Ғұламаны қазаққа танытқан тұлғалар жайында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп - гимназия - интернаты ММ

Тақырыбы:
Қазақ ғұламаларының зерттеуіндегі Әбу Насыр әл-Фараби және олардың үндестігі.


Дайындаған: Гаппарова Аяжан 11 А сынып оқушысы
Жетекшісі: Досжанова Ж.Т

Қостанай, 2022

Аннотация
Бұл зерттеу жұмысында түркі дәуірінде өмір сүрген ұлы данышпан, ғалым, философ Әл-Фарабидің сара жолының қазақ жерінде ізін тапқан танымал тұлғалардың еңбектерінің арасындағы салыстырмалы ақпарат берілген. Ғалымдардың ғылыми негіздемелері зерттеуге байланысты келтірілген. Аталмыш ұлы тұлғалардың Әл-Фарабидің мұрасымен, трактаттарының ұқсастықтары мен сабақтастықтары тұрғысынан, сонымен бірге екінші ұстаздың қазақ территориясындағы өмірін зерттеп, ұлтымызға қайтрағаны туралы ғылыми негіздерін растау немесе жоққа шығару тұрғысынан қарастырылады.

Аннотация
В данной исследовательской работе представлена сравнительная информация между трудами известных личностей, нашедших след на казахской земле великого гения, ученого, философа Аль-Фараби, жившего в тюркскую эпоху. Научные обоснования ученых приведены в связи с исследованием. Эти великие личности рассматриваются с точки зрения сходства и преемственности трактатов с наследием Аль-Фараби, а также с точки зрения подтверждения или опровержения научных основ второго учителя, изучавшего жизнь на казахской территории и вернувшего его к нации.

Annotation
This research paper presents comparative information between the works of famous personalities who found their mark on the Kazakh land of the great genius, scientist, philosopher Al-Farabi, who lived in the Turkic era. Scientific justifications of scientists are given in connection with the study. These great personalities are considered from the point of view of the similarity and continuity of the treatises with the legacy of Al-Farabi, as well as from the point of view of confirming or refuting the scientific foundations of the second teacher who studied life on the Kazakh territory and returned him to the nation.

Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I.Ұлы даланың ұлық тұлғасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
II.Ғұламаны қазаққа танытқан тұлғалар жайында ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
2.1.Шығыстан жеткен үн немесе Марал Ишан баба ... ... ... ... ... ... ...6
2.2. Ақжан Машани - әл-Фараби ғылымдарының насихаткері ... ... .8
III. Әбу Насыр әл-Фараби және Абай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3.1.Әл-Фараби - Абай идеяларының бастамасы ... ... ... ... ... ... .. ..
3.2.Философиялық трактаттар мен қарасөздер жайында ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2
Зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазақ жерінен шыққан ғалымдар мен ұлы тұлғалар арасындағы байланыс пен Әбу Насыр әл-Фарабидің, оның еңбектерінің және еліміздегі философиялық ғылымның дамуы туралы ресми пікірлерді шындау.
Міндеттері:
Қазақстан жеріне ислам философиясының келуінің Әбу Насыр әл-Фарабимен бйланысын анықтау ;
Әбу Насыр әл-Фараби жайында ғылыми зерттеулерді сараптау;
Әбу Насыр әл-Фараби мен Абай еңбектерінің арасындағы байланынстады салыстыру, олар жайындағы ғылыми пікірлерді талдау, саралау;
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Орта Азия мемлекеттерінің тарихында, сол сияқты Қазақстан тарихында Әбу Насыр әл-Фарабидің рөлі үлкен. Қазақстан даласындағы археологиялық қазба жұмыстары мен деректер нәтижесінде ғалымның Отырар жерінен екені анықталды. Уақыт шеңбері б.з. құрады. Екінші ұстаз тарихта ерекше із қалдырды, оны зерттеген ғалымдар мен тақырыптары мен пайымдары бойынша сай келетін ойшылдар бар екенін анықтадық. Сол себептен, біз өз жұмысында өздік тұрғыда әл-Фарабидің танымдық тақырыптарын ашып, қазақ жеріндегі ғылым-біліммен, мәдениетпен салыстыруды көздедік.
Сауалнама мұғалімдерге бағытталды. Саны: 40. Жалпы саны 5 сұрақ қойылды. Сауалнама нәтижесі бойынша бірінші сұраққа жауап берушілердің 22%-ы сұрақтарға дұрыс жауап бермеді, 78%-ы сұрақтарға дұрыс жауап берген. Екінші сұраққа жауап берушілердің 43,25%-ы дұрыс жауап бермеді, 56,75%-ы дұрыс жауап берген. Үшінші сұраққа жауап берушілердің 28,8%-ы дұрыс жауап бермеді, 71,2%-ы дұрыс жауап берген. Төртінші сұраққа жауап берушілердің 40,5%-ы дұрыс жауап бермеді, 59,5%-ы дұрыс жауап берген. Бесінші сұраққа жауап берушілердің 50%-ы дұрыс жауап бермеді, 50%-ы дұрыс жауап берген. Сауалнама қорытындысы бойынша, мұғалімдердің де жартысының көбі ғалымның туған жері мен оны зерттеген тұлға бойынша толық біле бермейді. Осыдан жұмыстың өзектілігін көрдік.
Ғылыми жұмыстың құрылмы: кіріспе, II тараудан , қорытынды нәтежелерінен тұрады.
Ғылыми жұмыстың практикалық маңызы: Бұл ғылыми жұмыстың нәтижелерін мектептегі Қазақстан тарихы мен әдебиет сабақтарында, қосымша оқу құралы ретінде қолдануға болады, зерттеу бойынша сайт жасалып, ғаламторға енгізілді.

I.Ұлы даланың ұлық тұлғасы

Әл-Фарабидің, туған жылы 870 жыл, өлген жылы 950 жыл деген мәлімет ресми түрде халықтар арасында, баспа жүзінде тараған. Шын мағынасында бірер жылдық артық кемі болуы мүмкін, оны біз бұл арада талдамаймыз. Ұлы ғалымның туған жері Отырар (Фараб), өлген жері Дамаск (Сирия). Осы жөнінде білмейтін адамдардың арасында кейде жаңсақ пікірлер болады. Соны жою үшін бір-екі нақты мәлімет келтіреміз. Алдымен ескеретін нәрсе Фараб атты мекен (бір ғана жер емес) бірнеше жерде бар. Соның бірі Амудария бойында, тәжік жерінде. Сол бойынша әл-Фараби ирандық нәсілден деген жалған пікір қалыптасқан. Оны қазір ешкім қолдамайды. Ал әл-Фарабидің туған жері Сырдария бойындағы Фараб (Отырар) екенін дәлдеп жазып, картаға түсірген атақты ғалым-географ ибн-Хаукал. Ол өзінің Китаб Масалик уа мамалик аталатын географиялық еңбегінде Түркістан аймағының сипатын берген, қалаларын картаға түсірген. Ол Отырарды жазғанда, картаға түсіргенде әдейі арнайы тоқтап: Бұл жер атақты ғұлама, асқан философ әл-Фарабидің туған жері, - деп жазған. Ибн-Хаукал әл-Фарабидің шамалы кіші замандасы және екеуі бірін-бірі жақсы білген екеуі де Сирияның сол кездегі атақты әмірі Сайф-ад-Даула сарайында қызмет еткен адамдар. Ибн-Хаукалдың сол кездегі жасаған картасы біздің қолымызда. Оны қазіргі картамен салыстырғанда, ғажайып дәлдікті көреміз. Демек, әл-Фарабидің туған жері туралы ешбір күмән болмаса керек. Мұны дәлелдеп, анықтап көрсету себебіміз: кейбір адамдар әл-Фарабидің туған жерін бұлдыратып, оны Қазақстаннан алыстату қаракетін жасап,шатысатындары бар.
Екінші мәселе әл-Фарабидің жерленген жері және ұлттық нәсілі жөнінде. Әл-Фараби қайтыс болғанда Әмір оны өзі қолымен Бабас-Сағир зиратына жерлеген 339 һижра жылы, режеб айында деген сол кездегі жазылған тарихи мәлімет бар. Осы бір ауыз сөздің бізге зор көмегі тиді деуге болады. Әсіресе Әмірдің оны Бабас-Сағир (Кіші қақпа) атты зиратқа қойғаны үлкен көмек берді, өйткені ол атақты адамдар ғана қойылатын құрметті зират еді. Бұл мәліметті Ибн Халликан еңбегінен де, басқалардан табуға болады. Ибн Халликан XIII ғасырдың адамы; ол өзінің атақты еңбегінде мұсылман елдерінің барлық атақты ғалымдарының өмірбаяны мен еңбектеріне шолу жасаған. Кітабының аты: Уфи-ат аль-аиан фиал-Заман (Ғалымдар өмірінен ескерткіш). Бұл кітапта жүздеген ғалымдар жайлы жазылған; соның арасында әл-Фарабиге үлкен орын берген. Осы кітаб араб, европа тілдерінде талай рет басылып шықты. Онан кейін ХУІ-ХУІІ ғасырда өмір сүрген түріктің атақты ғалымы Хажы Халифа Мустафа Челеби өзінің Кашаф ал-Зунун, Куман айру атты еңбегінде әл-Фарабиға көп орын берген. Осылардың бәрінде де әл-Фараби түркі нәсілді, Түркістандық екені айтылады. Сонымен қатар оның арғы аталарының аттары Дархан, Узлақ деген таза түркі нәсілінің ежелгі, исламға кірмей тұрғандағы атаулары екені айтылады...
Әл-Фараби заманында Түркістан елі исламды қабылдап, ғылыми, мәдени салада араб тілін меңгере бастаған. Сондықтан әл- Фарабидің араб елдерінде болып, ғылымды сол тілде жазуы түсінікті. Ол кезде араб тілі дүние жүзінде ең жоғары ғылыми дәрежеге көтерілген тіл болатын. Әл-Фарабидің араб ғалымдары қатарында саналуы да осыдан. Оны араб тілді ғалым деу дұрыс.[1]

II.Ғұламаны қазаққа танытқан тұлғалар жайында

Шығыстан жеткен үн немесе Марал Ишан баба

Өзіміз өмір сүріп отырған тәуелсіз елімізде қыранымыз қалықтап күнді құшқан көк байрағымыз желбіреген күннен бастап тарихтың ұлы көші басталып, оң мен солымызды, өткен мен кеткенімізді өз қолымызбен толықтырып жатқанымызға бәріміз бүгін куәміз. Тарихты осы уақытқа дейін қаншалықты зерттелуіне қарамастан, әлі де еленбеген тақырыптар қатары жетерлік. Менің зерттеу тақырыбым мен өлкеміздің байланысы - Әл-Фараби мен Қостанай өңірінен щыққан Марал ишан Құрманұлының рухани үндестігі.
Тақырыбымызға арқау болып отырған Марал ишанның ғибраты, яғни, сөзі. Марал ишанның ғибратынан үзінді келтірсек:
"Ғылымсыз қасиет болмайды,
Ақылсыз өсиет болмайды " - деп өсиет қалдырған. Шын мәнінде де, адам бойына даритын қасиет тек ғылым-білім арқылы ғана жиналады. Осы келтірілген екі-ақ жол сөз Марал ишанның кім екенін айқындап тұр. Осындай ірі тұлғаны тани отырып, оның ортасы, ұстаздары, халқының ілім-білімге толы рухани қазына, салт-дәстүрі, сол кездегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай кандай болғанын зерттеу тақырыбымның өзегі болды. Марал ишан 1780-1841 жылдары аралығында өмір сүрген. Осы жылдарды қамтитын XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы казақ қоғамына көз жүгіртсек, қазақ халқы өтпелі кезеңде өмір сүріп жатқан еді.
Патшалы Ресейдің отарлық саясаты күшейіп 1750-60 жылдары олардың салған шептері мен бекіністері Каспиийден Ертістің жоғарғы ағысына дейін созылып, Қазақ хандығын жартылай шеңбермен құрсады. Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері маңында күн көретін Орта Жүз қазақтары күшпен ішке ығыстырылды. 1771 жылы Орта Жүздің ханы Әбілмәмбет кайтыс болып, оның орнына сайланған Абылай Хан қазақтың бақытына орай туған еді. Кемеңгер Абылай қазақтың атқамінер батырлары мен ержүрек ұлдарының басын қосып сыртқы жаудың бетін қайтарып күйрете соққы берді. Абылай дүниеден қайтқаннан кейін Кіші Жүзде Сырым Датұлы басқарған көтеріліс толқыны басталды. Отарлаушылардың неше мәрте жіберген жазалаушы жасақтарына бой бермей, карсы шыға алған Сырым қолы қазақ халқының өшпес ерлігінің айғағы болды. Өкінішке орай, көтеріліс қиын-қыстау кезеңнің салдарынан бірте-бірте бәсеңсіп тынды.
Сонда да патшалы Ресей қазақ даласындағы Хандық билікті түбірімен құртып жіберуге жанын салды. Тіпті, 1815 жылы Бөкейді екінші хан етіп сайлай отырып, өздерінің ықпалын арттыра түсті. Ақыры, 1822 жылы Сібірді екіге бөле отырып, Батыс бөлігіне қазақтарды енгізді. Оларға арналып "Сібір қырғыздары туралы жарғы" шықты. Бұл жарғыға сәйкес қазақ даласында басқарудың жаңа аппараты құрылды. Қазақ жері ішкі және сыртқы округтерге бөліне отырып, болыстар мен ауылдарға бөлшектенді. Ақыр соңында, 1824 жылы "Орынбор кырғыздары туралы жарғы" шығып, Кіші жүзде Хандық билік жойылды. Сұлтандардың экономикалық әрі саяси күші азайды. Батырлар тек қана жүздер шекарасында ғана ықпалды болды. Мұндай кесапат саясатқа қарсы халық тарапынан әр жерде шағын дүмпүлер бой алдыртып тұрды.
1837 жыл дегенде Кенесары Касымұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліс басталып кетті. Ыза мен кекке әбден бұлыққан халық Кенесары көтерген азаттық туының астына шоғырланды. Тіпті, Кенесарыны 1841 жылы жазда Сарысу бойында хан етіп сайлады. Ақыры бұл көтерілісте кырғыз ағайындардың Патшалы Ресей үгітіне сеніп, Кенесары ұсынған келісімге қарсы шыққандықтан аяусыз жаншылып, аяқталды.
Бұл саясаттың өміршеңдігі кейінгі кезеңнен осы кезге дейін жалғасын тауып, ықпалын тигізіп жатты. Осы тақырыпты Ахмет Байтұрсынов былай деген еді: "Ресей қоластындағы түркі халықтары мәдениетінің дамуына еш жағдай жасалмады. Тіпті үлгі алуға болады-ау деген орыс халқының өзі ешқандай түбірлік байланысы жоқ, онымен қоймай әміршіл болып шықты. Осы кезде орыс үкіметіне деген жек көрініштікпен бірге оның мәдениетіне де деген қарсылық көрініс берді."
Осындай қиын-қыстау кезеңде өмір сүрген Марал ишанның қысқаша өмірбаянына тоқталсақ, 1780 жылы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Аманқарагай орманымен іргелес Қайранкөл жазығында дүниеге келген. Руы Керей. Он үш жасынан бастап жеті жыл бойы Өзбекстанның Жам тауындағы Жалаңаяқ ғұламадан дәріс алған. Бұл жеті жылда ислам дінін, қасиетті кітап Құранды оқып үйренеді.Шығыстың емдеу тәсілін игереді. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи еңбектерін оқып, бойына сіңіреді. Еліне оралған Марал халқана адал қызмет етеді. Мешіт-медреселер салып, бала оқытып, руханият тәрбиесінің ұйытқысы бола білді. Кейін 1841 жлы туған жері Қайранкөлде дүние салып, оңтүстіктегі (Қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы станциясының жанында) анасы Фатиманың қасына жерленеді.[2]
Марал ишанды тереңірек тани келе бізге бір ой келді.
Марал ишан Жам тауындағы жеті жылда Әл-Фараби еңбектерін оқып, таныс болды. Әл-Фараби дүниеге келіп көзін ашып, есейе келе білім жинаған қазақтың нәрлі топырағында туды. Өмір бойы дін исламды уағыздап, Құранды қасиет тұтып кетті. Дін тазалығана тек өзі ғана жетіп қоймай басқаларды да жетеледі. Ендеше, Марал ишанның өмір бойы жинаған рухани дүниесінде Әл-Фарабимен ұқсастық, үндестік болу керек. Міне, бұл жорамал Марал ишан мен Әл-Фараби арасындағы рухани байланысты анықтауға негізгі себеп, бастау болды.
Біз Марал ишанның дүниетанымы қалыптасқан кездегі бойына сіңірген қасиеттерін топтастыра келе негізгі үшеуін баса айтып, Әл-Фарабимен үндестігін зерттеп, зерделедік.

Марал ишанның үш қасиеті мыналар:
Рухани көсем
Дін уағыздаушы
Емші
Енді осы қасиеттерге жеке-жеке тоқталсақ.
1.Рухани көсем
Марал ишан Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің рухани көсемі болды. Кенесары мен Марал өзара бөле болған. Халық бірде болмаса бірде өзіне тиімді жолды қағыс қалдырады. Олар кей оқиғаның байыбына барып терең түсіне алмайды. Осындай кезде оларға әскери қолбасшымен бірге рухани басшы оңды жол сілтеп, шындыққа жетелеу керек. Рухани көсем болған Марал ишан осы басшылыққа сай кызмет атқарды. Сондықтан да халқы құрметтеп, бүгінгі күнге дейін есімін ұмыткан жоқ.
Әл-Фараби "Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері" еңбегінде басшының бойындағы қасиеттеріне тоқталады:
даналық
пайымдағыштық
қалтқысыз сендіру
өте жақсы киялдау

1) Әл-Фараби даналықты заттардың болмысын айқындап беретін жақын
және алыс себептерін білу дейді. Енді Марал ишанның мына сөздерін
оқып көрелік:
Өмір деген бір айна
Аларсың да көрерсің
Көрерсің де күлерсің
Түсіп кетсең сынадан
Ғұмырың осы білерсің.
Мұнда Марал ишан өмірдің болмысын айқын әрі түсінікті көрсету үшін оны айнаға теңейді. Айнаның сынуы әп-сәтте. Ал, сол сынған бөлшектердің бірігуі жоқ. Міне, өмір қысқалығының себебін, ол өмірдін бар болмысы қас-қағым сәттегі айна сынуына тең келтіріп отыр.
2)Пайымдағыштықты Әл-Фараби ақылмен теңгереді. Пайымдағыштық игілікке ие болу үшін ең қолайлы нәрсені ұғыну, оны ашу. Оның мақсыты бақытқа апарытын ең қажетті белеске жету.
Марал ишан да рухани көсем бола отырып, халықты бақытты тұрмыс құруға шақырды. Бақытты тұрмыс құру үшін біреуге бағынып қан алуды тоқтатып, азат ел болу ең басты белес деп түсіндірді. Марал ишанның пайымдауынша, азаттық - бақытты өмірдің басты тірегі.
3)Қалтқысыз сендіру - адамдармен әңгіме жүргізу қабілеті. Марал ишанның рухани басшы болғанын біле отырып, тыңдаушыны қалтқысыз сендіре білу қабілеті бойында болды деп білеміз.
4)Өте жақсы қиялдау - нәрсенің тура шындығын айтпау, тек істеу керек немесе істемеу керек екендігін ойда елестету. Сол арқылы әлгі нәрсені өрбіте талдайтын сезімдерді қоздыру. Барлық поэтикалық шығармалар осы үшін қызмет етеді. Терең философиялық астарлы өлеңнің иесі Марал ишанның өте жақсы қиялдағыш болғанына ол кісінің ғибраты дәлел.
2.Дін уағыздаушы.
Марал ишан халықты имандыққа, адал болуға, жақсылық үшін өмір сүруге, өзгеге көмек беруге баулыды. Ол имандықтың бастауы ислам деп түйіп, ислам қағидалары мен шариғаттарын халық жадына сіңірді. Өз заманында Әл-Фараби Ислам дінін жоғары бағалап, Құранды ең ұлы кітап дей отыра, оған ғылыми тұрғыдан түсінік берген. Әл-Фарабидің бұл еңбектерін тек білгір, даналар ғана түсінетіндіктен, Марал ишан Әл-Фараби келтіріп кеткен ғылыми тұжырымдарды жалпақ жұртқа түсіндіруде зор еңбек етті. Әл-Фараби адамның жаны, рухы таза болған кезде ғана ол ғылымды игереді десе, Марал ишан осы рух тазалығына өзі ғана жетіп қоймай өзгелерді де соған тәрбиелеп жетелей білді.
3.Емші.
Емшілік қасиетті игеруде Марал ишанның үлкен бір мақсатын көреміз. Ол халыққа тікелей қызмет атқарып, оның мұң-мұқтажын өз қолымен өтей білу үшін халықтың сырқатын жазып, ауруын басты. Әл-Фараби болса "Денің сау болса, оны сақтамақ керек, егер сырқат болса, оны сауықтырмақ керек" дейді. Бұл тамаша пікірдің өмірде жүзеге асуы Марал ишан қызметінің ажырамас бөлігі болып қала берген.
Міне, осылайша араларында өткен сегіз ғасыр уақытқа қарамастан екі ірі тұлғаның Әл-Фараби мен Марал ишанның рухани байланысы, өмір туралы түсініктеріндегі ұқсастықтары берік бекіген.

Ақжан Машани - әл-Фараби ғылымдарының насихаткері

Ақжан Машани әл-Фараби туралы мағлұматты алғаш рет соғыс зардабымен Алматыға қоныс аударған А.Эйнштейннің шәкірті, Чехословакия Ғылым академиясының академигі, математик-философ Эрнест Кольманнан 1943 жылы естиді. Ести сала санасында Ол қазақты құраған тектен болмасын! деген ой жаңғырады. Отырарда дүниеге келгенін анықтағаннан кейін ғалым өзінің алдына Фарабидің тектамырын зерттеуді мақсат етіп қояды. Заман - Қазақстан газетінде шыққан сұхбатында Ақаң: Бұл адамды мен зерттеймін, осы жолға түсемін деген берік байламға келдім де, Қ.Сәтбаев марқұмның алдына кірдім. Мені Қанекең білетін, әрі жақсы көретін. Біз тауда, экспедицияда талай бірге жүргенбіз. Кірген сәттен: - Қаныш аға, әл-Фараби сияқты дүниежүзі білетін ғалымды біздің білмей отырғанымыз масқара ғой, намыс емес пе?! Мен осы кісіні іздеймін дедім, дейді.
Өзбекстан ғалымдарының әл-Фарабиге қалай таласқаны туралы ғалымның шәкірті Шәмшиден Әбдіраман былай деп еске алады:Фарабиді іздеу сапарын Ташкенттен бастаған Ақаң ондағы Бируни атындағы Шығыстану институтында әл-Фарабиге қатысты ешқандай деректің жоқ екендігіне көзі жетті әрі өзбек ағайындар әл-Фараби есімін мүлде естімеген болып шықты. Институт директорының орынбасары Мұзафар Хайруллаевтың Ақаң жинаған әл-Фараби тұрғысындағы азды-көпті мәліметтеріне таңырқауында шек болмады. Оның болашак докторлық диссертация тақырыбының тағдырын сол жолы анықтауға Ақаң себепкер болды, баба хақындағы қолда бар материалымен бөлісті. Ақжан ағаның бұлтартпас дәлелді құжаттарын көре тұрса да өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басында: Мына сәлде киген молдаң кім өзі? Қазақ болса, руы кім екен? Еңбегін неге арабша жазған? деп, қазақ ғалымдары ит-тартыспен өткерген 3-4 жылдың ішінде әл-Фарабидің өзбек тілінде бірнеше мұрасы жарық көріп, бұл кезде Хайруллаев Ақаң ұсынған тақырыпты игеріп, әл-Фараби философиясынан докторлық диссертация қорғап алып, енді қазақтың ұлы перзентін өздеріне еншілей бастаған-ды. Осындай әңгімені Ақжан әл-Бирунидің 1000 жылдық мерейтойына барған жолы естиді: Ақжан-әка, әл-Фараби заманында қазақ-өзбек еншісі бөлінбеген ел еді ғой, енді оны қазақ тумасы деп бөле тартпай, өзбек халқына да ортақтастыра бермейміз бе? дегендерге Машани: Түрік тумаларын бөліп-жару қазақтан басталған жоқ-тын. Науаи, әл-Бируни, әл-Хорезми туған кездерде де қазақ пен өзбек еншісі ортақ емес пе еді? Қазақ жері - Отырарда туған әл-Фарабиді ортақ еткілеріңіз келсе, сонда өздеріңіз жеріне қарай еншілеп алған өзге даналарды да ортақтастырайық, - деген-ді. Сол кезде Қазақстандағы фарабитанудан ауыз толтырарлық Машани бастамасынан хабардар Мұзафар: Құп, Фараби қазақ болсын, Ақжан-ака! Бірақ сіз Ташкентке келіңіз, бабаңызды тануға сізге барлық мүмкіншілік тудырамыз деп, қазақ ғалымдары арасындағы ғұлама мұрасына атүсті көзқарастан хабардар ол Фарабиді өзбек етудің басқа бір айласын ұсынады. Әл-Фарабиді ташкенттік еткісі келген бұл пиғыл 1971 жылы Мәскеуде өткен халықаралық конгрестің 13-мәжілісінде яки бабаның ЮНЕСКО тарапынан 1100 жылдық мерейтойын өткізу мәселесі сөз болғанда тағы бір бой көрсетті. Осының кесірінен ұлы бабаның мерейтойын өткізу мәселесі қыл үстінде қалып еді. М.Хайруллаев сөз алып: Әл-Фарабидің мерейтойы-на арналған халықаралық ғылыми конференция тек Ташкентте өткізілуге тиісті. Бізде баба мұрасы материалистік тұрғыда әділ бағаланады демесі бар ма? Мәжілісті басқарушы Египет ғалымы столды қойып-қойып қалып, орнынан атып тұрып: Ислам ғылымының алыбы әл-Фарабиді марксизмге жүндетуге бере алмаймыз. Ғұламаның мерейтойы өзі ғұмыр кешкен араб елінде өтеді, дейді. Осындай қысылтаяңда Алланың құдіретін мойындатар бірер сөзді араб тілінде айтып, А.Машани төрағадан рұқсат сұрайды. Өз тілінде тілек еткендігінен бе, төраға сабасына түскендей болады,
Ақаңа сөз береді. Әл-Фарабидің туған қаласы Фараб-Отырар жері де, елі де - Қазақстан, - дей келіп, қазақ ғалымдарының баба мұрасын игерудегі игі істерін тізіп шығады да, Ақаң - төрағаны және басқа ғалымдарды - бүтін Араб, Шығыс елдерінің Орта ғасырдағы ислами ғылымы жұлдызының кіндік қаны тамған Отаны - Қазақстанға шақырды. Әл-Фараби ұлы ғалымдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Телжан Шонанұлының сын мақалалары
М.Әуезов өмірінің шығармашылығына әсері
“ӘЗ ТӘУКЕГЕ ҚЫЗМЕТ ҚЫП, ЖАЗДЫМ “ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫ”
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Ахмет Ясауидің ұстаздары
Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі
Қожа Ахмет Ясауидің ұстаздары
Пәндер