Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары

Биманова Жанар Ізімғалиқызы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Тасарық ауылы,
№238 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Мазмұны

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының
функционалдық сауаттылығын арттыру
2.2. Функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылатың технологиялардың тиімділігі.
2.3. Жаңа оқыту әдіс - тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту жолында оқушылардың сауаттылығын арттыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе
Қазақ тілі пәнінен оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстарының мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың жолдарын анықтау, оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.
Міндеттер:
-Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік, психологиялық негізін талдау;
-Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін анықтау;
-мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;
-тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;
-ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға даярлау.

II.Негізгі бөлім
2.1.Бастауыш сынып оқушыларының
функционалдық сауаттылығын арттыру
Білімнің іргетасы бастауыш сыныптан қаланады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының бүгінгі заман талабына сай функиональдық сауаттылығын арттыру ұстаз алдындағы парыз. Білім беру жүйесін жаңғырту жолында бүгінгі мектеп оқушыларға білім берумен қатар білімді өз бетінше ала алу, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын алу әрекеттерін де меңгертуі тиіс. Бұл - функционалдық сауаттылық мектеп қабырғасында қалыптастыру ісі болып саналады. Функциональдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап айтылған. Білім - қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Сонымен қатар білім алу құқығы. Бұл құқық əртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сəйкестендірілген нақты дəуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оның негізгі мақсаты - оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие. Оқушылардың функциональдық сауаттылықты арттыруда:
-Оқушылар мен ата аналардың оқуға қатынасын диагностикалау, мектеп тарапынан оқу үрдісінде қажетті құралдармен мүмкіндігінше қанымдау, ғылыми зерттеушілік жұмыстарына басшылық ету
-- Білім беру жолындағы көштен қалмай үнемі білім мазмұнын заман талабына сай жаңартып отыру, мемлекеттік білім стандартын басшылыққа алу, мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз ету, оқу жоспары бойынша жүйелілігін, коммуникативті дағдыларын қалыптастырудағы білім алудағы дербестік, ақпарат пен технологияны пайдалана білу, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды жүзеге асыру;
-- Функционалдық сауаттылықты көтеру үшін оқу әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету (қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдарды педагогтердің практикасына енгізіп, жүзеге асыру, мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттандыру мен пайдалану деңгейін арттыру )
-Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі (білім нәтижелерін үнемі назарда ұстап, тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізу, сыни тұрғыдан бағалау, білім алушылардың өзін-өзі бағалау жүйесін енгізу.)
-- Мектептегі қосымша білім беру жүйесі, материалдық - техникалық базаның болуы (мектепті заман талабына сай жабдықтармен қанымдау)
Ұлттық жоспардағы функционалдық сауаттылықты дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады:
Ø 1-бағыт оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту
Ø 2-бағыт оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту
Ø 3-бағыт балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ата аналардың қосар үлесі
Ø 4-бағыт қосымша білім беру жүйесін дамыту
Бірінші бағыт - оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту керек. (Елбасы Жолдауынан)
Бағдарламада белгіленген, жеке тұлғаға бағытталған оқытуды қамтамасыз ететін жаңа форматтағы оқулықтарды әзірлеу қажет.
Екінші бағыт оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту. Яғни, функционалдық сауаттылықты дамыту білім - түсіну - қолдану - жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін біртіндеп мектеп өміріне енгізу. Қазіргі біз қолданып отыр-ған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған. Білім саласындағы ең өзекті мәселенің бірі - функциональдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалау. Оларда ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.
Функциональдық сауаттылықты дамытудың үшінші бағыты - балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы. Осы әдістеменің негізінде мектепте ата-аналарға арналған семинарлар және тренингтер, сауалнамалар алу. Педагогикалық білім жүйесінде отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін тарату, ата аналарды мектептің, сыныптың тәрбиелік қызметіне тарту жұмыстары бойынша апталықтар өткізу
.Төртінші бағыт - қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралис-тер жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Мектепте ғылыми-техникалық, экология-биологиялық, көркем-эстетикалық, туристік-өлкетанушылық, оқу - сауықтандыру бойынша қосымша білім беру қарастырылған.
2.2. Функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылатың технологиялардың тиімділігі.
Интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, функционалдық сауаттылығын нығайтуға қол жеткізуге болады. Пән бойынша білім сапасын анықтайтын негізгі факторлардың бірі білім мазмұны. Білім мазмұны ғылыми білім беруді, іс-әрекет түрлерін және тиімді шешім қабылдай білуге бағытталған шығармашылық әрекетті, қоғамға, табиғатқа қарым-қатынасты қарастыратын бейімделген жүйені қамтиды.
Білім мазмұнын жаңарту-пәндік мазмұннан интегративті-модульді мазмұнға, жекелеген белсенді іс-әрекетке, білім, білік, дағдыға бағытталған білімнен құзыреттілікке бағытталған білімге ауысуды талап етеді. Аталған талапқа сәйкес құзыреттілікке бағытталған білім беруді іске асырудың 4 аспектісін қарастыруға болады:
1. Пәндік білімнен жоғары түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру.
2. Білім мазмұнын әмбебаптандыру.
3.Мектеп деңгейіндегі білімнің тиімділігін қамтамасыз ету үшін білім мазмұнының әрекеттік, қолданбалылық, практикалық маңызын арттыру.
4. Өмірлік дағдыларының кең спектрін қалыптастыру, функционалдық сауаттылықтарын арттырады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін мектептердегі Қазақ тілі пәнін оқыту сапасын жетілдірудің қажеттігі туындап отыр. Олар мемлекеттік нормативтік құжаттарды дайындау кезінде жан-жақты ашып көрсетілді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының жаңа нұсқасында 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында білім беру саласын дамытудың тұжырымдамасында жалпы білім беретін орта мектепті дамытудың адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, білім берудің мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған құзыретті білімге өзгерту; қазақстандық патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу және т.б. қағидалар басшылыққа алынды.
Жалпы білім беру жүйесіне құзыреттілік бағытты енгізу мәселесі бойынша көптеген еңбектер жарыққа шықты. Оның ішінде отандық ғалымдар Н.Оралбаева, А.Жапбаров, А.Қыдыршаев, Н.Ж.Құрман, Ф.Ш.Оразбаева, К.Жақсылықова, Ж.Сүлейменова, Ж.Т.Дәулетбекованы атауға болады. Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі негізінде құзыреттілік бағытына сай функционалдық сауатты тілдік тұлғаны дамыту мәселесі жалпы ғылымда, соның ішінде қзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесінде бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыдан да өзекті екендігін айғақтайды.
Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу - тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технологиялар:
:: Жобалау технологиясы;
:: Саралап даралап оқыту;
:: Дамыта оқыту технологиясы;
:: Модульдік оқыту технологиясы;
:: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
:: Сатылай комплексті талдау;
:: Деңгейлеп оқыту технологиясы;
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі - функционалдық сауаттылық.
Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу - бүгінгі күннің мақсаты.
Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жақындау деңгейлерін әр қырынан бағалау және өзін - өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.
Білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық технологиялардың бірі деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы. Даралап - саралап оқыту технологиясының мақсаттылық принципі - әр сабақты өткізуге арналған жоспарда, ең бірінші сол сабақтың мақсаты көрсетіледі. Сондай - ақ деңгейлік тапсырмаларда оқушылар ерекшеліктерін ескере отырып белгілі бір мақсатта берілуі қажет.
Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы - оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту. Оқушылардың білім сапасын көп жағдайларда төмен болуы осындай түрлі жағдайларды ескермеудің салдары деп айтуға болады. Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау оқушылардың іскерліктерін жүзеге асырады.
Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде оқытушы ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелігіне аса назар аударуы қажет.
Аталмыш технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі артып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, оқушыларын жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы. Оқушыны сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдістерін сабақтарда қолданудың маңызы зор, тиімді. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану негізінде оқытудың әр түрлі формаларын қолдана отырып оқушылардың бір - бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Пәндер