Инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Реферат
Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесі (Ұлыбритания).
.

Орындаған: Аринова Ақмарал Ардаққызы
ҚТӘ-23

Тексерген: Байменова Ботагоз Серикбаевна

2022 жыл

Мазмұны

Кіріспе

1. Инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесі.

2. Ұлыбританияда инклюзивті білім беру тәжірибесі.
3. Қорытынды

4. Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Инклюзивті білім беру- дамуында сәл ерекшеліктері бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген оқушы дені сау балалар сыныбында,тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады. Арнайы топтардағы балалар бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріліп жұмыс жүргізеді. Мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.

1. Инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесі.

Қазіргі таңда дүниежүзінің назарын аударып отырған мәселе ол -- балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның және отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру болып табылады.Яғни, инклюзивті білім беру-ол баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады.
Инклюзивті білім беру балалардың әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейтін оқыту түрі. Француз тілінен аударғанда Инклюзив сөзі-өзімді қосқанда ал, латын тілінен аударғанда -қосамын деген мағынаны білдіреді.
Н. В. Борисова, С. А. Прушинский және М. Перфильева инклюзивті білім берудің негізгі ұғым түсініктерін қарастырушы ғалымдар болып табылады. Осы ғалымдадың редакциялауымен жарық көрген Инклюзивное образование: ключевые понятие оқу құралында ең негізгі ғылыми аппаратқа тоқтала отырып, ұғым түсініктердің мәнін ашты.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылдары АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына инклюзивті білім беру бағдарламасын толық енгізді. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді.
Инклюзивті білім беруді дамыту ең алғаш АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия және Австралия елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Жоғарыда аталған елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.

2. Ұлыбританияда инклюзивті білім беру тәжірибесі.

1980-1990- жылдары Батыста мүгедектіктің табиғатын қоғамдық түсіндірудегі және соған сәйкес мүгедектерді толық экономикалық және әлеуметтік интеграциялаудың кепілдігі үшін қажет тәсілдер, шаралар мен қызмет түрлерін түсіндіруде трансформация жүзеге асырылды. Осы трансформацияның ортасында мүгедектердің өздері басқаратын және бақылайтын ұйымдардың санының өсуі болды.
Ұлыбритания инклюзия тәжірибесін таратудың заңнамалық базасын қамтамасыз ету жолымен жүріп келеді. Алғаш рет арнайы білім беру қажеттіліктер ұғымы елдің білім беру жүйесіне қатысты 1978 жылы арнайы комитеттің баяндамасында құрастырылды, онда оқушылардың арнайы білім алу қажеттіліктерін анықтау бойынша нақты процедура көрсетілді, мұндай ерекше қажеттіліктерді қамтамасыз ету жауапкершілігі білім берудің жергілікті басқармасына жүктелді, жалпы мектептің қосымша көмек арқылы осы арнайы білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыра алатыны көрсетілді. Көрсетілген идеялар 1981 жылы ерекше білім алу қажеттіліктері және мүгедектігі бар адамдарға білім беру туралы британдық заңды құрастырудың және қабылдаудың негізіне айналды.
Ұлыбританияда білім туралы Актінің қабылдануы (1981) жергілікті басқару органдарының арнайы мектептерді жабу және дамуында ауытқуы бар барлық балаларды жалпы білім беретін мектепке интеграциялау туралы бастамасына әкелді. 1981 жылдан бастап мемлекеттік саясат интеграцияға бағытталған. Арнайы білім беру қажеттіліктерін мамандар тобы анықтайтын болды: педагогтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер. Мұндай үлгі балаға бейресми түрде қатынас жасауға және реабилитациялық іс-шаралар жүйесін баланың өмір сүруінің сыртқы жағдайымен, оның ортасымен біршама дәрежеде арақатынаста болуына мүмкіндік береді. Сондықтан, білім беру саласындағы аталған заңның білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМДЕГІ ЛОГОПЕД - ДЕФЕКТОЛОГТАРДЫҢ РӨЛІ
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Білім беру орталықтарындағы көзі нашар көретін студенттер
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Оқытудың арнайы немесе балама әдістерін қолдану
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Инклюзивті білім беруді енгізу
Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудың тұжырымдамалық негіздері
Пәндер