Омыртқа жотасының қисаюы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

№ 4 Хромтау орта мектебі

Секция: Биология

Тақырыбы: «Омыртқа жотасының қисаюы »

Орындаған: № 4 Хромтау орта мектебінің 2 класс оқушысы

Бисенғали Арынғазы

Жетекшісі: № 4 Хромтау орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

Қайырбаева Г. Б.

Хромтау - 2022

Хромтау орта мектебінің 2 класс оқушысы Бисенғали Арынғазының

Омыртқа жотасының қисаюы”

атты ғылыми жобасына

ПІКІР

Қазір медицинаның дамып, баланың оқып, білім алуына барынша жағдай жасалған заман. Дегенмен, оқушылар арасында сколиоз, яғни омыртқа жотасының қисаюы - әлі де болса кең таралған аурулардың бірі. Ғаламтор, ұялы телефон, отырып өмір сүру үрдісі, аз қимылдау, тез, зиянды және жүре тамақтану - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болса, осының бәрі балалардың омыртқа жүйесіне кері әсерін тигізіп жатырғаны сөзсіз. Осы себептен де бұл ғылыми жобаның өзектілігі дау тудырмайды.

Омыртқа жотасының қисаюы туралы жазылған бұл еңбек - талапты жастың таным тамырында алған өз білімімен зерттеуге, тақырыпты тереңірек білуге алғашқы қадам жасауы. Бұрыннан белгілі фактілерді зерттеп, оны өзінің күнделікті өмірі мен мектебіндегі байқаған-білген танымымен ұштастырып, оны ғылыми тұрғыдан әдістер қолдану арқылы негіздеген А. Бисенғали өзекті мәселеге өз шешімдері мен ұсынымдарын беріп отыр.

Осылайша, бала оқушылар арасында омыртқа жотасының қисаюына назар аударып, зерттеу барысында оқушылар арасындағы сколиоз ауруының пайда болуының басты үш себебіне көз жеткізген. Өз зерттеу жұмысында орынды талдаулар жасап, оларды нақты мысалдармен тұжырымдай білген.

Жас зерттеуші жүргізген талдаулар мен сараптаулардың, салыстырулардың көрсеткеніндей, омыртқа жотасының қисаюы мен оның себептерін анықтау - аса маңызды және өзекті мәселе. Бұл мәселе ден қою мен шешім жолдарын іздестіруге, осы арқылы дені сау жас ұрпақ, салауатты ұлт қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл тұрғыда жас ғалым өздігімен ізденіп, жақсы еңбек еткен.

Бұл ғылыми жобаны зерделей келе, Бисенғали Арынғазының зерттеу жұмысы талапқа сай орындалған, мазмұнды және заманауи, қажетті еңбек деп есептейміз.

Хромтау орта мектебінің

2-класс оқушысы

Бисенғали Арынғазы

Омыртқа жотасының қисаюы

атты ғылыми жобаға

Пікір

Бүгінгі күні оқушылардың оқып, білім алуына барлық мүмкіндіктер қарастырылғанына қарамастан, балаларды сколиоз қаупі айналып өтпей тұр. Омыртқа жотасының қисаюы туралы жазылған бұл еңбек - зерттеу еңбек жазып жүрген ізденушілер үшін соншалық үлкен жаңалық болып көрінбеуі мүмкін. Алайда, талапты жастың таным тамырында алған білімі өз әсерін беріп, зерттеуге қадам жасауы қуантады.

А. Бисенғали зерттеуші оқушылар арасында омыртқа жотасының қисаюына назар аударады. Зерттеу барысында оқушылар арасындағы сколиоз ауруының пайда болуының басты үш себебіне көз жеткізіп, негізді талдаулар жасаған, нақты мысалдар келтіріп, тұжырымдаған.

Жалпы теория тұрғысынан талдау жасауға көп зерттеушілердің батылы бара бермейді. Осындай күрделі тақырыпқа оқушы батылы барып, өз пайымдауларын орнықты жеткізуге тырысқан. Жас зерттеуші жүргізілген талдаулар мен сараптауларымен, салыстыруларымен омыртқа жотасының қисаюы мен оның себептерін анықтауда жақсы еңбек еткен.

Жетекшісі: № 4 Хромтау орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

Қайырбаева Г. Б.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I Омыртқа жотасы және оның құрылысы . . . 5

II Омыртқа жотасының қисаю себептерін анықтау. Сколиоз . . . 9

2. 1 Партаға дұрыс отырмау - омыртқа жотасының қисаюының

бірден бір себебі . . . 11

Аңдатпа

Жұмыс кіріспе, ғылыми зерттеу, қорытынды, ұсыныс бөлімдерінен тұрады. Берілген жұмыста диаграммалар, суреттері, қосымшалары бар.

Жалпы бұл жұмыстың мақсаты: Оқушылар арасында омыртқа жотасының қисаю себептерін анықтау және алдын алудың жолдарын іздестіру, ұсыну.

Жұмыстың кіріспе бөлімінде омыртқа жотасы және оның құрылысы туралы толық мәлімет берілген.

Зерттеу жұмысында мектеп жасындағы балалардың қисық омыртқа ауруы келешекте көптеген түрлі аурулардың себебі болатындығы туралы және нақты мысалдар келтіре отырып, оның алдын алу жолдарына тоқталады.

Шығармашылық ізденіс жұмысы жүргізілген талдаулар мен сараптаулардың, салыстырулардың көрсеткеніндей омыртқа жотасының қисаюы мен оның себептерін анықтаған. Сондай-ақ, сколиоздың алдын алуға болатынына көз жеткізген.

Ұсыныстар беріліп, қорытынды жазылған.

Аннотация

Работа состоит из разделов введение, научное исследование, заключение, рекомендация. В данной работе имеются таблицы, рисунки, приложения.

Цель данной работы: выявление и поиск путей профилактики искривления позвоночника среди учащихся, представление предложений. Во вводной части работы подробно и в полном объеме рассказывается о позвоночнике и его строении.

В исследовательской работе рассказывается о том, как болезнь искривленного позвоночника у детей школьного возраста в будущем может стать причиной многих различных заболеваний, и останавливается на способах ее профилактики, приводя конкретные примеры. Творческая исследовательская работа показала результаты проведенных анализов и экспертиз, сравнений, выявила причины искривления позвоночника и его причины. Также убедился, что Сколиоз можно предотвратить.

Даны рекомендации и изложены выводы.

Abstract

In this work there are tables, figures, appendices. The work consists of sections introduction, scientific research, conclusion, recommendation.

The purpose of this work: identification and search for ways to prevent spinal curvature among students, presentation. The introductory part of the work tells about the spine and its structure, details are provided.

The research paper describes how the disease of the curved spine in school-age children will cause many different diseases in the future, and focuses on ways to prevent it, giving specific examples. Creative search work showed the results of analyses and examinations, comparisons, revealed the causes of spinal curvature and its causes. I also made sure that Scoliosis can be prevented.

Recommendations are given and conclusions are presented

Зерттеудің мақсаты: Оқушылар арасында омыртқа жотасының қисаю себептерін анықтау және алдын алудың жолдарын іздестіру, ұсыну.

Болжам: Егер әрбір оқушы өз омыртқаларының сау болуына назар аударып менің ұсынған жаттығуларым мен кеңестерімді назарына алса, онда әрқайсысы салауатты өмір сүріп, біздің табысты болашағымыздың негізі саналатын ұлт денсаулығы артар еді.

Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезеңде тақырып таңдалып, өзектілігі мен маңыздылығы айқындалып, зерттеудің мақсат-міндеттері анықталды. Зерттеуге қатысы қажетті әдебиеттер іріктелінді. Зерттеу барысында омыртқа жотасының қисаю себептері анықталып және алдын алудың жолдары ұсынылды. Екінші кезеңде жинақталған деректердің негізінде зерттеудің ғылыми негіздемесі жасалынды. Қорғауға ұсынылатын тұжырымдамалар мен жұмыстың ғылыми жаңалығы айқындалды.

Зерттеудің әдістері: Зерттеудің барысында ізденіс, сауалнама, валеологиялық талдау, сараптау әдістері пайдаланылды.

