Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:

XX ғ. басындағы азаттық қозғалыс және Ахмет Байтұрсынұлы

Орындаған:Боранбаев С.

Қабылдаған:Кусайнова Ж

2022 -2023

Жоспары:

1. XX ғ. басындағы азаттық қозғалыс

1. 1 Көтерілістің басталу себебі

1. 2 Жетісудағы көтеріліс.

1. 3 Тойғайдағы көтіріліс

1. 4 1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері

1. 5 Көтерілістің тарихи маңызы

2. Ахмет Байтұрсынұлы

2. 1 Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы

2. 2 Ахмет Байтұрсынұлы Алаш партия өкілі.

2. 3 Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары

Пайдаланылған әдебиеттер.

Көтерілістің басталу себебі

ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907-1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болған. Бұл кезде егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, қырғыз, өзбек және т. б. ) 0, 21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп ешқандай жері жоқ қазақ-қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90% тен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс-украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістірді, жер мәселесі жөніндегі саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63, 5%-ға, жазғы бидай - 8, 4%-ға, тары - 22, 1%-ға, картоп - 46, 3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433, 8 мың десятинадан 1115, 0 мың десятинаға дейін, яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс және батыс облыстары бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әр десятинадан алынатын 38, 7 пұттан 29, 8 пұтқа дейін төмендеді. Соғыс жылдарындағы өлке егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл енгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің және тұқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Мәселен, Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналысып келген орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа да аймақтарында мұндай көріністер байқалып тұрды.

1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен бұрмалаушылыққа жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын, байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді, жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.

Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.

Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.

Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысы - Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді . Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты .

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының ғасырдан астам уақытқа созылған ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кенесары Қасымов, Сыбанқұл Ханқожин және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, Б. Әшекеев сияқты ел таныған көсемдер мен батырлар бастап шықты

Жетісудағы көтеріліс.

1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.
Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:

  • қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.
  • қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып - жаныштады.
  • котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.

Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды.

Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды.

Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.

Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.

Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.
Зардаптары: 1) Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2) мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.

Торғайдағы көтеріліс

1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20-ға тарта көтерілісшілер отряды болды. 23 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Бірақ олар қаланы ала алмай, қоршау бірнеше күнге созылды. Амангелді бастаған көтерілісті басу үшін патша үкіметі генерал А. Д. Лаврентьев бастаған 10 мың әскер жасақтады. Оған 17 жаяу әскер ротасы, 18 казак-орыс жүздігі, 18 зеңбірегі мен 17 пулеметі бар 11 әскер эскадроны кірді. Лаврентьевтің Орынборда жасақталған әскерлері темір жол арқылы Шалқарға, Ақтөбеге, Қостанайға түсірілді.

Лаврентьев әскерлерінің келе жатқанын естіп, көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. 16 қарашада Тосын және Шұбалаң болыстарының Амангелді Иманов бастаған жолпы саны 10-12 адамдық көтерілісшілері Түнқойма почта бекеті маңында маңында потполковник Котоминнің отрядына шабуыл жасады. Жазалаушылар көп шығынға ұшырап, көтерілісшілер қатарын әрең бұзып өтіп, 16 қарашада Торғай қаласына келіп кірді.

Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге қашықтап шегініп, Бетпаққараның төңірегіне жиналды. Мұнда соғыс қимылдарына басшылық ететін кеңес құрды. Амангелді Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңнен пайдаланды. 22 қарашада Ырғыз уезіндегі Ұлпан станциясында 4 мың көтерілісші есауыл Фроловтың отрядымен соғысты. Соғыс қақтығыстары сондай-ақ 21-23 қарашада Ырғыз бен Торғай арасындағы почта жолдарында да өтті. 20 қарашада Ырғыз уезіндегі Тәуік, Аманкөл және Қызылжар болысының 6 мың көтерілісшілері подполковник фон Розеннің отрядымен шайқасты.

Бірақ қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Көтерілісшілер өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп, алыс жерлерге жертөлелер салды, киіз үйлер тікті. Сөйтіп 1917 жылдың басынан бастап А. Иманов күресті әрі қарай жалғастыруды көздеді.

1917 жылдың басында Қостанайдан Бетпаққараға қарай беттеген бірінші жазалаушы отрядтың жолын Наурызымның екі болысының Амангелді Иманов бастаған 2 мыңдай көтерілісшілері бөгеді. 1917 жылғы 13 қаңтарда Күйікқопа деген жерде болған ұрыстардан кейін жазалаушы отряд шегінуге мәжбүр болды. 18-19 ақпанда кулак-бай отрядтары қолдаған подполковник Тургеневтің мықты қаруланған отряды мен Амнгелді сарбаздары арасында шайқас жүрді. 22-24 ақпанда көтерілісшілер Доғалүрпек маңында патша әскерлеріне қарсы соңғы рет шайқасты. Барынша күш сала шайқаса отырып, көтерілісшілер қырға қарай шегінуге мәжбүр болды. 27 ақпанда жазалаушы отряд Доғалүрпек пен Бетпаққараны көтерілісшілердің қолында қалдырып Торғай қаласына шегінді

Сотсыз-тергеусіз атылғандарды, жазалаушылар мен кулак отрядтары қолынан қаза тапқандарды есептемегеннің өзінде Куропаткин бекіткен сот үкімдері бойынша ғана Түркістан өлкесінде 1917 жылғы 1 ақпанға дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеде отыруға кесілді. 1916 жылы халық көтерілісі сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей, Орал облыстарында және Бөкей ордасында қамтыды.

1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
1. Көтеріліс бытыраңқы болды.

2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.

3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.

4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.

5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады.

6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.

7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

Көтерілістің тарихи маңызы

1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.

2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.

3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.

4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.

5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.

6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.

Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ ғылымы мен ұлттық ой-пі­кі­рі­нің алдыңғы қатарлы тұлғаларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы - XX ғасырдың ба­­­сындағы қазақтар арасында ең маңызды зия­лылардың бірі.

Ұлттық жазудың реформаторы, ұлы ағартушы педагог, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, көрнекті лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген.

Табиғатынан зерек Ахмет 1882-1884 жылдары ауыл адамдарынан сауатын ашып, кейін ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мектептерде, училищелерде сабақ береді. Қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттейді. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді.

Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы

1917 жылдың шілдесінен бастап «Қазақ» газеті «Алаш» партиясының баспа органына айналды, бірақ біраз уақыттан кейін Торғай кеңесі съезінің шешімімен басылым жабылып қалды.

Алаш партиясының негізі қаланғаннан бері Ахмет оның алдыңғы қатарында болды. Бірақ, 1919 жылы «Алаштың» бірнеше идеясымен келіспей, Байтұрсынұлы партия қатарынан шығып, кеңес мекемелерінде қарапайым қызметкер болып жұмыс істейді.

1920 жылдың қазан айынан 1921 жылдың қазанына дейін -Халық комиссары, 1920 жылдың қазанынан 1922 жылдың маусымына дейін - ҚАССР комиссарының орынбасары болып жұмыс істеді.

1922-1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкері, Жетісу және Сырдария облыстарын қосуға арналған өкілетті комиссияның мүшесі, Қырғыз облысының зерттеу қоғамының құрметті төрағасы болды.

Сонымен қатар, 1921-1925 жылдары Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1925-1928 жылдары Ташкентте Қазақ педагогикалық институтында оқытушысы болып жұмыс істеді. 1928-1929 жылдары Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры болды.

Жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдары Қазақстан үшін өте ауыр болды. Сол жылдары зиялы қауым өкілдерін белсенді қудалау басталды. 1929 жылдың 2 маусымында Ахмет Байтұрсынұлы тұтқындалып, бірнеше аптадан кейін Архангельск облысына жіберілді. Ал отбасы, әйелі Александра мен қызы Шолпан Томскіге жер аударылады. Жазушының барлық туындылары, өлеңдер мен аудармалары, мақалалары мен ғылыми зерттеулеріне тыйым салынып, оқусыз қалды.

1937 жылы Байтұрсынұлы қуғын-сүргіннен оралады. Оның бостандыққа шығуына Максим Горький мен және оның жұбайы Пешкованың хаты себепші болды. Ол Халықаралық Қызыл Крест делдалдығында әрекет етіп, көптеген кінәсіз тұтқындардың босатылуына көмектесті. Алматыда Байтұрсынұлын жұмысқа алудан бас тартады.

1937 жылы 8 қазанда ол қайтадан тұтқындалып, біраз уақыттан кейін ату жазасына кесіледі. Ұлттық-азаттық қозғалыстың көрнекті көшбасшысы, ұлағатты ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы тек 1989 жылдың қараша айында айқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тарихи маңызы
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастарын талдау және ұлттық психологияның дамуында алатын орнын зерттеу
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметін қарастыру
Ахмет Байтұрсынұлы аудармашы
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі ғылымының дамуына қосқан үлесі
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары
Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілін оқыту әдістемесі
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАСЫ
С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz