Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ
Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп КММ
ТАРИХИ АҢЫЗДАРДЫ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ
Секция: қазақ тілі мен әдебиеті
Ғылыми жобаны орындаушы: Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Есілбай
Ғылыми жетекшісі: Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Касенова Зира Сейлбековна
Ғылыми кеңесшісі: Сагдеева Дарима Маратовна, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, СҚМУ гуманитарлық ғылымдарының магистрі
Петропавл, 2022
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
І.
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1
Аңыз әңгімелер - даналықтың бастауы
ІІ.
Зерттеу бөлімі
2.1. Тарихи тұлғаларға қатысты аңыздар
2.2.
Қорытынды ...
Пайдаланған әдебиеттер ... ..
ТҮЙІНДЕМЕ
Қазақ халқының аңыздары -- халық ауыз әдебиетінің жанры болып табылады. Аңыздың оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді.
АННОТАЦИЯ
В этой научной работе мы рассматриваем о мифах и рассказах казахского народа. Мифы недалеко от реальности. Мифы переданы из уста в уст. Мифы-рассказы посвящены к отдельным героям, богатырям, а также защитникам своей Родины. Мифы похоже к сказкам, но здесь реальности больше охватывается.
КІРІСПЕ
Мақсаты: Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - тарихи аңыздардың тәрбиелік мәні мен танымдық қалпын ашу, жас ұрпаққа аңыз әңгімелердің даналыққа бастайтындығын ұғындыра отырып, аңыз кейіпкерлерінің ұлағатты ойларын үлгі ету.
Міндеттері:
# Тарихи аңыз кейіпкерлері жайлы мәліметтерді оқып, жан-жақты талдау;
# қазақ фольклорындағы сан-қырлы мол мұралардың бірі болып табылатын тарихи аңыздарды жүйелеп зерттеу;
# аңыз туралы ғалымдардың пікірлерімен, зерттеулерімен танысу;
# жиналған материалдарды талдау, қорытындылау, жинақтау.
Зерттеу болжамы: Аңыз арқылы әлеуметтік мәселелер көтеріліп, ұнамсыз қылықтар сыналады. Ата-бабаларымыз өмір тәжірибесінен алған тәлімін жастарға ақыл-өнеге ретінде бағыттаған. Бірлік-ынтымақ - игі өмірдің кепілі екенін айтып, даналыққа үйреткен.
Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың деңгейіне қарай аңыздарды жинақтап, шағын кітапша шығара отырып, тәрбие көзін аңыздардан алу.
Еуразияның сайын даласындағы Алтай мен Орал таулары арасындағы ұлан байтақ далалық өлкелерді көшпелі тірлік мұратымен еркін жайлаған қазақ халқының ұлттық мәдени кескін-келбеті мен болмысының белгілері мен дүниетанымының ескі іздері, тарихи танымы мен әлеуметтік ой-пікірлерінің сұрыпталып сақталған бай қазынасы, сөз жоқ, оның фольклорлық мұрасы.
Зерттеу жаңашылдығы: Тарихи тұлғалардың елі мен жері үшін атқарған қызметінің әсері ашылады. Аңыздардағы тұрақты мотивтердің төркіні мен өзгерісі анықталады.
Зерттеу әдістері:
Іздену;
Жинақтау;
Саралау;
Талдау;
Әдеби-теориялық талдау;
Қорытындылап, түйін жасау.
Жұмыстың қорытындысы мен нәтижесі:
1. Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесін қосады;
2. Біз бабаларымыздың тек аңыз айтудың шебері ғана емес, сонымен қатар, терең ғылым игерген данышпан халық екені дәлелденді;
3.Фольклорлық шығармаларда тарихи шындықтың бейнеленуі халықтың арман-тілегі мен мұрат-мүдделерінен туындайтын шындықтың ізінен түзелетіндіктен, онда халық армандаған шындықтың түзелгендігін көрсетеді.
Зерттеу нәтижесінің қолданылу аясы: Зерттеудің қорытындыларын фольклортануда, сондай-ақ қазақ халқының дүниетанымы мен рухани қазынасын зерттеулерінде қолдана алады. Қазақ филологиясы мамандығын дайындайтын жоғары оқу орындарында оқытылатын Қазақ халық ауыз әдебиеті пәніне, қазақ руханиятына қатысты курстарда пайдалануға болады.
Негізінен бұл жұмысым оқу орындарында көмекші құрал болар еді деп ойлаймын.
І.
Қазақ әдебиеті сан ғасырлардан бері өзінің құндылығын жоймай, жас ұрпаққа үлкен үлгі, өнеге көрсетіп келеді. Оның бастауы қазақ ауыз әдебиетінен бері сарқылмас қазына болып жалғасын тауып келеді. Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры. Сонау ықылым заманнан бері ауызша таралып, осы заманға дейін ұмытылмай жетуінің өзі, оның құндылығында.
Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы - аңыз әңгімелер. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Бұл жағынан алғанда аңыз бен ертегі екеуінің арасы жақын. Негізгі айырмасы - аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құралады. Әуелде тарихта шын болған, кейін сондай адам болыпты-мыс деп, ел аузында лақапқа айналған адам туралы әңгіме етіледі. Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегінде тууының негізгі себебі, сол адамның өз басына істеген ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр, не ел басшысы, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып, сол істепті-міс, айтыпты-мыс деген әр түрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден жаттап алып, кейінгі ұрпаққа қалдырады. Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді. Кез келген аңыз - нақты бір халықтың ортақ рухани-мәдени мұрасы. Олар сол халықтың көркем ойлау ерекшеліктерін - эстетикалык және тарихи талап-талғамдарын,адамгершілік қасиеттерін аңғартады.
Фольклорлық прозаның басқа жанрларына қарағанда, аңыздың танымдық қызметі айқынырақ, ол елдің өткен тарихынан, өмірінен мағлұмат береді, яғни аңыз жұрттың білімін көбейтеді. Аңыз - халықтың өзі айтып берген ауызекі тарихы десе де болады. Қазақ әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып-білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның, мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы аңыздың тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады. Аңыз өткенің тарихы десек те, ол бүгінмен сабақтас. Өмір, махаббат үшін күрес, жақсылыққа ұмтылу, түрлі әрекеттер арқылы сол дәуірдегі әлеуметтік жағдайды жақсартуға тырысу, сол жолдағы қаһармандардың ерлігі-халықтың өмірге құштарлығын, арман-мұраттарының биіктігін танытады. Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.
Аңыздар - халықтың басынан өткен тарихи оқиғаларды баяндайтын халық прозасының бір түрі. Онда халықтың тарихи оқиғаларға берген бағасы, дүниетанымы, көзқарасы, өткен оқиғадан алатын тағылымы, Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. тіршілікте көздеген арман-тілегі суреттеледі. Аңыз ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарағандықтан, оның мазмұнына халық басынан өткен түрлі тарихи кезеңдер өз таңбасын қалдырып, бағасын беріп отырады. Белгілі бір тарихи кезеңде өмір сүрген әрбір ұрпақ ата-бабадан жеткен тағылымды әңгімеге өз тұсындағы өзекті мәселелерді де қосып отырады.
Ауыз әдебиетінде аңыз әңгімелер елеулі орын алады. Өйткені әуел баста жазу, баспасөз шықпай, дамымай тұрғанда ел басынан өткен тарихи уақиғалар, ел басқарған адамдар, айнала қоршаған табиғат құбылыстары жайындағы мәліметтер мен ұғымдарды ауызекі сөзбен баяндайтын бұл халық шығармаларының білім берерлік, өмір танытарлық мәні, маңызы үлкен.
Онда әлденеше ұрпақ өкілдерінің бастан кешкені, көргені мен естігені, екінші сөзбен айтқанда, тәжірибесі жинақталған, қорытылған. Алдыңғы буынның кейінгі буынға айтар ақыл-ойлары, аманат өсиеттері сақталған және олар ондаған, жүздеген ақыл-ой иелерінің, тіл-сөз шеберлерінің сыны мен өңдеуінен өткен. Сондықтан жалпы халық шығармаларының, оның ішінде аңыз-әңгімелерінің мәліметтік маңызымен бірге ғибраттық, эстетикалық мәні де зор.