Жұмыстың жаңалығы: Әрбір оқушы бала жастан өз омыртқасын күтіп, жай-күйін анықтап отырса, сколиоздың алдын алуға болатынына көз жеткізу. Кең етек алып бара жатырған сколиоз ауруы оқушылар арасынан ығыстыру.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе

Әлемдік өркениетке Қазақстан Республикасының, демократиялық дәстүрге өту жағдайында, рухани - адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастыра дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене келбетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс кызметiне тiкелей керi әсер етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы, жалпы орта мектептеріндегі оқушылардың денсаулықтарының өте төменгi деңгейде болуы.
Жалпы, адам баласының дене қозғалысының сымбатты да түзу болуы оның денсаулығын білдіреді. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану барысында қалыптасады. Мүсіннің дұрыс болуы бала денсаулығы үшін өте маңызды. Мүсін - тыныш тұрған немесе жүрген адамның табиғи қалпы. Қалыпты мүсін бас пен омыртқаның тік тұруымен, бөксенің симметриялық жағдайымен, аяқтардың теңдей ұзындығымен, табандардың дұрыс тұруымен сипатталады. Мүсін бұзылса, тыныс алу жүйесі мен ішкі ағзалардың қызметі де бұзылады.

Мүсіннің бұзылуы соңғы жылдары етек алып барады. Бұл әр қилы жастағы балаларды профилактикалық тексеру барысында анықталған жайт. Тексеру кезінде сондай-ақ мектеп оқушылары өскен сайын тірек-қимыл аппаратының өзгерістері жиілей түсетіндігі анықталды.
Дене тәрбиесімен айналысу омыртқа жотасының қисаюы, бүкірлік, жалпақ табандылық секілді мүсін кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді. Жаттығулардың көмегімен бұлшық еттің әлсіздігін, көкіректің қабысқанын, иықтың қушықтығын қалпына келтіруге болады.

Сымбаттың қалыптасуы жүре пайда болады. Бұл процесс балалық, тіпті сәбилік кезеңнен баланың дұрыс қимылдар жасауын, дұрыс отырып тұруын, жүріс-тұрысын үнемі бақылауға байланысты қалыптасады. Бүгінгі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Зерттеу жұмысы осы мәселені ашуға бағытталған.

3

Зерттеудің өзектілігі: Мектеп жасындағы балалардың арасында кең тараған аурулардың бірі - ол омыртқа жотасының аурулары. Бүгінде әрбір үшінші оқушы омыртқа ауруына шалдыққан. Өкінішке орай, балалардың көпшілігі омыртқаларының қисайғандығын байқамайды. Және қисық омыртқа келешекте көптеген түрлі аурулардың себебі болатындығы туралы тіпті білмейді. Халық денсаулығын ұлт байлығына теңеп отырған бүгінгі таңда жасампаз еліміздің ертеңгі иелерінің денсаулығы назардан тыс қалмауы тиіс.

Зерттеудің мақсаты: Оқушылар арасында омыртқа жотасының қисаю себептерін анықтау және алдын алудың жолдарын іздестіру, ұсыну.

Осы мақсатқа жету үшін төменгідей міндеттер орындалды:

1. Омыртқа жотасы және оның атқаратын қызметі туралы таныстыру;

2. Омыртқа жотасының қисаюы тұлғаның бұзылуына әкеліп соғып, басқа да көптеген аурулардың себебі болатындығын түсіндіру;

3. Оқушы сөмкесінің артық салмағы мен оқушы бойына сай келмейтін партаның омыртқа жүйесінің қисаюына әкеліп соғатынына көпшіліктің көзін жеткізу.

Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезеңде тақырып таңдалып, өзектілігі мен маңыздылығы айқындалып, зерттеудің мақсат-міндеттері анықталды. Зерттеуге қатысы қажетті әдебиеттер іріктелінді. Зерттеу барысында омыртқа жотасының қисаю себептері анықталып және алдын алудың жолдары ұсынылды. Екінші кезеңде жинақталған деректердің негізінде зерттеудің ғылыми негіздемесі жасалынды. Қорғауға ұсынылатын тұжырымдамалар мен жұмыстың ғылыми жаңалығы айқындалды.

Зерттеудің әдістері: Зерттеудің барысында ізденіс, сауалнама, валеологиялық талдау, сараптау әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жаңалығы: Әрбір оқушы бала жастан өз омыртқасын күтіп, жай-күйін анықтап отырса, сколиоздың алдын алуға болатынына көз жеткізу. Кең етек алып бара жатырған сколиоз ауруы оқушылар арасынан ығыстыру.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

4

I Омыртқа жотасы және оның құрылысы

«Халық денсаулығы - ұлт байлығы» дейді. Ал адам денсаулығында омыртқаның алатын орны ерекше. Ол қаңқаның бағанасы болып табылады. Омыртқа өзара байланысқан қозғалмалы 33-34 омыртқадан түзілген. Оның 24-і жеке, ал қалғаны біріккен немесе жалған омыртқалар болып саналады. Жеке жатқан омыртқалар өзара омыртқааралық шеміршектер, буындар және сіңір байламдары арқылы жалғасқан. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері де болады. Жалған омыртқаларға өзара бірігіп кеткен сегізкөз және құйымшақ омыртқалары жатады. 9 Омыртқа жотасы орналасу жағдайлаына қарай бес бөлікке жіктеледі:

мойын бөлігі -7, көкірек бөлігі -12

бел бөлігі- 5, сегізкөз -5

құйымшақ бөлімі -4-5 омыртқалардан түзілген. Сегізкөз және құйымшақ бөліктерінің омыртқалары бірігіп әрқайсысы өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін түзейді. 1

5

Жеке омыртқа саны 24, әрбір жеке омыртқаның алдыңғы толық келген жерін омыртқа денесі, артқы жағынан омыртқа тесігін қоршай жатқан бөлігін доғасы, ал доғасынан айнала шығыңқы жерлерін өсінділері, олардың артқа қарап жатқан тақ өсінділерін бүйір өсінділері дейді. Бұлардан басқа омыртқалар аралығын буындастырып жатқан жоғары және төменгі буын өскінділері бар. Олар да тақ болып келеді. Омыртқа тесіктері бір-бірімен бірігіп жұлын жататын омыртқа каналын түзейді. Омыртқа каналы мен омыртқа дөңесінің қосылар жерінде төменгі және жоғарғы ойындылары болады. Бұл ойындылар омыртқалардың байланыс нәтижесінде омыртқа аралық тесіктер түзейді. Бұл тесіктерден жұлын жүйелері мен қан тамырлары өтеді.

1. Мойын омыртқалары.

Мойын омыртқаларының жалпы көлемі кішкентай, арқа өсінділері қысқа, ұштары екі айрлы келеді. Көлденең өсінділерінің негізінде тесік болады. Олар арқылы омыртқа артериясы миға өтеді. Осы ерекшеліктері арқылы мойын омыртқаларын басқа омыртқалардан ажыратуға болады.

ІV мойын омыртқаның көлденең өсінділерінің алдыңғы жағындағы бұдырын ұйқы төмпегі дейді. Оған жанаса ұықы артериясы миға өтеді. Егер қанды тоқтату керек болса, төмектің тұсынан тамырды басып қанды тоқтатуға болады. Мойын омыртқаларының басқа омыртқаларға қарағанда қозғалу жағдайы молырақ келеді. Жұлын тесігі кең, пішіні үшбұрышты.

Мойын омыртқаларының ішінде І және ІІ омыртқаларды құрылысы ерекше. Сол себептен І мойын омыртқаны ерекше атпен атлант, ал ІІ мойын омыртқаны эпистрофей дейді. І мойын омыртқаның тесігі үлкен болғандықтан ауыз омыртқа деп те атайды. Ауыз омыртқаның арқа өсіндісі мен денесі болмайды. Оның орнына алдыңғы, артқы доғасы және бүйір бөліктері болады. Бұл омыртқаның денесі ұрықтың дамукезеңінде ІІ мойын омыртқаға көшіп тіс тәрізді өсіндісін түзейді. І мойын омыртқаның ІІ омыртқамен және шүйде сүйегімен байланысатын бірнеше буын беттері болады. Жоғары жағында кебіс тәрізді буын ойысы шүйде сүйегімен, төменгі жағындағы буын беті ІІ мойын омыртқамен жалғасады. Ал, атланттың алдыңғы доғасының іш жағындағы буын беті ІІ мойын омыртқаның тіс тәрізді өсіндісімен айналмалы қозғалысқа келіп отырады.

6

Осы буынды байланыстар арқасында басты оңға-солға бұруға, алға-артқа июге болады.

ІІ мойын омыртқаның ерекшелігі болып саналатын тіс тәрізді өсіндісі, оның үстінгі екі бүйір бөліміндегі буын беті үстіңгі омыртқамен, астыңғы жағындағы жатқан буын беті астыңғы омыртқамен жалғасады. Бұның арқа өсіндісі қысқа, екі айрылы келеді.

VІІ мойын омыртқаның арқа өсіндісі өте ұзын, сол себепті оны «шығыңқы»омыртқа деп те атайды. Бұл өсіндісін мойынның арт жағынан ұстап тері астын байқауға болады. Сол себептен осы омыртқадан төмен қарай санау жүргізіледі.

2. Көкірек омыртқалары

Мойын омыртқалаоына қарағанда ірілеу жетілген. Олардың әрқайсыларына келіп қабырғалар тіркеледі. Сол себептен көлденең өсіндісі мен денесінде буын беттері болады. Көлденең өсіндісіндегі буын беті алдыңғы жағында жатады.

Дене бөлігіндегі жартылай буын ойыстары омыртқа жотасын түзе келгенде бір-бірімен қосылып, бүтін буын ойысын түзеді. Осы екі омыртқа денесінің қосылысынан пайда болған ойысқа қабырға басы кірігіп орналасады. Сонымен бір қабырға басы көрші жатқан екі омыртқа денесімен буындасады.

І-ХІ-ХІІ омыртқалар денесінде бүтін ойыстары болғандықтан оларға өз қабырғалары тікелей келіп байланысады. Осы ерекшеліктерімен бірге тағы бір айта кететін жағдай бұл омыртқалардың арқа өсінділері ұзын әрі сәл төмен қарай бағыт алған. Осының нәтижесінде көкірек омыртқаларының қимылы басқа омыртқаларға қарағанда аздау келеді.

3. Бел омыртқалар

Бел омыртқалар бесеу. Дене салмағының көбірек түсуіне байланысты жоғары жатқан омыртқаларға қарағанда күшті жетілген. Әсіресе, ең соңғы V омыртқа ірілеу. Көлденең өсінділері қабырға қалығының болуына байланысты ұзындау келген. Арқа өсінділері жалпақ, тіке артқа қарап, бір-біріне параллель жатады. Сол себептен адамның бел бөлігі басқа бөліктерге қарағанда қозғалғыш келеді.

7

4. Сегізкөз сүйегі

Сегізкөз сүйегі сегізкөз омыртқаларының біргуінен пайда болған. Сырт пішіні үшбұрышты келеді. Жоғарғы жағы кеңейіп, V бел омыртқасымен төменгі жағы сүйірленіп құйымшақ омыртқаларына байланысады. Бүйір бөліктерінде екі жамбас сүйектерімен буындасатын құлақ қалқаны тәрізді буын беті болады. Сегізкөз ішіндегі каналымен алдыңғы және артқы беттерінде нервтер мен қан тамырлары өтетін тесіктері болады. Сондықтан да бұл сүйекті сегізкөз деп атайды.

5. Құйымшақ.

Құйымшақ омыртқаларының өсінділері жойылып, омыртқа денесі ғана сақталған 4-5 қалдық омыртқалардың бірігуі нәтижесінде пайда болған. 9

8

II Омыртқа жотасының қисаю себептерін анықтау. Сколиоз.

Осы омыртқа жотасының алға, оңға немесе солға қарай қисаюын яғни тұлғаның бұзылуын медицинады сколиоз дейді. Бұл аурумен көбіне мектеп оқушылары ауырады. Сколиоз пайда болған соң сымбаттылық та бұзылады.

Омыртқаның күйі денсаулық үшін өте маңызды. Ол оңай түсіндіріледі. Омыртқа жотасының ішінде орналасқан жұлын қимыл және сезім жүйкелерінің орталығы болып табылады. Олар омыртқа аралық саңылаулары арқылы бүкіл денеге таралады. Омыртқаның зақымдануы осы жүйкелермен басқарылатын дене мүшелерінің қызметін бұзуы мүмкін. 8

Қазіргі медицинаның дамып, баланың оқып білім алуына жағдай жасалған заманда да оқушылардан сколиоз қаупі айналып өтпей тұр.

-Басты себебі неде?

-Біздің оқушыларымызға қаншалықты сколиоз қаупі төніп тұр?

-Сколиоздың алдын алудың қандай жолдары бар?

  1. Партаның оқушылардың дене пропорциясына сай келмеуі

Мектеп парталары - сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Еліміздегі қазіргі мектептерде көптеген парталардың түрлері пайдаланылады. Парталардың негізі ағаштан пен металдан жасалған. Парта екі бөлімнен тұрады: партаның үстелі жөне отырғышы. Оның бөлшектері оқушы денесінің пропорциясына негізделген. 3 Тәжірибе барысында біз осы парталардың біздің оқушыларымыздың дене пропорциясына сай келе ме, жоқ па соны анықтадық. Ол үшін оқушыларды партаға түзу отырғызып, қолдарын бірінің үстіне бірін қоюын өтіндік. Сонан соң оқушыдан қолын көтеріп, саусағын көздің ішкі бұрышына әкелуін сұрадық. Егер солай қойылған қол партаның шеті мен баланың көзінің ортасында еркін тұрса, партаның оқушы бойына сай келгені. Ал, егер қол көзден жоғары тұрса, парта жоғары болғаны. Ал, төмен тұрса-парта төмен болғаны.

Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген тәжірибе жұмысымның нәтижесі төмендегідей көрсеткіш көрсетті: 3

9

Мектепте қолданылып жүрген партасының оқушының дене прапорциясына сай келуін зерттеу көрсеткіші

Қатысқан бала саны:
Сыныптар бойынша

Барлығы

38

%
  1. Сынып

23

3-сынып

11

4-сынып 4
адам
%
адам
%
адам
%
Қатысқан бала саны:: Парта бойына сай келеді
Сыныптар бойынша: 4
Барлығы38: 17, 3
%: 4
36, 6
8
21, 1
Қатысқан бала саны:: Сай келмейді
Сыныптар бойынша: 19
Барлығы38: 82, 6
%: 7
63, 6
4
100
30
78, 9

Диаграмма түрінде көрсетер болсақ:

Сыныптар бойынша

10

Барлығы:

11

2. 1 Партаға дұрыс отырмау омыртқа жотасының қисаюының бірден-бір себебі.

Баланы дұрыс отыруға дағдыландыру қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашарлап, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоздан басқа да кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері кездеседі. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. 7

Сөмкені дұрыс таңдап жүрміз бе?

"Балаларым мектепке арқалап баратын сөмкелерді көргенде көңіліме қорқыныш ұялайды. Мынадай салмақ қайтсе де бүлдіршіндердің омыртқасына әсер етпей қоймайды. Ал қыз балалардың жас кезінде мұндай салмақ көтеруіне мүлде болмайды" 5 дейді Білім және Ғылым министрінің жеке блогына хат жолдаушы. Шамадан тыс ауыр салмақ көтеру де омыртқаға салмақ түсіреді. Иыққа түсетін ауыр салмақ - тік еңсені бүкірейтіп, белді бүгіп тынады. Дене пішінін бұзады. Сүйектің үгітіліп, жарық қабының пайда болуына әкеп соғады. Тыныс алу қиындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омыртқа жотасының қисаюы-сколиоз
Омыртқа жотасы
Жалпақ табандылық
Классикалық массаж және дене сымбаттылығының бұзылуы, оны емдеу
Емдік дене шынықтыру
Емдік гимнастика
Мүсін бұзылуы (бастауыш сынып балалары)
Омыртқалардың құрылысының жастық ерекшеліктерін анықтау
Тұлға мен қол –аяқ сүйектерінің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері
Халық денсаулығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz