Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Отбасы әлеуметтік психологиялық жұмыс
СӨЖ
Тақырыбы:отбасында баланы мектепке даярлау
Орындаған:Шабнаби Нұрай
Тобы:СПиС 21. 1
Қабылдаған:Искакова Дарина
Тараз 2023
Жоспар:
- Отбасындағы бала тәрбиесі
- Ата-ананың педогогикалық рөлі
- Балаларды білімге баулу
- Қорытынды
- Отбасындағы бала тәрбиесі
Бала тәрбиесі ата -ана үшін күрделі де жауапты міндет . Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата -ананың орны бөлек. Тәлім -тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата -ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады .
Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі . «Отан отбасынан басталады» демекші,
Ата -аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе . Осы мәселеге ата -аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.
Адамгершілік -адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз-адамгершіліктің асқар шыңы . Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады . Адамгершілік негізі - имнадылық пен ізеттілікте . Ол әрбір отбасынан басталады . Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған . Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие .
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді . Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата -ананың үйдегі іс -әрекеті балалардың көз алдында өтеді . Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң -мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді .
Бүгінгі ұрпақ -еліміздің болашағы . Біздің алға қойған мақсатымыз -қазіргі қоғам мұратына сай жан -жақты жарасымды тұлға өсіру .
Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады
Отбасында бала әкеге қарап бой түзеуі тиіс. Осы мәселе бойынша С. Мұқановтың «Мөлдір махаббат» атты кітабындағы кейіпкер Бүркітті мысал ретінде алсақ болады. Ол кішкентайынан әжесінің баласы болып өскенімен, әжесі қайтыс болған соң әкесінің жанында жүріп, бұл өмірден біраз нәрсе үйренді. Әкесінің отбасын асырау үшін тым қатал болуы, кей кездерде қатігездікке баруы Бүркітке әкенің орны қандай болу керек екенін көрсетті. Әкесі ұлының білім алуы үшін туған жері Торғайдан Сыр еліне қоныс аударуы- перзенті үшін не нәрсеге де дайын екенін көрсетті
- Ата-ананың педогогикалық рөлі
К. Д. Ушинскийдің педагогика туралы айтқан сөздерін сәл өзгеше айтар болсақ, егер ата-ана баласын «барлық жағынан» тәрбиелегісі келсе, олар ең алдымен баласын «барлық жағынан» білуі керек. Одан басқа отбасында және тәрбие берудің басқа да институттарында жүргізілетін педагогикалық қызметтің мақсаты, құралдары, қабілеттері және нәтижелері туралы білім керек, бұл қызметтің табысты болуы, ата-аналардың білімі болмауы салдарынан тәрбие соқыр түрде жүргізіледі. Бұл, өкінішке орай, ерте ме кеш пе баланың дамуына, оның тәрбие деңгейіне әсерін тигізеді.
- Ата - аналар көздеген мақсатқа жету үшін қандай әдістерді қолдану керектігі туралы теориялық біліммен қатар осы әдістерді қолдануға мүмкіндік беретін тиісті дағдыларды білуі керек.
- Болашақ ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы балалық шақтан басталады. Бұл балалардың ересектер берген дәрісін меңгеруі, ересектерге еліктеуі, мұғалімдер мен тәрбиешілердің әсері, олардың қолданатын педагогикалық әдістерін, қарым - қатынас жасау мәнерін меңгеру арқылы, басқа балалармен араласу арқылы, оқу барысында тәрбие заңдылықтарын үйрену, халық педагогикасы сабақтарын меңгеру арқылы жүзеге асады.
- Бұл қасиеттің қалыптасуы ата - аналардың өз балаларын тәрбиелеу жөніндегі қызметі барысында, сондай-ақ олардың өзін - өзі оқыту және өзін- өзі тәрбиелеу барысында жалғаса түседі.
... жалғасыБаланың дамуындағы алғашқы кезеңінің оның болашақ ата - ана ретінде қалыптасуына, оның педагогикалық мәдениетінің бірқатар құрамдас бөліктерінің қалыптасуына тигізетін әсерін дұрыс бағалау керек. Бала ата-анасына қарап отырып, педагогикалық әсер етудің көптеген әдістерін санасында өте ерте меңгере бастайды, есейе келе осы әдістерді өз балаларын тәрбиелеуде қолданады. Біз балаларымыздың бақыты туралы айтқанда өзіміз меңгерген дәстүрлер мен пікірлерге сүйенеміз. Біздің өмірге деген жеке көзқарасымызды, әрқайсымыздың бақытымызды айқындайды. Құралдар мен әдістердің айырмашылығы да осында.
Бұл құралдардың негізі - өсіп келе жатқан адамға қамқорлықпен қарау, яғни ересектердің баланың нәзік дүниетанымын түсіне білуі, бала жанының пәктігіне сәйкес бола білуі.
Барлық ата-ананың педагогикалық ішкі сезімі болады. Адамның осы дарынын дамыта білуі - бұл өте үлкен бақыт. Балалық - айрықша психологиялық күй. Ол - шығармашылық пен күш - қайраттың синонимы. Философтар, психологтар, педагогтар, социологтар бір нәрсемен ғана келіседі: адамның «мені» оның қажеттерінен, осы қажеттердің үйлесімінен, тілектердің, түрткілердің, қайшылықтардың, қанағаттану мен қанағаттанбаудың, қамығушылық пен үміттің қарама-қайшы қосындысынан тұрады. Тек қызмет, адам және өзін - өзі жетілдіру тәрізді үш талаптың тұрақты үйлесімі болғанда ғана бір - бірін толықтыруға болады. Бала өз тәрбиесін өзі жасайды. Ересектердің міндеті оған қабілеттерін толығырақ дамытуға көмектесу болып табылады және бұл көмектің мәні бала табиғатының жетілгендігіне сүйсініп қою ғана емес, баланы тәрбиелеуге жағдай жасауда, баланың өмірін дұрыс ұйымдастыра білуде, баланың табиғат берген дарынын аша түсуге мүмкіндік беретін ойындарға тартуда.
3. Балаларды білімге баулу
Кішкентай күнімізде аға-әпкелеріміздің дәптерлерін алып жазып, сурет салып, кітаптарын парақтағанды жақсы көруші едік. Сол кездерде мектепке баруға асығып, оқу, білім алу қызық көрінетін. Сондай кездерде ата-ана балаларын дұрыс бағытта білімге баулу керек
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz