Жалпақ табандылық


«Х. Досмұхамедов атындағы АУ» КЕ АҚ
Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультеті
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Пән бойынша: «Оқушылардың физиологиялық дамуының ерекшеліктері»
Тақырыбы:Тірек-қимыл аппараттының бұзылуы және балалар жарақатының алдын алу.
Орындаған:Тарих-301 топ, 3 курс
Қожа Д.
Тексерген:Бержанова М.
Атырау
2022
Тірек-қимыл аппараттының бұзылуы және балалар жарақатының алдын алу.
Жоспар:
1. Тірек-қимыл аппаратының маңызы.
2. Жараланғанда алғашқы көмек көрсету, сақтану шаралары.
Тірек-қимыл аппаратының бұзылулары және балалар жарақаттануынан алдын ала сақтану. Оқушының партада тік отыруы организмдегі физиологиялық процестердің неғұрлым дұрыс өсуін қамтамасыз етеді, ал дұрыс отырмау еттің тез шаршауын туғызады. Қолайсыз сезімдерден құтылу үшін оқушы иіледі немесе бір жағына қисаяды. Отыруды ұдайы бұзу үшін тұрақты форманың өзгеруіне жеткізеді, онда сүйек-ет скелеті пропорцияларының қатынасы өзгереді және ішкі мүшелерінің қызметі бұзылады.
Омыртқа жотасының қисаюы. Балалардың тірек-қимыл аппаратының дамуында ең жиі ауытқитын омыртқа жотасының көкірек бөлігіндегі қисаюы болып табылады.
Омыртқа жотасының қисаю себептерінің бірі - ұзақ уақыт дұрыс отырмаудың, бір қолмен ауырлық көтерудің киімді дұрыс таңдамаумен үйлесімді кимеудің т. б. салдарынан омыртқаның дөңес бұлшық етінің әлсіз болуы. Кейінгі жағдайда бала, белі бос шалбарды ұстауға мәжбүр болады, ал ол иықтың ассиметриясына және омыртқа жотасының қисаюына әкеледі, тар белдіктер жамбас мүшесі мен аяқтың қан айналысын бұзады. Бұл бұлшық ет қызметін шектейді және оларды әлсіретеді.
Омыртқа жотасы қисаюының пайда болуы себептері жалпы алғанда көп. Туа пайда болған омыртқа қисаюы 6 пайыздай жағдайда кездеседі; оның себептері омыртқа жотасының жеткілікті дамымауы, олардың сына тәріздес болуы және скелеттің басқа да кемістіктері деп саналады.
Жалпақ табандылық. Табан күмбезінің (ойығының) тұрақты төмен түсуімен сипатталатын табан деформациясын жалпақ табан деп атайды.
Ұзына бойы (ішкі күмбез төмен түскен) және көлденең жалпақ табандылық (табан сүйегі бастарының арасындағы күмбез төмен түскен) деп ажыратылады.
Жалпақ табандылық туа және жүре пайда болады. Туа пайда болған жалпақ табанды адамдар 5 пайыздан көп емес, негізінде ол жүре пайда болады.
Жалпақ табан өзгеше із қалдырады. Жалпақ немесе жалпиған табаны бар балалар серуендеу мен экскурсия кезінде тез шаршайды, дені сау балалардан қалып қояды, аяғы ауыратынын айтып, отыра береді т. с. с. Табанның қалыпты күмбезін сақтау үшін, күнде гимнастикалық жаттығулар жасау ұсынылады. Жалпиған және жалпақ табаны бар балаларға түзеу гимнастикасы және күнделікті аяқ киіміне ұлтарақ-супинатор қажет. Бұл шаралар бастала бастаған жалпақ табандылықты болдырмайды.
Балалар аяқ киімінің ұлтарақ-супинаторларын жыл сайын өзгерту керек, өйткені табанның ұзаруымен аяқ киімнің мөлшері өзгереді. Биік өкшелі аяқ киім - көлденең жалпақ табандылық дамуының себебі, өйткені табанның алдыңғы бөлігіне үнемі ауырлық түсу оның ет-сіңір аппаратын әлсіретеді.
Түзеу гимнастикасы. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларын алдын ала болдырмау үшін жасалатын гимнастикалық жаттығуларды түзеу гимнастикасы деп атайды. Бұл еңкіштікті, жалпақ табандылықты, сколиозды т. б. жөндеуге көмектесетін, арнайы жасалған гимнастикалық комплекстер. Мұнда әр түрлі бұлшық ет топтары мен барлық организмді максимал шынықтыру көзделеді.
Түзеу гимнастикасы тобына балаларды емдеу физкультурасы жөніндегі дәрігер жазады, ал күнделікті сабақты мектептегі дене тәрбиесінің мұғалімі мен арнаулы мекеменің емдеу гимнастикасының нұсқаушылары жүргізеді.
Жараланғанда алғашқы көмек көрсету. Жараланудан алдын ала сақтану.
Жараланғанда дереу көмек көрсету керек; таңғыш қою, емдейтін мекемеге жеткізу. Жараланғанда (көп қан ақпаған жағдайда) жараның айналасындағы теріге 5 пайыздық иод тұнбасын жағады, дәріленген, тазаланған таңғыш салады да, дәріленген, тазаланған бинтпен байлайды. Содан соң зақымданған адамды емдеу мекемесіне әкеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz