Мұғалім - жеке тұлға


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

ЭССЕ

Тақырыбы: Педагогтің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары) .

Тобы: 6В01303

Дайындаған: Алихан Сая

Тьютор:Момбиева Гулмира Абуқызы

2022 жыл

Жоспар:

  • Кіріспе

Мұғалім педагогикалық іс әрекеттің субъектісі ретінде

  • Негізгі бөлім

а) Педагог психофизиологиясы

б) Педагогтің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары мен оның нышандары

  • Қорытынды

Кіріспе

Мұғалімнің білікті, әрі өз ісіне сай маман болуы педагогика саласында өте маңызды роль ойнайды. Себебі, қазіргі мына сауатсыздық белең алған уақытта өз ісінің маманы бола білу әр адамның қолынан келе бермес, сірә. Мұғалім өз ісінде көптеген қызметтер атқарады, міне бұл жұмыстың ерекшелігіде осы көп функционалды болуында.

Мұғалім өз ісінде мынандай талаптарға сай болуы тиіс : бала жанды, бала тілін түсіне білетін, қамқор, еңбекқор, мейірімді, жақсы мінездерге бай болуы, ойлау қабілетінің деңгейі өте жоғары дәрежеде бола білуі керек. Себебі мұғалім арқылы өскелең ұрпақ тәлім-тәрбие мен адамгершілікті үйренеді. Мұғалім - жеке тұлға. Мұғалімнің екі жағы, яғни объективті және субъективті жағын қарастырар болсақ, мынандай тұжырымдар пайда болмақ. Яғни объективті бұл мұғалімнің ғылыми дайындығы. Ал субъективті деп біз мұғалімнің жеке мұғалімдік таланты, адамгершілігі, мұғклімдік дарындылығын айтамыз.

Негізгі бөлім:

Мұғалімнің субъективті қасиеттерін жүзеге асыру алғышарттары болып табылатын психофизиологиялық бейімдігін айтуға болады. Яғни, бұл педагогтің өзіндік темпераменті, эмоционалды түрі, әрбір жағдаятты орынды қабылдай білуі, ойлау шегі(деңгейі) және сол сияқты құбылыстар. Педагогика саласында ең бірінші педагогтың әрбір ісінде ең маңызды рөл атқаратын бұл оның жүйке жүйесі(тамырлары) . Бұл педагогтің өз жұмысын орындауда қажетті жеке қасиеттерін психофизикалық (индивидтік) алғышарттары ретінде қарастыруымызға болады. Жүйке жүйесі арқылы адам өз-өзін тежеу, немесе өз-өзін алға сүйреу секілді функциялар атқарады десек қателеспейміз.

Адамнын өзіндік жеке темпераменті бұл адамның дұрыс ойлау қабілеті, дұрыс сөйлеу, жұмысқа қабілеттілігі мен оның жұмысқа деген зейін қоя білуі, барынша төзімді/сабырлы болуы, психологиялық тұрақтылығы болу білуі және тағы сол сияқты темпераменттер жатады. Жалпы адамның өзінің іс-әрекеті мен психологиялық тұрғы жағынан бір-бірімен сәйкес келуіде аса қатты маңызды дүние. Бірақ бұл үшін адам, қанша өмірінде қиын қадамдардан өту арқылы өзіне деген ерік күш пен өмірден тәжірбие арқылы жинайды.

Сонымен қатар, менің ойымша педагог мамандығы үшін келесідегідей қосымша психологиялық қасиеттер болу керек:

1) Көш бастай білуі, өз-өзін тыңдата білуі, табандылық, қайсарлық, ешқашан берілмеу/мойымау тек алға үздіксіз қадам жасау.

2) Педагог жадысының өте жоғары деңгейде болуы, кітап оқу деңгейі басқа ересек адамдарға қарағанда жоғары болуы.

3) Эмоцияға берілмеу, яғни өмірде қандай жағдай болмасын дүрбелеңге салынып өзінеде өзгегеде зиянын тигізбеу.

4) Өз өзіне күнделікті есеп бере алуы, әрбір істі ой таразысынан өткізе білуі.

5) Көпшіл, кеңпейіл болу.

Қазақта жақсы сөз бар «кең болсаң - кем болмайсын»

Қорытынды :

Педагогикалық білімнің ерекшелігі - бұл жеке тұлғаның өзіндік ойы-сабағы, өзіндік дүниетанымының арқасында. Педагогика саласында тағы бір өзіндік ерекше әсер ететін фактордың бірі - бұл мұғалімнің жеке тұлғалық, жеке өзіндік қасиеттері.

Педагогтің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттарын талдау арқылы әрбір адамның ойында, мұндай педагогтарды бұлай дайындау мүмкін емес деген ойға келеміз. Дегенімен, әсте олай емес. Себебі, төбеде аталып отқандай педагогтарымыз, ауыз-ауызды толтырып айтар мықты мамандарымыз бар екеніне көзіміз жетеді, оған күмән келтіруге де болмас. Әрбір ұлт болашағы осы білімді де білікті мұғалімдердің қолында екенін естен шығармағанымыз жөн. !

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру кеңістігіндегі педагог тұлғасы
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерінің базалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістері
Оқушыларды тәрбиелеудегі мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы
Педагогтің тұлғалық сапалары
«Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі» пәніне жалпы түсінік
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар арқылы өзінің мамандығына деген жауапкершілікті күшейту
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу-әдістемелік кешені
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Педагогикалық шеберлік- білім сапасының негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz