Әдебиеті және музыкасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Механика-математика факультеті
математика кафедрасы

C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\2GrcTmFWCD4.jpg
СӨЖ

Тақырыбы: Германия елінің өнері, мәдениеті, ғылымы

Оқытушы: Майлыкутова М. Д
Ғылыми дәрежесі, атағы: оқытушы
Студент:Қуандықова Айым
Мамандығы:математика
Тобы: ММ22_1

Алматы, 2022

Германия елінің өнері, мәдениеті, ғылымы

Жоспары:

1. Тарихы

2. Географиясы мен климаты

3. Өнері

4. Шеберлері

5. Ғылыми жетістіктері

6. Әдебиеті және музыкасы

7. Пайдаланған әдебиеттер

Тарихы . Германия жерінде адам б. з. б. 500-300 мың жылдарда, төменгі палеолит дәуірінде (Гейделъберг адамы) пайда болған. Оңтүстік Германияда неандерталь адамының сүйегі табылған. Палеолит дәуірінен неолит дәуіріне өтер кезеңде Германияның солтүстік аймақтарын алғашқы қауымдық балықшы және аңшы тайпалар мекендеген. Б. з. б. 3-2-мың шылдықта Германия жеріндегі тайпалар мал және егін шаруашылығымен де шұғылданды. Б. з. б. 1-мың жылдықтың басында Германия жерінде қола құралдарымен қатар, темір құралдар да пайда болды. Германия жерінің денін қоныстанған герман тайпалары б. з. б. 1-мың жылдықтың аяғында Рим мемлекетімен соқтығысты. 4 ғасырдың қарсаңында тайпалардың қоныс ауыстырып, араласуы нәтижесінде германдықтардың тайпалық жаңа бірлестіктері құрылды; бұлардың бір бөлігі 4-6 ғасырларда Батыс Рим империясының жеріне ойысты. Германия жеріне алемандар, баварлар, шығыс франкілері, сакстер, тюрингілер, фриздер бір жолата орнықты.

Германияда негізінен алғашқы қауымдың құрылыс ыдырау барысында феодалдық қатынастар қалыптаса бастады да, франкілер шапқыншылығынан кейін, бұл процесс жеделдей түсті. Франкілер 8 ғасырда бүкіл Германия жерін өзіне қаратты, сөйтіп Германия франк мемлекетінің құрамына кірді де, онда христиан діні тарады. Ақсүйектер мен қауым басшыларының ірі жер иеліктерімен қатар, корольдар мен шіркеулердің жер меншігі пайда болды. Ерікті шаруалар бағындырыла бастады. Каролингілер империясы құлағаннан кейін, Германия жері шығыс франк корольдығына кірді; бұл герман аймақтарының мемлекеттік тұрғыдан даралануының басын бастап берді. Бұл процесс маркграф Арнульф Каринтийский (887-899 жылдар биледі. ) «шығыс франкілерінің» королы болып сайланғаннан және саксон әулетінің негізін салушы саксон герцогы Генрих I (919-936 жылдар биледі) 919 жылы герман королы болып сайланғаннан кейін аяқталды. Генрих I тұсында ертедегі феодалды герман мемлекеті қалыптасты. Алғашқыда бұл мемлекет Рейн, Эльба мен Альпі аралығындағы жерді алып жатты. Оның құрамына 4 тайпалық герцогтық: Саксония, Франкония, Алеманния (Швабия), Бавария кірді; 870-880 жылдар оған Лотарингия (біржолата 925 жылы) мен Фризия (Фрисландия) қосылды.

Герман феодалдық мемлекеті шапқыншылық саясатына көшіп, полаб славяндарының жерін басып алды. Оттон I (936-973 жылдар биледі) тұсында бодричтердің, лютичтердің, серб-лужиліктердің тайпалық одақтары Германияға бағындырылды. 951 жылы Оттон I Солтүстік Италияны өзіне қаратты, 962 жылы Римді алып, император атанды. «Қасиетті Рим империясының» басы осыдан басталды да, герман корольдары Италияға ұдайы тонау жорықтарын жасап тұрды. 1032-1034 жылдар Бургундия (Арелат) корольдығы империяға қосып алынды. Чехия империяға тәуелді аймаққа айналды.

Француз-прусс соғысы (1870-1871) Пруссияның Германияны өз төңірегіне біріктіру жолындағы династиялық соғыстың соңғы сатысы болды. Соғыс барысында прустар француз армиясын талқандады. Қысым жасау, ақшалай мол субсидия беру жолымен Бисмарк Солтустік-Герман Одағынан тыс қалған (1870 жылдың аяғына) неміс мемлекеттерін де Пруссияға бағынуға мәжбүр етті. 1871 жылы 18 қаңтарда, Парижді қоршау кезінде, оның түбіндегі Версальда прусс королы Вильгельм I бастаған Герман империясының құрылғаны жарияланды. Франкфурт бітімі (1871) бойынша Эльзас, Шығыс Лотарингия Франциядан Пруссияға ауысты. 1871 жылы наурыз-мамыр айларында Бисмарк үкіметі Париж Коммунасына қарсы интервенция ұйымдастырды.

Германияда капитализм жедел дамыды. 70 жылдары өнеркәсіп пен сауданың ұлесі мықтап артты. 19 ғасырдың аяғында өнеркәсіптің жаңа салалары: химия, әлектротехника өнеркәсібі мықтап өркендеді. Өндіріс шоғырланды. Өнеркәсіп және банк монополиялары құрылды. Әсіресе 90 жылдары финанс капиталы мол жиналды. Оның есесіне, халық бұқарасының жағдайы нашарлай түсті. Бисмарк үкіметі юнкерлік-буржуазия милитаристік мемлекетті нығайтып, Европада Германия үстемдігін орнатуға бағытталды.

Германия географиясы мен климаты

Германия солтүстігі Даниямен (шекараның ұзындығы - 68 шақырым) ; батысында Польшамен (456 шақырым) ; оңтүстік-батысында Чех Республикасымен (646 шақырым) ; оңтүстігінде Австриямен (784 шақырым) және Швейцариямен (334 шақырым) ; батысында Франциямен (451 шақырым), Бельгиямен (167 шақырым), Люксембургпен (138 шақырым) және Нидерландымен (577 шақырым) шектеседі. Еуропа ортасындағы, ендік және меридиандық халықаралық жолдардың қиылысындағы елдің жағдайы маңызды. Мұнда Солтүстігі Жерорта теңізімен, сондай-ақ Батыс пен Шығысты қосатын ең қысқа транзиттік жолдар өтеді. Германия жалпы алғанда тоғыз мемлекетпен шектеседі және осы көрсеткіш бойынша басқа батысеуропалық елдер арасында рекордтық орынға ие. Солтүстіктен оңтүстікке қарай, Даниямен шекарадан Австриямен шекараға дейін шекаралардың максималды ұзындығы - 850 шақырым, бұл автожол бойынша 9 сағат жолды алады. Батыстан шығысқа, Франциямен шекарадан Чех Республикасымен шекараға дейінгі шекаралардың ең ұзын жері 800 шақырымнан асады.

Германияның солтүстік бөлігі мұз дәуірінде қалыптасқан ойпатты жазық (Солтүстік-германиялық ойпат, ең төменгі нүктесі - Нойендорф-Саксенбандтағы Вильстермаршеде, теңіз деңгейінен 3, 54 м төмен) болып келеді. Германия аумағында көптеген өзендер бар, олардың ішінде ең ірілері: Рейн, Дунай, Эльба, Везер және Одер, өзендер каналдар қосылған, ең танымал арна - Балтық және Солтүстік теңіздерді қосатын Кильский. Киль арнасы Киль шығанағынан басталады және Эльба өзенінің сағасында аяқталады. Германияда ең үлкен көл - Боден, оның аумағы 540 шаршы шақырым, тереңдігі 250 метр.

Климаты . Германияның климаттық жағдайлары халықтың өмір сүруі мен шаруашылық жүргізу үшін қолайлы. Ел қалыпты аймақта орналасқан. Климаты қалыпты, теңіз және теңізден континенталға өтпелі. Таулы аудандарда биік климаттық белдік байқалады. Қыстың қаттылығы теңіз жағалауынан алшақ, бірақ қатты аяз сирек болады. Қаңтар айының орташа температурасы -4-тен -2 градусқа дейін, Альпіде -5 градусқа дейін, Шілдеде +16 жазықтарда . . . +20 градус, биік тауда +14 градусқа дейін. Еуропаға Сібірден суық ауа массасын әкелетін антициклонның таралуы кезінде төмен температура байқалады. Мысалы, Солтүстік-Германия ойпатында температура -12 градусқа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы 19 градус, ал шілденің орташа температурасы 18, 5 градус.

Өнері :Неміс жерлерінде өнер бағыты бойынша алғашқы орындарды архитектура мен соған байланысты қолөнер түрлері, мысалы витраж, жиһаз дайындау, зергерлік бұйымдар әзірлеу, т. с. с иеленеді. Романдық кезеңнің өнері неміс жерлерінде X-XIII ғасырларда орын алған. Консервативтік жергілікті салт-дәстүрлер романдық формаларды басқа мемлекеттерге қарағанда ұзақ сақтауға ықпал етті. Сондықтан готика периоды бұл жерлерге кешігумен келді және Францияға қарағанда таза үлгілерден құралды. Романдық кезеңнің архитектуралық ғимараттарының бір бөлшегі керісінше Византия ғимараттарының үлгілеріне еліктеді.

Шеберлері:

• Матиас Грюневальд (. 1470-1528)

• Альбрехт Дюрер (1471-1528)

• Лукас Кранах (1472-1553)

• Ганс фон Кульмбах (1480 - 1522

• Ганс Бальдунг ( 1484-1545)

• Ганс Гольбейн (1497-1543)

• Урс Граф (1490 - 1529)

• Альбрехт Альтдорфер (1480 - 1538)

• Фейт Штос (1447-1533)

XVIII ғасырда шеберлер ортасында ерекше орынды иеленген Йозеф Стаммель (1695-1765) атты скульптор еді. Ол маньеризм саласында жұмыс істеген.

Еуропаның өнердегі құрметті орынын неміс музыкасы да иеленеді:

• Иоганн Себастьян Бах (1685-1750)

• Георг Фридрих Гендель (1685-1759)

• Кристоф Виллибальд Глюк (1714-1787)

• Моцарт

Өнердегі позицияда неміс архитектурасы да құрметті орындарды алады:

• Маттеус Пёппельман

• Андреас Шлютер

• Бальтазар Нейман

Ғалымдары:

Германия ғалымдары қолдан Күн жасады. Сондағы мақсаттары - экологиялық таза энергия өндірудің болашағын зерттеу. Дәлірек айтсақ, бұл жоба күндердің күнінде көмір қышқылын бөлмейтін электр қуатын шығаруға пайдаланылуы мүмкін. Оның 149 жарқыраған прожекторы бірлесіп, Күннің табиғи сәулесін тартады. Сол сәуле арқылы кәсіпорындар мен үйлер жарықпен қамтамасыз етіледі.

«Бұл жүйенің басты ерекшелігі сол - Күн шақырайып тұрмаса да, оны әлемнің кез келген нүктесінде энергия өндіруге қолдануға болады», - дейді неміс ғалымдары.

Тарих ғылымы. Неміс халқының 11-13 ғасырлардағы феодалдық тарихи жазбаларының ең басты шығармалары - Титмар Мерзебургскийдің, Адам Бременскийдің, Гельмольдтің, Арнольд Любекскийдің, Оттон Фрейзингенскийдің хроникалары еді. Германияның 15-16 ғасырлардағы гуманистік тарихи жазбаларының көрнекті өкілдері - Я. Вимфелинг, Беат Ренан, Авентин, С. Франк болды. Неміс халқының антикалық және орта ғасырлық жазу ескерткіштерін жинап бастыруда олар көп еңбек сіңіріп, орта ғасырдағы діни концепцияларға сын көзімен қараудың алғашқы адымын жасады. Германияның жалпы және жергілікті аймақтарының тарихы (мыс., Бавария тарихы) жазылды. Гуманистердің тарихи-географиялық еңбектері Ұлттық сананың оянуына әсерін тигізді. Германияның 16 ғасырдағы тарихи жазбаларында Реформация мен Шаруалар соғысы дәуіріндегі саяси-әлеуметтік және діни қиян-кескі күрес туралы жазылды. 18 және 19 ғасырдың басындағы Германияның ағартушылық тарихи жазбалары прогресс теориясын түсіндіруге маңызды үлес қосты. Дегенмен Германия ағартушылары дін мен мемлекеттік туралы маңызды қорытындылар жасай алмады. 18 ғасырдың 1-жартысы мен 19 ғасырда ертедегі дүние тарихын зерттеуде бірқатар жетістіктерге жетті. Неміс ғалымдары эллинизмді жүйелі түрде зерттей бастады, грек эпиграфикасын зерттеумен, ертедегі персия сына жазуларын ажыратумен (Г. Ф. Гротефенд) шұғылданды, ертедегі египет иероглифтерін тану ісіне көп үлес қосты. Немістің классикалық философиясының өкілдері (әсіресе И. Г. Гердер, Г. Гегель) прогресс және тарихи даму туралы пікірлерді едәуір тереңдете түсті. 19 ғасырдың 1-жартысында тарих ғылымын зерттеуде ағартушылық бағыт ұстаған тарихшылардың гейдельберг мектебі пайда болды. Бірақ, бұл мектеп қоғамды демократиялық негізде қайта құру жөнінде ғылыми тұжырым жасай алмады.

К. Маркс пен Ф. Энгельстің тарихты, тарихи материализмді диалектикалық материализм тұрғысынан ұғыну жөніндегі ілімі тарих ғылымындағы революция бет бұрыс болды. Бұл ілімді олар тек жалпы философиялық және экономикалық еңбектері арқылы ғана емес, өздерінің жеке тарихи зерттеулері арқылы да жасады.

Әдебиеті . Көне герман фольклорының үлгілері (жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, тақпақтар жоғалып, не қоғамдық үйлер) . 15 ғасырдың ақыры мен 16 ғасырдың басында неміс Қайта өркендеу өнері гуманизм идеяларын шынайы өмірдің талаптарымен ұштастырды. А. Дюрердің суреттері мен графикаларында неміс Қайта өркендеу өнері жан-жақты, толық бейнеленген. Қоғам өмірінде графика кең орын алып, бұл жанрмен сол дәуірдегі әйгілі суретшілер де айналыса бастады. Мүсіншілер Т. Рименшнейдер, Ф. Штос, А. Крафт, П. Фишер шығармалары құштарлыққа, өткірлікке, образ шынайлығы мен шабытқа құрылды. Германияның саяси құлдырауын күшейткен феодалдық реакция кезінде (16 ғасырдың 2-жартысы) өрісі тар маньеризм өнері өктем болды. Нанымсыз, ұсақ-түйекті арқау еткен көркем қол өнері жетекші роль атқарып кетті. 17 ғасырдың басында Қайта өркендеу өнерінің дәстүрлері Ә. Холлдың Аугсбургтегі құрылыстарында байқалып келді. Бірақ ұзаққа созылған тоқырау кезеңі басталды. Тек 18 ғасырдың 1-жартысында ғана сарайлар мен діни ғимараттар салуда жаңа өрлеу туып, барокконың пафосы, рококоның айшығымен үндестік тапты. Г. В. Кнобельсдорфтың әсем құрылыстарында классицизм элементтері басым болды. Классицизм неміс сурет өнерінен де, мүсін өнерінен де берік орын алды. 19 ғасырдың 1-жартысындағы неміс романтизмінде Ұлы француз революциясының ықпалы, ұлттық бірлік жайлы арман, жеке адамның бас бостандығы үшін күрес мистикалық тенденциямен, діни ұғыммен астасып шатты. 1810 жылы назарейліктер өнері қалыптасып, ол католик дінінен тірек іздеді. Романтикалық бағытта ұсақ буржуазия демократиялық бидермейер өнері де қанат жайды. 19 ғасырдың ортасында -классицизм эклектикамен алмасты. 1910-1920 жылдар абстракті өнер белең алды (В. Баумайстер, мүсінші Р. Беллинг) . Фашистік диктатура үстемдік құрып, өнерді өрескел демагогия билеп тұрган кезде де бірнеше прогресшіл суретшілер өз беттерінше шығармалар жазып, гуманистік идеалдан тайған жоқ.

Музыкасы . Ежелгі германдықтардың музыкасы сақталмаған. Бірақ орта ғасырлық жазба ескерткіштер (негізінен «Нибелунгалар туралыжыр») оның болғандығын дәлелдейді. 11-13 ғасырларда қалалардың пайда болуымен байланысты, бюргерлік музыка, ал 14 ғасырда мейстерзингерлер өнері дамыды. 15-16 ғасырларда негізінен вокальдық және вокальдық-аспаптық музыкалық өркендеді. 16 ғасырдағы шаруалар соғысы мен реформация халықтық музыкалық творчествосын ерекше жандандырды. Отыз жылдық соғыс (1618-1648) жалпы неміс мәдениетінің өркендеуін тежеп тастады. Соған қарамастан көрнекті музыканттар шықты (Г. Шюц тұңғыш неміс операсы «Дафна» және тұңғыш балет «Орфей мен Эвридиканы» жазды, 1627, 1638) . Лейпциг пен Гамбург 18 ғасырдағы неміс мәдени өмірінің орталығына айналды. Немістің тұңғыш ұлттық опера театрына (Гамбург, 1678-1738) Р. Кайзер, кейінірек Г. Ф. Телеман көп еңбек сіңірді. Лейпцигте 1723 жылдан И. С. Бах қызмет етті. Әр түрлі жанрды қамтитын И. С. Бах творчествосы неміс ұлттық мәдениетінің қалыптасуына зор үлес қосты. Неміс музыкалық мәдениетіне, әсіресе опера мен оратория саласына өшпес үлес қосқан композитордың бірі Г. Ф. Гендель, Лондонда 50 жыл тұрғанына қарамастан ол Германия музыканты боп қала берді және ағылшын музыкалық өнеріне де үлкен үлес қосты. Германия музыкасында әдебиеттегі «Дауыл мен тегеурін» ағымы сияқты ағым пайда болып, ол К. Ф. Э. Бах творчествосына көп ықпал жасацы. Бұл бағытқа Мангейм сарайындағы музыканттар да жақын болды. Мангейм мектебі - Венаның классикалық мектебінің түп төркіні. К. В. Глюк, Й. Гайдн, В. А. Моцарт және Германия музыкалық өнерінің аса көрнекті өкілі Л. Бетховен Венаның классикалық мектебінен шықты. Оның творчествосы осы мектептің шарықтау шыңы болды. Сан салалы Бетховен шығармалары 19 ғасырдың музыкалық өнеріне үлкен әсер етті. 19 ғасырдың 10-20 жылдарынан бастап Германия музыкасында романтизм қалпытасты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Испания (Espana)
ХХ ғасырдағы Түрікмен әдебиеті
Көне Грек әдебиеті
Башқұрт халқы
Греция
Күй өнері - тәрбиенің басты құралы
Балалар композиторлары
Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау
«Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру»
Қазақтың тұңғыш операсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz