АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

Құқықтық пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Аппеляциялық сатыдағы соттың өкілеттіліктері. Аппеляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздері

Ғылыми жетекшісі:

Өтеуова А. Қ.

Орындаған: Нұғыманова Айнұра Болатқызы

Орал, 2022 ж.

Мазмұны:

Кіріспе . . .

1. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ

1. 1Апелляциялық сатыдағы сот . . .

1. 2Апелляциялық іс жүргізудің мәні мен маңызы . . .

1. 3Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері . . .

2. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ТӘРТІППЕН СОТ ШЕШІМІНІҢ КҮШІН ЖОЮ ЖӘНЕ ОНЫ ӨЗГЕРТУ

2. 1Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер . . .

2. 2Апелляциялық сатыдағы сот актілері . . .

2. 3 Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына шағымдану, наразылық білдіру . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.

Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, қатаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.

Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы - бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау құкық бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жургізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялық сот өндірісіне жүктеліп отыр.

Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден қорғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін кайта қарау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі сотгыкқ тексеруге жатқызылады. Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады.

Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, жаңа демократиялық елдер қатарына қосылып, өзін әлемге таныту үшін және құқықтық мемлекет екендігін айқындау үшін құрылымы жағынан жаңарту бағытын ұстап келеді.

Мемлекеттің негізі болып табылатын заң жобаларыныңмеханизмін жүргізу үшін 1994 жылы 12 ақпанда Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Республикада атқарылатын құқықтық заңжүзінде бекітті.

Қазақстан Республикасының халқына жолдаған үндеуінде президент сот органы демократиялық қоғамның ең негізгі бағыты екенін нақтылап, егемендік алу декларациясында Үкіметті заң шығарушы, орындаушы, сот органдарынантұратын негізгіпринциптерін жариялап, соттардың сайланудан тағайындалуға өтетінін стратегиялық шараларын соттықжүйені реформалауда қолдану мақсатын алға қойды.

мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғайтын бұқаралыққұқық пен жеке мүдделерге қызмет етіп, оны қорғауды қамтамасыз ететін жеке құқыққа ауқымды бөліну процесі аясында жүріп жатыр.

Осымен байланысты жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді байыпты үйлестірудің шұғыл қажеттігі сақталып отыр.

Соттар мен сот органдарыныңқұзіреті мен қызметі жоғарыдағы заң актілерімен өзгертіліп, бекітілгеннен кейін сот өндірісіде өзгереді. Қабылданған заң актілеріне сәйкес жоғарғы соттыңсудьялық алқалықөкілеттігі кеңейіп, аймақтық соттарды, бірінші сот инстанциясының шешіміне шағымданудың апеллияция туындап отыр.

ЕлбасыныңҚазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауында "Біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе- негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз" - деген болатын.

Курстық жұмыстың мақсаты: Апелляциялық сатыдағы сот және олардың өкілеттіліктерін ашып көрсету, түсіндіру. Сонымен қатар, аппеляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздері мен тәртібін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Апелляциялық сатыдағы соттың жалпы түсінігін және ұғымын түсіндіру;
  • Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіліктерін қарастыру;
  • Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз бола алатын мән- жайларды терең түсіндіру;
  • Апеляциялық сатыдағы сот актілерін айқындау.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, 6 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ

1. 1 Апелляциялық сатыдағы сот

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 - бабында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы бар деп көрсетілгендей, заң әрбір адамға бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғап сотқа жүгінуге мүмкіншіліктер берген. Демек, мемлекетіміздегі әрбір жеке және заңды тұлғалардың құқығын қорғап, заңнаманың қағидаларын тікелей орындайтын сот билігінің билік саласы ретіндегі атқаратын жалпы мемлекеттік құрылыстың тұрақтылығының бірден бір кепілі, әрі басты құралдарының бірі болып табылады[1] .

Елімізде сот жүйесін әлемдік стандартқа сәйкестендіру бағытында біршама игі шаралармен қатар, сот реформасына сай апелляциялық өндірісті күшейту бағыты өз дәрежесінде жүзеге асырылып, Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларында да апелляциялық сатыға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осыған орай, Азаматтық іс жүргізу кодексінде сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізуге арналған 40, 41 тараулар енгізіліп, аталған тарауларда сот актілеріне апелляциялық шағымдану мен наразылық келтірумен бірге апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау тәртібі қарастырылған.

Апелляциялық сатыдағы сот - заңды күшіне енбеген, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылықты қарайтын екінші сатыдағы сот[3] .

Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да түлғаларға тиесілі.

Апелляция - бірқатар мемлекеттерде сот қаулысына шағымданудың бір нысаны, яғни тараптардың шағымдары бойынша және шағымда көзделген талап шегінде істі мәні бойынша қарайтын жоғары тұрған екінші сатыдағы сот болып табылады.

Дамыған өзге мемлекеттерде бұл институтқа айрықша мән берілген. Ал, Қазақстандық апелляциялық институтының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Ресейдің процессуалдық кодексіне сәйкес апелляция тек қана істі жаңадан қарау болып саналады.

Біздің заңда апелляцияның екі жағы: істі бірінші инстанция тәртібімен соттың жоғарғы сатысында қарау және бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығын тексеру қарастырылған.

Апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот:

- істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән - жайы анықталуының;

- материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын;

- істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді. Сонымен қатар, істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін тексерумен бірге, апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептері бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады.

Азаматтық іс жүргізуде сот актілерін қайта қарап тексеру, сотпен жіберілген қателіктерді жою маңызды рөл атқарады.

Апелляциялық сатыдағы сот өкілеттігіне келетін болсақ:

1) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастауға;

2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;

3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;

4) апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюдың не оны өзгерту көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірініші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге;

5) іс бойынша іс жүргізуді қысқарту мен арызды қараусыз қалдырудың көзделген негіздері бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қарамай тастауға құқылы екендігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 358-бабында нақтыланған. Апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қаралып, істі қарау нәтижелері бойынша сот актісі қаулы түрінде шығарылады. Бұл апелляциялық сатыдағы сот істе қосымша материалдар беруде істің мән жайын анықтауға, сондай ақ материалдық құқық нормасын талқылауға және оны дұрыс қолдануға мүмкіндік туғызып отыр. Сонымен бірге, сот актілерін қайта қарауда және оны заңды жолмен шешу барысында азаматтық іс жүргізу заңының сақталуын көздейтінін дәлелдеуде. Нақты айтқанда, заң шығару орны апелляциялық саты үшін мүдделілік танытқан тараптардың бастамасымен істі өз мәні бойынша екінші рет қараудың мүмкіндігін бекітіп берді.

Апелляциялық өндіріс іс жүргізудің сатысы ретінде - бір ортақ мақсатқа же, белгілі бір процессуалдық әрекеттердің жиынтығынан тұратын сот өндірісінің бір бөлігі [4] . Сот шешімдеріне апелляциялық шағымдар мен наразылықтар келтіру негізгі саты ретінде азаматтық іс жүргізуде маңызды орынды иеленіп, сот шешімдерін қайта қарау барысында өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.

Олар төмендегідей сипаттарға ие:

1. Заңды күшіне енбеген сот шешіміне ғана апелляция беруге болады;

2. Апелляция бойынша іс жоғары тұрған сотқа жіберіледі;

3. Бірінші сатыдағы соттың шешімі қате болған жағдайда апелляция беруге болады;

4. Апелляциялық сатыда істі қайта қарау барысында дәлелдеме мәселелерімен бірге құқық мәселелерін де қарастырады;

5. Әр іс бойынша апелляциялық сатыға жүгінуге бір рет қана жол беріледі.

Сонымен қатар, апелляция сатысының негізгі мақсаты болып - екінші сатыда қаралатын істің мән жайларын дұрыс анықтап, материалдық құқық нормаларының дұрыс қоданылуы мен түсіндірілуін тексеріп, істі қарап шешім қабылдауда азаматтық іс жүргізу заңының нормаларын сақтау және қате сот шешімінің заңды күшіне енуі мен орындалуыныа жол бермеу.

Апелляциялық сатыдағы сот өндірісі азаматтық іс жүргізу қағидаларына негізделген, бірінші сатыдағы соттардың міндеті болып істерді мәні бойынша қарау болса, апелляциялық сатыдағы соттың міндеті заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау болып табылады. Апелляциялық сатыда іс жүргізуде соттардың тәуелсіздігі мен олардың тек заңға сүйенуі, сот әділдігін тек заңға сәйкес жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің мемлекеттік тілі, сотта істі қараудың жариялылығы мен тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы қағидалары қатаң сақталады.

Апелляциялық сатыдағы сот тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша талап етіліп алынған, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша зерделеп, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алады.

Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара қарайды [2] .

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымдану және наразылық беру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа тұлғаларға тиесілі.

Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты қаулы немесе ұйғарым шығарған тұлғалар да кассациялық шағымдануға құқылы.

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық наразылық беру құқығы істі апелляциялық тәртіппен қарауға қатысатын прокурорға тиесілі.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына наразылық беруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестірілген сот кемінде үш судья құрамында қарайды.

Қазіргі таңда еліміздің сот жүйесіндегі реформалар қарқынды деңгейде дамып, айтарлықтай маңызды жетістіктерге қол жеткізуде. Олай дейтінім, дайындалған заң жобасына сәйкес сот жүйесі үш буынды сот жүйесінен құрылды: бірінші саты - аудандық соттар, апелляциялық және кассациялық сатылар. Апелляциялық сатылар тек қана облыстық соттардың құзырында ғана сақталып, Жоғарғы Соттың апелляциялық алқалары таратылды. Облыстық соттардың қадағалау алқалары жойылып, қадағалау ретінде сот актілерін тексеру құқығы тек қана Жоғарғы Соттың құзырында қалдырылды. Сот сатыларының бұлайша қысқартылуы, өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуші адамдардың жағдайын жақсартуға өз үлесін қосары сөзсіз.

Басты бағыт - еліміздегі сот жүйесінің реформаларының деңгейін көтеру, апелляция сатысының сот өндірісіндегі рөлін күшейту, қоғамда заңдылық пен тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін тәуелсіз және тиімді сот төрелігін жетілдіру мен сапасын арттырып дамыту.

Е. А. Борисова еңбегінде заңды күшіне енбеген шешімдерді апелляциялық сатыда қайта қарау - сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеретін тез және тиімді әдістердің бірі деп көрсеткен. Себебі, судьялар өз қызметіне қаншалықты жауаптылықпен қараса да кателіктерді жіберуден сақталмаған. Істің мән жайын анықтауда жеткілікті қарамау, заңды дұрыс түсінбеу себептеріне қоса судьяның субьективті көзқарасы заңсыз және негізсіз шешім шығаруға әсерін тигізеді [5] .

Қазіргі таңдағы апелляция сатысының сот өндірісіндегі алатын орны зор деп айтуға болады, сот шешімдерін қайта қарауда шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеріп әділ шешім шығарумен қатар азаматтардың сотқа деген сенімінің артуына негіз болып, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғаумен қатар адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға айтарлықтай үлесін қосуда.

1. 2 Апелляциялық іс жүргізудің мәні мен маңызы

Тараптар арасындағы заңды қатынастарды анықтайтын сот шешімдері материалдық шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан заң мүдделі тұлғаларға шешімге жоғары сатыға шағымдануға құқық береді.

Шағымдану (наразылық білдіру) құқығын тиісінше іске асыру олардың заңдылығы мен негізділігін тексеру мақсатында заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы соттың шешімдері мен ұйғарымдарын қайта қарауға әкеп соғады. Бұл азаматтық істерді қарау және шешу кезінде бірінші сатыдағы соттың жіберген қателіктерін түзетуге заңнамалық актілерде белгіленген тәсілдермен мүмкіндік береді. Осындай тәсілдердің бірі-апелляциялық іс жүргізу.

АІЖК істі апелляциялық сатыдағы сотта азаматтық іс жүргізу заңнамасының жаңа институты ретінде ғана емес, азаматтық процестің дербес кезеңі ретінде де жүргізуді көздейді".

Оны азаматтық іс жүргізу заңнамасына енгізу қажеттілігін анықтаған апелляциялық шағымданудың (наразылық білдірудің) бірқатар маңызды сәттерін бөліп көрсетуге болады.

Біріншіден, апелляциялық институт сот қорғауына құқықтың орындалуына толық кепілдік беруге мүмкіндік береді, өйткені ол істі мәні бойынша қайталама қарауды көздейді.

Екіншіден, апелляциялық институт сот төрелігін жүзеге асыруда белгілі бір жылдамдық пен айқындықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл апелляциялық соттың істі қайта қарау және шешу нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерту немесе жаңа шешім қабылдау өкілеттігінен туындайды.

Үшіншіден, апелляция институты бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға ықпал етеді. апелляциялық сот актілері бірінші сатыдағы сот үшін нұсқаулық болады, бұл сот қателіктерінің ықтималдығын азайтады (Е. А. Борисова) .

Апелляция институты-апелляциялық соттың бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген шешімдері мен ұйғарымдарының заңдылығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қызметін реттейтін азаматтық іс жүргізу нормаларының жиынтығы. сондай-ақ, істі мәні бойынша қайта қарау және шешу бойынша.

Апелляциялық бақылау процестің сатысы ретінде тәуелсіз (түпкілікті) мақсатқа жетуге бағытталған іс жүргізу әрекеттерінің белгілі бір шеңберін біріктіретін сот ісін жүргізудің бөлігі (кезеңі) болып табылады.

Апелляциялық шағым (наразылық) институты мақсаттарды көздейді:

1) бірінші саты бойынша шығарылған заңды күшіне енбеген сот шешімдерінің немесе ұйғарымдарының заңдылығы мен негізділігін тексеруге;

2) бірінші сатыдағы соттың дұрыс шешімдер шығаруын қамтамасыз етуге;

3) іске қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға кепілдік беруге [6] .

Шағымдану институтының негізгі мақсаты бірінші сатыдағы соттың істің нақты мән-жайларын дұрыс анықтауын, материалдық құқық нормаларын қолдану мен түсіндіруді тексеру арқылы қайта қарау функциясы болып табылады. істі қарау және шешу кезінде азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын сақтау.

Апелляциялық қайта қарау кезінде сот істің жаңа нақты мән-жайларын белгілеуге және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы.

Апелляциялық соттың істі бірінші сатыдағы соттың заңды және нақты жағынан шешуінің дұрыстығын тексеру, сондай-ақ жаңа дәлелдемелерді зерттеу және бағалау арқылы жаңа фактілерді анықтау құқығы апелляциялық сатының істі мәні бойынша қайта қарайтынын және шешетінін растауға мүмкіндік береді. Осылайша, апелляциялық институт істі мәні бойынша қайта қарауды білдіреді.

Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағым (наразылық) шегінде шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексереді, яғни ол шағымда (наразылықта) баяндалған дәлелдер мен уәждермен байланысты.

Істі толық көлемде тексеру және шағымның (наразылықтың) шегінен шығу тек заңдылық мүддесінде мүмкін болады.

Апелляциялық іс жүргізу сатысында туындайтын азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары сот төрелігін жүзеге асырудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге арналған:

а) қайта қарау кезінде дұрыстығы белгіленген шағымданған және наразылық білдірілген шешімдердің заңдылығы мен негізділігін тану:

б) істі мәні бойынша ішінара немесе толық шешумен сот ісін жүргізуді аяқтау (бірінші сатыдағы сот шешімін өзгерту немесе жаңа шешім шығару) ;

в) оның рұқсатынсыз іс жүргізуді аяқтау, яғни оның тоқтатылуы немесе өтініш қараусыз қалдырылуы;

г) істерді мәні бойынша жаңа қарауға жіберудің бірінші сатыдағы сотының заңсыз шешімдерін жою. Осы қатынастардың сот қаулыларын қайта қараудағы рөлін ескере отырып. бұл апелляциялық сатыдағы өндірістегі негізгі заңды байланыстар ретінде қарастырылуы керек [7] . Процестің бұл кезеңі азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының нақты субъективті құрамымен сипатталады.

Апелляциялық іс жүргізу сатысындағы азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары апелляциялық сатыдағы сот пен апелляциялық іс жүргізудің әрбір қатысушысы арасында туындайды. Облыстық және оған теңестірілген соттар апелляциялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.

1. 3 Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

Заң әдебиеттерінде екінші (кассациялық) сатыдағы соттың өзі тексеретін шешімге немесе ол тексеретін істің салдарына қатысты іс жүргізу құқықтарының (міндеттерінің) жиынтығы ретіндегі өкілеттіктері (мысалы. Л. Ф. Лесницкая, Н. А. Чечини) [21] . Мұндай пікірді жоққа шығармай, апелляциялық соттың құқықтары мен міндеттері сот шешімінің заңдылығы мен дұрыстығын тексерудің салдарымен ғана шектелмейтініне келісу керек.

К. С. Юдельсон екінші сатыдағы соттың өкілеттіктерін екі мағынада түсіну керек деп есептеді:

а) кең мағынада - бірінші сатыдағы соттар шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру ретінде:

б) тар мағынада - тексерудің процедуралық салдары ретінде (шешімнің күшін жою немесе өзгерту. немесе жаңа шешім шығару[8] .

И. М. Зайцев екінші сатыдағы соттың өкілеттіктерін төрт топқа бөлуге болады деп сенді:

1) істерді заңда белгіленген тәртіппен қарау жөніндегі өкілеттіктер. Сот шағымдардың немесе наразылықтардың дұрыс берілуін тексереді, істі сот талқылауына дайындайды және істі сот отырысында қарау бойынша іс-әрекеттер жасайды:

2) бірінші сатыдағы соттың шағымданған немесе наразылық білдірген шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру жөніндегі өкілеттіктер. Осы мақсатта сот шағымдарды (наразылықтарды), істің барлық материалдарын және қосымша ұсынылған материалдарды зерделеуге құқылы және міндетті;

3) бірінші сатыдағы соттың анықталған қателіктерін олардың күшін жою немесе өзгерту, сондай-ақ оларды өз шешімімен ауыстыру жолымен жою жөніндегі өкілеттіктер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өкіл мен сот
Азаматтық іс жүргізудегі адвокат қызметінің құқықтық мәселелері
Азаматтық істерді жүргізудегі өкілдік етуде адвокатураның атқаратын қызметі
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қозғаудың себептері мен негіздері ұғымы
Қазақстан Республикасы органдар жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі
Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы
Прокурорлық қадағалаудың салалары
Тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары
ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰЖАТТАРЫ, МЕРЗІМДЕРІ МЕН СОТ ШЫҒЫНДАРЫ
Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz