Пластик шөлмек


Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі
№171Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп
Ғылыми жоба
Тақырыбы:»Пластикалық шөлмектердің пайдасы мен зияны»
Автор:Бақытжанұлы Муслим
Сыныбы: 4»Б»
Секция:экололгия
Жетекшісі: Аманшаева Алима
Ғылыми жетекшісі:
Қызылорда қаласы 2022жыл
№171Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің
4 «Б» сынып оқушысы Бақытжанұлы Муслимнің
«Пластикалық шөлмектердің пайдасы мен зияны» атты ғылыми зерттеу жобасына
ПІКІР
Аталған ғылыми жобада жас зертттеуші Бақытжанұлы Муслим пластик шөлмектердің пайдасы және зияны туралы тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып, қазіргі кезде пластик шөлмектердің адам өміріндегі пайдасы, оның адам қажеттілігіне жарамды екенін, сонымен қатар олардан әр түрлі бұйымдар жасауға және төрт түліктен алынатын өнімдер: сүті мен шұбатын сол ыдысқа құйып, сатылымға шығаруға болатынын айта кеткен.
Зияны туралы ол ешқашан шірімейтінін, өртесе улы иіс бөлетінін анықтап, зерттеген.
Бұл берілген жұмыстың адам өмірі үшін қажетті ақпарат екенін біле отырып, әрбір адамның қажеттілігіне қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын.
Жетекшісі:Аманшаева Алима
Мазмұны
Зерттеу мақсаты:
Пластик шөлмектердің адам өміріндегі рөлі; пластикалық шөлмектердің пайда болу тарихын және олардың қолданылуын анықтау; пластик шөлмектерге байланысты, экологиялық мәселелерді бағалау; пластик шөлмектерге екінші қолданыс табу; қоқыс қалдықтарына жеткізбей пластик шөлмектіпайдалану.
Зерттеу бөлімдері:
Пластик шөлмегінің шығу тарихы анықтау, пластик шөлмектерге қатысты экологиялық мәселелерді анықтау, қоршаған ортаға тигізетін зияндығын немесе пайдасын анықтау, практикалық бөлім, эксперименталды тәжірибелер жасау, пластик шөлмектерге екінші қолданыс табу.
Зерттеу өзектілігі:
Қазіргі кезде миллиондаған шөлмек өндіріліп, лақтырылып жатыр; кішкентай қалалардың өзінде айына 20 тоннаға жуық пластик шөлмектер лақтырады екен; пластик шөлмектерінің қордалары мұхиттардың үстінде аралға айналуда; пластик шөлмектердің тұрмыстық жағдайда пайдаға асыруға болатындығын біле бермейміз.
Зерттеу әдістері:
Іздену, анықтау, тәжірибе жасап бақылау, сауалнама өткізу, қорытындылау, тұжырымдау.
Зерттеу нәтижесі:
пластик шөлмегін лақтыруға болмайтынын анықтап, шірімейтіндігін зерттедік; өртесе адам денсаулығына зиянды улы түтін бөлетінін анықтадық; пластик шөлмектерді екінші рет пайдаланып, үй тұрмысына пайдалы әдемі сәндік заттар жасауға болатынын көрдік.
Ұсыныс.
Өз қаламызда пластик шөлмектерін қайта өндіру зауыты ашылса;
арнайы пластик қоқыстарын салатын қоқыс жәшігі болса; әр оқушы пластик шөлмектерді өз өмірінде көбірек пайдаланса; ғалымдар пластикті шіріту жолдарын ойлап тапса; әр адам қолына ұстаған пластик шөлмектің пайдаға асатынын сезінсе.
Қорытынды:
Зерттеу нәтижесінде біз шөлмектердің шығу тарихын анықтадық: алғашқы шынысынан пластик шөлмекке дейін. Ол өзінің ыңғайлылығының, жеңілділігінің, қаттылығының, майысқақ қасиеттерінің арқасында адам өмірінде үлкен орын алды, бірақ қолданғаннан кейін оны жою мүмкін емес. Химия кабинетінде тәжірибе жасап көріп, біз пластикалық шөлмектің химиялық реактивтердің күшімен де шірімейтінін көрдік, ал өртеген жағдайда адам өміріне қаупі бар улы түтін щығаратынын білдік. Сөйтіп біз, өз жорамалымызды растадық: пластик шөлмектер жерді ластап, табиғатқа зиянын тигізеді. Пластик шөлмегін, полиэтилен пакетін қағазды көму эксперимент нәтижесінің арқасында біз пластиктердің де, полиэтиленнің де жерде шірімей, тек ластайтынын анықтадық. Біздің қаламыздың экологиясы қауіпті жағдайда. Бірақ оны жақсартудың бірден - бір жолы пластик қоқыстарын азайту деп ойлаймыз. Ол үшін керегі жоқ,
қолданған пластик ыдыстарды дұрыс қолдану қажет.
Мазмұны:
Кіріспе . . . 8
1. Бөлім. Пластик шөлмек. Ортақ мәліметтер.
1. 1. Шөлмектің шығу тарихы . . . 10
1. 2. Пластик шөлмегінің шығу тарихы . . . 10
1. 3. Пластик шөлмектерге қатысты экологиялық мәселелер . . . 10
1. 4. Пластик шөлмектерінің екінші өмірі . . . 11
2. Бөлім. Ғылыми жоба бойынша сауалнама
3. Бөлім. Практикалық бөлімі.
3. 1. « Көшелердегі шөлмек саны» атты бақылауларымыздың
қорытындылары . . . 12
3. 2. Эксперименталды жұмыстарымыздың қорытындылары . . . 12
3. 3. Қолданған шөлмектердің пайдаға асуы . . . 14
Қорытынды . . . 15
Аннотация.
Қазіргі күні мыңдаған шөлмектер өндіріліп және лақтырылып жатыр. Жылдан жылға пластик шөлмектерінің қоқыстары 20% артып келеді. Көшелерде шашылып жатқан қоқысты көріп, бізде мынадай сұрақ туындады: пластик шөлмектер адамға не әкеледі - пайданы ма, әлде зияндықты ма? Мәселе: қаламыздың көшелері мен жолдарында қоқыстар шашылып жатады, оның көптеген бөлігін пластикалық шөлмектер құрайды. Зерттеудегі мақсат: пластик шөлмектердің адам өміріндегі рөлі; пластикалық шөлмектердің пайда болу тарихын және олардың қолданылуын анықтау; пластик шөлмектерге байланысты, экологиялық мәселелерді бағалау; пластик шөлмектерге екінші қолданыс табу; қоқыс қалдықтарына жеткізбей пластик шөлмектерін пайдаға асыру. Зерттеу әдістері: Іздену, анықтау, тәжірибе жасап бақылау, сауалнама өткізу, қорытындылау, тұжырымдау. Жасаған жұмыстар нәтижесінде біз алғашқы шыны ыдыстардан қазіргі пластик ыдыстарға дейінгі пайда болу тарихын анықтадық. Қолданыста өте ыңғайлы, өзінің жеңілдігінің, қаттылығының, мықтылығының арқасында пластик шөлмектер адам өмірінде үлкен орын алады. Бірақ пайдаланған соң оны жою мүмкін емес. Химия кабинетінде тәжірибе жасап көріп, біз пластикалық шөлмектердің химиялық реактивтердің күшімен де шірімейтінін көрдік, ал өртеген жағдайда адам өміріне қауіпі бар улы түтін шығаратынын білдік. Сонымен пластик шөлмектер шынымен де жерімізді ластап, табиғатқа зиян келтіреді - деген болжамымызды дәлелдедік. Тәжірибе қорытындысында пластиктің жер астында шірімей ластап жататынын дәлелдедік. Және қолданған бос пластик шөлмектерге екінші өмір сыйлап, әр түрлі әдемі бұйымдар жасауға болатынын және үй қызметінде де оларды пайдаға асады
Аннотация.
В настоящее время производятся и выбрасываются тысячи бутылок. Из года в год количество мусора пластиковых бутылок увеличивается на 20%. Увидев разбросанный по улицам мусор, у нас возник такой вопрос: что приносят человеку пластиковые бутылки-прибыль или вред? Проблема: на улицах и дорогах нашего города разбросан мусор, большую часть которого составляют пластиковые бутылки. Цель исследования: роль пластиковых бутылок в жизни человека; выявление истории возникновения пластиковых бутылок и их применение; Оценка экологических проблем, связанных с пластиковыми бутылками; поиск вторичного применения пластиковых бутылок; утилизация пластиковых бутылок без доставки в мусорные отходы. Методы исследования: поиск, выявление, экспериментальное наблюдение, анкетирование, подведение итогов, формулирование. В результате проделанной работы мы определили историю возникновения от первых стеклянных сосудов до современных пластиковых. Очень удобный в использовании, благодаря своей легкости, жесткости, прочности. Итак, мы доказали, что пластиковые бутылки действительно загрязняют нашу землю и наносят ущерб природе. В результате эксперимента мы доказали, что пластик не гниет под землей. И пустым пластиковым бутылкам, которые они использовали, можно подарить вторую жизнь, сделать разные красивые изделия и даже использовать их в домашней деятельности.
Annotation.
Thousands of bottles are currently being produced and discarded. From year to year, the amount of plastic bottle garbage increases by 20%. Seeing the garbage scattered on the streets, we had such a question: what do plastic bottles bring to a person-profit or harm? Problem: garbage is scattered on the streets and roads of our city, most of which are plastic bottles. The purpose of the study: the role of plastic bottles in human life; identification of the history of plastic bottles and their use; Assessment of environmental problems associated with plastic bottles; search for secondary use of plastic bottles; disposal of plastic bottles without delivery to waste. Research methods: search, identification, experimental observation, questioning, summing up, formulation. As a result of the work done, we have determined the history of the origin from the first glass vessels to modern plastic ones. Very convenient to use, thanks to its lightness, rigidity, strength. So, we have proved that plastic bottles really pollute our land and cause damage to nature. As a result of the experiment, we proved that plastic does not rot underground. And the empty plastic bottles that they used can be given a second life, make various beautiful products and even use them in household acti
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz