Батырлар жырындағы патриоттық тәрбие



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Алматы қаласы Бостандық ауданы №146 мектеп-лицейі

Ғылыми жұмысты орындағандар:
6 Е сынып оқушылары Чаймардан Рамазан, Тулен Нұрмұхаммед

Тақырыбы: Батырлар жырындағы патриоттық тәрбие

Секция: Қазақ тілі мен әдебиеті

Аннотация:
Оқушылар өздерінің ғылыми жұмысында батырлар жырының тәрбиелік мәні, патриоттық рух туралы толық қамтыған. Алпамыс, Ер Тарғын және Қобыланды батыр жырларының тәрбиелік мәні мен патриоттық рухты зерттеген.Мәліметтерді өз жасына лайық таба білген.

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Мухамбетжанова Каламкас Турарбековна, Бахина Ақмарал Амангельдиевна

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
Батырлар жырының маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7
Батырлар жыры - тәрбие мектебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-11
Алпамыс, Ер Тарғын және Қобыланды батыр жырларындағы патриоттық рух ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-18
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ауыз әдебиетінің ең үлкен саласының бірі ретінде батырлар жырын педагогика ғылымы саласынан зерттесе, патриоттық тәрбие туралы ұғымдар ашылар еді. Оқушының, жас ұрпақтың бойына ата-бабаларымыздың батырлық, Отаншылдық тәрбие беру, патриоттық рухты дарыту.
Жұмыстың мақсаты: Батырлар жырын зерттеп талдау арқылы қаһармандардың бойындағы елге деген сүйіспеншілікті, батырлықты, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.
Жұмыстың міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
Батырлар жырының тәрбиелік маңызын көрсету;
Батырлар жырындағы тәрбие түрлерін жіктеп анықтау;
Жырлардағы кейіпкер іс-әрекеттері арқылы патриоттық рухты айқындау;
Жырдан дәлелдерді пайдалану.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімдерден, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу пәні: қазақ тілі мен әдебиеті
Зерттеу әдіс- тәсілдері: жинақтау, талдау, зерттеу, пайдалану әдістері.
Зерттеу объектісі: батырлар жырындағы патриоттық тәрбие (Алпамыс, Ер Тарғын және Қобыланды батыр жырлары)

Сөз өнеріміз бен мәдениетіміздің ең үлкен бір саласы - көркем әдебиет десек, сол әдебиеттің ертеден келе жатқан әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті саласының бірі - батырлар жыры. Батырлар жырының көркемдік ерекшелігі мен мәні туралы Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан сияқты көптеген ғалымдарымыздың құнды еңбектері бар. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі батырлар жырының мазмұн байлығы мен ой тереңдігі, кейіпкерлердің даралығы туралы тың пікірлері толық зерттеліп бітті деп айта алмаймыз.
Әдебиетші ғалым Ә.Қоңыратбаев: Ел, халық санасымен жасалған Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Ер Тарғын сияқты батырлар жырында ел тәуелсіздігін сыртқы жаулардан қорғау сарыны үстем деген. Шынында да, батырлар жырында патриоттық сезімді ардақтап, батырлықты мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген.
Патриотизм өзінен-өзі келетін қасиет емес. Отанды сүй деп жалаң айғайлау жастарды патриотизмге тәрбиелеу боп табыла бермейді, міне мынадай Отанды сүй деп тәрбиелесек, сірә, сол ұғымды
Қандай шығарма болса да, оның негізгі мақсаты - тәрбие. Ауыз әдебиеті - балалардың ой-санасы мен мінез-құлқын қалыптастыратын тарихи мектеп. Ал батырлар жыры - сол мектептің маңызды құралы. Батырлыр жыры эмоциялық әсермен тыңдаушының ынтасын арттырып, көріктілігімен көкейге қонады; ол шаттандырады, ондағы трагедиялық және қуанышты жайларды тебірене сезініп, ыстық жаспен, ынталы ықыласпен қабылдайды. Сондықтан ақын болмаса да, асыл жырларды жаттап алушылар көп болған. Жаттампаздық құрғақ жаттау емес, жадына жақсыны сақтап, өнегелі өмірге пайдалана білуді халық әрқашан да мақсат еткен. Ел Ер Тарғындай ер болуды, Қобыландыдай батыр болуды, Қамбардай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі еткен. Қара түнекті, қайғылы, қасіретті заманда батырлық жырлар халықтың көңілін сергітті, ерлікке құлшындырды, ойын өрістетті, келешекке сенімін арттырып, намысын қозғады. Жарқын жырлардағы парасатты ой сәулелері жалпы жұрттың жанын жадыратты. Ондай шығармаларды жұрт жалықпай тыңдап, жан азығы етті.
"Сөз сүйектен өтеді" деген халық сөз өнерін тәрбиенің күшті қаруы етіп, өмірге пайдалана білді. Өмірдің өзі түсіндіретін халық философиясы ауыз әдебиеті болды. "Қара қылды қақ жаратын" әділдік, арды, намысты аяққа басқан зұлымдық, ел сүйінген ерлік, дарқан ойлы даналық, қояннан жаман қорқақтық батырлар жырында айқын сарапталып, ақылмен екшеленіп, ерекше әсерлерімен тыңдаушыларын баурап отырды.
Жастайынан батырлық жырларды сүйе тыңдап өскен әрбір жас еліне пайда тигізетін ер болуды армандады. Жеке адамдардың жетесіне жеткен қара бастың қамын ойлайтын психологияға осындай жырлардағы халықтық ойлар қарсы қойылып отырды. Халық ер мен езді, ақылды мен ақымақты, еңбекшіл мен тірліксізді айқын бағалап, ұрпақтарына жақсыны үйретті, жаманнан жирентті.
Тәрбие мүддесіне сай халық эпостық шығармаларға тыңдаушы сезінетіндей етіп эмоциялық әсері күшті сюжеттер ендірді, мінездеу мен шарықтау шегі неғұрлым әсерлі болуын қарастырды, жеке образдар көркем де шебер жасалынып, есте мәңгі қалатындай әсерлі болды, ой түйіндері өнегелі өрнекпен құрылды.
Қай халық болсын өзінің батырлар жырында елеулі оқиғаларды көркем бейне арқылы жинақтап, өзінше бағалайды, өзінің көзқарасын білдіреді. Сол бейне - халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күйінің көрінісі. Олар жеке басының қамын ойламайды, елдің амандығы, бүтіндігі үшін отқа күйіп, суға батудан тайынбайтын ержүрек қаһармандар. Айталық, Алпамыс батыр жыры халықтың бірлігін, тұтастығын, ынтымағын армандаудан туған. Бірлігі бар ел ғана жауға қарсы тұрып, туған жердің қасиетті топырағын жауға таптатпайды деген түйін жатыр. Елдің тұтастығын сақтап, жауына қарсы айбат көрсетіп, халқына қамқор болатын - оның батыр ұлдары. Алпамыс - сондай ерен ерлердің бірі. Ол Тайшық ханның қанды шеңгелінен елін аман алып қаламын деп , оның құрған қақпанына байқаусызда түсіп,жеті жыл қапас зынданда отырады. Жырда Алпамыс тек қана қара күштің иесі емес, адамгершілік қасиеті өте жоғары, он саусағынан өнер тамған шебер екендігі білінеді. Сонымен қатар, Отанын, ата-анасын, туған-туыстарын құлай сүйген нәзік жан.
Жаңа көрдім, Байсынды
Жерім жеймін, жар-жар
Жаңа көрдім Қоңыратты
Елім деймін, жар-жар- деген батырдың сөзінде жылылықпен қатар, туған жерге деген асқан сүйіспеншілік байқалады.
Дәл сол сияқты Қобыланды батыр жырында да елдің тәуелсіздігі жырланады.Тыныш жатқан жұртының шырқын бұзған Алшағыр мен Қазанға Қобыланды жалғыз аттанады. Ел намысы-ер намысы дегендей, Қобыланды батыр кіндік қаны тамған жерін қорғауға жан-тәнімен әзір екендігін іс жүзінде көрсетеді.
Ер Тарғын жырындағы Тарғын бір рудың емес, барша жұрттың батыры ретінде ерекшеленеді.Ол басқыншы жаудан елін қорғайды,сол елдің бүтіндігі мен бірлігін сақтауға қызмет етеді. Оны Ақшаханға берген жауаптан білуге болады. Сен кешегі жауды бұзған қайратыңды сені тынышсыздандырған жұртыңа неге көрсетпедің?-деді. Сонда Тарғын: Нақақтан өз жұртымды жылатуға шариғат қоспайды-дейді. Бұл туралы белгілі ғалым Қ.Жұмалиев: Тарғын қамал бұзып,қалың қолға жол ашқан батыр. Бірақ, сол күшін ол өз еліне жұмсауға ожданы бармай,оны үлкен опасыздық деп біледі.Өз жұрты,өз еліне қару көтеріп, қара бет болғаннан қашқындық өмірді артық санайды дей келіп, Тарғынның Ноғайлы атанған елдерден алысқа кетпей, оларды өз елі санап, қалмақтарға қарсы кеудесін оққа төсеп, жан қиярлық ерліктерге барғанын жан-жақты талдаған. Батырды көзсіз ерлікке итермелеген басты нәрсе-туған жерге, өскен елге деген махаббат.Оны Тарғынның өзі былайша айтқан:
Еділдің ар жағында
Атаңа нәлет қалмақтың
Сыңсып жатқан малы үшін-
Аттанбадым олжа үшін,
Аттанғанмын дұшпанға
Ата-бабам ежелден
Ескі кегі бар үшін!
Бұдан Тарғынның дүние-мүлікке қызықпайтын, ел намысын жоғары ұстап, бірлік пен ынтымақ туын биік ұстайтын адал азамат екендігі көрінген.
Эпостық жырлардың қай-қайсысында да бірінші кезекте негізгі қаһарманның күш-қайраты, ептілігі, шабандоздық, мергендік, найзаласу, қылыштасу, күресу сияқты қасиеттері дәріптеле бейнеленеді. Мәселен, Қобыланды батыр алты жасынан атқа шабу, садақ ату, балуандық өнерлерін жетік игерсе, Ер Тарғынның бойындағы ерен күш пен мергендік өнер де осал соқпайды. Жыр қаһармандары хас батырдың бойында болуға тиісті жігіттік өнерге толық жетілгенде ғана ерлік істерге араласады. Қай жырға зер салсаңыз да жыр мазмұны негізгі қаһарманның өзін ғана емес, Отанын қорғауға лайық деңгейге көтерілуі үшін оның бойындағы күш-қайраттың толысуы қажеттігін айқын аңғартады.Сондықтан да батырдың күш-қуаты көрінетін сәттер бейнеленгенде жыр тілі де құдіреттеніп кетеді. Мысалға жүгінер болсақ, қалмақ батыры Домбауылмен кездескен сәтте оның атқан оғы Тарғын киген тоғыз қабат торғауыттың сегізінен өтсе, Ер Тарғынның білек күші мен мергендігі одан да асып түседі. Батырдың күштілігі:
Алаша аттың басы деп,
Қалмақты ердің қасы деп,
Қақ жүректің тұсы деп,
Өлер жерің осы деп,
Толықсып келген қалмақты,
Толғап Тарғын салады - деген үлгіде әсірелей бейнеленетін көріністің мәніне зер салу арқылы оқушының ынтасын арттыруға болады.
Батырлар жырының оқиға желісінде күш-қайраттың серігі ретінде көрініс тауып отыратын ақыл-ой зұлымдыққа қарсы қойылған халықтық қасиет сипатына беріледі. Алапат күштің қуаты жетпеген қысылтаяң кезеңдерде ақыл-ой жол табады. Бұл тұстағы бір ерекшелік - ақыл иесінің көп жағдайда батырдың өзі емес, сүйген жары, сенімді досы, ел-жұрты болып келуі. Қаһарман күрес-тартыс үстінде, өмір талқысында шыңдалып кемелдене түседі. Жырдың айтары да адам баласының кемелдікке жетуі ақыл-парасатқа байланысты деген ойға саяды. Бұл идеяны оқушының өзі танып білуіне мүмкіндік жасау үшін, сонымен бірге ақыл-ой кемелдігіне талпынуына жол сілтеу үшін эпостық жырлардағы Гүлбаршын, Ақжүніс іспетті бейнелерге ден қойғаны абзал.
Қаһармандық жырда батырдың жары да өзіне лайықты етіп сомдалған. Арулардың сән-салтанаты, әсемдігі, кербездігі, қылығы, ақыл-парасаты, махаббатқа адалдығы қыз баланың тәрбиесінде баға жетпес құрал болып саналмақ.
Екі көздің жанары
Суда жатқан гауһардай.
Тістерінің ажары
Қатар тізген маржандай (4.164),-деп қыздың сұлу ажарын дүниедегі ең бағалы асыл тастарға теңеп, салыстыра суреттейді.Мұндай теңеулі суреттер батырлық жырлардағы арулардың барлығына дерлік арнап берілген.Алайда жырларда арулардың тек сұлу мүсіні ғана емес, олардың терең талғамы, қадір-қасиеті, сондай-ақ ер азаматқа бергісіз батырлық, ерлік іс-әрекеттері де сипатталады. Нәзік жанды арулар ел басына күн туғанда жұртының бірлігін ойлап,ел намысын қорғауға ерлердей белін бекем буған сәттері аз болмаған.
Жырлар сюжетінен орын алған Қобыландының жылқы бағуын, Қамбардың аң аулауын,Тарғынның ат баптауын бейнелейтін көріністерге оқушылар зейінін аудара отырып, еңбектің адам өміріндегі маңызын, тіршілік тірегі екендігін дәйектей көрсетуге болады. Сол сияқты Қобыландының жан серігі - Тайбурылды баптаған Құртқа, басына іс түскен Тарғынды түн ұйқысын төрт бөле жүріп емдеген Ақжүніс, жау зынданында жатып сыбызғы жасаған Алпамыс әрекеттерінің түпкі жемісіне зер салу арқылы еңбектің еш уақытта өтеусіз кетпейдіндігін ұғындыру қажет.
Батырлар жырындағы сүйікті кейіпкерлерінің ерлікке толы әрекеттері кез келген баланы осы батырдай болсам деген арманға жетелейтіні сөзсіз.
Қырық мың атты қызылбас
Қырық кісідей көрінбес
Батырыңның көзіне.
Тікелеп атқан оқтары
Тікенектей қадалмас
Қоблекеңнің жүзіне.
Қабағынан қар жауып,
Кірпігіне мұз қатып,
Қатуланып қаттанды,
Буырқанып бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды (2.58).
Қобыландының нағыз ержүрек батырға тән ерекше бітімі, мыңдаған жау әскерімен жалғыз өзі шайқасып,жеңіске жеткен,айбарынан жауы сескенген ер тұлғасы оқушыны айрықша сезімге бөлеп,рухтандырары сөзсіз.
Енді бала алшаңдап,
Қайраты тасып қалшылдап,
Қойға шапқан бөрідей
Жан-жағына ырсылдап,
Әлемді алды айбаты
Қобыландай арсылдап,-
деген( 180-б) Алпамыс батырдың да әсерлі теңеулермен берілген ер келбеті оқушысын шабыттандырмай қоймасы анық.Мұндай бейнелеулерді әрбір қаһармандық жырдан кездестіреміз. Мұның барлығы жасөспірім баланы әсерлендіріп, бойына патриоттық сезімнің дәнін сеуіп, жақсыға еліктеушілік, соған ұмтылушылық қасиеттерін қалыптастырады.
Алпыс үйлі Арғынның
Тоқсан үйлі Тобырдың
Ашыққанын тойғызды
Батыр туған Қамбардың
Тимеді жоққа зияны. (3.46)
Мұнда ағайын-туыс,ауыл-аймағын аң аулап асыраған жігіт тұлғасы көрінеді. Ата-анасына, ағайын-бауыр,көрші-қолаңға қайырымдылық жасап, қамқор бола білген бала ел-жұртына, Отанына да адал қызмет істейді. Өнердегі мәңгілік тақырыптар болып табылатын ізгілік пен жауыздық, достық пен қастық, махаббат пен зұлымдық арасындағы күрес эпостық жырларда жиі ұшырасады. Алпамыстағы Қаражан мен Ұлтан, Қаракөзайым мен Бадамша, Ер Тарғындағы Ақжүніс пен Ақша хан Ханзада бейнелерін салыстыру, іс-әрекеттерін талдау барысында халықтың адамгершілік, әділдік қасиеттерін қастерлегенін, керісінше опасыздық, зұлымдықты ұдайы әшкерелеп отырғанын көрсету арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беруге мүмкіндік бермек.
Эпостық жырлардың басты тақырыбы - Отаншылдық, ұлтжандылық, туған жер мен елді қорғау мәселесі. Алпамыс батырда қаһарманның қас дұшпаны Тайшық ханның қызы Қаракөзайымның Алпамысқа достық қолын созуы, Ер Тарғында хан қызы Ақжүністің Тарғынды таңдауын көрсетудің негізінде отаншылдық идеясы жатыр.
Бағдарлай зерттеп байқасақ, бір ғана батырлар жырының өзінде тәрбиенің алуан түрі бар. Дене шынықтыру тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, отансүйгіштік тәрбие, еңбексүйгіштік тәрбие, еңбек тәрбиесі - батырлық жырлардың табиғатындағы мақсатты мұрат - міне, осылар. Батырлар жырындағы негізгі оқиғалар арқауы да осы тәрбиелік мақсаттар. 2
Дене шынықтыру тәрбиесі эпостық шығармаларда бірінші кезекке қойылады. Эпостық шығармаларда атқа шабу, мергеншілік, қылыш шабу шеберлігі дәріптеліп жырланады. Халықтық шығармаларда бұл өнерлердің оңайлықпен келмейтіндігі суреттеледі. Батыр мерген болу үшін әуелі мергеншілікке үйреніп, мергеншілік мектебінен өтеді де, үлкен айқаста сынаққа түседі. Мысалы, Қобыланды батыр алты жасынан бастап ат жалын тартып мініп, мергеншілікті үйреніп аң аулайды.
Өзі алты жасында
Кәмшат бөркі басында...
Қобыландыны барған соң,
Естеміс ерің баулыды,
Күнде киік аулайды,
Кездессе жауын жаулайды,- деп халық батырдың алты жасынан-ақ ат шабуға, мергеншілікке үйрене бастағанын басқаға үлгі етеді. "Жақсы жігіт он бесінде баспын дейді, жаман жігіт отызында жаспын дейді" деген мақалды шығарған халық Қобыландыны әсірелеп, алты жасынан-ақ алып етіп көрсетеді. Әсерлі болу үшін әсірелеп баяндаудың тәрбиелік құны арта түседі. Мұндай әсірелеуден тыңдаушы өрен өзінің жасын Қобыландымен салыстыра отырып, тәрбиелік түйінді ерекше сезінеді. Қобыландыдай атқа шапқыш, мерген болуға талпынады, сол өнерді үйренуге ынтығады. Батырлық жырды тыңдаған бала мергеншілік пен атқа шабу өнерінің өресіне шығып, сынақтан сүрінбей өткен ердің іс-әрекеттерін аңғарып, құлшына түседі. Атқа шабу, мергеншілік жарыстарын үзбей өткізуді халық дәстүрге айналдырған. Атқа шабуда, балуандықта, мергеншілікте үздік шыққандарды халық құрметтеп, оларға бағалы сыйлықтар беріп отырған, ұрпағын сондай ата дәстүріне баулыған.
Мергеншілік өнері барлық эпостық жырларда айрықша сөз болып дәріптеледі. Батылдық пен табандылықты қалыптастыратын өнер - мергеншілік деп есептейді халық. Батырлар жырында батырлардың мергеншілік өнері, найзагерлігі, балуандығы бірте-бірте дамып, шарықтау шегінде нәтижесін көрсетеді. Мысалы, әуелі мергендік пен аңшылықта шыныққан Қамбар жолбарысты құйрығынан ұстап лақтырса, ел басына күн туған кезде Қараманмен жекпе-жекке шығып, өзінің балуандық, найзагерлік өнерімен жауын жеңіп шығады. Мергендікке жастайынан жаттыққан Қобыланды батыр Көбіктінің кіндігінен дәлдеп, нысанаға садақ оғын айнытпай тигізеді.
Көбіктінің бөксесі
Кеудесінен бөлінді...
Мергеншілікті осылай суреттеу - батырлық эпостардың дәстүрлі арқауы. Домбауыл батыр - Ер Тарғыннан кем түспейтін мерген. Ол Ер Тарғынның дәл жүрегін дәлдеп, тоғыз қабат торғауыттың сегізінен өткізеді. Осыны ызалана суреттеген халық поэзиясы Ер Тарғынның мергендігі мен балуандығын әсірелей баяндайды. Міне, осындай балуандық пен мергендікті мадақтай суреттеу арқылы батырлар жыры балалардың жанын жалындатып, ерлік пен қайратын қалыптастырады, ерекше еліктіреді. Халық атқа шабуды, мергендікті, қылыш шабуды, найзаласуды үйрену әрбір азаматтың борышы деп есептейді.
Батырлық жырларды тыңдаған жас өрен жақсылық пен жамандықты, мейірбандық пен зұлымдықты көз алдына елестетіп, шығармадағы ой-мақсатты жылы сезініп, ой-өрісін дамытады. Шығармадағы қызықты оқиғалар, отты сөздер, өнегелі іс-әрекеттер балаларды неғұрлым көп білуге құштарландырады 4
Батырлық жырлардан тыңдаушы сөз, әдеп, ақыл, нақыл үйренеді, ерік, қайрат, ес сияқты түсінік қабілеттерін ұшқырлайды. Шығармалардағы салыстырмалы құбылыстарды талғай екшеп, дүниеге көзқарасын қалыптастырады. Мысалы, "Қобыланды батыр" жырындағы Қараман даңғой, дүниеқор, соғысқұмар, ол осы қылықтарынан соққы жеп отырады. Жыр даңғойлықты, дүниеқорлықты, соғысқұмарлықты әшкерелеп, олардың зар-жапасын баяндайды, тыңдаушыны ондай мінез-құлықтан безіндіреді.
Халық елін қорғаған ерлерді жоғары бағалайды, оларды қастерлеп дәріптейді. Қобыландыны:
Қолдекең сонда тарықты,
Батыр сөзге толықсып,
Көп ойлады халықты,-
деп жырласа, бірде оның Тоқтарбай үшін ғана емес, халық үшін туған батыр екендігін жыршы мақтаныш етіп, Аналық ананың аузына:
Өлгенде көрген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қобыланды батыр жырындағы этнографизмдердің құндылығы
Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері
Батырлар жырын оқыту
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
Қоңқаева Салтанат Қазақ эпосының көркемдік шеберлігі
Қазақ фольклорындағы ерлік, елжандылық тақырыптары
Эстетика туралы
Ақындар айтысы өлеңмен айтыс
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Ұлттық психологияның бала тәрбиесіндегі маңызы
Пәндер