Қабынудың себептері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КАФЕДРАСЫ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Геморрагиялық қабынудың тұтас мүшелері мен қуысты мүшелердегі морфологиялық сипаты, ерекшеліктері, ақыры және организм үшін маңызы.

Орындаған: Ветеринариялық санитария
мамандығы 4 курс 416- топ студенті Кентаев Ш.
Тексерген: Ибажанова А.

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қабынудың себептері.
2.2 Қабынудың клиникалық белгілері. Жіктелуі
2.3 Альтеративтік, Экссудативтік- инфильтративтік, Пролиферативтік қабыну.

2.4 Геморрагиялық (қанталап) қабыну.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе
Қабыну туралы ілімнің әрбір сатысында осы ұғымға алуан түрлі анықтамалар беріліп келеді. Соның ішінде негізгі үш анықтамаға тоқталып кетуге болады: бейнелеу (немесе сиптоматикалық), түсіндірме және аралас. Бейнелеуге, мәселен, Pubbert (1908) анықтамасын жатқызуға болады. Оның пікірінше, қабыну экссудативтік және пролиферативтік процестердің жиынтығы болып саналады. Schwabbe (1911) қабынуды қан айналысының бұзылу процесі, дегенерация және регенерация құбылысы ретінде қарастырады. Ал, Lubarsch (1921) қабынуды үш процестің - дистрофияның, экссудацияның және пролиферацияның біртұтас көрінісі түріндегі зиянды әсерге реакциясы ретінде анықтама береді.
И. И. Мечников қабынудың қорғаныш сипатын ашқаннан кейін қабынуға анықтама беруде көбінесе функционалдық сипат басым болып, оны ғалымдар тереңірек түсіндіруге ұмтылды.
Қабынуды түсіндірудің аралас бағытына Marschand (1924) анықтамасын үлгі етіп алуға болады. Оның пікірінше, қабыну - қабындыру агенттерінің әсерінен пайда болатын, тамырлар мен тканьдер тарапындағы бірқатар жеке-дара процестер, әрі соны жоюға әрекет етушілік.
Қабыну ұғымына алуан түрлі көзқарас бола тұрса да, көпшілік анықтамалардағы бір ескерілмеген жайт - қабынуды тек жеке-дара процесс ретінде қарастыруы. Қабыну жөніндегі қазіргі көзқарас бойынша, оны жеке-дара процесс ретінде де, сондай-ақ жекедара процестің жалпы процеспен өзара байланысы ретінде де қарастыру қажет.
Қабыну ең көп тараған патологиялық процестердің біріне жатады. Көптеген аурулардың клиникалық белгілері алуан түрлі болатындығына қарамастан, олардың бірден-бір патологиялық процесі - қабыну негізге алынады. Мәселен, соқырішек, эндокардит, стоматит, гастрит т. б. дәл осылай. Қабыну термині (латынша inflammatio - оталу, тұтану) көне заманнан белгілі. Оны температурасы көтерілетін кез келген ауруға белгіледі. Қабыну - бұл организмнің зиянды агенттерге деген күрделі реакциясы. Ол тамырткань өзгерістерінің функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы түрінде байқалады. Қабынудың дамуы тұтастай организмнің реактивтілігіне тығыз байланысты.
Қабыну - қантамырларының, дәнекер тканьдердің және нерв жүйелерінің жеке-дара зақымдану реакциясы (Адо А.Д.).
Қабынуға өзара байланысты құбылыстардың күрделі тізбегі тән. Сондықтан мұндағы мақсат - осы процестің мазмұнын айқындап, мәнін түсіндіруде.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Қабынудың себептері.
Қабыну себептері алуан түрлі. Қабыну көбінесе әр түрлі ауру тудыратын экзогендік факторлардың әрекетінен пайда болады. Бұл факторларға мыналар жатады:
а) инфекциялық (бактериялар, улар);
б) механикалық (соғылу, жарақаттану);
в) физикалық (сәуле немесе электр энергиясы, термикалық факторлар - күйік, үсу);
г) химиялық (қышқыл, сілті, бөгде белоктар т. б.).
Бір және көп клеткалы паразиттер де қабынуға ұшыратуы мүмкін. Қабынудың эндогендік себептеріне ткань шірінділерінің өнімдері, тромб, инфаркт, қан құйылу, зат алмасудың бұзылған туындылары, мәселен, жиналған өт қышқылының, ыдыраған тканнің улы өнімдері, бөлінген тұздар ықпал етуі мүмкін. Қабынудың ішкі себептеріне нерв жүйесінің кейбір функциясының бұзылуы, мәселен, орталық симметриялық қабыну әсер етуі ықтимал.
Клиникалық белгілері. Қабынудың клиникалық белгілері Гиппократ, Гален және Цельс заманынан белгілі. Қабынудың сыртқы белгілеріне мыналар жатады:
а) қызару (rubor);
б) ісіну (tumor);
в) учаске температурасының немесе ыстығының көтерілуі (calor); г) ауырсыну (dolor);
д) функциясының бұзылуы (functio laesa). Қабынып қызаруы және ыстығының көтерілуі қан ағысының бұзылуынан, ісінуден (сұйықтың тамырдан тканьге шығуынан), - зақымданған учаскедегі сезімтал нервтердің тітіркенуі салдарынан, ісік сұйығының тканьдерді кернеуінен және оны бұзылған зат алмасу өнімдері тітіркендіргеннен, әрі физикалық-химиялық өзгерістерден болады.
Осы белгілердің жиынтығы, негізінен алғанда, дененің сыртқы жабындылары, терісі мен кілегей қабығы жіті қабынғанда, іріңдегенде және күйгенде байқалады.
Қабынудың кейбір басқа формаларында, әсіресе ішкі органдарда, осы аталған белгілер өте әлсіз байқалады, не мүлде білінбейді. Мәселен, бауырдағы, бүйректегі және жүректегі қабынып қызаруы кейде органның қалыпты түсімен бүркемеленеді. Созылмалы қабыну кезінде ісінуі, қызуы көтерілуі немесе ауырсынуы мүлде болмауы мүмкін. Мәселен, бауыр және бүйрек циррозында осылай болады.
Алайда қабынудың тек сыртқы белгілерін ғана сипаттап қою бұл реакцияның нақты мәнін ашпайды. Тереңірек зерттеу үшін қабынудың физиологиялық және биохимиялық өзгерістерін білу қажет. Зақымданған
тканьдердегі мұндай өзгерістер заңды құбылыс болып саналады, әрі осы патологиялық процестің табиғатын толық айқындайды.
Қабыну патогенезі. Қабынған тканьдерде қандай өзгерістер болады? Қабыну өзара байланысты және де бір мезетте өтетін үш түрлі құбылыспен сипатталады:
а) альтерация (ткань дистрофиясы, латынша alteratio - өзгеріс) - тканьдердің бүлінуі және зақымдануы;
б) қан айналысының жеке-дара бұзылып, тамырлардың өткізгіштігінің өзгеруі, лейкоциттердің экссудацияға және эмиграцияға ұшырауы; в) фагоцитоз және пролиферация (proliferatio - көбею) - клетка элементтерінің көбеюі.
Альтерация құбылыс. Альтерация дегеніміз, зақымданған тканьдердің функциясы мен құрылымының өзгеруі. Ол дистрофиялық процестердің бүкіл жиынтығын қамтиды. Мұндайда қабынған орында зат алмасуы бұзылады.
Углеводтық (көмірсулық) алмасудың бұзылуы. Мұндайда оттегін қабылдау арта түседі. Қабынған тканьдердегі тотығу процестерінің мөлшері ғана емес, сапасы да бұзылады. Қабынған тканьдерде оттегі едәуір жетіспейді де, глюкозаны тым артық пайдаланады. Тотығу үнемі толық болмайды. Тыныс алу коэффициенті едәуір кемиді, анаэробтық гликолиз күшейеді, углеводтар толық тотықпайтындықтан көмір қышқылының пайда болуы біршама кемиді. Қабынған тканьдерге сүт қышқылдары және толық тотықпаған басқа да алмасу өнімдері жиналады.
Май алмасудың бұзылғандығы байқалады. Қабыну ошағынан келетін веноздық қанда кетон денешіктерінің көбейгендігі байқалады. Майлы қышқылдар мөлшері біршама көбейеді. Бейтарап май мөлшері шамалы ғана өзгереді.
Қабынған тканьдерде белок алмасуы түрліше бұзылатындығы байқалады. Протеолиттік процестер артады. Қабыну кезінде протеолиттік ферменттердің әсерінен белоктың ыдырауы күрт артып, белоктық алмасу өнімдері жиналады, әрі түрлі физиологиялық активтіліктің ыдырауы өтеді. Мұнда азотты заттардың: пептидтер мен амин қышқылдарының - тиозиннің, лейциннің, триптофанның, гистидиннің және басқаларының елеулі ықпалы бар.
Қабыну өршіген кезде амин қышқылының концентрациясы арта түседі. Қабыну реакциясы глобулин мөлшерінің артуымен бірге өтеді.
Қабыну ошағына, тамырды тарылтатын немесе тамырды кеңітетін әсері бар кейбір протеинді аминдердің (гистамин) жиналатындығы туралы да деректер бар. Қабыну ошағында зат алмасу бұзылумен қоса, физико-химиялық өзгерістер де өтеді. Тыныс алудың бұзылуы және қабынған тканьдерге
тотықпаған алмасу өнімдерінің жиналуы әсерінен резервтік сілтілік кеміп,
ацидоз пайда болады (Schade 1921, 1928).
Қабынудың бастапқы кезінде ацидоз компенсацияланады, өйткені ткань сөлінің сілтілік резервін пайда болған қышқылдар бейтараптайды. Әрі қарай, сілтілік резерв азайып, қанның келуі жетіспегенде бос сутегі иондарының концентрациясы көбейіп, компенсацияланбайтын ацидоз дамиды. Қабыну белгісі неғұрлым тез өршісе, қабыну ошағындағы сутегі иондарының концентрациясы да соғұрлым арта түседі.
Зат алмасудың бұзылуынан және ацидоздың дамуынан қабыну ошағында жиналатын заттарға электролиттердің де ықпалы бар.
Электролиттер ткань ортасының физико-химиялық өзгерістеріне және белоктардың коллоидтық-осмостық күйіне тығыз байланысты. Электролиттердің ішінде калий иондарының едәуір өзгеретіндігі байқалады. Калий мен кальций дәнекер тканьдердің ісінуіне, тамырлардың өткізгіштігіне және фагоцитозға әсер етеді.
Тұздар диссоциациясының күшеюінен сутегі иондары концентрациясының артуы және электролиттердің жиналуы, содай-ақ коллоидтардың дисперсиялығының артуы гиперионияның және осмостық гипертонияның пайда болуына әсер етеді.
Қабыну ошағында байқалған физико-химиялық құбылыстарды, онда пайда болатын морфологиялық өзгерістерді түсіндіру үшін қолданады. Мұның ең алдымен альтеративтік бұзылуға қатысы бар.
Қабыну ошағында физико-химиялық өзгерістер жиынтығы қан ағысының бұзылуына, тамырлардың кеңеюіне және тамырды тарылтатын, әрі тамырды кеңітетін заттар реакциясының ауытқуына ықпал етеді.
Қан алмасудың бұзылуы. Қабыну реакциясының бастапқы кезінде-ақ қабыну ошағында дистрофиялық құбылыспен қоса, қан айналысы ауытқып, терминаль тамырларды қан ағысы бұзылады. Майда тамырларда (артериолда, прекапиллярларда, венулда) аз уақыт түйілу пайда болып, содан кейін олар ұлғайып, зақымданған орынға қан келу арта түседі. Сөйтіп, артериялық гиперемия басталады да, капилляр арнасының көлемі ұлғаяды. Қанның көп келуі қабынған учаскені қызартып, оның температурасын арттырады. Қабынудың әдеттегі гиперемиядан өзгешілігі - капилляр арнасы тез ұлғаяды, жұмыс істейтін капиллярлар саны артады, әрі бұл құбылыс ұзаққа созылады. Тамыр арнасының ұлғаюы бірқатар себептердің ықпалынан пайда болады. Қабыну кезінде қан айналысының бұзылуына нерв жүйесі әсер ететіндігін бірқатар авторлар анықтады (Samuel, 1890, Krogh, 1922, әсіресе Ricker, 1910-1924). Қабыну кезінде қан айналысының бұзылуының пайда болуына қабыну қоздырғышының өзі де, қабынған тканьдерде дамитын физико-химиялық, электролиттік тепе-теңдіктің ығысуы, атап айтқанда, калий иондарының
көбеюі, капиллярлардың маңайындағы дәнекер тканьдердің созымдылығының бұзылып, серпімділігінің азаюы да ықпал етеді.
Активті гиперемиядан және қан ағысы күшейгеннен біраз уақыт өткеннен кейін бұл процесс бәсеңдеп, веноздық гиперемия пайда болады да, ол простатикалық күйге және стазға ауысады. Қабыну кезінде қан ағысының баяулауы бірнеше факторға байланысты:
1) биохимиялық және физико-химиялық өзгерістер жиынтығының, нерв-бұлшық ет тамырларының салдануынан (паралич) және тамыр тонусының едәуір әлсіреуінен.
2) тамырдан шыққан серозды сұйықтың ұсақ веналарды қысуынан венул сезімталдығының констрикторлық ықпалының күшеюінен және қан ағысына механикалық бөгет жасаудан;
3) майда тамырлардың кенересіне лейкоциттердің жабысуы нәтижесінде онда бұдырлар пайда болып қан ағысына кедергі жасаудан, сондай-ақ эндотелиалдық клеткалардың ісінуінен;
4) қан кенересі арқылы тканьге қанның көптеп шығуы салдарынан қанның қоюлануынан, сондай-ақ қанның өзіндегі биохимиялық өзгерістердің әсерінен;
5) тамырлардың қабыну ошағында тромбалардың (қан ұйындысының) пайда болуынан.
Экссудация (жалқықтың қуысқа, тканьге жиналуы). Қабынған ошақта тамырдағы өзгерістермен қоса экссудация басталады. Қабыну кезінде тамырдан тканьге жиналған сұйықты экссудат немесе қабыну жалқығы (сарысу) деп атайды. Оның транссудаттан (ісік сұйығынан) айырмашылығы - белок мөлшері көп (5-8%), ферментативтік, әсіресе протеолиттік қасиеттері айқын көрінеді және қанда формалық элементтер, көбінесе лейкоциттер болады.
Экссудат қабынған тканьдерді ісіндіреді немесе бос қуысқа (мәселен, плеврит, перикардит және перитонит кезінде) жиналады. Экссудат құрамына қарай былайша бөлінеді: сероздық, катаральдық, геморрагиялық, фибриноздық, іріңдік, шіріткіш және аралас.
Экссудаттың қасиетіне, әсіресе, оның цитологиялық құрамына қарай қабыну себептері туралы тұжырым жасауға болады.
Экссудация бірнеше негізгі факторлардың әсерінен пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабыну түсінігі
Қабыну және қабынудың себептері
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Сойып ашу хаттамасы. Хаттаманың кіріспе бөлімі
Серозды қабыну
Қабыну процесі
Қабыну жайлы мәлімет
Қабынуды емдеу
Жедел және созылмалы қабынудың патогенезі
Серозды домбығып қабыну
Пәндер