2.2
Тарихи аңыздар - халық ауыз әдебиетінің жанры. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың іс-әрекетіне байланысты туған. Мұндай адамдардың ел үшін еткени еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.
Аңыздар шартты түрде тақырыптық сипатына қарай , тарихи аңыздар және топонимикалық аңыздар болып жіктеледі. Қазақ арасына көп тараған Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Райымбек, Сұраншы, Кенесары, Исатай, т.б. көрнекті тұлғалар туралы аңыздар бірінші топқа жатса, екінші топқа нақтылы қоныстардың тарихын баяндап, оның қай кезде, қалай аталуының сырын ашатын аңыздар кіреді. Қазақ аңыздарына алғаш рет назар аударған Ш. Уәлиханов пен Г. Потанин еді. Аңыз дербес жанр ретінде М. Әуезовтің еңбектерінде ғана қарастырыла бастады. Ол аңызға тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме деген анықтама берді. М. Ғабдуллин осы пікірді қуаттай отырып, аңызды аңыз әңгіме деп атады да, оның жанрлық ерекшеліктерін айқындай түсті.
Тарихи аңыздар - ұлттық фольклордың көркемдік ерекшелігі, тағылымы терең салаларының бірі. Аңыздар - сан ғасырлар бойы халықтың өткенін білуге, тануға деген сұранысы мен қызығушылығын өтеп келген бай рухани қазына. Онда қазақ руханиятына қатысты көркемдік танымдармен қатар ұлт пен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы тарихында болған оқиғалар мен айтулы тұлғалар туралы хабар-деректер де сақталған. Өкінішке қарай, айрықша рухани әрі тарихи маңызға ие аңыздар осы күнге дейін арнайы зерттеудің нақты нысанына айнала қойған жоқ. Аңыздардың көркемдік мән-мағынасы мен қоғам тарапынан үлкен сұранысқа ие тағылымын мақсатты түрде жүйелі, кешенді қарастыру ғылыми межеден тыс қалып келді. Сондықтан аңыздарды тұтас фольклорлық жанрлар жүйесінде қарастыру және оның ұлт тарихындағы ақтаңдақ тұстарды қалпына келтіруге көмектесетін дерек көзі ретіндегі танымдылығын көрсету - көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын айқындайтын басты сипаттардың бірі болып табылады.
Тарихи аңыздар халық өмірінің, күресінің шежіресі, елесі іспетті. Оларда жалпы түркі тектес халықтардың ру, тайпа болып жүрген, әлі дербес халық, хандық болып бөлінбеген кездерінен мағлұматтар беретіндері де бар. Мысалы, скиф-сактар жайындағы аңыздар, міне, сондай. Оларды жалпы түркі тілдес халықтардың, солардың ішінде қазақтың аңыз-әңгімелерінің алғашқы бастауы деуге болады. Қазақ аңыз әңгімелерінің көбісі тарихи адамдардың, белгілі қоғам, өнер қайраткерлерінің айналасына топталған.
Біздің дәуірімізге ауызекі және ішінара жазбаша жеткен әдеби мұралардың ең арғысы - Қорқыт, Қожанасыр, Майқы және Аяз би жайындағы аңыз-әңгімелер.
Ежелден ел аузында келе жатқан, халық жадында сақталған қазақ аңыздарының бірі - Қорқыт. Қорқыт туралы аңыздың қысқаша мазмұны мынандай: ертеде Сыр елінде Қорқыт есімді бір белгілі адам болыпты. Ол Қазығұрт тауының бауырында, анасынан мес болып туады. Месті көрген жұрт үрейленіп қалады, тек анасы саспайды. Менің туғаным жанды бала еді ғой деп, месті анасы жарып жібергенде, бала жолдасының ішінен жас нәресте шығады. Қорқып тарай бастаған жұрт қайта жиналып: бұл өзі дүниеге жұртты қорқыта келді ғой, - деп, атын Қорқыт қояды.
Қорқыт түс көріп, түсінде оған Қыдыр Сен қырық жас жасайсың деп аян береді. Қорқыт ержетіп, есейген соң астына желмая мініп өлімнен қашады, адамы өлмейтін ел мен жер іздейді. Бірақ өлім елесі оның күндіз өңінен, түнде түсінен кетпейді. Қорқыт далада қурап жатқан аң сүйектерін, қирап жатқан ағаштарды, құлап жатқан жартастарды көреді. Қайда барса да алдынан қазулы көр шығады. Бұл кімнің көрі? деген сұраққа Қорқыттың көрі деген жауап естиді. Қорқыттың ажалдан қашып құтылмасына көзі жетеді. Оған өлімді аузыңа алмасаң, өлмейсің деген аян беріледі. Содан кейін Қорқыт өзінің туған еліне, Сырдарияның бойына қайтып келеді.
Бір күні байлаудан босанып кеткен өгізшесін қуып ұстай алмай ызаланып жүріп қап, сені өлсем де ұстармын-ау деп қалады, оған артынша өзі қатты өкінеді, өлім есіне түсіп, тағы да көзіне көр елестей бастайды. Қорқыт енді елден, жерден безіп суға жайласады. Дарияға кілем жайып, оның үстіне шатыр тігіп, қобызын тартып отыратын болады. Бірақ онымен де өлімнен құтылмайды, ажал қайрақ жылан болып ұрланып келіп шағады, ақыры содан жиһанкез қаза табады. Қорқыттың денесі Сырдарияның жағасына жерленеді, басына қыштан үлкен қорған соғылады, қорғанның ішіне қобызы бірге қойылады. Содан былай Қорқыт есімі әулиеге, бейіті ауырған адам, перзент көтермеген әйел түнейтін қасиетті орынға айналады. Сөйтіп, қазақтың аңыз әңгімелері бойынша Қорқыт күй атасы болып есептеледі. Қазақ музыкасының атасы Қорқыт туралы аңыздардың философиялық терең мәні бар,-дейді академик Мұхтар Әуезов.
Қорқыт ата кітабында Қорқыттың даналығын танытатын: Ажал келмей кісі өлмейді, Кісі баласы кісіге бала болмайды, Ежелгі жау ел болмас деген секілді оның атынан ондаған мақалдар мен нақылдар ұшырасады. Бір ғажабы - сондағы нақыл, мақал сөздердің бірсыпырасы қазіргі қазақ мақал-мәтелдер қорында қаз-қалпында сақталған.
Кітаптағы он екі жырдан құралған Оғыз-наме эпосының әрбір нұсқасы: Менің бабам Қорқыт келіп жыр толғап, сөз сөйледі, осы жырды сол шығарды, сол құрастырды. Ол былай деді: Олар бұл дүниеге келді, кетті, осылай керуендер де қонады, көшеді, оларды өлім ұрлайды, жер жасырады, Алдамшы дүние кімге баяндайды? Қара басына ажал келгенде аманатын әркімге тапсырады... деген секілді жиһангездік батасымен басталып, өсиетімен аяқталады. Демек, жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: Қорқыт Түркістан елінде, Сырдария бойында Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген тарихи адам.
Қазақтың ХІІ-ХІІІ ғасырдағы тарихынан мағлұмат беретін аңыздардың бірі - Майқы би туралы аңыздар.
Майқы - шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген адам. Ол жайындағы аңыз-әңгімелер, оның атымен байланысты істер мен сөздер ұлы уақиғалардың жаңғырығы, сілемі ғана. Майқының алғашқы аттандырған жүз жігітке айтатын: Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел-жұрт болуды ойлаңдар..., хан ақылды, әділ болса, қарашысы ынтымақты әрі батыл болса - қара жерден су ағызып кеме жүргізеді дейтін өсиеттері кезінде елінің, халқының қамын, болашағын ойлаған қайраткер болғандығын аңғартады.
Тарихи тұлғалар туралы аңыздар қазақтың аңыз әңгімелерінің үшінші бөлегі ХІV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген Асан қайғы, Алдар көсе және Жиренше шешен төңірегіне топталған. Асан қайғы, негізінде, қазақ хандығын құрысқан, нығайтысқан және туған елі үшін қолайлы қоныс іздеген халық қамқоры ретінде, жер, ел және қоғам туралы болжамдар айтқан сәуегей-философ бейнесінде сипатталады.
Асан қайғы ХV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген. Қалың бұқараның қамын жеп, елінің болашағын ойлап, үнемі қайғы-мұңға батып жүргендіктен, халық оны Асан қайғы деп атап кеткен. Ол алдымен Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болған, кейін Дешті Қыпшаққа (қазақ даласына) қайтып оралып, Жәнібек, Керей хандардың ақылшы биі болған. Асанды Ш.Уалиханов көшпенділер философы деп атаған.Тарихтағы Асан бейнесін аңыз мұнары басқан. Оның өмірі туралы бізге жеткен деректер тым аз.
Асанның әкесінің аты -- Саятшы Сәбит. Қазақ тарихшысы Құрманғали Халитұлының Тауарих Хамса атты кітабының айтуынша, Асан қайғы -- Шыңғыс ханның замандасы ұлы Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Майқы би -- Шыңғыс ханның тарихтан белгілі әскербасыларының бірі Үйсін Майқы.
ХV ғасырда өмір сүрген Асан қайғының адамдарды ынтымақ-бірлікке, достық-татулыққа шақыруы, елге жайлы қоныс іздеп, отырықшы, бейбіт тұрмыс-тіршілікті аңсауы сол кездегі заман талабынан туғаны түсінікті. Асанның бізге жеткен толғаулары түгел дерлік Әз Жәнібек ханға арнай айтылған. Халық аңыздарында Асан жайында бұл қария қашан да ханға жағынбай, жарамсақтанбай тура сөйлеуші еді делінеді. (Ай, хан, мен айтпасам білмейсің). Асан толғауларынан тек сол заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құралу дәуіріндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін байқауға болады. Асан қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді,-деп жазады Б.Кенжебаев. Әбілхайыр ханнан бөлінуге қарсы болмағанмен Асан атамекеннен ұзап кетуді қош көрмейді. (Қырында киік жайлаған) Жәнібек көшін тоқтатпақ болып көптеген толғаулар шығарады. (Жем бойында, Еділ бол да, Жайық бол, Жиделі Байсынға сапар)
Асан қайғы көптеген нақыл-термелер, философиялық толғаулар шығарып елге танылған. (Құйрығы жоқ, жалы жоқ..., Таза мінсіз асыл тас...). Асанның біраз шығармаларының бізге үзінділері ғана жеткен. Өйткені автордың айтпағы адам тағдыры, ел қамы, оның болашағы. Сондықтан шағын ғана айтылғандарымен шектелмеуге тиіс. Сондай-ақ, Асан қайғының Тақырлауға қонған қаз, тырна, Әділдіктің белгісі, Көлде жүрген қоңыр қаз, Ердің құны сөз емес тәрізді шағын нақыл өлеңдері де асылдың сынығындай үзік нұсқалар деуге болады. Ел арасында Асан мен Ежен хан, Асанның қайғы атануы, оның жер туралы айтқандары туралы аңыздар өте көп. Асан туралы аңыз алдымен оның қазақ елінің атынан көршілес елдің ханы Еженге елші болып баруынан басталады. Қазақ жылқысының кісінеген дауысынан биелерім құлын тастайды, ат-айғырларын кісінетпейтін болсын деп Ежен қазақ еліне хабар айтады. Тиісу үшін сылтау іздеп отырған ханнан қазақ ұлыстары қатты қауіптенеді. Міне, сол кезде он екі жасар Хасен (Асанның алғашқы аты) астына желмая мініп, қасына қырық мерген ертіп Ежен ханға елшілікке келеді. Елшілер Ежен хандығының шетіне жетісімен алдынан үріп шыққан итті атып тастай береді.
Елдің итін қырғаныңыз қалай? - деген ханға.
Жасымда қой жайдым. Қойға қасқыр шапқанда қанша рет айтақтасам да бір ит көмекке келген емес, сондықтан итке ызалымын, - деп жауап береді Асан.
- Сіздің даладағы дауысыңызды қаладағы ит қайдан естиді? - дейді Ежен хан.
