Адам миының құрлысы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY
РЕФЕРАТ
Пәні: Психология
Тақырыбы: Адам миының құрлысы
Орындаған: ДВТ - 201с Қариянова Жайна Сұңқарқызы
Тексерген: Еркинтаев. Д. У
СЕМЕЙ 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
І - БӨЛІМ4
ТҮСІНДІРМЕ БӨЛІМ4
ІІ - БӨЛІМ7
НЕГІЗГІ БӨЛІМ7
ІІІ - БӨЛІМ13
ҚОРТЫНДЫ13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР15
КІРІСПЕ
Адам миының құрылысы және қызметі
Зерттеу жұмыстары.
- Ақыл-ойлы материаның ең жетілген өкілі-ми болып саналады. Ми ешқашанда демалмайды. Тіпті, түнде дененің көптеген мүшелері босаңсып, қозғалмайтын күйге түссе де, ми жұмыс істеп жатады. Ол жүректің соғысын, дененің қызуын, ас қорыту жүйесін және ішкі үдерістерді бақылап, тыным таппайды. Сол себепті, мидың қызметі қызықтырмайтын ғалым жоқ.
- Академик П. Анохиннің өзі ол жөнінде былайша ой толғайды: «Ми қызметінің мәнін түсіну - маған және менің көптеген әріптестеріме өзге мәселелерден әлдеқайда елеулі міндет болып көрінеді. Өйткені, адамның барлық қызметі, адамдар арасындағы барлық қарым-қатынастар, шығармашылықтың барлық түрлері, адамзаттың үміттері мен болашағы ми қызметіне және оның жетілуіне байланысты. Аса ірі бір ғалымның сөзімен айтқанда, адамның ақыл-ойы болмаса, дүниенің барлық құбылыстары аңырап бос жатқан залдың ішінде болып жатқан оқиға сияқтанар еді».
Қысқа және қызық фактілер.
- Мидың орташа салмағы - 1, 4 келі. Бастың жоғары жағында.
- Еркектердің миы әйелдердің миынан көп. Оның бір себебі, ерлердің әйелдерден денелі, ірілігі.
- Алайда әйел, еркектің миын денелерінің мөлшеріне сәйкес есептегенде, әйелдің миы еркектердің миынан сәл артық.
- Бас сүйектегі миды үш жұқа жарғақша-ми қабықтары қоршап тұр. Олар жұлын сұйықтығын сақтайтын осы сұйықта қалқып жүреді.
- Мидың сыртқы үстіңгі беті немесе мидың қабаты триллондаған байламдармен байланысқан миллиардтаған жүйке жасушаларынан тұрады.
- Қыртыстанған, қатпарланған ми қыртысын жазып көрсе, ол жастық тысының көлеміндей ауданды, жұқалығы бірнеше милиметрді алар еді.
Жүйке жүйесі эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті:
- І-кезең - торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда) ;
- ІІ- кезең - түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда) ;
- ІІІ-кезең - түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда ми пайда болды.
Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты.
Мидың филогенездік І-кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады. Одан кейінгі эволюциялық даму барысында (ІІ-кезең) ми екіге: сопақша ми мен мишыққа бөлінеді.
Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша ми мен артқы мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т. б. орталықтары пайда болады. ІІ-кезеңде көру рецепторының әсерінен ортаңғы ми күштірек дамыды (тіпті балықтарда да) . ІІІ-кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы ми дами бастайды.
Одан әрі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Жануарлардың судан құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай эволюциялық дамуы барысында ми қыртысы барған сайын барлық төмен жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып, ми қызметі біртіндеп ми қыртысына ауысты.
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Адамда мидың одан әрі дамуы - оның шығу тегіне байланысты заңдылықтарға бағынады. Адам миының салмағы Мидың орташа салмағы шамамен 1300 - 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көлемі - 1456 см3, аумағы 1622 см2. Мысалы, дарындылығы деңгейлес екі жазушы - Иван Сергеевич Тургеневтің миының салмағы - 2012 г., ал Анатоль Франстың миының салмағы - 1017 г. [1] . Салмағы көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.
Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі. Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.
Ғалымдардың айтуынша, адам миының мүмкіншілігі шексіз. Адамдар арасында тез санайтындар, түрлі ғажап дүние жасайтындар, кез келген оқиғаның амалын табатындар бар. Адам миының әртүрлі көрсеткіштері мен мүмкіндіктері жайлы қызықты ақпарат:.
- Адам миы барлық дене мүшелерімен салыстырғанда ең көп энергия алады. Миға оттегі аз түссе, есіней бастайды. Егер де көп түссе, біз өзімізді сергек сезінеміз.
- Адам миы 7 жаста өз дамуын аяқтайды. Толықтай дамуын 18 жасында тоқтатады. Сол себепті сіз қандай да бір тіл үйренемін десеңіз, оны 18 жасқа дейін үйренгеніңіз абзал.
- Ми ауруды сезбейді. Ауруды тек ми қабығындағы рецепторлар сезеді. Сондықтан кейде басымыз ауруы мүмкін.
- Бас мидың жүйке жүйесі ғана қайта қалпына келеді.
- Өте ауыр стресс адам ми жасушаларының қызметі мен құрылысын өзгерте алады. Мәселен, кейбір адамдар ауыр стрессті басынан өткеріп, үздік туындыларын жасаса, өзгелер өз өмірімен қоштасып жатады.
- Интелекті жоғары адамдар төмен көрсеткіші бар адамдарға қарағанда бас миының ауруына аз шалығады.
- Ағзамызға түстетін тағам бас миының жұмысына әсер етеді. Ғалымдар тағамның құрамында консерванттар, жасанды амартизаторлар мен бояғыштар бар өнімді қолданбауға кеңес береді. Шоколадтың ми жұмысын жақсартатыны бұрыннан белгілі.
- Дәрігерлер ауырған кезде суды көбірек ішуге кеңес береді. Себебі, ми 75% судан құралады.
- Бас миының жұмысын жақсарту үшін кітап оқып, математикалық есептерді шығару керек. Сол арқылы өмір бойы мидың жақсы жұмысын қамтамасыз етуге болады.
Ми' -латын тілінен енцепһалон деп аталады. \ сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.
Ми бөлімдерінің қызметі
Мидағы нерв талшықтары және нейрондар
Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі:
- бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми) ;
- қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) ;
- алдыңғы ми сыңарларының қыртысы.
Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:
- сопақша ми;
- мишық (артқы ми) ;
- ортаңғы ми;
- аралық ми;
- алдыңғы ми сыңарлары
1. Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы - сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2, 5-3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тынысалу, қан тамырларын, аскорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.
Сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі. Сондықтан құрылысы жағынан жұлынға ұқсас болады. Орталық түтік мидың 4-ші қарыншасын түзеді. Сопақша мида 8-12-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4-ші қарыншасының түп жағында күшті дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы, сайлары, нәзік және сына тәрізді шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс алу, ас қорыту, қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік, өткізгіштік қызметтер атқарады.
Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер:
- қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас болу, көзді жыпылықтату) ;
- тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері) ;
- жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу;
- өз-өзінен жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады;
- есту ақпараттарын басқарады.
Жұлын сияқты сопақша ми қозуды жұлыннан мидың басқа бөлімдеріне өткізеді. Егер сопақша ми зақымданса, тынысалу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.
2. Ми көпірі және мишық
Артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды. Ми көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ жал. Ол үстіңгі жағынан ортаңғы мимен шектеледі . Ми көпірі шекараларынан 6-7-8-ші ми жүйкелерінің түбірлері басталады. Ми көпірі өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер атқарады. Оның салмағы ересек адамдарда 120-150 грамм болады.
Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді.
Ми көпірінің өткізгіш доғасы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишық бастың бүкіл артқы бөлігін тұрады, оны үлкен ми сңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан жауып тұрады. Екеуінің арасындағы саңылауды мидың көлденең саңылауы деп атайды.
Мишық екі сыңардан және оларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден тұрады, және де сұр зат пен ақ заттан түзіледі. Сұр зат мишықтың сыыртқы бетінде орналасып, оның қыртысын түзеді . Ақ зат сұр заттың ішінде орналасқан, олардың іішіінде 4 жұп ядролар болады. Мишықтың негізгі қызметі- денені қозғалтып, қимылға келтіру, тепе теңдік алма кезектік қызметтерді, яғни үйлесімділікті рефлекс жолымен басқару. Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат - қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.
Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.
3. Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (ЫЫ жұп), есту (ВЫЫЫ жұп), көзді қозғаушы (ЫЫЫ жұп), кезеген (Х жұп) .
Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын - тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді. Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек - ми жүйкелері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады.
Ішкі көру . Ортаңғы мидың ішкі бөлімі сыртқыға қарағанда әлдеқайда күрделі. Дегенмен, оны әдетте үш үлкен аймаққа бөлуге болады: тектум (шатыр), табан және тегментум. Нақтырақ айтсақ, ортаңғы мидың ішкі жағында әртүрлі құрылымдардың көп мөлшерін ажыратуға болады.
Ең маңыздылары:
- төрт қырлы платина: төрт қырлы платина немесе тектум - бұл ортаңғы мидың доральді аймағында орналасқан құрылым. Бұл ми аймағында колигулалар деп аталатын кудригеминальды туберкулез, төрт дөңгелек құрылым (екі төменгі және екі жоғарғы) бар.
- Церебральды педункулдар: олар ортаңғы мидың вентральды аймағында орналасқан. Олардың құрамында негізінен кортикопонтин, котроспиналь және темперопонтин талшықтары бар.
- Қара зат: бұл зат педикула аймағын екі бөлікке бөлуге жауап береді: алдыңғы-төменгі аймақ (аяқ) және артқы-жоғарғы аймақ (tegmentum) .
- Центральды мезенцефалиялық тегментум: бұл аймақ мезенцефалиялық акведук пен периакуедуктальды сұр заттан түзілген. Мезенцефальды су құбырының орталық бөлігі ортаңғы мида, ал ұштары мидың басқа аймақтарында орналасқан.
4. Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді. Аралық ми зат алмасу, жүрек - қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәршығару, ұйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты.
Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбінесе сәбилер немесе балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. б. Жаңа туған баланың миының салмағы 100г болса, бір жаста екі есе үлкейіп, алты жаста 1кг - нан асады. Ал, 20 - 30 жаста қалыптасып, 60 жастан кейін кішірею байқалады. Кейбір жануарларда ми салмағы адам миынан ауыр келеді. Мысалы китте - 7000г, дельфинде - 5200г, пілде - 4000г.
Адамның ақыл - ойы, дарындылық қабілетін ми салмағымен байланыстыруға болмайды.
Мидың қызметі сұр заттың жалпы көлеміне, онда жатқан 18млрд ми нейрондарының қабілетіне байланысты келеді. Бала мен ересектерде нейрон саны өзгермейді. Жүйке талшықтарының өсуі мен өсінділерінің пішіні өзгере береді. Мысалы: атақты жазушы С. Тургеновтың ми салмағы 2012г болса, жазушы Франстың ми салмағы 1012г, дәрігер, психиатор Бехторовтың - 1720г, атақты физиолог И. П. Павловтың - 1653г, атақты химик И. Д. Менделеевтің - 1571г болған
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz