Аққу неге киелі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
Жұбан Молдағалиев атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты
Өтеген Ақнұр
10-сынып

Киелі атаулардың халық тағылымындағы рөлі
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Этномәдениеттану

Ғылыми жетекшісі: Х. Досмұхамедов атындағы
Атырау университетінің филология
ғылымдарының кандидаты,
қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының доценті Г. С. Жұмабаева

Пән мұғалімі: жоғары санатты
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Балқасынова Райхан Какимқызы

Атырау-2022
Жұбан Молдағалиев атындағы мамандандырылған мектеп лицей- интернатының 10-сынып оқушысы Өтеген Ақнұрдың Киелі атаулардың халық тағылымындағы рөлі тақырыбындағы ғылыми жобасына

Пікір
Өтеген Ақнұрдың Киелі атаулардың халық тағылымындағы рөлі атты ғылыми жобасының құрылымы, тақырыпты саралауы негізгі мақсаттың алға дұрыс қойылғандығын танытады. Оқушы ауыз әдебиеті және көркем әдебиеттен халық танымындағы киелі ұғымдарды жинақтап, саралаған. Оларды мағынасына талдап, киелілігін таныта отырып, тәрбиелік маңызын дәлелдейді.
Сонымен қатар әдеби-теориялық талдаулар жүргізіп, киелі ұғымдар арқылы халқымызда қалыптасқан кестелі сөз айшықтарын топтап түсіндіреді. Өзіндік ой-толғаныстарымен халық даналығының бір көрінісі болып саналатын киелі ұғымдардың замандар бойы ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына баға береді.Жобаның қорытынды бөлімінде Қазақстанның ертеңі болар жас ұрпақтың санасына халқымыздың болмысын, рухани негізін танытатын киелі атауларды сіңіруді мақсат етеді.
Оқушының пікірі, ойы жүйелі, ұстамды. Жұмыс толық аяқталған. Ғылыми жобаны қорғауға толық жіберуге болады деп есептеймін.

Ғылыми жетекшісі: Х. Досмұхамедов атындағы
Атырау университетінің филология
ғылымдарының кандидаты,
қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының доценті Г. С. Жұмабаева

Абстракт
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ғылыми жобаның мақсаты - киелі атаулардың халық тағылымындағы рөлін саралап, адамның рухани болмысына қосатын үлесіне баға беру.
Гипотеза: Қазақ халқының рухани құндылықтарының айқын көрінісі болып табылатын киелі атаулардың халық тағылымындағы және тіліміздегі рөлін анықтау.
Зерттелу кезеңдері: Зерттеу жұмысы бір жылға созылды.
1.Жұмыстың тақырыбы,мақсаты,міндеті айқындалып, қазақ әдебиетіндегі туындылармен жұмыс жүргізілді.
2.Халқымыздың наным-сенімдері, киелі атаулары туралы ғылыми материалдар жинақталды.
3.Халық даналығында эпостық жырлар, мақал-мәтелдер мен қаламгерлердің көркем шығармалары жинақталды.
4.Кітапханамен байланыс.
5.Зерттеу жұмысы жинақталып,қорытынды жасалды.
6.Мектепшілік ғылыми кеңес отырысында талқыға салынды.
Зерттеу әдістемелері:Зерттеуде баяндау,жинақтау,саралау,топтастыру ,әдеби ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің жаңашылдығы мен нәтижелері:
1. Киелі атаулар ұлттық мәдениетіміз бен ұлттық кодтың негізі болғандығын түсіндім. Мысалы, шаңырақ, қара қазан - ұлтымызды өзгеге айнытпай танытатын, өзгеден даралайтын киелі белгі.
2. Тақырыпты зерттеу кезінде көз жеткізгенім мектеп бағдарламасында әдебиет пәні бойынша киелі атаулардың киелілігін дәріптейтін шығармалар кемде кем екен.
3. Киелі атаулардың тілімізде көркемдік айшықтар жасауға негіз болғанына көз жеткіздім.
Annotation
The purpose of the research work: The purpose of the research project is to identify the role of holy names in the folk education and evaluate their contribution to the spiritual existence of a person.
Hypothesis: To determine the role of holy names in public education and our language, which are a vived expression of the spiritual values ​​of the Kazakh people.
Terms of the research: The research work lasted one year.
1. The theme, purpose, tasks of work was determined, work was carried out with the works of Kazakh literature.
2. Collected scientific materials about the beliefs and holy names of our people.
3. Epic poems, proverbs and literary works of writers are collected in folk wisdom.
4. Communication with the library.
5. The research work collected and conclusion is made.
6. Discussed at a meeting of the school scientific council.
Research methods: In the course of the research, the methods of narrative, compilation,differentiation and literary analysis were determined.
Research Innovations and Opportunities:
1. I realized that the holy names were the basis of our national culture and national code. For example, shanyrak, kara kazan is a sacred sign that distinguishes our people from others.
2. While researching the topic, I realized that there are at least few works glorifying the hoiness of saints in the school curriculum in the subject of literature.
3. I became convinced that the holy names are the basis for creating artistic expressions in our language
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ____________________________ ___________________________3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ______________________________ __________________4
1. Киелі атаулар - қазақ халқының көне замандардан бері қалыптас- қан рухани құндылығы__________________________ ________________4
2.Киелі атаулар және олардың халық тағылымындағы рөлі__________5
3. Киелі атаулардың тіліміздегі айшықты сөз орамдарына негіз болуы______________________________ ___________________________17
3.1. Киелі атауларға байланысты тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер_____________________ __________________________________1 7
ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ ______________________20
Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ ___________22
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Бұл жобада қазақ танымындағы киелі атаулардың қазақ әдебиетіндегі рөлі мен қолданылу ерекшеліктері және қазіргі қазақ қоғамының рухани дамуы жолында тигізер әсері қарастырылған. Киелі атаулардың тізімін жасап, сол атаулар кездесетін туындыларды зерттедім, олардың көркемдік қуатын анықтау және тәрбиелік мәнін ашу арқылы баға бердім.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің алдына қойған мақсаты - әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған киелі атаулардың халық танымындағы рөлі және ана тілімізге қосқан үлесін зерттеу.
Зерттеу нысаны: Зерттеу нысаны ретінде халық ауыз әдебиеті шығармалары, М.Әуезов, О.Бөкей, М.Мақатаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, т.б. секілді қаламгерлердің көркем шығармалары алынды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Киелі атаулар туралы ұтымды ойлар мен пікірлер білдірген ғалымдар көп. Қазақ ғалымдарының ішінде Ш.Уәлихановты айтуға болады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қазіргі таңда халық арасында маңызын жоймаған, бірақ еленбей жатқан киелі атаулардың халық танымындағы рөлі анықталып, қазақ әдебиетіндегі туындылармен дәлелденді. Көркемдік ерекшелігіне талдау жасадым.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Жоба барысында мектеп оқушыларына Киелі атауларды білеміз бе? тақырыбында сұрақ-жауап жүргізілді.
Зерттеу әдістемесі: Зерттеу жұмысында киелі атауларды жинақтау, саралау, талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, тараулардан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі соңынан беріледі.

1.Киелі атаулар - қазақ халқының көне замандардан бері қалыптасқан рухани құндылығы
Дәстүрлі қазақ қоғамында ата-бабаларымыздан бізге мирас болып қалған, әлі күнге дейін халқымыздың сана-сезімінде берік орын алған наным, сенім, ырым, тыйым, әдеп-ғұрыптар аз емес. Олардың кейбірі табиғат, өмір заңдылықтары бойынша, басқалары дініміз арқылы қалыптасып, тыныс-тіршілігімізге сіңісіп кеткен. Соны ой таразысында сараптап, пайымдағаныңда сана-сезімімізде Осы кие, қасиет дегеніміз не? Қазақтар нені киелі, қасиетті деп санайды? Оның сыры не?, - деген сауалдар бой көтереді. Кие қандай атау? Ғылыми тұрғыда қандай да бір заттың немесе тіршілік иесінің қасиеттілігін, жоғары тылсым күшін білдіретін таным-түсінік атауы - кие болып саналады. Біз әлем халықтарының мифологиясы мен мәдениетіне назар аударсақ, ежелгі дәуірде-ақ адамзат баласының аң мен құстың, аспан денелерінің, жәндіктердің, заттардың, сандардың бірқатарын, әулие, көріпкел адамдарды киелі деп танығанын, тіпті оларға табынғанын, сиынғанын байқаймыз. Кейін ол көп халықтың дәстүріне айналған. Уақыт көші алға жылжып, адамдар түрлі діндерді қабылдағанында мұндай таным-түсініктердің, салт-дәстүрлердің кейбірі жойылып, әрқилы өзгерістерге де ұшырады. Сөйтсе де, Ислам дініне дейін біздің қазақ даласында қалыптасқан тотемдік наным-сенімдер біржолата құрып кетпей, оның жұрнақтары сақталып та қалды.
Қазақ үшін қасиетті болып табылатын киелі атаулар:
1) Әулие ақсақалдар, Қыдыр ата. Халқымыз қариясын құрметтеуді ежелден бойына сіңірген. Ал, түстерінде ақсақал келіп аян берсе, өмірінде сол аянның шындыққа ұласып жатқанына көзі жеткен.
2) Қара шаңырақ. Ол - ата-бабасынан қалған үй, жер, қыстау, киіз үй. Оны қасиетті санап күтеді, таза ұстайды, сақтайды, баласына мирас етіп қалдырады.
3) Аққу. Аққуды құс төресі деп танып, оны атпаған, қадір тұтқан.
4) Киік, бөкен, марал. Киікті атса, киесі ұрады деген наным-сенімдер ел ішінде көп кездеседі, халқымызда киіктің киелілігі туралы көптеген оқиғалар бар.
5) Бөрі. Бөріге табыну, оны киелі деп санау бізге ежелгі түркі заманынан сіңген асыл қасиеттердің бірі.
6) От орны, шырақ, жерошақ. Киіз үйдің ошақ құрылып, от жағылған, жер үйдің пеші тұрған орын. Оны аттамайды, күлін шашпайды.
7) Ай. Айға қарап қол шошайтпаған, айды кие тұтқан.
8) Киелі сандар. Қазақ киелі сандар: қырық, жеті.
2.Киелі атаулар және олардың халық тағылымындағы рөлі.
Қазақ халқы үшін киелі деп саналатын атаулардың көпшілігі әдебиетімізде көрініс тапқан. Көне дәуір әдебиетінен бастап күні бүгінгі көркем шығармалардың көпшілігінде киелі атаулар қолданылып келеді. Оған мысал ретінде көне түркі әдебиеті, эпостық, лира-эпостық жырлар, поэмалар, романдар, т.б. шығармаларды алуға болады.
Аққу неге киелі?
Аққу - дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден киелі саналатын құс. Аққудың байырғы түркі халықтарының заманында да тотемдік мәні болған. Аққуды киелі құс ретінде қазақтар ежелден қастерлеп, құс төресіне балаған және оқ атпаған. Оны атқан адамды оның киесі ұрады деп есептеген. Оның киелілігі - махаббатқа беріктігінде, сыңарынсыз жалғыз өмір сүрмейтіні, бір шошыған жеріне қайтып оралмайтыны. Сондықтан қазақ халқы аққуды адал сезім, махаббат символы деп санайды. Жас жұбайларға аққудың махаббатын тілейді. Бұл - көптеген халықтар да бар үрдіс. Бақсылар бертінге дейін аққу терісін жамылып, оның қауырсынын тағып келген. Ш.Уәлиханов Досмайыл бақсының қобызбен күй тартқанын, оның Аққу деп аталатын күйі болғанын еске салады.
Аққуды киелі санағандықтан, халқымыз оны әсем сөз айшықтарына негіз еткен: аққудың топшысындай, аққудың үніндей, аққудың көгілдіріндей, аққудың мамығындай, аққудың сылануындай, аққудай әсем, аққудай сұлу т.б.
Мұқағали Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасынан-ақ халқымыз үшін осы бір құс төресінің қасиетті екеніне көз жеткізе аламыз. Ел арасындағы аққу туралы нанымдар, мақалдар текке айтылмаса керек, махаббаттың символына айналған бұл асыл құс басқа тіршілік иелеріне қарағанда анағұрлым ерекше әрі әсем болғанымен қоймай, өзінің киесімен де ұрпақ жадында сақталған:

Ұрпақтан ұрпақ алып жалықпастан,
Сондай бір дәстүр бар-ды қалыптасқан.
Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт,
Аққуын айдын көлдін, налытпастан
Дәстүрін аттамаған, анық басқан.
Сондай бір дәстүр бар-ды жарық шашқан,
Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан.
Сонымен қатар, ақын аққуды атқан ананың баласынан айырылып қалғанын көрсету арқылы және ананы көрген қарияның ақылын жеткізу арқылы бұл құстың шын мәнінде айрықша құдіретке ие екенін айтып тұр. Оны поэмадағы мына жолдардан білуге болады:

...Білмеймін, cop аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?
-Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,
Жоқ ата, жасамадым ондайды мен...
Жасымнан естігенім бар-тын еді,
Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...
-Солай, солай...
Аманат бір құдайға...
Мінекей, поэманы оқи отырып көзге жас, жүрекке тас түскендей сезімде боламыз. Себебі, баласы үшін киеге қол салған ананы бір жағынан аяймыз,бір жағынан оның ісі үшін өзіміз өкінеміз. Айдын көлдің еркелерін бір жағынан аяймыз, бір жағынан табиғат берген сұлулығы мен тәкаппарлығына, сезімталдығы мен қасиетіне таңдана көз тастаймыз. Бұл жерде оқырман пікірі екі жаққа бөлінуі ғажап емес. Балам деп зарлаған асыл ана бақ атты ма, сор атты ма? Қай жағынан қарасақ та, шешім біреу. Аққу құсқа қиянат жасаған оңбайды, көлдегі қу қауіп бар жерге ешқашан да оралмайды.
Бөрінің киелілігі неде?
Көкбөріге табыну, өзін бөрінің ұрпағына балау, қасқырды киелі деп қастерлеу қазақ қанына ежелгі түркі заманынан сіңген қасиет. Түз тағысының осыншалықты киелі деп санауға не түрткі болды? Аққуды махаббаттың символы дейміз-ау, ал, қасқырдай орман жыртқышын неге кие тұтамыз? Көне түркілердің өздерінің шығу тегі жөніндегі аңыздың бір нұсқасы бойынша, байырғы түркілер қасқырды ата тегіміз деп білген. Жаугершілік заманда күншығыстағы көрші елден қатты жеңіліс тауып, тегіс қырылған халықтан бір жас бала тірі қалады. Жау жас баланы өлтірмей, аяқ-қолын кесіп, тоғайға жалғыз өзін тастап кетеді. Жалғыз қалған баланы бөрі асырап алады. Баладан он ұл туылып, кейіннен ол он ұлдан тараған адамдар тұтас бір тайпаға айналады. Оларды Ашина әулеті, көк бөріден тараған түркілер деп атаған. Осылайша бөріден туылған адамдар үлкен мемлекеттің іргетасын қалап, содан тараған жұрт ғұндар мен түркілер деп аталып кетеді. Ашина әулетінен тараған халық ержүрек батыл болып қалыптасады. Осы аңыздың әдебиетте қасқыр тотемі пайда болып, қасқыр туралы әңгімелер ежелгі халықтардың көне мифтерінде сақталып, батырлық символ ретінде көрініс тауып жатады. Осы көне аңызға байланысты тәңірлік әдебиетте Көк бөрі дастаны пайда болған. Көк бөрі дастаны ұлы Түрік қағанаты құрған көк түріктердіңежелгі ата-тегінің шығу тарихын,олардың халық ретінде қалыптасқанын түрлі аңыздар негізінде жыр еткен эпос[1.67].
Сонымен қатар, көкбөрінің киелілігін әдеби шығармалардан байқауға болады. Мәселен, қаламгер М. Әуезовтің Көксерек повесінен қасқырдың бөлтірігін ауылға алып келіп, өсе келе ауыл тұрғындары мен ауыл иттерінен қорлық көрген Көксеректің олардан кек алғандай болған әрекеттерін Құрмаштың аянышты өлімі мен төрт түлікке жасаған қиянатынан көруге болады. Жазушы соңы трагедиямен аяқталатын бұл әңгімені жай мақсатпен жазбаған, оның нақты әрі ауқымды мақсаты болған.
Біріншіден, қасқырлар - ұлы даланың баурайын мекендейтін жыртқыш аңдар. Жазушы ретінде тарихтан тағылым ала білген және сол тағылымды өшпес мұра етіп қалдыра білген Әуезов жауһар туындысында осы бір түз тағысын ала отырып, ежелгі ата-бабаларымыздың қасқырдай қайсар, ешкімнің ырқына көнбейтін өр мінезді екендігін жеткізіп тұр. Себебі, ежелгі бабаларымыз өздерін бөрінің ұрпағына балаған және осы күнге дейін тегін, жерін, елдігін жоғалтпай талай сындарды бағындырып келген. Аң мен адамға тән осы қасиет тектен тек емес. Қасиетті қазақ жұрты нені киелі санау керектігін жақсы білген және өз сенімдеріне кір шалдырмаған.
Екіншіден, қасқырдың еркіндікті ту ететін асыл қасиеті аң патшасы арыстанда да, қорбаңдаған аюда да жоқ. Циркте арыстандар мен аюлардын, түрлі жануарлардың адамның қолына әбден үйренгенін көре аламыз. Ал, ешбір циркте қасқырлар өнер көрсетпеген ғой. Себебі, оларды ешкім қолға үйрете алмайды, қолға үйретемін деген Құрмаштың өзі қыршынынан үзілген жоқ па?! Бұдан шығатын түйін- киеге орынсыз ұрынуға болмайды.
Марал, бөкен, киіктер неге киелі?
Киік - ежелден тіршілігін жоғалтпаған киелі жануар. Ежелден тіршілігін жоғалтпаған деген себебіміз, олар біздің заманымыздан бұрынғы тас дәуіріндегі мамонттармен қатар өмір сүрген. Ежелгі аңдар жойылып кетсе де, бұл табиғат еркесінің әлі күнге дейін тіршілік тынысын жоғалтпай келе жатқаны жан таңданарлық құбылыс емес пе?
Діни қиссаларда Адам ата жерге түскен кезде пейіштен інжірдің бес жапырағын алып түскен екен. Сол жапырақтың біреуін бал арасы, біреуін жібек құрты, біреуін киік жеген деп айтылады. Қалған екеуін Адам ата жерге егіпті. Киік пейіштің жемісін жегендіктен, киелі аңға айналыпты. Халық даналығында құралайды көзге атқан, киіктің лағындай, құралайдың салқыны, құралай көз, қолаң шаш деген әдемі тіркестер қалыптасқан.
Ақын Сәкен Сейфуллин киікті адам баласына теңегенін де білеміз. Ақсақ киік өлеңінің жолдарын білмейтін қазақ жоқ шығар:
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім, - деген жолдардан жануарға деген ерекше сүйіспеншілік пен махаббаты байқауға болады.
Киікке арналған күй де жоқ емес. Ықылас Дүкенұлының 100 күй топтамасына енген Жезкиік күйі тағы бар.
Киіктің киесі туралы баяндалатын бұдан да өзге әдеби туындылар жетерлік. Мәселен, бар қазаққа мәлім Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырында Сарыбай мен Қарабай аңшылықта жүріп буаз маралды кездестіреді. Бел құда болып, уәделескен екі достың бірі Қарабай Сарыбайға маралды атып, етінен дәм таталық деп қолқа салады. Сол кезде Сарыбай былай дейді:
- Үйіңе құдай оңдап қыдыр қонар,
Бір достым бек сөйлескен сендей болар.
Бұл марал буаз екен, тіпті атпаймын,
Келінің екі қабат кесел болар.
Бұл сөзге Қарабай құлақ аспайды. Досының көңілін қайтарғысы келмеген Сарыбай амалсыздан маралды атады:
oo Пейілін Қарабайдың құдай алды,
Сарыбай қынжылумен оғын салды.
Маралды бетіне алып тарс қойғанда,
Кідірмей сол орманда құлап қалды.
oo Қараке-ау, бай екенсің сөзің шалыс,
Екеуміз жапан дүзде болдық таныс.
Орнымнан үш ұмтылып тұра алмадым,
Мылтығым тиді маған алты қарас!
Қареке-ау, ажал уақты маған жетті,
Ағасың жасың үлкен құлдық депті.
Аузынан бір-екі ауыз арыз айтып,
Сарекең күні жетіп өліп кетті...
Бұл үзіндіні оқи отырып, маралды атқан Сарыбайдың сол мезетте көз жұмғанын байқаймыз. Сарыбайдың сол мезетте ажал құшуы кездейсоқтық емес. Әуелден іші бірдеңені сезіп, атқысы келмегеніне қарап та, маралдың киелі екенін түсініп тұрғаны деп білеміз. Кең даланың қостұяқтыларына қиянат жасаған оңбайды.
Халық ауыз әдебиетіндегі Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Қыдыр ата, Баба түкті Шашты Әзіз секілді кейіпкерлер несімен киелі?
Халық танымында қырықтың бірі Қыдыр, Қыдыр келсе, құт қонар, Ғайып Ерен Қырық Шілтен секілді атаулар ежелден кездеседі.
Ғайып ерен қырық шілтен - діни. Мұсылмандарды жебеп, қолдап жүретін, көзге көрінбейтін киелі бейнелер.[5.177] Осы бір тіркеске қатысты ғалымдардың пікірі сан тармаққа бөлінеді. Бірі ел ішіндегі қырық нөкер туралы аңызды айтса, бірі көзге көрінбейтін әулиелер деп сенеді. Кімнің пікірі болмасын, эпостық жырларда көп бейнеленген бұл атаудың біздің бабаларымыз үшін киелі болғаны айдан анық. Ғайып ерен - мұсылмандар арасында сопылық ілім ықпалымен тараған түсінік бойынша, ерекше қасиеттерге қол жеткізген әулиелер. Қазақ фольклорының кейіпкерлері әдетте Құдаймен қоса "Ғайып ерен, қырық шілтен", "Ғаусыл- ғиас", т.б. әулие-пірлерді рухани көмекке шақырады. Бұл түсініктің түп-төркіні сопылық ілімде жатыр. Ол бойынша дүниеде әулиелер иерархиясы бар. Солар арқылы Алла тағала жер бетіне билік жүргізіп, адамзатты жетілдіруге ықпал етіп отырады. Олар рухани ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кие қандай атау
Наным - сенімдер немесе көне діни ұғымдар
Жасанды тілдерде символ таңбамен бірдей, тең ұғым
Көне түріктердің діні, наным-сенімдері және салт-дәстүрлері
Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін саралауда жекелеген ақындар шығармаларындағы символдың өзіндік ерекшеліктерін зерделеу
Халықтық наным-сенімдердің этнолингвистикалық сипаты
Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
Шу дастаны
Дәстүрлі күйшілік өнер
Қазақстан Республикасы аумағындағы ішкі туризмді дамыту
Пәндер