Ноғайлы әдебиеті


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

https://o.remove.bg/downloads/c8777a8f-6442-42e6-aaa4-4949a1a7ff4e/image-removebg-preview.png

«Ноғайлы әдебиеті»

Тексерген: Юсуп П. Қ

Орындаған: Келжанова П

Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті

Алматы 2022 ж

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Ноғайлы дәуірінің әдебиетіне тән ерекшеліктер
  • Ноғайлы дәуірінің жыраулары
  • Ноғайлы әдебиеті туралы ұғымның қалыптасу кезеңдері
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер:

Ноғайлы дәуірінің әдебиетін сөз ету үшін ноғайлы ұлысын, оның ыдырауын қай кезеңге жібереміз деген мәселені анықтап алуымыз қажет. Дәуірдің үнін жырмен жеткізген бабалар мұрасы насихаттауға тиісті құндылықтарымыздың бірегейі екені сөзсіз. Өйткені, жыраулық өнерден тамырлы тарихымызды көреміз.

Ноғайлы дәуірінің әдебиетін сөз ету үшін ноғайлы ұлысын, оның ыдырауын қай кезеңге жібереміз деген мәселені анықтап алуымыз қажет. Бұл тарихи құбылыс 1380 жылы Алтын Орданың құлдырау кезеңінде ме, әлде 1406-1419 жылдардағы Тоқтамыс пен Едіге тұсындағы оқиға ма, болмаса, өзбек Әбілқайыр кезінде ме, әлде өзбек-қазақ тайпалары Еділді тастап Сыр бойына көшкен 1496 жылы болды ма деген тарихи мәселелердің кейбір қырлары Қадырғали Жалайри еңбегінде бар. Ноғайлы дәуірінің тарихи шындығын көрсететін бірден-бір жазба мұра - «Жамиғ ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») . Қ. Жалайри жазбасында ноғайлы ұлысының тарихы, әсіресе оның ыдырауынан соңғы кезеңдегі қазақ тайпаларының өмірі сөз болған еді. Онда ноғай мен қазақтардың өзара жауласуы жақсы суреттелген. Автор алдымен Шыңғыс хан әулетінің жойқын соғыстарын суреттеп, артынан Тоқтамыс секілді ноғайлы хандарының тарихына ойысады. Жалайри Орақты қазақ емес, ноғай мырзасы деген. Онда ноғай батыры Орақ пен қыпшақ Қара батырдың соғысы суреттеледі. Қ. Жалайри Сағыз жерінен шыққан Асан қайғыны да ноғай дейді. Ол заманда Сағыз Ноғай ордасына қараған еді:

Асанның асыл түбі ноғай дейді,
Үлкендердің айтуы солай дейді . . .
Ормамбет хан ордадан шыққан күні
Асан ата қайғырып айтыпты жыр.
Бұдан әрі автор 1723 жыл оқиғасына байланысты жыр келтірген. Онда ноғайлының ыдырауы елге зор апат болды, мұндай қиын заман қазақ халқының басына түсіп көрген емес дейтін мұңды ой айтылады:
Жылау, жылау, жылау күй,
Жылаған зарлы мынау күй.
Қазақ пен ноғай айрылды,
Қазақ сыртқа қайрылды.
Ноғайлының ну елі,
Күңіренді, қайғырды.
Қара қыпшақ Қобыланды,
Қара орнынан айрылды.
Ел қанаты қайрылды,
Зор күн туды, зор күндер,
Кетті күлкі мол күндер
Жылау менен қоштасу,
Келер ме қайтып ол күндер,
- деген жолдар соның жарқын бір айғағы.

«Мәселе Орақ батырдың қолынан өлген Қара батырдың қазасында ғана емес, қоныстас, қандас тайпалардың өзара жауласып кетуінде болса керек. «Ай балтасы айлы Орақ, ай балтасы қанды Орақ» қазақ пен өзбек тайпаларына күнде шауып, ел бүлінген еді. Осы ретпен «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази» жырлары туған болса, ноғайлы дәуіріндегі әдебиетте халықтық сарын басым ба, әлде сепаратизм, ру тартысы үстем бе деген сауал туады. Бұл Жалайридың пайымдауы еді.

Ноғайлы дәуірінің көрнекті бір тұлғасы - Қазтуған жырау. Оның:
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,

Жанға сақтау болған жұрт, - деп келетін ноғайлы қонысымен қоштасуы, ел басына түскен ауыртпалықты айту ешбір ақында жоқ. Бұл кезеңдерде туған жырлардың әлеуметтік-философиялық мазмұны үстем жатады. Мәселе сол бүлінушіліктен соң ел тұрмысының құлдырап, күрт төмендеп кетуінде болса керек. «Жарлысы мен байы тең, жабысы мен тайы тең» деген жолдарды солай ғана түсінуге болады.
XV ғасырдың аяқ жағында дүниеге келген Доспамбет жырау поэзиясы да ноғайлы дәуірінен мол хабар береді. Ол көбіне Мамайды жақтайды:

Ару сүйдім, өкінбен,
Бүгін, соңлы өкінбен.
Өкінбестей болғанмын,
Ер Мамайдың алдында
Шаһид кештім, өкінбен! - деген жырдың ноғайлы заманының қайшылығынан туғандығы айқын.
Мұндай дүние қазақта сирек. Жыраудың сөз саптауы халық дәстүрінен алыс емес.
Сере, сере, сере қар,
Асты кілең, үсті-мұз,
Күн-түн жатса, жібімес, - деген жолдар керемет айтылған.
Сөз асылын тере білген Доспамбет айдалада жалғыз қалса да, ноғайлы заманын аңсайды.

Хандық дәуірде туып, дами бастаған жыраулық поэзияның келесі бір шебері - Шалгез (Шалкиіз) . Жайық бойында туған жырауды біз көбіне ноғайлы елінің әкімі Битемір маңынан табамыз.
Ноғайлы әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі және біздің тақырыбымызға тікелей қатысы бар тұлға - Сыпыра жырау. «Қырымның қырық батыры» атадан-балаға ұласып келе жатқаны белгілі және өте көлемді жырлар топтамасының негізін салған Сыпыра жырау болғаны айтылады. Бұл пікірлер негізсіз емес десек те болады. Қыпшақ елінде XІV ғасырда болған араб саяхатшысы Ибн Батута қалдырған жазбалардың бірінде Жайық бойындағы Сарайшық қаласында қарт жырау тұрғанын көрсеткен. Академик Әлкей Марғұланның пікірінше, Сарайшықта тұрған жырау осы Сыпыра жырау болуы керек. Ол өмірінің бірқатарын Маңғыстауда өткізіп, кейін Сарайшыққа қоныс тепкен. Оның өмір сүру дәуірі мен мекеніне қарағанда, ноғайлардың сол Жем мен Жайық, Үстірт пен Маңғыстау маңында болғандығын ескерсек, осы ұлы жырау ноғайлы жырларының негізін салушылардың бірі - Сыпыра жырау болуы әбден ықтимал. «Қырымның қырық батырын» жырлауда өзіндік үлес қосқан жыршыларымыздың қатарында Сыпыра жыраудың орны бөлек. Ол шындығында Ноғайлы ұлысының жырауы емес, Алтын Орда жырауы. Ноғайлы 1391 жылғы Ақсақ Темірдің бірінші жорығынан кейін Едіге ұлысы ретінде пайда болса, сол жылы Сыпыра Тоқтамыс алдында жырлап отырып, өліп кетеді. Ноғайдың «Едіге» жыры осындай дерек ұсынады. Демек, ол Ноғайлы ұлысы тарих есігін ашардан бұрын дүниеден озған. Ендеше, оны ноғайлыға неге телиді? Жоғарыда Ноғайлының Алтын Орданың рухани мұрагері екенін айтқанбыз. Сыпыра жырау өмірі соның бір дәлелі. Әр кезде, әр елде Ноғайлы жырларын, әсіресе «Едіге» дастанын шығарған Сыпыра деген әңгіменің айтылуы тегін емес сияқты. Сыпыра көрген-білген, араласып-қатысқан оқиғасы екенін айғақтағысы келгендей өзі шығарған дастандарға өзін қосалқы кейіпкер ретінде қатыстырып, берген ақыл-кеңестерін жасырмай айтып, жырға енгізіп отырған. Мұны Сыпыраның шығармашылық қолтаңбасы десе де болады. Жалғыз «Едіге» емес, «Айса», «Айса ұлы Ахмет», «Алау батыр», «Әмет батыр» жырларында да осы жай анық аңғарылады. Өзбек хан, Жәнібек хан заманының мемлекеттік тұлғалары - аталмыш батырларды Сыпыра етене жақсы танып, біліп жырына арқау еткен. Сондай-ақ «Құттықия», «Құбығұл» жырларына жыраудың кейіпкер ретінде қатысуы - Сыпыраның өзіндік тұтынымы мен қолтаңба ерекшелігін айғақтап тұр. Тақырыпты алғашқы зерттеушілердің бірі Ханғали Сүйіншәлиев «Ер Сайын», «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларын эпос қып жырлаған Сыпыра деп біледі.

Қазақ халқы әр түрлі тайпалық одақтар мен ұлыстардың құрамында болған бір тектес түрік руларынан құралды. Осындай тілі ортақ, әдет, салты ортақ рулардың бір тобы қазақтарға Ноғай Ордасынан қосылды.

Ноғай аталған халықтың негізін монғол жаулаушыларының құрамында болған рулар қалыптастырған. Олар жергілікті қыпшақ тектес елдермен араласып, уақыт өте келе жеке халық ретінде дүниеге келген.

Ноғай Ордасы ХІІІ ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. «Ноғай», «ноғайлықтар», «Ноғай Ордасы» деген терминдер алғаш рет ХVІ ғасырдың басында ғана пайда болды. Ноғайлықтар өздерін маңғыт деп, ал өз ұлысын - «Маңғыт жұрты» деп атаған. Оларды көрші халықтар осы атымен білген.

ХІІІ ғасырдың екінші жартысында маңғыттар Алтын Орданың уақытша билеушісі түмен басы Ноғай иелігінің құрамына кіреді. Осыдан барып «Ноғай Ордасы» ұғымы шыққан [1, 188-189 бб. ] .

ХVІ ғасырдың екінші жартысында Қазан және Астрахань хандықтарының Ресейге қосылғанынан кейін, Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырады, оның ыдырау үрдісінде халықтың бір бөлегі қазақтың Кіші жүзінің құрамына енді. Ноғайлар мен қазақтар аралас-құралас отыра берген. Өзара туыс екі Орда - ноғайлар мен қазақтардың бірге көшіп жүрген уағын «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» алтын заман ретінде бағалайды Шоқан.

Қазақстан Ғылым Академиясы орталық кітапханасының қолжазба қорындағы «Мұрын жыраудың өмірбаяны және қысқа өлеңдері. Көкше батыр» қолжазбасында мынадай мәлімет беріледі: «Ноғайдың әуелі келіп жайлаған жері Әз Жәнібек ханның Астраханнан келіп орын алуы мен ноғайлар да осылай қарай өте бастады. Әз Жәнібектен бұрын бұның алдын қалмақ иеленіп қалып бермеген, сонан ноғайдың ерлері қалмақты бостырған.

Ноғайдың тарауы үшке бөлінеді:

1) Қарақыпшақ ноғай, оларға: Қобыланды батыр жатады.

2) Қырымды ноғайға жататын: Ер Көкше, Ер Қосай, Айсанның ұлы Ахмет, Ақжонас ұлы Ер Кеңес, Асанғайғы, Ер Абат, Қарға бойлы Қазтуған, Нәрік ұлы Шора, Шынтас ұлы Төрехан т. т.

3) Шер куртты ноғайға жататындар: Алатайлы Аңшыбайдың тұқымы Мұраттың маған айтуы осы» [2, 3 б. ] .

Жалпы ноғай Ордасының Қазақ хандықтарының қалыптасуына үлкен әсері болған. Қарақалпақ халқы да осы Орданың құрамына кірген халықтар негізінде пайда болды. Бүгінгі таңда Солтүстік Кавказда осы орда құрамына кірген құмық, балқар, қарашай халықтары тұрады.

Бұл күнде бұрын ноғайлы әдебиеті делініп келген туындылардың көпшілігі қазақ әдебиетінің қорында сақталып, оның төл туындыларына айналып кеткен. Мысалы, «Ер Төстік», «Жиренше шешен», «Алдар Көсе» т. б. ертегі, аңыздар мен «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Едіге», «Қырымның қырық батыры», «Ер Жабай», «Ер Шора», «Орақ-Мамай» сияқты эпостық жырлар - сол ноғайлы заманының мұралары.

Ноғайлы дәуірі әдебиеті туралы алғашқылардың бірі болып Шоқан Уәлиханов ХІХ ғ. сөз еткен еді. Ол өзінің еңбектерінде қазақтың батырлық эпосы Ноғай ордасы заманында туған деп тұжырымдайды [3, 138 б. ] Ол Торғай даласынан «Ер Көкше», «Едіге», «Орақ» жырларын жазып алады.

Кейіннен Сәкен Сейфуллин осындай жағдайларды ескере келіп, эпикалық аңыздауларға «Ноғайлы дәуірінің туындылары» деп сипаттама берген [4, 138 б. ] .

Қазақтағы батырлар жырының дені «Ноғайлы дәуірінде туды» дей келе, пікірін дәлелдеу үшін сол дәуір жайында тарихи деректер келтіреді. Сонымен қатар жырлардың Ноғайлы дәуірінде туғандығын көрсету үшін бірнеше жырдан («Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қамбар батыр», «Ер Сайын», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Жабай батыр» т. б. ) сөзіне дәлел ретінде үзінділер алады. Сәкен еңбегінде қазақта эпостық жырлар тек «Ноғайлы дәуірінде» туған деген пікір баса айтылады [5, 161 б. ] .

Ноғайлы әдебиеті туралы пікір айтқан тағы бір ғалымымыз Қ. Жұмалиев қазақ эпостарының жасалыну жолдарын ХІV-ХVІ ғасырлардағы Алтын Орда дәуірімен байланыстырған Шоқан Уәлиханов пікіріне сүйенеді. Оның: «Қазақ, қырғыз, өзбек, ноғайдың ауыз әдебиеттерінің бір түрі батырлар туралы жырлар. Бұл жырлардың көбі Алтын Орда дәуірінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда бұл жырлар ХІІІ ғасырдың ақырында, ХV-ХVІ ғасырларда жасалған сияқты» [5, 10-11 бб. ], - деген пікірін дәлелге келтіреді.

Ноғайлы дәуірі, сол дәуір әдебиеті жайлы пікір білдіргендердің бірі - Е. Ысмайылов. Оның 1939 ж. жазған «Батырлар жыры туралы» деген мақаласы көлемі жағынан ықшам болғанымен едәуір келелі ой түйген зерттеу деп бағаланған.

«Қазақтың жалпы батырлар жырын алғанда өзінің шыққан заманына, тарихи дәуіріне қарай бірнеше салаға бөлуге болады, - дейді ол, - ХІV ғасырға дейінгі болған қаңлы-қыпшақ заманының батырлар жыры: Ертөстік, Құламерген, Аралхан, Көрұғлы, Бозұғлан, Алпамыс т. б.

ХІV-ХVІ ғасырлардағы ноғайлы заманының жырлары: Едіге, Қобыланды, Орақ-Мамай, Шора, Ер Тарғын; ЕрКөкше, Қамбар, Бөген батыр, Ер Сайын т. б.

ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы қазақ-қалмақ арасының қарым-қатынасына байланысты батырлар жыры: Есім хан, Қабанбай, Олжабай, Бөгенбай, Арқалық, Алатай, Қаратай т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Ноғайлы дәуіріндегі жырлардың тілдік ерекшеліктері
Қырымның қырық батыры жыры және Мұрын жырау
Сыпыра жырау туралы
«Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің зерттелуі, тарихи орны
Сырдария бойындағы шаруашылық, мәдениет орталығы болған маңызды қалалар үшін күрес
Сыпыра жырау өмірі мен шығармашылығы
Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық мені арқылы танимыз
Халқымыздың ұлы ұландары жыраулар шығармашылығында
ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz