Киікот өсімдігі жайлы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Астана дарыны Дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы

Бағыты: қазақ әдебиеті, биология
Ғылыми жоба тақырыбы: Киікоты өсімдігінің шығармаларда көрініс табуы

Орындаған: Давыдов Абдусабр
№14 мектеп-гимназиясы, 6 В сынып оқушысы
Жетекшісі: Мусабекова Гульшат Кадржановна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

2022 жыл
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Киікоты өсімдігі жайлы шығармашылығында қолданған ақын жазушылар
ІІІ. Практикалық бөлім

Киікоты өсімдігінің шығармаларда көрініс табуы
ІҮ. Қорытынды
Ү. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Аннотация
Аталған ғылыми жобада оқушы киікоты өсімдігіне байланысты ақын-жазушылардың туындыларын іздестіріп, тәрбиелік мәні мен шығармаларында жатұан астарлы ойды анықтады. Шығармалар арқылы оқушыларға жойылып бара жатқан, дәрілік қасиеті бар өсімдіктерді дәріптеді. Ұсынылып отырған ғылыми жобада теориялық бөлімдегі көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып практикалық сараптамалар мен талдаулар жүргізілді

Аннотация
В этом исследовательском проекте учащиеся искали произведения поэтов и писателей, связанные с растением кикот, и выясняли воспитательную ценность и основную мысль их произведений. Своими произведениями он прославлял исчезающие растения лечебными свойствами. В предложенном научном проекте были проведены практические исследования и анализы на основе информации, представленной в теоретическом разделе.

Abstract
In this research project, the student searched for the works of poets and writers related to the kiikot plant, and found out the educational value and underlying thought in their works. Through his works, he glorified endangered plants with medicinal properties. In the proposed scientific project, practical examinations and analyzes were conducted based on the information provided in the theoretical section

Зерттеудің мақсаты: Киікоты өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның шығармалардағы бейнелген туындыларды анықау. Лексикалық мағынасын талдау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Киікотының сан алуан қыр-сырын ашу;
2.Оның адамзат өміріндегі алатын орнын айқындап, маңыздылығын көрсету;
3. Киікотының медицинада қолданысы мен олардың адам ағзасына пайдасын айқындау;
4. Киікотынан дайындалатын тұнбалардың дайындалу жолдары мен оның емдік қасиеттерін таныту.
Киікоты өсімдігінің шығармаларда көрініс табуын анықтау
Зерттеу жұмысының өзектілігі: емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады.
Медицинада киікотын жоғарғы тыныс жолдарының қабынуына қарсы, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады. Оның несеп жүргізетін, өт айдайтын, тамаққа тәбетті арттыратын қасиеттері бар. Киікотыдан жасалған тұнбаны асқазанның қышқылы кемігенде, ішектің жұмысы нашарлағанда, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде, жалпы дененің қуаты кеміп, күші азайғанда қолданады. Бір сөзбен түйіндегенде оның емдемейтін дерті жоқ. Осындай ерекше өсімдіктің ақын-жазушылар тындысында көрініс табы жұмыстың өзектілігі болып табылады
Зерттеу нысаны: Киікоты өсімдігі, ақыш-жазшылар шығармашылығы
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: сараптау, ой қорыту, жалпылау, салыстыру, жинақтау және талдау.

І. Кіріспе
Дана қазақ халқы Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде деген екен. Қай заманда болсын,адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес,соныменқатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде тері ауруы ,аллергияның шығуы,иммунитеттәі азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы артыла түспесе кеміген жоқ. Жеміс жидектерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған,мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз. Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктер шығармаларда кездеседі және мен ғылыми жобамда іздену арқылы ақын-жазушылардың киікоты жайлы әңгімелерін талдадым. Осы ғылыми жобамның арқасында өсімдікке деген қызығушылығым арта түсті. Себебі, өсімдіктер жайлы туындылардың мол, коптеп жазылуы сол тындыдағы өсімдіктерді құрметтеуге, бағалауға әкеліп соғады. Осыған орай, іздені барысында өсімдіктің шипасы жайлы мілңметтер білдім және бұл мәліметтерді оқушыларға дәріптедім, сонымен қатар өсімдіктер жайлы өлеңдер, шығармалар жазуға шабытым оянды. Бұл Өсімдіктер жайлы оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Ал өз қолында бар болып тұрған емдік қасиеті бар бұндай өсімдіктер қаншама. Сондықтан әрбір өскелең ұрпақ, жазушы, ақын өз еліндегі пайдасы бар өсіп жатқан өсімдіктерді дәріптеп солар жайлы шығармалар, әндер жазса өскелең ұрпақ экологияға да шығармалар арқылы аса мән берер еді.
ІІ. Негізгі бөлім
Киікоты өсімдігі жайлы шығармалар жазған ақын-жазушылар
Мархабат Байғұт (25.5.1945 жылы туылған) - жазушы, Алаш сыйлығының лауреаты (1996), ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген.
Белгілі қаламгер, республикалық Жалын бәйгесінің екі дүркін, Қазақ әдебиеті бәйгесінің үш дүркін жеңімпазы, Бауырмал сыйлығының, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, Құрмет, Парасат ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Түлкібас, Бәйдібек аудандары мен Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті журналисі, Мемлекеттік стипендияның төрт дүркін иегері, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Құрметті профессоры - Мархабат БАЙҒҰТ биыл мамырдың 25-інде 77 жасқа толды.
Біздің санамызға Абайтанушы, Әуезовтанушы ғалым, зерттеушілердің бары сіңісті болғалы қашан. Ал бүгінгінің көзі тірі классигіне айналған қаламгер Мархабат Байғұттың шығармалары бойынша дипломдық жұмыстардың жазылып, ғылыми еңбектердің қорғалып жатуын жалпақ жұрт біле бермейді. Шығармаларындағы кейіпкерлері секілді қарапайымдылықты ту еткен қаламгердің шығармалары бойынша ғылыми зерттеулер әлі де талай жазылары анық. 1960-80 жылдардағы әдебиет қазақ әдебиетінің даму тарихындағы алтын ғасыр деуге болады. Себебі, бұл жылдары ұлттық тұрғыдан жазылған рухани бай көптеген шығармалар дүниеге келе бастады.
Бірақ, цензура барынша бақылап, ұлттық мүдденің бірінші кезекке қойылуын қатаң қадағалады. Сол кездегі қатал тәртіп пен партиялық идеяға білдірмей ұлттық мүддені бірінші кезекке қойып, қазақ халқының рухын көтерерлік талай шығармалар жазылғанымен, авторлары қудалауға түсіп, қиыншылықтарға тап болды.
Әдебиетке шектеу қойылған осы уақытта қатаң цензураның сүзгісінен үлкен шындықты сыздықтатып өткізіп жіберген жазушылар аз болған жоқ. Солардың бірі - Мархабат Байғұт. Жазушының қай шығармасын алып қарамайық уайымсыз жатқан қазақы ауылы, кең пейілді жеңгейлер, қос бұрымы тірсегіне соғылған бойжеткен қыздар бейнесін кездестіреміз.
Солардың ішінде Киікоты әңгімесінде ауылға деген сағыныш суреттелген.
Бұл күндері қаламы ұшталған жазушының өзіндік өрнегі айқын, өзіне тән стилі қалыптасқан. Мархабат Байғұт шығармаларын оқи отырып, кейіпкер мінезін ашуда ішкі монолог пен диалогтің көп көрініс бергенін аңғару қиын емес.
Мархабат Байғұт шығармаларында да, өмірде де адамдарды ғайбаттаудан аулақ секілді. Оның шығармаларын оқып отырып, өзіміздің айналамызда жүрген көптеген жандардың мінезін көреміз. Өмір шындығын арқалаған оның кейбір кейіпкерлерін жек көруміз де керек еді. Бірақ жазушы шеберлігі сол кейіпкер мінезін ашуда монолог пен диалогті шебер қолдана отырып, қаһарман бейнесін оқырман жүрегіне жеткізе білген. Оның кейіпкерлерін жақсы көріп, тіпті аяушылық танытатын кезде болады.
Жалпы жазушы өз шығармаларында мінездеудің осы құралдарын шебер пайдаланады. Сөзіміз дәлелді болу үшін көптеген мысал келтіруге болар еді. Бәрі де өз орнында, кесіп-пішіп қойғандай, оюлап ойғандай етіп бейнелейді. Оның шығармаларын өзге жазушылармен шатастыру мүмкін емес.
М.Байғұттың өзге жазушылардан тағы бір ерекшелігі − қосымша ат қою шеберлігі. Кез келген шығармасын оқи қалсаңыз кейіпкерлердің кличкасына кездесетінімізді байқадық. Өмірде әзілқой жазушының бұл да бір өзіне тән мінезі, ерекшелігі болса керек.
Мұндай іс-әрекетке жазушы ат таппай қалғандықтан емес, шығарманың шырайын кіргізу үшін сара соқпақ арқылы барады. Сонымен қатар көптеген шығармаларында: Жезбалақ Тілеміс, Светлана−Сәуле, әдебиет пәнінің мұғалімі, Қалыпбек қойшы, Ләскер−жерлес, Штирлиц − Кеуіртбек, миссис Майра, мистер Мамыр т.с.с. қосарлы атаулар, айқындауыштар, мегзеулермен өріліп жүре береді. Мұның бәрі де тектен-тек, жайдан-жай жасалмаған. Бірде езу тартқызып күлкі шақырса, бірде кейіпкердің атын анық етіп миға шегелей түседі. Тіпті кей жерлерде осылай атаудың өзі кейіпкер мінезі мен іс-әрекетін бейнелеуге қосымша штрихтың қызметін атқарады. Қалай дагенде де осы бір әдіс шығарманың өңін кіргізіп, солғын шығудан сақтап, құлпыртып, құбылтып тұрады.
Бүгінгі таңда өз оқырмандары бар Мархабат Байғұт күштілігін мойындатқан жазушы.
Сапарбай Парманқұлов - қазақ прозасына тосын тақырып тауып әрі ешкімге ұқсамайтын соны соқпақ сала келген дарынды қаламгерлердің бірі.

Сапарбай Парманқұлов - қазақ прозасына тосын тақырып тауып әрі ешкімге ұқсамайтын соны соқпақ сала келген дарынды қаламгерлердің бірі. Әсіресе соңғы жылдары жаңа қырынан көрініп көпшілік оқырманның ықыласына бөленіп үлгерді. Алғаш қолына қалам алған сонау 1978 жылдары дүние ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер
Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Дәрілік өсімдіктермен емдеу әрі шипалы, әрі зиянсыз
Дәрілік өсімдіктермен емдеу
Ақ алабұта өсімдігі тамырының химиялық құрамы
Тікенекті,жуан және ерекше өсімдік
Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі
Дәрілік өсімдіктерді жинау
Пәндер