ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР АРУЛАРЫ


Мазмұны:
Кіріспе . . . 4
Негізгі бөлім:
1. ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР СОҒЫСТАРЫ . . . 6
1. 1 Жоңғар деген кім? . . . 6
1. 2 Қазақ-жоңғар соғыстары. Бұланты және Аңырақай шайқастары . . . 7
1. 3 Жоңғар соғысындағы
2. ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР АРУЛАРЫ . . . 9
2. 1 Айбике ару . . . 9
2. 2. Гаухар батыр мен Назым батыр . . . 11
2. 3. Ақбикеш ару. Айтолқын ару
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 14
ҚОСЫМША 1 . . . 16
Краткое содержание работы (аннотация)
Актуальность работы : путем описания исторических событий периода казахско-джунгарских войн, оценки подвигов казахских девушек.
Цель работы. Показать героические подвиги казахских девушек во время казахско-джунгарской войны, подать пример будущим поколениям.
Для этого были поставлены следующие задачи:
- описание Булантинского и Аняракайского сражений казахско-джунгарской войны;
- определить подвиги казахских девушек;
- анализ роли казахских девушек.
Исследовательский уровень научной работы :
Для достижения своих целей я ознакомился со многими периодическими изданиями и книгами. Среди них «Кочевники» И. Есенберлина и А. Также были рассмотрены книга Тойбая «Мудрые красавицы поля», периодические издания, научные исследования, мемуары и воспоминания, дневники отдельных лиц.
Новизна научной работы:
- Имена казахских девушек были определены во время казахско-джунгарской войны
- Историческое значение казахско-джунгарской войны определялось данными.
Историческая значимость научной работы:
- Исследовательская работа помогает лучше понять храбрость казахских девушек во время казахско-джунгарской войны, уделяет особое внимание ее ранее забытым аспектам, помогает многим читателям дифференцировать наше прошлое.
- Это особенно важно для тех, кто хочет знать подвиги героев, воспитывать таких молодых людей, как мы, родившихся после обретения независимости
Summary of the work (abstract)
Relevance of the work: by describing the historical events of the period of the Kazakh-Dzungarian wars, assessing the exploits of Kazakh girls.
Objective. Show the heroic deeds of Kazakh girls during the Kazakh-Dzungarian war, set an example for future generations.
For this, the following tasks were set:
- description of the Bulantinsky and Anyarakay battles of the Kazakh-Dzhungar war;
- to determine the exploits of Kazakh girls;
- analysis of the role of Kazakh girls.
Research level of scientific work:
To achieve my goals, I read many periodicals and books. Among them are “Nomads” by I. Esenberlin and A. Also, the book of Toybai “Wise Beauties of the Field”, periodicals, scientific research, memoirs and memoirs, diaries of individuals were considered.
Novelty of scientific work:
- The names of Kazakh girls were determined during the Kazakh-Dzungarian war
- The historical significance of the Kazakh-Dzungarian war was determined by the data.
Historical significance of scientific work:
- Research work helps to better understand the courage of Kazakh girls during the Kazakh-Dzungarian war, pays special attention to its previously forgotten aspects, helps many readers to differentiate our past.
- This is especially important for those who want to know the
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі тарихи оқиғаларға сипаттама беру арқылы, қазақ ару қыздарының ерліктеріне баға беру
Қазақ тарихына бойлайтын болсаңыз, ерлік пен даналық, отансүйгіштік қазақтың ер азаматтарына ғана емес, қыздарына да тән екенін байқар едіңіз. Алаш даласында қыз баланың дәрежесі қашанда биік болған. “Қызды қырық үйден тыю” деп арулардың әдебі мен арын сақтаса, “қыз бала - қонақ” деп үлкен құрметке лайық санайтын болған. Сақ патшайымы Томиристен бастап бертіндегі Әлия мен Мәншүк, одан да бері Ләззат пен Сәбираға дейін де талай батыр арулар болған. [1]
Жоңғар - Қазақ соғысы - Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің интернационалдық сипаты болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты. Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндеп қатыгез қырғындардағы жеңіліс қазақ халқының ұнжырғасын түсірген жоқ. Олар жеңіске жетеміз деген рухы мен ерік-жігерін сақтай білді. Халықтың жаппай ерлік көрсетіп, қаһармандық танытуы, өздерін ар-намыс жолында құрбан етуге дейін баруы арқасында қатыгез жаудың ойранды әрекеттеріне төзе біліп, төтеп беріп қана қойған жоқ, жоңғар басқыншыларын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың жары Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді. Қазақ ауыз әдебиетінде Гауһар батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту». [2]
Жұмыстың мақсаты . Қазақ-жоңғар соғысында қазақ қыздарының батырлық, ерлік істерін көрсету, болашақ ұрпаққа үлгі ету.
Осы мақсатқа орай алға мына міндеттер қойылды:
- қазақ -жоңғар соғысы Бұланты мен Аңырақай шайқасын сипаттау;
- қазақ қыздарының батырлық -ерлік істерін айқындау;
- қазақ-қыздардың рөлін талдау.
Жұмыстың өткізілген орны. Жұмыс Tamas Education мектебінде дайындалды.
Негізгі бөлім:
1. ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР СОҒЫСТАРЫ
1. 1 Жоңғар деген кім?
Жоңғар деген кім?
Жоңғар дегеніміз моңғол тілінше “Сол қол” деген мағына береді. Демек, “жоңғар”, ”жоңғария” сөздері моңғолдың “сол қол немесе солл қанат” деген ұғымнан пайда болған. Қытайдың жазба деректерінде жоңғарлар деп моңғолдардың Баыс бөлігін айта кеткен. Ал, моңғолдың батысында ойрат тайпаларынынң турғанын білеміз. 13 ғасырдың басында олар Шыңғысқаның сол қанаты болып қосылды.
1368 жылы Қытайдағы Юуан патшалығы ұтылғаннан кейін Моңғолияда жаппай ішкі көтерілістер басталды. Оның шығысы мен батысы бір-біріне бағынбай әрқайсысы өз бетінше үстемдік етуге ұмтылады. 15 ғасырдың алғашқы жартысында Тогон (1418-1440) және Есен (1440-1455) бүкіл моңғол жеріне билік жүргізеді.
16 ғасырдың аяғымен 17 ғасырдың басында да Моңғолияның батыс бөлігіндегі ойраттар бірщама күш жинап, өз жерлерін ұлғайтуға көшті1635 жылы олар бір тудың астында болып, одақ құрды. Одақ басшысы қонтайшы басқаратын болды. Одақты “жоңғарлар” деп атады.
Бұл арада жоңғарлар қазақ жеріне шабуыл жаса, женліске тап болып, жоңғарлар 16 ғасырларда қазақ хандығынын астында болғанын айта кету керек.
Келесі 17 ғасырлардың 70 жылдарына қарай жоңғарлар басқа елдерге шабуылын бастады. Шыжан мен Шыжайды басып алды. Батыс жағындағы Қырғыстан мен Қазақстан жерлеріне үлкен қауіп төндірді. [8]
Жоңғарлардың шабылуынын кесірінен халық өз жерлерін тастап кетуге тиіс болды, осы оқиғаны «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атап кетті. Бұл тарихта аса ауыр да қайғылы кезең. Мұндай күйге халықты ең алдымен ел ішіндегі алауыздық, бірлік және ынтымақтын болмауы душар етті.
18 ғасырдың орта тұсында қарай Қытайдағы Ежен хандығы жоңғарларды ең қауіпті жау санап, күйрете соққы беріп жоңғарларды бір жолай тынышталдырды, осы оқиғадан кейін қазақ тайпаларына да қауіп-қатер түсе бастады. Сонымен бірге, Жонғар хандығы құрылар қарсаңыңа 1627 жылы ойрат одағы құлап, Хо-Ұрлық бастаған 50 мың шаңырақ пен 250 мың адамды құрайтын торғауыт тайпалары Солтүстік Қазақстан арқылы төменгі Еділ бойына қоныс аударған болатын. Сөйтіп, олар қалмақ деген атауға ие болады және 17 ғ. 30-жылдарында Еділ бойында Қалмақ хандығын құрған еді. Ал Оңтүстік пен Батыс Сібір жерінде қалып қойған ойраттар мен чоростар басшылығымен Ертіс жағалауында Жонғар хандығы құрды.
1635 жылы Жонғар хандығының негізін қалаған Батыр қонтайшы болды (1635-1653) . 1640 жылы Батыр қонтайшының қалауымен жоңғар ақсуйектерінің құрылтайы өткізіліп, онда Дала жинағы атауға ауыстырылған заңдар жинағы қабылданады. Бұл жинақта Жонғар хандығының күш пен ұлылығы паш етілді. Батыр қонтайшы кезінде жоңғарлар мен қазақ хандығы арасында қақтығыстар шиеленісіл, үздіксіз соғыстарға ұласа бастады. Батыр қонтайшы қазақтарға қарсы бірнеше рет басқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Бірақ, қазак хандығын Салқам Жәнгір хан билеген кезде 1643 жылы Орбұлақ шайқасында жонғарлар ойсы-рай жеңілгені белгілі. Батыр қонтайшы қайтыс болғаннан кейін қазақ-жоңғар соғыстарында үзіліс болған еді. Өйткені, билікке талас кезінде Жоңғар хандығы саяси бірлігінен айырылып қалған . Алайда, билік басына Қалдан-Бошақты қонтайшының келуіне байланысты (1670-1697) Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы қайта жанданды. Ал Жоңғар хандығын Севан Рабдан билеген кезде (1697-1727) қанды жорықтар өзінің шарықтау шегіне жетті. [8]
1. 2 Қазақ-жоңғар соғыстары. Бұланты және Аңырақай шайқастары
Жоңғар шапқыншылығының кесірінен қазақ тайпаларында, халықтарында көптеген өзгерістерге ұшырады. Қазақ халқы тек қана соғысып емес бірлікпен жұмыс істеп үйрене бастады. Жоңғарларға жеңілу себептерінің бірі осы болды. Көптеген руларды, тайпалар бірім-біріне қосылып жоңғарларға қарсы тұрды. Тек халық емес, халыққа танымал батырларда төтеп берді. Батырлар арасында:Бөгенбай, Қабанбай, Наурызай, Шақшақ Жәнібек, Малайсары және т. б. батырлар үлкен үлес қосты.
Орталық Қазақстанның орасан зор аумағы Сарыарқа деп аталады. Кәзіргі уақыттын өзі, Сарыарқа-тарихи символ. Ұлытау Сарыарқанын байлығы бошлып келеді. Ұлытаудың өзіне Кішітау, Арғанаты, Желдіадыр, Қуадыр, Ұлытау және т. б. ар жатады. Бұл тауға жәнеде өзендер, басқада өзендердің жоғарғы ағысы жатады.
Бұланты шайқасы 1723-1725 жылы басталды. Жоңғарлар шығыс Қазақстанды, Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерлерді басып алған соң жоңғарлар Ұлытауға қарай бет алды. Оны естіген қазақ халық, Ордабасыда бас қолбасшыны Әбілқайыр ханға баруді шешкен. Жиналған адамның барлығы қарсы шығып, жеңіске әкеледі. Нәтижесінде Ұлытау жерін женуді көздеген жоңғарлар 1726ж Шұбар теңіз шайқасында қазақ жасақтарынан үлкен соққы алып, жеңіліс тапты. Жоңғарлар Ұлытауға жетпей қайта қайтқан, Ұлытау манынжа болған соғысты «Бұланты шайқасы» деп атап кеткен. [7]
Ол жеңіс «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» ес жиып, мың жылдық уйқыдан туруға рух берді. Осы оқиғаны 1941 жылы Мәскеу астындағы жеңіске теңестіретіндер бар. Бұланты шайқасы алдағы үлкен-үлкен ұрыстардың, көптеген жеңістердің қозғаушысы болды.
Аңырақай шайқасы 1729-1730 жыл арасында өтті. Қазақтар арасында жоңғарлармен 100 жылдық соғыс арасындағы ең ірі жеңіс, деп санаған. Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында, жиналған. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шуға дейінгі жерлерде болғаны айтылған.
Ұрысқа бас қолбасшылар Қабанбай батыр, Бөгенбай батырлар сайланды, Орта шепті Бекжан батыр басқарды. Үш жүздің әскерінің қимылына Қазыбек би жауап берген. Шайқаста Шапырашты Наурызбай да қатысқан. Шапырышты Наурызбай болашақ қолбасшы болған. Шайқастың алдында Бөлек батыр Қараұлы жоңғарлардың әскерлерінің қолбасшысы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіреді. Солайша қазақ батырларының рухын көтерген. [7]
Бұл күнде әлемдік денгейдегі тарихшылар Қазақ халқын 1723-1730 жылдары Жоңғар қалмақтардың шапқыншылығына қарсы күресін Ұлы Отан соғысы деп атады.
Сол уақытта Қазақ жеріннің жойылып кетуіне аз қалған уақыттар. Жоңғарлар 8 топқа бөдініп 70 жауынгермен шабылдайды. Ошама күшті күтпеген қазақ халқы жиналыпта үлгермей қалды. Тағдыр талқысының кезеніңде біздің халқымыз зұлым әрі күшті жаудан жерімізді, халқымызды қорғап соғысқа шығады. Сол бір қыйн уақыттарда халқымыздың елдікте, ерікте дәстүрлеріміз ұмытылмағаның айта аламыз. Батырлар мен билер тайпалық, жүздік алауыздықтарды батыл түрде кейінге жіберп, өздері алға жауға қарама-қарсы шығады. Жоңғарларға қарсы Қабанбай, Бқгенбай, Жәнібек, Саңырақ, Малайсары, Тайлақ қарсы шығады. Осы шыққан батырлардың атын естімеген қазақ жоқ, олар ұлттық ерлік дәстүрлерінің жадына жатады. Олар ақ найзасын, кемсер қылышын алып, түнде де күндізде жауға қарсы тұрған. Алайда жаудың беті тым қалын еді. Ұлы даланы қол уысында ұстағысы келген жауға қарсы тұрды. Туған жерден немесе ұлт ретінде мәнгілікке жоғалуға шақ қалған кезең еді. 1726 жылы Ордабасыда құрылтай өттіп, бас қолбасшы ретінде Әбілқайырханды қойады. Әбілқайыр хан басқолбасшы қызыметінде өзін жақсы көрсете алды. Сонын арқасында қазақ халқы өз жерін, өз ұлтын сақтай білді. [11]
2 2. ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР АРУЛАРЫ
2. 1 Айбике ару
Қазақ даласында әлемді таңдандырған абзал аналар мен үкілі қыздар аз болған жоқ. Айта келсек, Шынғыс ханды ақыл өрісімен басын игізген Қоңырат қызы Бөріс ханым, Низами ғашық ғашық болып жыр жазған Қыпшақ қызы Аппақ сұлу, бар Ұлы жүз Албан, Суан, Дулаттардын анасы Домалақ ананың қасиетті есімдерін білмейтін қазақ боламыз:
Қазақ арулары . . . соның бірі Сөмен батырдың қызы Мақпал қазақ басына түскен жаугершілік заманда ер-азаматтармен бірге қолына қару жарақ алып, жауға қарсы тұрған. Ол қанды жарықтарға қатысып, айрықша өзін көрсете білді. Соғыста өзін қалай ұстау керегін өз әкесінен уйренгең. [5]
Жоңғардң басқыншылығына қарсы қырық жылдық соғысқа қатысып, ол жеңіспен аяқталғансоңда Сөмен батыр аттан түспейді. Ол1771 жылы Балқаштың теріскей-батыс жағын айнала Іле арқылы шаңдата жортып келе жатқан Еділ қалмақтарына қарсы соғыста жүргенін пайдала отырып қырғыздар Шолаққорған, Талас, Меркі, Іле, Аңыранқай, Балқаш және Аягөз жерлерінне дейін басып алған. Арқарлыда отырған Сөмен батыр ауылының жылқысын айдап кеткенде араша түскен Мақпалдың ерлігі туралы ел жадында қалған жыр жолдары бар екеніне куә болдық.
Қайда батыр Жауғашты?
Ауылымызды жау басты!
Ағайын деген қырғыздар
Жер мен малға жармасты.
Сарыбағыштан құрықтай
Сөмен батыр жоқ кезде
Мақпал қызен қармасты.
Әтеке жырық қасқырша
Жылқыны айдап ал қашты.
Арқарлының өрінде,
Іленің тоғай жерінде
Қызда болса Макпалжан
Адал жаның айырып,
Есенқұлмен сайысты,
Қабырғасы қайысты.
Сауыты жоқ, қалқансыз
Мақпал ару мерт болды. [9]
Айбике Ару Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Өзінің қол астына бірнеше тыңшы, барлаушы ұстаған және ұзақ жылдар бойы жаугершілікте “қолға түскен күң” түріндегі бейнеге еніп, Қалмақ Қоңтайшысының ордасында күтуші болған. Тарбағатай мен Алтай бойындағы, Ертіс пен Емілегі жаудың күші мен қару-жарағы, олардың орналдасқан жері мен шапқыншылық ниеті туралы Абылай ханға, Қабанбай мен Бөгенбай батырларға және басқа да қолбасшыларға астыртын құпия хабарлар мен құнды ақпараттар жеткізіп тұрған.
Айбике алғыр ойлы ержүрек қыз болған. Қалмақ тілін өте жетік білген. Тарбағатай мен Алтай тауларының өңірінде, Зайсан мен Марқакөл алабында күндіз де, түнде де тұманды, боранды күндері адаспай-ақ жол тауып, көзге көп түспей жалғыз жүре беретін болған “жер шолғыштығымен” де аты шыққан. Кейін Жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін 1757-58 жылдары атамекеніне оралған.
2. 2 Гаухар батыр мен Назым батыр
Гаухар батырМалайсарының қаны бір қарындасы. 1724 жылы қазақтардың сол кездегі астанасы Түркістан қаласын жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуылға алады. Осы шайқаста Кіші жүздің ханы Әбілхайыр отыз мың әскер, Орта жүзден Сәмеке жиырма мың әскер дайындап, Қабанбайдың бас сардарлығымен жоңғарларға қарсы шабуылға шықпақ болып жатады. Гаухар жоңғарлардың қоршауын ерлікпен бұзып шығып, Қабанбайдың қасына барып, оларды жау жағдайы жөнінде толық мәліметтермен қамдайды. 1725 ж. әйгілі «Бұланты» жеңісі осының нәтижесі еді. Кейін Гаухар Қабанбайға өмірлік жолдас болып, ұзақ жылдық соғыстарда бірге жүріп ұрыс жасайды. Уақыт өте келе ел аузында жыр дастанға айналған әйгілі «Гаухар батыр» атанады. Қабанбай мен Гаухар, яғни қос батырдың қосылуына сол майдан даласы себепкер болады. Гаухар батырдың азан шақырып қойған аты - Майсара болса керек. [10]
Гауғар Тоқтауылқызы - 17 ғасырда туған қазақ халқының аты көпке танымал қахарман қыздарының бірі. Ол Тәуелсіздік үшін батырларша сауыт киіп, қолына қару алып, жаумен бетпе-бет айқасқан жауынгер әйел. Гауһар Арғынның Бәсентиін руынан шыққан әйгілі Малайсары батырдың туған қарындасы, үш жүзге ұран болған Қаракерей Қабанбайдың жары. Жасынан өнерлі әрі мергендігімен ақыл-парасатымен көпке белгілі болған. Жаудың бетін қайтардық-ау деген аз таныстау сәтінде Қабанбай батыр Қожа Ахмет Иасауи ғимаратының алдына жиналған халықты Алшыбек батырдың басқаруын міндеттеп, өзі қол жинауға бет алмақ болған екен. Осы тұста қолбасшымен сапарға бет алған сұлу қыз Гауһар алғаш рет көптін назарында болады. Кейін батырдың сүйікті қосағы бетінде ұзақ жылғы жаугершілік сапарларында бір жүріп, халық алдынды Гауһар батыр атанып, танылады. Әбден жасы ұлғайғанға дейін батырдың серігі болып жүріп, қызы Назымды тағайндайды. [10]
Гауһар қыздың ерлігі 1723-29 жылдар аралығында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қанды шайқасы кезіндегі әйгілі батыр әйел болған. Батыр қыз осы шайқаста Қаракерей, Қанжығалы Бөгенбай, Малайсары, Олжабай, Баян, Шақшақ Жәнібек, Қабанбай батырларымен бірге соғыстарға қатысып, ерлік көрсеткен. Гауһар жоңғарларға қарсы сғыста күшті көбейту үшін түйелер әкеліп, шешуші айқаста жау шебін бұзып, олардың бар заттарың, қару жарақтарын түйемен таптап кеткені жәйінда аңыз әнгіме бар.
Қаһарман ана талай рет қол бастап қарауылға тұрып, өз жерін, Отанын қорғап шыққан батыр әйел. Қабанбай мен Гауһардың қызы ата-анасына тартып, жастайынан жауынгер болып өскен. Олда қазақ-жоңғар соғысына қатысып, жауға шабар тастаған қызың бірі.
Назым Қабанбай батыр мен Гауһар батырдан туған қаһарман қыз. Әкесімен біргеXVIII ғасырда қазақ-жоңғар соғысына қатынасып, отанын қорғаған. Назым қыздың есімі және оның ерлігі жұртқа аңыз болып тараған.
XVIII ғасырдың ортасына қарай (1745 ж. ) жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен өліп, жоңғарлардың өз ішінде тақ таласы басталады. Осы жағдайды ұтымды[6] пайдаланған Абылай Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат етуді алдына мақсат етіп қояды. Абылай сол жорықтардың бірінде қазақ әскерлерін үш топқа бөледі. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай басқарады. Ол Созақ бекінісіне барып бекінуге тиіс болады. Екінші қолды Жәнібек батыр басқарады. Ол Сырдарияның төменгі сағасына қарай бет түзейді. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарады. Жоңғарлар тарапынан Қалдан Сереннің ортаншы ұлы, тақ мұрагері болған Цевен Доржы шығады. Ол өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, бекініп алады. Абылай Жаңақорғанды алуды Қабанбайға тапсырады. Зеңбірек оларға қарсы оқ жаудырып, жүздеген сарбаз қырылады. Амалсыз Абылайдың қолы кейін шегінеді. Қандай әрекет жасарын білмей абдырап тұрғанда, қазақ жасақтарының оң жақ тұсынан Цевен Доржы тұрған төбеге қарай басында үкілі кәмшат бөркі бар, ақ боз атты бір қыз бала «Қабанбай! Қабанбай!» деп ұран тастап, суырылып шығады. Қыздың қолында не найза, не сойылы жоқ, бар болғаны қамшы ғана. Мұны көрген қалың қол шыдай алмай лап қойып, «Абылай! Ақ жол! Қабанбай! Абылай!» деп айқайлап, зеңбірекшілердің түйесін таптап өтеді. Цевен Доржының қолын талқандап, жеңіспен оралған Абылай манағы қалмақтарға қарсы шауып, жеңіске жол салған қызды іздестіреді. [4]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz