин алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін өзінің төл өлеңдеріне қосып, сол хрестоматиясына енгізеді. Осы қысқа әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмашылдыққа, адал еңбек пен әділдікке, әдептілік пен сабырлыққа, зейінділік пен білімді еркін игеруге шақырды.

Ыбырайдың жазған әңгімелерінің бір ерекшелігі қазақ халқының тұрмыстық өмірін мысал ете алып, келесі буын ұрпақтың өсіп өркендеуіне қажетті үлес қоса білген. Ыбырай әңгімелерінің негізгі мазмұны: балаларды білімге, өнерге, адамгершілік пен тәрбиеге баулу болып табылады. Ол ел-жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы іске асады деп санады. Сондықтан ағартушы қазақ халқын егін егіп, күн көретін отырықшылыққа шақырды. өз әңгімелерінде отырықшылықтың артықтығын дәлелдеуге ерекше зер салады. Қазақ халқы үшін соның ішінде, қазақ балалары үшін Ыбырайдың алатын орны ерекше еді. Балалар, яғни ұрпаққа жасаған жақсылығы ұшан-теңіз.

2. 2 Ыбырайдың артында қалдырған рухани мұрасы

Ыбырай Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш ұйымдастырушы болғанын білеміз. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған қытымыр заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар ашу қажеттігі туралы мәселе көтеріп, бұл ойын айтыса - тартыса жүріп дәлелдеуі, біртіндеп іске асыруы шын мәніндегі азаматтық ерліктің, гуманизмнің үлгісі болды.

Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі - оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. «Қазақ хрестоматиясына» енген алуан жанрдағы шығармалар.

Ол төл туындыларын жазғанда да, орыс және Европа халықтары әдебиетінен аудармалар жасағанда да бір мақсатты қатты ұстанды, ең алдымен ол туындылардың балалар ұғымына сай, олардың қиял - ойын шарықтататындай тағлымды да қызықты болуына баса назар аударады. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік - танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой - қиялдың табиғи түрде жазылуы.

Мұның бәрі Ыбырай Алтынсариннің қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихындағы қадірлі орнын көрсетеді. Ыбырайдың артында қалдырған рухани мұрасы аса бай және алуан жанрлы. Бұл мұра оқушыларға мектеп оқулықтарынан, сондай - ақ «Жалын», «Мектеп» баспаларынан әр кезде жарық көрген ағартушы шығармаларының жинақтарынан жақсы таныс. Жан - жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан - тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені ол әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтерген еді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән - маңызы мен қадір - қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай, үркердей санаулы саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер - білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Сол арманына күрес арқылы, өрісі биік таланты арқылы жетті.

III. Зерттеу бөлімі

3. 1 Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетіндегі орны

Қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін салушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Алтынсарин ұлттың бала тәрбиесінде өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынған. Сонымен қатар, ол қазақтың жарқын болашағына асқан үмітпен қарады. Ыбырай болыс мектептеріндегі бірінші бөлімнің оқыту бағдарламасының әрбір ауыл мектептерінде болуын қалады және соған қол жеткізе алды. Нартырақ айта кетсек, ол қазақ қоғамының сауатын ашу тек бастауыш деңгейінен қалып қоймау керектігін алға тартқан.

Қазақтың ұлы ағартушы педагогы мектеп ашқаннан кейін, оқытуға қажетті оқу құралдарының қажет боларын да назарға алған. Сол себепті Ы. Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырып, қазақ балаларына арнап ''Оқу құралын'' жазды.

Тек ақынның поэзиясы ғана емес, оның жазған шағын әңгімелерінің де әдебиетте ойып орын алғанын айта кеткеніміз жөн. Себебі оның дәуіріне дейін балалар әдебиеті ретінде танылған бірде-бір еңбек болмаған.

Ы. Алтынсарин алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін өзінің төл өлеңдеріне қосып, сол хрестоматиясына енгізеді. Осы қысқа әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмашылдыққа, адал еңбек пен әділдікке, әдептілік пен сабырлыққа, зейінділік пен білімді еркін игеруге шақырды.

Ыбырайдың жазған әңгімелерінің бір ерекшелігі қазақ халқының тұрмыстық өмірін мысал ете алып, келесі буын ұрпақтың өсіп өркендеуіне қажетті үлес қоса білген. Ыбырай әңгімелерінің негізгі мазмұны: балаларды білімге, өнерге, адамгершілік пен тәрбиеге баулу болып табылады. Ол ел-жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы іске асады деп санады. Сондықтан ағартушы қазақ халқын егін егіп, күн көретін отырықшылыққа шақырды. өз әңгімелерінде отырықшылықтың артықтығын дәлелдеуге ерекше зер салады. Мысалы, ''Қыпшақ Сейітқұл'', ''Киіз үй мен ағаш үй''.

''Қыпшақ Сейітқұл'' атты әңгімесінде автор мал баққан халықтың жұт пен барымтаға тәуелді екенін айта келіп, жоқшылыққа ұшыраған отыз үйлі тобырдың басшысы Сейітқұлдың ақылдылығы мен тапқырлығын жастарға үлгі етіп ұсынады. Ол сауда жасауға мал жоқ, ұрлық істеуге оның түбі қорлық деп санап, өзен-сулы Қабырға деген жерге елін көшіріп келіп қоныстандырады. Жұртқа кетпен беріп, аз жылда малды ауыл болып, байып та кетеді. Ойдан-қырдан келушілер көбейіп, артынша төрт жүз үйлі ауылға айналады. Сөйтіп, адал еңбек, маңдай терімен байыған жұрт өзгелер батып келе алмайтындай қорған тұрғызып, қалалардан киім-кешек, азық-түлік алдырып, мамыражай өмір кешеді. Бұларға кезінде қосылмаған Сейітқұлдың ағасы ұрлықпен жүріп қолға түсіп мерт болады.

Ыбырай осы оқиғаны тартымды да көркем етіп әңгімелей отырып, жортуылшының басы жолда қалғанын, ал адал еңбек еткендердің аз жылда ел қатарына қосылғанын нақты дәлелдей алған.

C:\Users\yakib\Desktop\images (1).jpg Сондай-ақ жазушы ''Аурудан аяған күштірек'', ''Асыл шөп'', ''Малды пайдаға жарату'' атты әңгімелері қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылық секілді қасиеттерді тәрбиелеуге арналған. Ендігі бір алуан әңгімелері табиғат құбылысы мен оған деген адамның қарым-қатынасын ашуға құрылады. Автор өмірлік құбылыстың сан алуан болып келетіндігі секілді соларды ұғып түсінудің де әр қилы екенін ашып аңғартуды көздейді.

Сондай-ақ жазушының балаларды әдеп пен әділдікке, қанағатшылдық пен жомарттыққа, сақилық пен тазалыққа, ізеттілік пен бауырмалдыққа шақыратын әңгімелері де бір төбе. Бұлардың ішінде жан-жануарлар тіршілігінен алып жазылғандары да аз емес. Мысалы, ''Түлкі мен ешкі'', ''Қарға мен құрт'', ''Сауысқан мен қарға'' т. б. Дегенмен оның балалар табиғатына жақын, қазақ өмірінен алып жазған шығармаларының өзі аса елеулі. Осы орайда қара сөзбен келсе де айтыс

өнерін еске түсіретін ''Жан-жануарлардың дауласқаны'', ''Байұлы'', ''Сәтемір хан'', ''Жәнібек батыр'', ''Оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары'' тәрізді топтамаларында тапқырлық, шешендікке баулуды мақсат етеді.

Ыбырай өз әңгімелерін де шешендік, нақыл, аталы сөздерді жиі қолданып отырады. Айталық, ол ''Әке мен бала'' әңгімесінде ақыл-насихатқа толы: ''Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат ете білмесең, көптен де құр қаларсың'' секілді жолдарды ұсынса, ''Қыпшақ Сейітқұлда'': ''Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, маңдай термен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды'', - деп шешендік үлгіде сөйлейді.

Ыбырай Алтынсарин өзінің қара сөздерінде тәрбиелік мәнді, қысқа сюжетті, шағын әңгімелердің алғаш рет негізін салды. Демек, осы тұрғыдан алып қарасақ Ыбырай ақын, тұңғыш педагог, ұстаз - ғалым. Оның мұрасы тарихқа да әдебиетке де тән, ұстаздық тәрбиелік ой-пікірілері қазақтың таусылмас қазынасы.

Ақын өзінің белгілі өлеңінде:

Бір Құдайға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!-

деген жолдарды әдейі қайталай отырып, оқу-білімнің пайдасын айтуда бала жүрегіне жол таба білген. Кейіннен жазылған "Қазақ хрестоматиясында" сөз басы ретінде осы өлеңнің басты төрт жолы берілген еді. Қазақ әдебиетінде бұған дейін оқу-білім өнерге бірыңғай шақыратын мұндай жырлардың жоқтығын ескерсек, осы ''Кел, балалар, оқылық'' өлеңінің мән-маңызы атты өлеңін бастан-аяқ тың мазмұнды, жаңа сипатты шығарма дей аламыз.

3. 2 Ыбырай ұрпағының болашағын өлеңдерімен болжап кеткен ақын

Ыбырай өлеңдері кең мағынал мәнге ие. Тақырыбы толық ашылған. Құрылымдық жағынан жатық. Солардың бірі де, бірегейі «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңі. Бұл өлеңге білім, арман, мақсат, болжау барлығы тоғысып сыйып түскендей. Ақын өлеңі арқылы болашақты болжай білген. Сол бір тар заманның көрінісімен қазіргі біз өмір сүріп заманды салыстырып кеткендей. Оның дәлелін өлең жолдарын зерттеп, жеке-жеке тоқтала кетсек.

Өнер, білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді-ашып жұмғанша

Жылдам хабар алғызды дей отырып, ақын өнер, білімнің бар кезінде барлық нәрсеге қол жеткізуге болатынын айтқан. Тастан сарай салғызды деп, қазіргі көрсең көз тоятын, зәулім-зәулім небір ғажайып архитектурамен салынған үйлердің болатынын болжап айта кеткен.

C:\Users\user\Desktop\12366.jpg C:\Users\user\Desktop\astana-kazakhstan-september-bayterek-tower-astana-kazakhstan-september-bayterek-tower-main-symbol-kazakhstan-100843099.jpg

Сондай-ақ, алыстан хабар алу үшін ат- арбамен айшылық алыс жерлерге айлап, жылдап жүрмей, тез хабар келетініне назар сала аламыз. Керек хабарыңды, аман-саулықты, жаңалықтарды біз ақпараттық құралдардан білеміз. Мысалы телефон, ұялы телефон, хат, газет-журналдар тағы басқа ақпараттық құралдар көзі. Ақынның болжамының шынайы болғанының пайдасын, қызығын біз көріп жатырмыз.

C:\Users\yakib\Desktop\Без названия (1).jpg C:\Users\yakib\Desktop\Без названия (2).jpg C:\Users\user\Desktop\4387a30afc47904b9c405cff8163e768d30f206a.jpg

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.

Деген өлең жолдарына талдау жасай отырсақ, аты жоқ арба не екенін ойланбай -ақ байқауымызға болады.

C:\Users\yakib\Desktop\Без названия.jpg

Сол заманның көлігі түйе, яғни төрт-түлікті мініп жүретін қарапайым қазаққа білім, өнер болса, барлығы болатынын өлеңі арқылы түсіндіре отырған. Бұл дегеніміз қазіргі поезд, жеңіл автокөліктер, транспорттар түрлері.

C:\Users\yakib\Desktop\Без названия (3).jpg C:\Users\user\Desktop\i.jpg

Адамды құстай ұшырды,

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді

Отынсыз тамақ пісірді.

Бұл жолдарды оқи отырып, адамды құстай ұшырғанын, деп сол уақытта әуе қатынасы болмағаны барлық адамға аян екенін айта отырып, болашақта яғни біздің заманда әуе қатынас көліктерінің болатынын анық айта түскен. Ұшы қиыры жоқ кең аспанға армандап қана қарай алған, құстай қанатының болғанын армандап қана білген қазақ арманын орындай білген сиқыршыма деп те ойланасың. Бұл өлең жолдарынан мен әуе көліктерін, су жолы көліктерін және де қазіргі түрлі пеш толқындарын көре аламыз.

C:\Users\user\Desktop\12235.png C:\Users\yakib\Desktop\Без названия (4).jpg

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай,

Деген жолдардан біз көп ой түйе білеміз. Сол уақыттағы өзеннен, көлден күнделікті суды тұтынған халыққа, келешекте яғни біздің заманымызда сусын түрлерінің сан түрінің дайын болатынын болжап кеткен.

C:\Users\yakib\Desktop\rossia-voda.jpg

Ақын біздің өзен, көлде қалағанымызша жүре алтынымызға толық сенген. Ешқандай кедергісіз баратын жерімізге жете алатынымызға шүбә келтірмеген.

C:\Users\user\Desktop\kisspng-yacht-boat-sailing-ship-portable-network-graphics-tubes-bateaux-5be66c8be0b5d9.5940591015418277239204.jpg

Білгендерге осылар.

Бәрі-дағы анықтай

Білмегенге танықтай

Біз де бекер жатпалық,

Осыларға таныспай

Ат өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиетінің жанрлары
Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары
Ыбырай Алтынсарин - ақын
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұрасының мағыналық, көркемдік, ағартушылық құндылығы
Ыбырай мұраларының өзектілігі мен маңызы
Исатай - Махамбет жырының мәнісін сөз ете келіп, осы жырдың авторы
Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz