Қазақ тілінің сөздік құрамы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары

Тексерген: Нуржанова Б.Н
Орындаған: Келжанова П
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті

Алматы 2022 ж

Жоспар:

I. Кіріспе
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары

II. Негізгі бөлім
- Өзге тілден енген сөздер
- Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
- Лексикография

III.Қорытынды бөлім:

IV. Пайдаланған әдебиеттер:

Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары

Қазақ тілінің сөздік құрамы. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс - жағдайын, күнкөріс - тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәдени тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз. Алайда, тілдегі сөздердің барлығы бірдей осы тілде сөйлейтіндерге түп - түгел таныс болмауы мүмкін. Кейбіреуі танымал болғанымен, енді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап емес.
Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жиілігіне қарай актив және пассив сөздер деп екіге бөлінеді.
Актив сөздер - күн сайын жиі қолданылатын сөздер.
Пассив сөздер - сирек пайдаланылатын, мән - мағынасын түсінгенімен, күн сайын қолданылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге, көбінесе, ғылыми - техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады.
Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры. Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, неізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді.
Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады.
1) Негізгі сөздік қорға тән басты белгі - тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді. Оған неғұрлым кейін пайда болып, жалпыхалықтық сипат алған, қазақтың байырғы сөздері, кейбір кірме сөздер де кіреді.
2) Негізгі сөздік қорға тән екінші басты белгі - оның сөз тудыруға ұйытқы болатындығы.
3) Негізгі сөздік қордың үшінші басты белгісі - оның жалпыхалықтық сипатында. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қоймайды, оны күнделікті өмірінде үнемі қоданып отырады.
4) Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес.
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасы мынадай жәйіттерден нақты көрінеді.
1) Негізгі сөздік қор мен сөздік құрам бір - бірін толықтырып, жаңартып отырады. Тіл дамуының бір кезеңіндегі негізгі сөздік қорға енген сөздер, онығ екінші бір кезеңінде сөздік құрамға ауысады. Мысалы: шидем, асадал, қорамсақ, кит кию, отқа салар, малай, дүре т.б сөздер бір кезде халық өмірінде аса қажет ұғымдарды білдіріп, негізгі сөздік қорда болса, жаңа заманда ол ұғымдардың ескіріп, қолданылмауына байланысты сөздік құрамға ауысып, оның пассив қабатынан орын алады. Керісінше, сөздік құрамдағы электр, радио, телефон, фирма, бригада, вокзал т.б сөздер тілге кейін енгеніне қарамастан, жалпыхалықтық сипат алып, негізгі сөздік қорға ауысып отыр.
2) Негізгі сөздік қордың сөз тудыруға ұйытқы болатын қасиетінің арқасында сөздік құрам үнемі жетіліп, толығып отырады. Негізгі сөздік қор сөзжасам тәсілдері арқылы тілдің бүкіл лексикалық жүйесінің даму бағытын анықтап, ірдайым сабақтастырып, байланыстырып отырады.
Қазақтың байырғы төл сөздері. Төл сөздер тек қазақ тіліне тән және түркі халықтарына ортақ сөздерден тұрады. Түркі тілдеріне ортақ сөздердің көпшілігі қазақ тілінің де төл сөзі болып келеді. Мысалы: бас, су, тіл, аяқ (зат есім), сары, жаман, жақсы (сын есім), бір, екі, үш (сан есім), кел,кет, отыр (етістік), сен, сен, ол (есімдік)т.б. Түркі тілдеріне ортақ сөздердің қазақтың өз сөздерінен ешқандай айырмашылығы білінбейді. Тек кейбір сөздерде ғана фонетикалық өзгерістерге ұшырағаны немесе көне пішінін сақтағаны білінуі мүмкін.
Ә.Болғанбаев пен Ғ.Қалиевтің көрсетуінше, байырғы төл сөздер дегеніміз - халқымыздың өмір тіршілігі, тұрмысы, шаруашылығы, мәдениеті, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жапыхалықтық сипат алған сөздер.
Қазіргі қазақ төл сөздерінің жасалу жолдары 4 түрге бөлінеді: 1.Лексика - семантикалық, 2.Фонетикалық, 3. Синтетикалық, 4. Аналитикалық.
1) Лексика - семантикалық тәсіл арқылы сөз жасау жолдары сөздердің сан жағынан емес, спа жағынан баюын көрсетеді.
2) Фонтикалық жолмен жасалған сөздер әуелі дыбыстардың алмасуы, қосылып айтылуы және түсіріліп айтылуы арқылы вариантты сөз ретінде қолданыла келе жеке - жеке мағынаға ие болу арқылы қалыптасады. Мысалы: өкімет( власть ) - үкімет (правительство) болып тілімізде қолданылуы дыбыстардың (Ө-Ү) алмасуы арқылы пайда болған.
3) Синтетикалық тәсіл. Синтетикалық сөз жасау тәсілі 3 түрлі жолмен жасалады.
o Қазақтың төл сөздеріне, осы тілдің өз қосымшалары жалғану арқылы жасалған сөздер. Мысалы: сүзбе, сыпырғы, бірік, қысқы, қатынас, шегеле т.б
o Басқа тілден енген сөздерге қазақтың төл қосымшалары жалғану арқылы жасалған сөздер. Мысалы: Иран тілдерінен енген дос, гүл, шәкірт сөздері қазақ тіл қосымшалары қосылып достық, гүлден, шәкірттік сөздері жасалған. Араб тілінің ауқат, қаһарман сөздерінен ауқатты, қаһармандық т.б жаңа төл сөз жасалған. Орыс тілі арқылы енген сөздерден партиялық, спортшы, бетондау т.б сөздер жасалады.
o Қазақтың төл сөзіне басқа тілден енген қосымшалар жалғанып та сөздер жасалады. Мысалы: іскер, тыңгер, әсемпаз, түйекеш т.б.
4) Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздер. Күрделі сөздер негізінен бірігу, қосарлану, тіркесу жолдарымен жасалады.
o Бірігу арқылы жасалған сөздерге қолғап, әжептәуір, сексен, әкет, өйткені, анағұрлым т.б. жатады.
o Қос сөздерге аяқ - табақ, құрбы - құрдас, үлкен - кішілі, у-шу, қысы - жазы, күні - түні т.б.
o Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сөздер. Мысалы: аяқ киім, кәрі жілік, ат жақты, көк ала, он бес, бауыр басу т.б [1.56-60бет ]

Өзге тілден енген сөздер
Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер, әрбір тілдің лексикасында да бар. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деуге болады. Ағылшын тілі лексикасында ағылшындық төл сөздер 30% шамасында ғана, ал өзгелері басқа тілдерден енген. Болгар тілінде түрік тілінен енген сөздердің саны өте көп. Мәселенің осы жағынан ескерте келіп, көрнекті тюрколог Н.К.Дмитриев: Болгар сөздігі мен тілінің қалыптасып жасалуында түрік тілінің атқарған қызметі роман тілдері элементтерінің ағылшын тілінің жасалуында атқарған қызметінен кем емес, - деп жазды.
Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың халықтардың тілдерінде орыс тілінен енген көптеген сөз бар.Орыс тілінен түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне, ертеректе еніп қалыптасқан сөздердің сінісіп кеткені соншалық, олардың басқа тілдік сөздер екені бірден аңғарылмайды да. Мысалы: доға, қамыт, бишік, жәшік, самауыр, бәтеңке, сәтен, барқыт.
Осы сияқты түркі тілдерінен де орыс тіліне бірсыпыра сөздер ауысқан. Мысалы: арба, арбуз, арык, бай, балык, барыш, буран, деньги, изюм, камыш.
Қазақ тілінде орыс тілінен енген одеколон, араб тілінен енген табиғат деген сөздердің білдіретін ұғымы қазақтың иіссу, жаратылыс деген төл сөздерінің ұғымынан басқаша емес. Километр - шақырым, доктор - дәрігер, шекер - қант, қайрат - күш тәрізді синонимдік қатарлар жайында да осыны айту қажет. Бұл синонимдік қатарлардың да алдыңғы сыңарлары - басқа тілдік сөздер.
Шығу төркіні жағынан алып қарағанда, сөздердің тілден тілге ауысыуының тікелей ауысу және жанама түрде ауысу деп аталатын екі түрі болады. Бірінші тәсіл бойынша белгілі бір сөздер бір тілден екінші тілге тікелей енеді де, екінші тәсіл бойынша кейбір сөздер бір тілден екінші тілге тікелей тікелей емес, басқа бір тіл арқылы енеді. Мысалы: қазақ тіліне көшір, түрме деген сөздер орыс тілінен енген. Ал бұларды шығу тегі жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінің сөздік құрамы
Табу және эвфемизмдер жайлы
Кірме сөздер
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Сөз және мағына
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Араб тілінен енген діни сөздердің лексикасы
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Пәндер