Адам анатомиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Астана Медициналық Университеті
Адам анатомия кафедрасы

Реферат

Тақырыбы:Буындардың жіктелуі

Орындаған: Қайсарбекова Ж.С.
Қабылдаған:м.ғ.к. доцент Мұқаметжан Қ.Қ.

Астана 2022ж

Жоспар
I.Кіріспе
1.Буындар немесе Синовиалық қосылыстар
II.Негізгі бөлім
2.Буындар биомеханикасы
2.1.Буындардың жіктелуі
2.2.Бір білікті буындар
2.3.Екі білікті буындар
2.4.Көп білікті буындар
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер

І. Кіріспе бөлім
Буындар немесе синовиалық қосылыстар articulations synoviales, сүйектердің үзіліссіз қосылыстары болып табылады.Буын үш құрылымдық бөліктен: шеміршекпен жабылған буындық беттерден,буын қапшығынан және буын қуысынан түзіледі.

Құрылымдық бөліктері
Буындық беттер,facies articulares гиалинді шеміршектің жұқа қабатымен (0,2-0,5 мм) жабылған.Буындық беттердің шеміршектерінің пішіндері және көлемдері әртүрлі болады.Кейбір буындарда олар бір-біріне сәйкес болса (конгруэнтті),басқаларында-сәйкессі з,пішіндері мен көлемдері әртүрлі (инконгруэнтті) болып келеді.
Буын қапшығы,capsula articularis негізінен буындық беттердің жиегіне немесе олардан сәл шеттеу бекиді.Ол екі қабаттан:сыртқы-фиброзды жарғақ пен ішкі-синовиалық жарғақтан түзілген.Фиброзды жарғақ,membrana fibrosa,көршілес сүйектердің сүйектік қабығымен тығыз бітісіп кетеді.Синовиалық жарғақ жұқа,мөлдір болып келеді және бүрлері,villi synoviales,болады,ал кейбір буындарда олардың қатпарлары,plicae synoviales,және буынның сыртына шығатын қатпары,bursae synoviales,кездеседі.Бүрлер мен қатпарлар синовиалық сұйықтық бөледі,ал қатпар бұлшықеттің сүйек бетімен жылжуын жеңілдетеді.
Буын қуысы,cavitas articularis,буындық беттермен және буын қапшығымен шектелген,ішінде синовиалық сұйықтық бар,саңылау пішінді тұйық кеңістік.
Буынның ішіндегі теріс қысым сүйектердің бір-бірінен ажырамауына жағдай жасайды.Синовиалық сұйықтық буындық беттерді ылғалдап,олардың үйкеліс күшін азайтады және оларды қоректендіруге қатысады.
Бірқатар буындардың басқа буындарда кездеспейтін қосымша анатомиялық құрылымдары:диск,мениск және ернеулері болады.
Буындық диск,discus articularis,-шеміршек табақша,буын қуысын толық (өзара қатынаспайтын) екі бөлікке бөледі.
Буындық мениск,meniscus articularis,тізе буынында кездеседі,пішіні жарты ай тәрізді шеміршек,буын қуысын жартылай екі қабатқа бөліп тұрады.
Буындық ернеу,labrum articulare,-буындық ойыстың жиегіне бекіп,оны тереңдете түседі.
Диск,мениск,ернеулер буындық беттердің бір-біріне сәйкессіздігін жояды немесе азайтады.Дисктер және менисктер қимыл кезіндегі селкілді азайтады.

II. Негізгі бөлім
Буындардың биомеханикасы
Адам буындарындағы қимылдар әртүрлі болып келеді.Осы түрлі қозғалыстар буындар биомеханикасы бойынша негізгі үш:фронталды,сагитталды және вертикалды біліктерді айнала жүреді.
Фронталды білікті айнала-бүгу,flexion және жазу,extensio,қимылдары іске асады.Қосылатын сүйектер арасындағы бұрыш кішірейеді немесе үлкейеді.
Сагитталды білік бойынша әкелу,addictio,және әкету,abductio қимылдары жүзеге асады.Бұл жағдайда буындасатын сүйектің біреуі орталық жазықтыққа жақындайды немесе одан қашықтайды.
Вертикалды (бойлық) білік бойынша айналу,rotatio,қимылы жүргізіледі,ол ішке айналу,pronatio,және сыртқа айналу,supinatio деп ажыратылады.
Шеңбер бойынша қозғалу,circumduction-аталған үш білік бойынша ретімен қозғалу болып табылады,бұл жағдайда қозғалатын сүйектің дисталды шеті шеңбер сызады.
Буындардағы қимыл көлемі-сүйектердің буындық беттерінің айырмашылығына сәйкес болады,буындық беттердің айырмашылығы неғұрлым көп болса,буындағы қозғалыс көлемі де соғұрлым көп болады.

Бір білікті буындар
Цилиндртәрізді буын, articulatio trochoidea, буындасатын бір сүйектің буындық бетi дөңес, екіншісінің буындық беті ойыс болып, екеуінің де пішіні цилиндр тәрізді болады. Цилиндр тәрізді буындарға ауыз омыртқа-біліктік орталық буын, кәрі-шынтақ жіліктік проксималды және дисталды буындар жатады. Бұл буындарда қимыл вертикалды білік бойынша - айналу, rotatio түрiнде жүредi, сонымен қатар сүйектердің бойлық бағыты бойынша жылжуы мүмкін.
Шығыршықтәрізді буын,ginglymus - цилиндртәрізді буынға ұксас, вертикалды емес горизонталды орналасқан, буындық басында қыршасы, ал буындық ойысында сәйкес жүлгесі болады. Қырша мен жүлге қозғалыс кезінде сүйектердің бүйірлік жылжуларына жол бермейді. Буынның бұл түрінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия ғылымының салалары
Анатомия пәні мен міндеттері, аралас пәндермен байланысы
Анатомияны тірі адамда оқу әдістері
Ангиологияға кіріспе. Қан тамырларының құрылысының, тармақталуының, жіктелуінің негізгі принциптері. Жүрек дамуы және даму ақаулары
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлар әсері
Физиология дамуының қысқа тарихы
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Анатомиялық терминдер
Антропология ұғымы
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы ақпарат
Пәндер