- Даладағы ат-айғырдың даусын сіздің қаладағы биелеріңіз қалай естиді? - дейді Асан.
Ежен хан сөзден тосылып қазақ елшісінің қалағанын сұрайды. Асан ханның қазақ елінің еркіндігіне қол сұқпауын, өзін-өзі билеуіне араласпауын талап етеді. Ежен хан елшінің талабын орындайды, содан былай қазақ ұлыстарына тиіспейтін болады. Демек, аңыз Асан қайғыны қаршадайынан-ақ ақылды, батыл және ел қамын ойлаушы етіп көрсетеді.
Асан Еділ бойында жүріп бір перінің қызына үйленеді. Қыз сөйлемейді, бірақ есті әйел болады. Асан әйелін ертіп базар аралап жүргенде әйелі үш рет езу тартып күледі. Асан: Неге күлдің, айт деп әйелін қыстайды, айта қоймаған соң қол да жұмсайды.
- Бір күлген себебім - базарда біреу той жасаймын деп мың теңге шығарып ет, май, күріш, өрік, мейіз - неше түрлі тағам, жеміс сатып алды. Ал тұзға келгенде бір теңгені қимай қымбатсынып алмай кетті. Тұзсыз тамақ ас бола ма! Екінші күлгенім - біреу өріктің сүйегін тісімен шағып дәнін алып жеп тұр екен. Тістің құны мың теңге, өріктің құны бір теңге. Мың теңгелік асылды бір теңгелік жасыққа жұмсап тұрған ақымақтығына күлдім. Үшінші күлгенім - біреу бір етікке саудаласып: етігің жеті жылға шыдай ма? - деп сұрайды. Өз өмірінің неше күнге жететінімен ісі жоқ. Соның ақымақтығына күлдім, - дейді перінің қызы. Соны айтады да мені уақтысынан бұрын сөйлеттің, енді мен саған жоқпын, - деп жүріп кетеді. Асан асығыстық жасап сол қыздан айырылып қалғанына қатты қайғырып, содан Асан қайғы атанапты-мыс. Әрине, бұл кейінгі айтушылардың қоспасы, шындығында, Асанның қайғысы - өз заманының, әлеуметтік құрылыстың қайғысы еді.
Асан қайғының аса маңызды еңбегі - желмая мініп жеті жыл жер дүниені кезіп, ел-жұртына жақсы қоныс іздеп табуы және тапқан жеріне шаруашылыққа жайлы-жайсыз ерекшеліктерін, қасиеттерін көрсетіп сын айтуы. Жиһанкездің атаған, сын айтқан жерлеріне қарап оның жүрген жолын, бағытын бағдарлауға болады.
Асан қайғы мен Әз Жәнібек дейтін аңызда Астраханда отырған Жәнібек хан Асан қайғымен дос болып, жалғыз баласы Жанәбілді (оны перінің қызы Еділдің жағасына әкеп тастап кетіпті-міс) алып қалады, ал Асан қайғы көп елді тастап Жиделібайсынды іздеп жолға шығады. Сол сапарында болса керек жиһанкез бірінші Жиделібайсынға (қазіргі Ташкент маңайы) келеді. Жерге қызығып: Әй, Жиделібайсын, артыма бөктере кетер едім, әттең, аттың сауырына симайсың-ау! дейді. Содан кейін Сауран, Түркістан, Әулиеата, Шу, Аспара, Жетісу, Баянауыл, Қаратал, Қарсақбай, Ақмешіт, Нарын-Самар, Шыңғырлау өзені және Маңғыстау аралы аталады. Бұлар тек Асан қайғының жер шолуы дейтін аңызда аталатын қалалар мен жер-су аттары ғана. Асан қайғының жерге айтқан сындары дейтін екінші аңызда жоғарыда аталған жер-сулардан басқа Ертіс, Есіл, Нұра, Торғай, Қызылтау, Ереймен, Қаратау, Алматы секілді ондаған өзендер мен таулар аталады, олардың әрқайсысына сын айтып, баға беріледі. Ол аңыздарда халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты - "Жерұйық". Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел ал асы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асанқайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады". Ертісті көргенде: "Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті. Түндікті өзенін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz