Ішкі және халықаралық туризм ұғымдары


Халықаралық туризм және меймандостық университеті
«Туризм және спорт» факультеті
«Туризм және меймандостық» кафедрасы
БӨЖ-1
Пәні :Халықаралық және ішкі туризм тарихы
Тақырыбы : Туристік іс-әрекет және оның адам өміріндегі әлеуметтік қызметтері
Орындаған: «Халықаралық және ішкі Туризм»
мамандығының 2 курс студенті
Әділхан М. Н
Тексерген:Оқ. Ешимов Б. Х
Түркістан 2022ж
Жоспар:
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім.
- Туризмнің әлеуметтік феномен ретіндегі ұғымы
- Ішкі және халықаралық туризм ұғымдары
- Туризмнің негізгі әлеуметтік қызметтеріне сипаттама:танымдық, денсаулық, әлеуметтік, қарымөқатынастық, спорттық, эстетикалық, эмоционалдық, психологиялық, шығармашылық, қажылық.
- Қорытынды.
- Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Туризм тарихы деп жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз еркімен әртүрлі жерлерге баруымен және олардың өмір сүру ырғағы мен қоршаған ортаның өзгеруімен байланыстыболып келетін кеңістіктегі қозғалыс үрдістерінің жиынтығын айтуға болады.
Туризм тарихын қарастыру үшін оның оқып зерттеу нысаны мен пәніне, мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беру қажет.
Туризм тарихының нысаны уақытша және кеңістіктік дамудағы туризм элементтерінің жиынтығы немесе тарихи-мәдени және тарихи-әлеуметтік құбылыс (немесе феномен) ретінде туризмнің пайда болуы мен қызмет етуі болып табылады. Бір нысанды әртүрлі ғылыми пәндер зерттеуі мүмкін. Олар зерттеу нысанына әртүрлі жағынан келеді, яғни оқып зерттеу пәні әртүрлі болып келеді.
Курстың пәні болып баратын жерлері мен өмір ырғақтарын өз еріктерімен уақытша өзгертетін, барған жерінің қоршаған ортасымен жеке байланыс орнататын жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайда болатын әлеуметтік-мәдени институттар формаларының даму заңдылықтарының шеңбері қарастырылады. Бұндай институттардың құрамына тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қозғалыс құралдары мен жолдары, олардың жаңа жерлерге барған кездерінде қауіпсіздік қызығушылығын, тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету құралдары, туризмге қатысты заңнамалар кіреді.
Тарихи дамудағы туризмнің жекелеген элементтерін әртүрлі пәннің өкілдері өздерінің көзқарастары бойынша зерттеуі мүмкін. Әлемнің елдері туралы ғылыми түсініктер мен білімдердің дамуын география тарихы оқып зерттейді. Ал теңіздер мен мұхиттарды және оларда жүзуді зерттеудің дамуын - теңізде жүзу тарихы, көлік құралдарының дамуы мен кеңістікте қозғалу үшін жануарларды
-3-
пайдалануды - көлік тарихы, қатынастың құрлықтық жолдарының дамуын - жол ісінің тарихы зерттейді. Туризмді реттейтін заңдылықтардың дамуын құқық тарихы зерттесе, ал туристердің көргісі келетін тарихи және мәдени ескерткіштердің дамуын, олардың шоғырлану орындарын, табиғат нысандарын мұражайлық істің тарихы оқып зерттейді. Зерттеу мақсатындағы саяхаттардың тарихы географиялық білім тарихын оқып зерттеудің, нақты бір жекелеген жердің тарихи өткені туралы, оның табиғаты, экономикасы, тұрғындарының тұрмысын зерттеу пәні болып табылады.
Жолда алған әсерлерін, саяхаттардың, жергілікті салт-дәстүрлердің сипаттамасын, оқырманға аз белгілі елдер, жергілікті жерлер, халықтар туралы жаңа мағлұматтарды қамтитын саяхатшылардың жазбалары мен күнделіктерін әдебиет тарихы зерттейді. Бұл жазбалар сонымен бірге, туризм тарихы бойынша қайнар көз болып табылады. Бірақ та, әдебиет тарихында бұл жанрға болған саяхаттар суреттемесіне қарай жазылған және қосымша идеялық-көркем міндеттерге (қызық оқиғалы, утопиялық, философиялық) бағындырылған ойдан жазылған кезбе-саяхаттардың да тарихы жатады. Осы айтылғандардан көретініміз бұл пәндердің әрқайсысының туризм тарихын оқып зерттеу пәнінен айрықшаландыратын өзінің оқып зерттеу пәнінің бар екенін көреміз.
• Туризмнің әлеуметтік феномен ретіндегі ұғымы. Халықаралық туризмтануда туризмді әлеуметтік феномен деп атайды. Әлеуметтiк дегенiмiз - қоғам өміріне қатысты деген сөз. Ал Феномен үғымының екі мағынасы бар: 1) философиялык түсінігі - құбылыс деген сөзінің синонимі, яғни бізге сезімдік танымның тәжірибесі арқылы берілетін нәрсе, 2) ерекше, сирек құбылыс немесе ерекше факт, адам. Туризмң сөзінің түбірі - француз тілінің тур, яғни серуен, сапар шегу деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралык туризмде тур сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін қызметтерінің тiзбесi бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді . Туризмің сөзі қазіргі энциклопедиялық ұғымда бос уақытта (демалыс, каникул) саяхат жасау және белсенді демалыстың түрі, денсаулықты сақтау шарасы, жеке адамның танымдык, рухани және әлеуметтік жақтарынан дамуының жолы деген мағыналар береді. Халықаралык туризмде табыс табудан баска кез келген мақсатта уақытша, ерікті тұрғын
-4-
орнын ауыстырушы адамдардың барлығын туриске санау әдеті қалыптасқан. 1974 жылдан бастап Біріккен ұлттар үйымы (БҰҰ) елдің түрғын орнын және жұмысын ауыстырғандардан басқа демалу, ғылыми, іскерлік және мәдени шарада кездесу мақсатында орын, тұрақ ауыстыруларының барлыгын туризм деп есептеу керек деген шешім қабылдады. Ал қазіргі Әлемдік туристік ұйым мамандары туризмнің деген ұғымға өзі тұратын жерден тыс жерлерге белгілі бір мерзім аралығында арасына бір жыл салып демалу, іскерлік және т. б. мақсаттарда болуын және саяхаттауын жатқызады. Туризмнiң ең басты әлеуметтік мақсаты адам өмірін ұзарту және өмір сүруді жақсарту. Туризмнің басты әлеуметтік Себебі адам қоғамының ең биік құндылығы табиғатпен және жаңа адамдармен көнілді қарым-қатынас, кездесулер. мұраты (идеалы) - адам қатынастарының - жағымды формаларын көбейту, сол формаларды тиімді пайдалану барысында ләззат алу. Жаңа танымдар мен жаңалықтар ашу - адамның табиғи бейім-дағдысы, осы табиғи бейімдағды күнделікті өмірде күңгірттенеді де, саяхат
барысында адам бойында оянады. Туристік іс-әрекет ішкі туризм және халықаралық туризм болып екіге бөлінеді. Ішкі туризм деп адамдардың өзі тұратын елдің аумағында саяхаттауын, халықаралық туризм деп белгілі бір елге келу, елден кету туризмiн атайды. Елден кетіп саяхаттау туризмі - өзі тұрақты орнынан басқа елге бару, ал елге келіп саяхаттау туризмі - бұл елде тұрақты қоныстанбаған адамдардың қыдыруы. Халықаралық туристер деп өз елінен басқа елдерге саяхаттайтын, букіл әлемдік сауда ұйымының статистикасына тіркелген азаматтарды атайды. Мәселен, 1994 жылы әлемде 528, 4 млн., 2000 жылы 697, 6 млн. адам וי халықаралық турист болған. Болжануарлар бойынша 2010жылы олардың саны шамамен 937млн адамға жетпек.
- Ішкі және халықаралық туризм ұғымдары
Туризм құрамында қамтылган кызмет керсетулерге, оларды беру жерiне, қызмет көрсетiлген халқына байланысты iшкi және халыкаралық деп белінеді. Iшкi туризм туризмнiң берiлген мемлекеттiң территориясында сол елдiң тұрғындарымен (ішкі туристер) iске асырылуымен байланысты қызмет.
Халықаралық туризм - туризмдi бiр елдiң халықының басқа елдiң территориясында iске асырумен байланысты қызмет. Мұндай туристер шетел туристері категориясына жатады. Басқа мемлекет территориясында туристерге туристік қызмет көрсетулерді ұсыну
-5-
мен қызмет- көшпелi туризм деп аталады да, шетел туристеріне мемлекеттің территориямысында көрсетiлген туристік қызмет кірме туризм деп аталады. Айта кететiн жағдай, неғұрлым жалпы категорияларга туристердi жiберу мен туристердi кабылдау ұғымдары жатады. Олар бiрдей деңгейде iшкi және халыкаралык туризмге катысты болып келеді. сонымен қатар туризм статистикасында туристік келу деген ұғым орын алған. Сол себептен туристiк келулерге карай туристік ағымдары бағаланады. Туристің ішкі табиғатынан келесi түсiнiк туындайды: турист келгендіктен, ол қайтадан кетуi тиiс. Сонымен қатар туризмнiң статистикасын бір ел территориясынан екiншi ел территориясына жылжитын транзиттiк туристер шиеленістіре түседі. Мемлекет территорисында транзитпен жүру үшiн арнайы транзиттік виза болуы тиiс. Транзитiк туристердің елде болу транзитiнiн мерзiмi шектеулi болып келеді. бул Санкт-Петербургтен Швецияга барган ресей туристерiнiң мысалында анық көрінеді. Мұндай саяхат үшiн ен тиiмдi жол болып Туркияға автобуспен, ары карай Викинг Лайн компаниясынын теңiз паромымен Стокгольмге бару табылады. Жол женекей Финляндия территориясын кесе отырып, туристер төрт сағатка Серена аквапаркiне кiруге Хелсинкиде тоқталады Финляндия үшiн бул туристер транзиттік болып саналады.
Туристерді қабылдау атаулы аймаққа немесе туристік орталыққа келiп жатқан туристерге кызмет көрсету бойынша қызметтi сипаттайды. Туризмдi ұйымдастыру бойынша атаулы қызметтен тасымалдаушыларды, қонақ үйлердi, мейрамханаларды (туризмнiң барлық инфрақұрылымын) iске қосу, акша массасының келуі, ал шетелдік туризм жагдайында шетел валютасының келуi шығады. Туристерді қабылдау туристік аймақта немесе орталықта жұмыс орындарының пайда болуын қамтамасыз етеді, аймақ экономикасының дамуына септігін тигiзедi. Сонымен қатар ішкі және шетел туристерiн қабылдау арасындағы баланс ұғымы калыптасқан. Формальды белгі бойынша барлығы да саяси-экономикалық факторларга байланысты болып келеді. СССР-да идеалогиялык және экономикалык ойлар бойынша шетел туристерiн кабылдау маңызды болган, бул өз кезегінде шетел туристерiне кызмет көрсету бойынша жеке саланың құрылуын қамтамасыз етті. Сонымен катар туризм шетел валютасынын келіп түсуiнiң маңызды көзі болып табылған. Сонымен бiрге белгiлi шетелдiк туристер катеогриясына туристiк қызмет көрсетулер тегін көрсетілген кеңес азаматтары мен шетел азаматарына туристік кызмет керсетуде айырмашылық байқалып отырды. Рубль
-6-
ковертациясын енгiзгеннен кейiн және қызмет көрсетулердің құндары теңестiрiлгеннен кейін өзгерiстер пайда болды. Бірқатар астаналық фирмалар мен туристік оралыктар ушiн Тюменнен келген ауқатты туристi кабылдау (салыстырмалы турде) ауқатты темен сараңдау немiс туристiн қабылдағанға қарағанда тиімдірек саналған. Туристердi жiберу де маңызды категория болып саналады Мұндай қызмет ақша массасынын басқа аймақтарга, ал шетел туризм кешiнде баска мемлекеттерге, тартылуымен сипатталады Жұмыс орындары туризмді ұйымдастыру кезiнде (тасымалдау) гана болмак, сол себептен, жергiлiктi аймак билiк басшылары үшiн туристердi жiберу ешуақытта да алғы сала болып табылмайды Туризм валютаның сыртқа кетуiн қамтамасыз еткендіктен мемлекеттер ішкі туризмді дамытуға белсенді күш жұмсауда. Бірақ та көшпелі туризмнiң барлык түрлер жергілікті қазынаға айтарлықтай көлемде салық тусіруде.
- Туризмнің негізгі әлеуметтік қызметтеріне сипаттама:танымдық, денсаулық, әлеуметтік, қарымөқатынастық, спорттық, эстетикалық, эмоционалдық, психологиялық, шығармашылық, қажылық.
Танымдық қызметі. Таным дегеніміз - өмір шындығының адамның ойлау процесіндегі бейнеленуі, талдануы және қайта жасалуы; обьективті әлемнің, табиғаттық және қоғамның игерген білім мен заңдарының заңдылықтарын білу; тәжірибенің жиынтығы. Адам саяхат жасау үстінде қоршаған ортаны ойлау және сезу қуралдары арқылы таниды. Осы таным процесінде адамның ойлау қабiлетi ойлау мен есте сақтау, ал таным - сезімдік-түйсіктік, қабылдау елестету секілді экономика, табиғат, ғылым жөніндегі жағдайда болуын жатқызады. A логикалық және психикалық компоненттерін iске қосады. Зерттеуші Г. П. Долженконың пікірінше, туризмнің танымдық жағына адамның өз таным дүниесін тарих, білімдерін байытуға, тарихи, этнографиялық, табиғи және революциялык ескерткіштер, әскери, еңбек дәстүрлері жайындағы мәліметтермен танысуға талпынысын жатқызады. 2. Денсаулықтық қызметі. Әлемдік денсаулық сақтау үйымы денсаулық деген ұғымға адамның физикалық, психикалық және әлеуметтік жақтарының жақсы Адамның денсаулык деңгейін бағалау критерийі оның қоршаған ортаға ыңғайлана бiлуi. Адамның қоршаған ортаның өзгергіш жағдайларына сәтті дағдылана білуі адаптация деп аталады. Адамның туа және жүре пайда болған қасиеттерінің деңгейінің
-7-
тиімді адаптациялануын дағдыланғыштық (адаптивность) деп атайды, Физикалық, пси-хикалық және әлеуметтік адаптациялар адам өмiрдiң барлық саласында белсенді әрекет еткен жағдайда ғана сәтті болмақ. Бұл адамның денсаулык деңгейiн аныктайды. XVIII ғасырда француз дәрігері Тисо: қозғалыс өз әсері жағынан кез келген дәріні алмастыра алады, ал әлемдегі бар дәрi қозғалыстың әсерін алмастыра алмайды деп жазған болатын. Туризмнің негізгі мәні - қозғалыс, Сондықтан да туризмде денсаулықтық қызметтің белсенді түрлері, яғни туристердiң белгiлi бiр бағыттар бойынша өз күштерiмен қимыл-қозғалыс жасауына, ерекше көңіл бөлінеді. Мундай шарттарға кез келген адамның шамасы келеді. Ең бастысы әрбір туриске сәйкес физикалық және техникалық дұрыс жүктеме бере білу керек. Белсенді саяхаттық спорттық саяхаттан ерекшелiгi туризмде туристер саяхаттың үзақтығын, қашықтығЫН және техникалық күрделілік деңгейін өздері айқындайды және кез келген уақытта тоқтата, үзе алады. ХХІ ғасырдың басына карай медиктер Жер бетіндегі адамдардың денсаулығының нашарлауының негiзгi екі себебін анықтады: адам өмірінің зиянды экологиялық жағдайлары, 2) гиподинамия, яғни қозғалыстық шектеулілігі. Адам ден-саулығына тиімді әсер ететін, жоғарыдағы екі себепті жоятын туризмнiң белсенді және спорттық турлерi болып табылады. Гиннестің рекордтар кітабының мәліметі бойынша, 2002 жылғы ақпан айындағы дерек бойынша әлемдегі ең кәрі адам жапон жібекшісі Юкичи жібекшісі Чугандзи 112 жаста. Оның әлі күнге дейін өз денсаулығына өкпесі жоқ, өзінің ұзақ жасауының құпияларымен бөліседі. Дегенмен де Юкичидің жасы адамның ұзақ жасауының шегі емес. Ең ұзақ жасаған француз әйелі Жан Луизе Калмен 1997 жылға дейін 122 ЖЫЛ 164 кун жасаған. Чугандзиге дейiн планетаның ең қарт адамы ретінде италиялық Антонио Тодде саналған. ол Юкичиден 3 ай улкен болған. Юкичидің дәл туған датасы - 1889 жылдың 23 наурызы, Жапонияның Огори қаласы. Ол өмiр бойы жiбек ісімен айналысьш, бұл іске басқаларды да үйреткен. Юкичидің ұзақ жасауының құпиясы, өзінің әңгімелеуінше, емiр салтын Өлшеммен жүргізіп, оптимист болған, сары уайымға салынбаған. Ол ішімдік ішкен, бірақ құмар болмаған. Оның сүйікті тағамы балапан етімен араласқан, суға кайнатылган күріш екен. Батыс Европа ғалымдары адам биологиялық түр ретінде өзінің эволюцияСЫН аяқтады, адамдар өз өсуінің шыңына жеттi деп есептейді. Адамның ЭВОЛЮЦИЯСЫ өз гендерiнiң қасиеттеріне негізделгендіктен, тірі орғанизм бойында қоршаған ортаға бейімделу мүмкіншілігі аз, себебі адам дамуды токтаткан,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz