Түркістан қаласының шығу тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Негізгі бөлім
2.1 Түркістан қаласының шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2 Түркістандағы ежелгі қалалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.3 Аңыз адамдар өмір сүрген киелі мекен ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...9
2.4 Түркістандағы тылсым өмір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3. Біздің зерттеу жұмысымыз
3.1Сауалнама нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.2

4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6. Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Киелі мекен- Түркістан!

Түркістан - екі дүние есігі ғой,
Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен-
деп өткен ғасырда қазақтың бір туар ақыны Мағжан Жұмабаев өзінің Түркістан атты өлеңінде қасиетті мекен Түркістанның ерекшелігін айтып, жырлап өткен. Міне, осы жолдардан Түркістанның қасиетті, киелі, ұлы имандылықтың мекені екендігін түрік бабаларымыздың орталығы болғандығын жария еткен.
Қазақстан картасына енген Қасиетті Түркістан облысы - күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен, тарихи астанамыз. Орталығы Түркістан қаласы Шымкент қаласынан 170 км. қашықтықта орналасқанbilimall. Қаланың шығысы тарихи Отырармен, солтүстігі Кентау қаласы және Созақ ауданымен, батысы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектеседі.
Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан - түмен бап жатқан киелі қабірстан.
Сайрамда бар сансыз баб, Түркістанда түмен баб, Отырарда отыз баб деген сөз бекер айтылмаса керек. Түркістан - Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Үкаша ата, Жылаған ата үңгірі секілді қасиетті жерлерімен және ежелгі Отырар қалашығымен ерекшеленеді. Сол бір киелі жердің, қасиеті туралы айтып сыр шерткім келеді.

2.1 Түркістан қаласының шығу тарихы
Қасиетті мекен Түркістан қаласы жайлы тың деректер көп-ақ. Сол тың деректердің бір парасы - Түркістан қаласының Қазақ хандығы астанасы болғаны. Түркістанның астана атануы Есім ханнан басталады
Тарихшы: Ортағасырдағы қазақ хандығы тарихын зерттесек, Түркістанды айналып өте алмаймыз деп, Түркістан қаласы қай кезден бастап Қазақ хандығының астанасы екеніне, қашаннан бастап Қазақ хандығына бағынышты болғанына тоқталды.
Түркістан - Қазақ хандығының астанасы десек, ең бірінші назар аударатын мәселе: ол қай кезден бастап астана дәрежесіне ие болғаны жөнінде сауал туындайды. Йасы қаласы 10-12 ғасырларда шағын қалашық болған. Кейін дами келе аймақ орталығына айналады. Ал 16-ғасырдан бастап Йасы қаласы осы үлкен аймақтың астанасы деген сөз кездесе бастайды. Соның бірі 16-ғасырдың басында Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің Михман наме-йи Бухара атты еңбегінде Йасы қаласы үлкен иеліктің, Түркістан аймақтарының астанасы деп жазылған.
Қасиетті түркі жері - Түркістан
ҮІІІ-ХҮІІ ғасырлар аралығында жазылған шығыс жазба деректерінің мәліметтерінде Түркістан атауы бірнеше мәнде қолданылады. Түркістан атауы жазба дерек мәліметтерінде ҮІІІ-ІХ ғасырлардан бастап кездесе бастайды да, парсы тілінде Түркілер елі деген мағынаны береді.
Алғаш рет бұл атауды ҮІІ-ІХ ғасырларда араб-парсы тарихшылары қолданды да, оған барлық түркі тілдес тайпалардың мекендеген жерін жатқызады. ІХ ғасырдағы араб географы Ибн Хордабек Китаб ал-масалик уа ал-мамлмк атты еңбегінде: Мервтен екі жол шығады, бірі Шашқа және түркі еліне, келесісі- Балх пен Тохаристанға апарады деп жазса, оның замандасы, тарихшы, әрі географ ал-Якуби бұл ұғымды нақтылап көрсетеді. Ол өзінің Китаб ал-булдан атты шығармасының бір тарауын Түркістан деп атап: Барлық түркі елдері Хорасан мен және Седжестанмен шектеседі. Ал Түркістанда түркілер бірнеше елге, тайпаға бөлінеді, дей келе, түркі тайпаларының атауларын жазады. Осылайша, Түркістан атауы ІХ - Х ғасырлардан бастап этно-географиялық мәнге ие болады да, кең түрде қолданыла бастайды.
ХІ ғасырда түркі тайпаларынан шыққан атақты ғалым Махмуд Қашқари Диуани лұғат ат-түрік атты кітабында бұл атауды жиі қолданады. Кітаптың Түркі халықтарының мекен жайлары мен тау- теңіздері деген тарауында М.Қашқари: Кейбіреулер бүкіл Мауреннахрды Түркі елі деп те есептейді. Ол Янкикенттен басталады. Қазір Түркі елінің шекарасы Абискүн Каспи теңізінен айналып, Рұм елі мен Өзкенттен Шынға Қытайға дейін сщзылады. Ұзындығы сегіз мың персех,- деп баяндайды.
Монғол шапқыншылығына дейінгі жазба деректердің мәліметтері бойынша, Түркістан- шығыста-Қытаймен, батыста-Каспий теңізінің шығыс және солтүстік жағалауларына дейінгі жерлермен, оңтүстікте-Хорасанмен шектесіп жатқан орасан зор аймақ болып саналады. Бұны Түркістан атауының кең мағынада қолдануы деуге болады.
Жалпы, Түркістан атауының ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қолданылуы тарихына қарасақ, ірі саяси өзгерістерге байланысты атау өз ұғымын үнемі өзгертіп отырған. Ортағасырларда Түркістан атауының үш мәні болғанына көз жеткізуге болады. 1-ҮІІІ-ХІІ ғасырларда түркі тілдес тайпалардың мекендеген жалпы аймағы жатады. 2- ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы Сырдария өзенінің бойындағы жерлер, 3- ХҮІІІ ғасырдан бастап Сыр бойындағы Иассы қаласының жаңа атауы енген.
Біз екінші мәнді қолданамыз. Себебі, ХҮ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Түркістан аймағы, яғни Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы қалалар мен өңірлер Қазақ хандығы мен Мауереннахр арасындағы саяси қарым- қатынастың негізгі өзекті мәселесіне айналды.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы жазба деректер мәліметтері Түркістан аймағының алып жатқан жерін, шекарасын анықтауға мүмкіндік береді. К.А.Пищулина ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы жазба деректерге сүйене отырып, Түркістан деп Сырдария өзенінің орта ағысы бойын, дәлірек айтсақ, өзеннің сол жағалауындағы кең жазық даланы айтады.
Түркістан аймағы оңтүстік-шығыста Шыршық және Бадам су айрықтарындағы жазықтармен, солтүстік- шығыста Қаратаудың таулы жоталарымен шектеседі, -деп анықтай түседіК.А.Пищулина. Ал археолог К.М.Байпақов Түркістан аймағына Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігін және талас аймағындағы Алатау бөктерін, Сырдарияның орта белі мен қаратау баурайларын түгел қамтитын үлкен аймақты жатқызып, К.А.Пищулинаның ойын оңтүстік-шығыс бағытта кеңейте түседі.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы деректерде Түркістан аймағының шекаралары анық көрсетіледі. Түркістан аймағының солтүстігіндегі жерлердегі Дешті Қыпшақтың оңтүстік далаларымен, оңтүстіктегі жерлерді Мауереннахрдың солтүстік иеліктерімен, шығысындағы жерлерді моғолстанның батыс иеліктерімен бірде- бір зерттеуші шатастырмайды. Түркістан аймағының ең оңтүстігіндегі қамалы Аркук болып саналады, Аркук... Түркістанға кіре берер жерде орналасқан қамал, -дей келе, Ол Түркістанның шекаралық тірек пункті, бұхара мен самарқанд жақтан Түркістан аймағына қарай жолға шыққандар ең бірінші осы қамалға келіп жетеді, -деп, ХҮІ ғасыр басында одан әрі толықтыра түседі.

2.2 Түркістандағы ежелгі қалалар
Түркістан -- Қазақ хандығының астанасы болған тарихи, мәдени қала. Өткен тарихқа көз тастасақ, мұнда сан мәрте ұлтымыздың тағдыры талқыланып, түрлі шешім қабылданған. Ал қалада қазақтың небір ұлы тұлғалары дүниеге келген.
Тарихи деректер бойынша, Түркістан атауы түркілер елі, мекені деген мағынаны білдіреді. Қаланың іргетасы V-VІ ғасырларда қаланып, атауы бірнеше рет ауысқан. Негізінен алғашқы атауы -- Шавғар саналады. Шавғарды Шауғар деп те атайды. Ол сақ тілінде Қаратау деген мағынаны біл - діреді. Қаланың атауы араб жазбаларындағы деректерде кездеседі. Арабтардың тарихшы-географы әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында Шавғар жайлы айтқан. Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүріп, ХІ ғасырдан бастап қала орталығы Ясыға көшті, -- деген ол.
Түркістан -- Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала. Отырықшы мәдениет өркендеген кезде Қазақстанның әр жерінде қалалар саны арта бастады. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан өзінің тарихи орындарымен белгілі. Шавғар қаласы пайда болғаннан кейін оның аймағында Қарнақ, Шағылжан, Қарашық, Шур (Сури) қалалары бой көтерген. Тарихи деректерге сүйенсек, Шавғар қаласы арқылы Ұлы Жібек Жолының бір тармағы өткен. Керуен Сырдария бойын қуалай жүріп, ірі қалалар Отырар-Фараб пен Шавғар арқылы өтеді. Ал Шавғардан ары Янгикентке жол тартып, Қарақұм арқылы Хорезмге барады. Янгикент оғыз тайпасының астанасы болған.
Ұлы Жібек жолы және Қазақстанның ежелгі қалалары
ІХ-Х ғасырларда ірі қалалар қатарына қосылған Шавғар Яссы болып өзгертіледі. Яссы -- Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. Ал ХІІ ғасырдың І ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Араб тіліндегі еңбектерде бұл қасиетті қалада исламның рухани мұ - расын байытқан атақты адамдардың дүниеге келгені жазылған. Солардың бірі -- ғұлама, ғалым, сoпылық филoсoфияның Орта Азия - да нeгiзiн салған, Диуани Хикмeт (Даналық кiтабы) көнe түркi тiлiндeгi дiни өлeңдeр тoптамасын жазған Қожа Ахмет Яссауи. Ол Ясыға келгеннен кейін атақ-даңқы шыға бастаған. Ал, қайтыс болғаннан кейін қабіріне шағын кесене салынған. Сөйтіп, Ясы қаласы ХІV ғасырда түркі тілдес халықтардың діни орталығына айналды. Тіпті оны Хазреті Түркістан немесе Кіші Мекке деп атаған.
Айта кетейік, Ясы жерін қазақстандық археологтар да зерттеген. Олар Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. Өңір Түрік қағанатына қараған, ІХ ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды.
Яссы-Күлтөбе қалашығы, ашық аспан астындағы музей
Күлтөбе қалашығы. Қалашық Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метр жерде орналасқан, сопақша келген, биіктігі -- 9 метр, аумағы 150х120 метрді алып жатқан ауқымды төбешік.
XV ғасырдан бастап Ясы қаласы Түркістан деп аталды. Қазақтың атақты ханы Есімнің тұсында Түркістан Қазақ хандығының астанасы болған. Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, Еңсегей бойлы ер Есім атанған. Шығай ханның баласы. Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған. Есім хан Қазақ Ордасын 1598-1628 жылдары басқарды. Түркістан қаласында тұрып, билік жүргізді. Сұлтан кезінде ағасы Тәуекел ханмен Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосқан. Түркістан Есім хан билегеннен бастап XІV-ХVIIІ ғасыр аралығында хан ордасы қызметін атқарған. Қазақ хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбенің басына жиналып, кеңес құрғаны белгілі. Күлтөбенің басында күнде жиын деген сөз бекер емес. Қазақстандық археологтар Түркістан орны көне Күлтөбе жерімен сәйкес десе, онда қаланың Қазақ хандығы тарихында ерекше орын алатыны сөзсіз.
Иасы -- Күлтөбе қаласы
Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метрдей жерде орналасқан ортағасырлық қала орны Иасы - Күлтөбе Түркістан қаласы тарихының орта кезінде деп есептеледі. Ахмет Иасауи кесенесі осы Иасы - Күлтөбе қаласының көне қорымының үстіне салынғандығы бүгінде анықталып отыр. Қазіргі күнге дейін -- қаланың орталық негізгі бөлігі -- цитаделі ғана сақталған, оның көлемі -- 150 х 120м., биіктігі -- 9м. Қаланы 1981 -- 1984 ж.ж. Түркістан археологиялық экспедициясы (Е.Ә.Смағұлов) зерттеп, өмір сүру кезеңін анықтаған Зерттеу нәтижесіндо қала IV -- V ғасырларда қалыптасып XIV ғасырға дейін өмір сүргендігі анықталды. XV ғасырлардан бастап Иасы -- Күлтөбе жаңадан қалыптасқап Түркістан (Ескі Түркістан) қаласының территориясына енді. Оның Шахарістанының бір бөлігі ретінде XX ғасырдың басына дейін өмір сүрген.
Шауғар -- Шойтөбе қаласы
Түркістан қаласынан-оңтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан ортағасырлық үлкен қаланың орны. Шауғар -- Шойтөбе Түркістан қаласы тарихының алғашқы (бірінші) кезеңі деп есептеледі. Қаланың орталық бөлігі итаделінің көлемі 200 х 180м, биіктігі -12м, шахарістаны -- 360 х 300м, биіктігі Зм, оны қоршай қала рабады орналасқан -- көлемі 25 гектардан асады. Қалапы 1989-1992ж.ж. және 1996-1999 ж.ж. Түркістан археологиялық экспедициясы (Л.Б.Ерзакович, Е.Ә.Смағұлов) зерттеген. Зерттеу жұмыстары толық аяқталғпн жоқ, әзірге қолда бар заттай тарихи деректер қаланың қалыптасу кезеңі І-ші мыңжылдыктың бірінші жартысы екендігін ғана көрсетеді, келесі -- 2000 жылғы зерттеу жұмыстары қала өмірінің бастапқы кезеңін дәлірек анықтайлы деп күтілуде. Қаланы, ХІІІғ. басында Хорезм шахы Мұхаммед ибн-Текени жау қолына түспесін деп қиратқан деген ғылыми болжам бар. Қала халқы дәл қасында орналасқан Иасы шахаріне қоныс аударған, алайда, тұрғындардың бір бөлігі қирай Шауғардың, оңтүстік -- шығысы мен солтүстік-шығыс беттерінен жаңадан екі қоныс салғандығын 1996-1999 ж.ж. археологиялық зерттеулер анықтап берді.
Қараханның атақты Оғыз ханның әкесі екенін және олардың өмір сүрген заманы біздің пайғамбарымызға дейінгі үш мың төрт жүзінші жылдар екенін де ұлы шежіреші жазып қалдырған.
Сонымен қорытындылай айтсақ, Түркістан аймағында қалалық өркениет өз бастауын неолит дәуірінде пайда болған шағын қоныстардан алады деп есептеуге болады. Егер біз Бетпақдаланың ортасынан неолиттің қалың тұрағын кездестіріп жатсақ, ондай тұрақтың Түркістанның орнында болғаны сөзсіз. Егер Түркістан қашан қала болып қалыптасты десек, онда біз қола дәуірін, сол дәуірде қазақ даласында керемет қанат жайған көне индустрия - ны, металлургия мен металл саудасын еске түсіргеніміз жөн. Қазақ жерінде өндірілген металл әлем өркениеттеріне Түркістан, яғни тарихи Қырық қақпалы Қарашық арқылы жеткізілді деген пікірдеміз. Міне, Түркістан қаласы қашан пайда болды дегенде ең алдымен еске түсетін мәселе осы.

2.3 Аңыз адамдар өмір сүрген киелі мекен
Бүгінгі күні көне замандардан бері Орталық Азия өркениетінің алтын бесігі болған қасиетті Түркістан қаласы құрылыс алаңына ұқсайды. Қала за - манауи қайта жаңғырып жатқанда оның ежелгі тарихына тағы бір барлау жасап қойсақ артық болмас. Себебі Түркістан тарихына қатысты қолымызға түскен кез келген анықтамалықты ашып қарасақ Түркістан - V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған қала деген ақпаратты оқимыз. Расында да солай ма?
Түркістан аймағында қызмет атқар - ған археологтар бұл өңірдің тарихы те - рең - де жатқанын дәлелдеген. Басқасын айт - пағанда қазақ жеріндегі ерте тас дәуі - рінің тұрақтары Қаратаудың екі жа - ғын - - да да аз емес екендігін дәлелдеген Х.Алпыс - баевты атасақ та болады. Түр - - кістан қаласының айналасындағы Шоқ - - - тас, Қошқорған сияқты тас дәуірі ескерт - - - кіштері бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық му - - зейімен бірге Таңбалы жар маңында жүр - - гізген зерттеулеріміз неолит, яғни жаңа тас дәуірінің үлкен тұрағын анық - тады. Кезінде Ә.Х.Марғұлан да Бетпақ - да - ланың екі жағында да заманымыздан бұрынғы ескерткіштер, соның ішінде нео - лит пен қола дәуірі мол екенін жаз - ған болатын. Дегенмен Түркістан қала - сы - ның тарихын біз сол неолитпен немесе қола дәуірінің тарихымен байланыс - ты - - ра аламыз ба? Біздің ойымызша бай - - - ланыс - тыруға болады және ол үшін бі - р - - та - лай дерек бар.
Ежелгі түрік әдебиетінде Алып Ер Тоңға атымен белгілі Афрасияб атауының түпкі мағынасы біздің ойымызша Қарахан. Себебі Афрасияб Қарахан атауының иранша аудармасы, атақты шығыс ша - йыры Фердоуси жырлайтын Иран-Тұран соғыстары заманындағы түрік елінің әфсаналық басшысы Афрасияб біздің аңыздарымыздағы Қараханға дөп келеді. Ал егер Қарахан қай заманда өмір сүруі мүмкін деген сұрақ болса, онда Әбілғазы шежіресіндегі Қара хан әкесінен кейін бүкіл елге патшалық құрды. Жазды күні ол Ер тақ және Кер тақ деген тауларды жайлар еді, қазіргі күні бұл таулар Ұлы тау және Кіші тау атанады. Ал қыс түскен кезде Қарақұмды және Сыр өзенінің жағасын қыстар еді деген мәліметіне сүйену керек. Әбілғазы хан Ұлытау мен Кішітаудың мыс кенін өндіретін үлкен орталық болғанын ескертеді.
Ортағасырда Түркістан Қазақстан жеріндегі ірі білім орталығы болған. Мұнда жазылған туындылардың авторлары көпке мәлім. Олар -- Ахмет Яссауиден бастап, шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгнеки, Жүсіп Баласағұн. Сонымен қатар, Түркістан білім ғана емес Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына да айналған. 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болды. Бұған дәлел -- Ахмет Яссауи кесенесі төңірегіне қазақ хандары, батырлары мен билерінің жерленуі. Олар Шығай, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай хандар мен Қазыбек, Әйтеке билер, Қанжығалы Бөгенбай, Тобықты, Мамай, Қоңырат Сырғақ, Нияз, Дулат сияқты батырлардың да құлпытасы бар. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты ірі шаһарлардан біздің ғасырға жеткені Түркістан. Ол моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген. Соған қарамастан қала іргесі құламай, бүгінде Түркістан облысының орталығы болып отыр. Сол себепті Түркістанды ержүрек, батыр қала дейді.

Түркістандағы тылсым өмір
Түркістан - кие қонған мекен. Киелі орындар өте көп орналасқан өңір. Түркістан десе, көп адамның есіне Қожа Ахмет Ясауи кесенесі түсетіні белгілі. Ел санасында егіз ұғым саналады. Дегенмен бұл киелі мекенде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басқа да қастерлі орындар көп-ақ. Оны бірі білсе, енді бірі білмейді. Соңғы мәліметтер бойнша Түркістан өңірінен 99 тарихи-мәдени ескерткіш есепке алынған
Арыстан баб - әулие.
Есімі Отырар, Сайрам, Ясы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оған зиярат етушілер бейсенбі сайын басына түнеп, ғибадат етеді. Сопылық ілімнің аса көрнекті өкілдерінің бірі С.Бақырғани: " Бабтардың бабы -- Хорасанда, сансыз бабтар Үндістанда, Бабтар басы -- баба Арыслан" деп жырлаған. Қазақ бақсылары да: "Түркістанда түмен баб, Сіздерден медет тілеймін, Сайрамдағы сансыз баб, Отырардағы отыз баб, Ең үлкені Арыстан баб, Сіздерден медет тілеймін" деп әулиелерден демеу сұраған.
"Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле" деген сөз де Арыстан баб тұлғасының халық арасында үлкен орын алғандығын корсетеді. Арыстан бабтың Қожа Ахметтің ұстазы, пірі болғандығы жөнінде аңыз-әңгімелер де бар. Оның бірінде Ясауидің басына кесене орнатпақ болған Әмір Темірге "әуелі Ясауидің ұстазы болған Арыстан бабқа кесене тұрғызуың керек" деген аян берілген дейді. Екінші бір аңыз былай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туған жер туралы
Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері
Дестинациялық брендингтің қонақжайлылық саласындағы орны
Орта ғасырлық Түркістан қаласының тарихы
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарыны
Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде
Түркістан қаласының тарихы тереңде
Оңтүстік Қазақстан облысы
Пәндер