Жаңа кәлам дәуірі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Теология факультеті
Дінтану кафедрасы



БӨЖ

Тақырыбы : Жаңа кәлам дәуірі

Қабылдаған: А.Сатыбалдиева
Орындаған: А.Жұмахан
Тобы: ТДТ-011

Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Жаңа кәлам ілімі дәуірі
2. Жаңа Кәлам ілімі ағымдарын туғызған себептер
3. Жаңа Кәлам ілімі дәуірінің шығармалары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Кәлам (арабша - сөз, пікір) - ислам дініндегі философиялық ілім.Негізін әл-Ашарий (873 - 935) қалаған.Бұл ілім 8 ғасырда пайда болып, 9 ғасырда Орта Азия мен Қазақстанға кең тараған. Кәлам жолын ұстанушыларды мутакәллимдер дейді. Кәлам ілімі Алла тағаланы антропоморфологиялық (яғни адамзатқа сай) сипаттарға ие деп есептейді. Құран ережелеріне сүйеніп Кәлам: "Жаннат не дозақ ежелден бар, адам еркіндігінен тыс, бірақ адамзат өз күнәсі үшін Алла алдында жауап береді", - деп санайды. Сол үшін де Құранды "Кәламу Алла" ("Алланың сөзі") дейді;Исламның ақаид негіздерінен - ақли түсіндірмелерге орын беру арқылы баяндайтын бұл ілімге сөз мағынасына келетін Кәләмесімін беру себептері зерттелген. Тафтазани Шархуль-Мақасыдында да, Шерхуль-Ақаидында да бұл себептерді сегізге дейін жеткізген, маңыздылары мыналар:
а) алғашқы жазылған Кәләм шығармаларында әл-Кәләм сөз бір клише (дайын үлгі) ретінде көп қолданылған. Өйткені авторлар шығармаларында орын берген тақырыптардың бастарында пәлен нәрсе туралы сөз деген мағынада қолданған. Осы себепті бұл ілімге Кәләм ілімі делінген.
ә) Әсіресе, алғашқы дәуірлерде бұл ілімнің ең маңызды тақырыбын Кәләм мәселесі құрады. Кәләм-ы илаһи болған Құран,махлуқ па, емес пе? Бұл тартыс бір уақыттары мемлекет адамдарында іске араластыратындай қатты бөлінуге және ұрыстарға апарған.Осыған байланысты Кәләм мәселесін қамтитын ілімге Кәләм ілім атауы берілген.
б)Бұл ілімнің Кәләм деп аталу себебін былай да түсіндіруге болады: Қалайша логика, философиялық мәселелер үшін бір кіріспесін құрса және философия саласында сөз сөйлеуге адамды қабілетті қылса, дәл солай Кәләм да шариғи (шариғи) тақырыптарда сөз сөйлеу және оларды дәлелдеу құдыретін тудырады. Бұл жерде Кәләм мен логика арасында басқа бір ұқсастықты да табу мүмкін: Логика сөзі грек тіліндегі Logike-ның эквиваленті (баламасы). Бұл logos-қа,яғни сөзге қатысты дегенді білдіреді. Бұл мағына арабшада Кәләм-ның эквиваленті.
в)Кәләм - пікірталас және дискуссияға ең қолайлы бір ілім.Осы себептен сөзге (Кәләмға) көбірек мұқтаж болғандықтан бұл есім берілген.
Жаңа кәлам ілімі дәуірі
Ислам ақаид ілімінің жеткен ең соңғы кезенін түсіндіруден
бұрын осы жерге дейін жасаған тарихи жай жапсарларды қысқаша
қорытындылайық. Толық бойсұну, күмәнсіз, күдіксіз ықыласты иман
дәуірі болған пайғамбар кезеңі мен сахабалар дәуірінен кейін, бір
ғасыр бойы Ислам әлемі ақаид тұрғысынан маңызды нәтижелерді
тудыратын алғашқы ойшылдық әрекеттерге алғышарт жасап берді.
Хижраның екінші ғасырының басында негізі мықты қалыптасқан бір
ақаид мәзһабы Мұғтазилә пайда болды. Мұғтазиләнің ақаид саласында салған жолына, түсіндіру әдісіне Кәләм ілімі деген атау берді. Екі
ғасырдан кейін Әшғари мен Матуриди тарапынан Әһли суннеттің
Кәләм ілімі қалыптастырылды. Әшғария Кәләмын хижраның
төртінші ғасырының соңына қарай Бақиллани өркендетіп жинақы бір
ілім халіне әкелді.
Алайда, хижраның үшінші және төртінші ғасырларында Ислам әлемінде ортаға шыққан тағы бір ағым: Философия болды.
Бақиллани философиямен болған қатынастарын толық ретке келтіре
алмады және қабылдаған кейбір принциптері (иникасы әдилла
сияқты) философияның логика іліміне қарама-қайшы келді. Әуелгі
ғалымдардың Кәләм ілімі деген бұл ағым Ғазали дәуіріне дейін
жалғасқан. Күрес жүргізген қарсы жақ Әһли бидғат фырқаларынан
(Әсіресе, Мұғтазилә) тұрды.
Ғазалиден (ө. 5051111) бастап кейінгілердің Кәләм ілімі басталады. Ғазали логика ілімін Ислами ілімдер үшін қажет деп білген,
бірақ философияның табиғат және илаһият бөлімдерінің Ислам
ақаидына сәйкес келмейтін жиырма тарауын сынаған. Осылайша
философия Кәләм іліміне қосылған. Ғазалиден бір ғасыр кейін Рази
философиямен Кәләмды біріктірген. Кейіннен келген Амиди және
Қады Байдауи дәл осындай әдісті одан әрі дамытқан. Хижраның
сегізінші ғасырының ортасынан бастап он төртінші ғасырдың басына дейін (григорян күнтізбесімен он тоғызыншы ғасырдың соңы)
жалғасқан ұзын дәуірде дәл осындай жолмен жүрген. Бұл тоқырау
және құлдырау сипатындағы дәуірде көбіне түсіндірме кітаптарын
жазумен шектелген. Кейінгі келгендердің кәләм ғылымы философиямен күрес жүргізген.
Ислам тарихында ақаид саласында пайда болған немесе ақаид
тақырыптарымен айналысқан ағымдарды Мұхаммед пайғамбардың
ақида жолына ең жақын болғанынан ең алыс тұрғанына қарай бір
реттік тәртіппен қарайтын болсақ, мыналарды айтамыз: Сәләфийя
- Матуридия - Әшғарияның алдыңғылары - Әшғарийядан
кейін келгендері - Мұғтазилә - Философтар. Бұл тізбекке сопылар енгізілмеген. Мұғтазилә хижри бесінші ғасырдың ортасынан бастап, дербес мәзһаб ретінде болмаса да Шииттердің әртүрлі
тармақтарының ішінде ой пікірлері жалғасын тапқан және имамат
(мемлекет басшылығы) мәселесінен басқа көзқарастары Шииттер
ішінде сақталған.
Ақаид және Кәләм тарихына жалпы бір көзқараспен қарасақ мынаны түсінеміз, бұл тақырыптармен айналысатын Ислам ғалымдары
тарих бойы ортаға шыққан қажеттіліктерге қарай әрекет еткен. Олар
Ислам әлеміне әсер еткен немесе бұл қабілеттілікті көрсеткен жаңа
ағымдармен иық тіресу үшін әдістеріне әрдайым өзгерістер еңгізіп
отырған. Ақаид және Кәләм ілімінің негізгі тақырыптары әрдайым
сол қалпында болған; бұлар Ислам дінінің иман негіздері болып та-
былады. Ешбір исламдық ағымдар бұл негіздер артық немесе кем деген көзқараста болмаған. Тек қана бұл негіздердің түсіндіру жолдары
мен ұғындыру және дәлелдеу әдістері ағымдарға және заман талабына сәйкес өзгеше болған. Ислам тарихы бойына көпшіліктің ақидасын
құраған Әһли Сүннет ғұламалары да заман талабына қарай әдістеріне
өзгерістер енгізіп отырған, осылайша ұдайы қозғалыстағы бір
жүйенің артынан жүріп отырған. Сәләф ақидасы, әуелгі ғалымдардың
Кәләм ілімі, кейіннен келген ғалымдардың Кәләм ілімі бұл әрекет етіп
тұрған жүйенің әртүрлі кезендерін құрайды.

Жаңа Кәләм ілімі ағымдарын туғызған себептер.

Қызық, соңғы ғасырда, біз өмір сүріп жатқан ғасырда жағдай
қандай, дәуіріміздің Кәләм ілімі дәл осы иман негіздерін қандай
әдістермен қорғау, түсіндіру және дәлелдеу керек? Дәуіріміздің Кәләм
ілімінің қажеттігін дұрыс құптап бұл салада шығармалар жазған Измирли Исмаил Хаккы (1869-1946) өзінің еңбектерінде:
Бұл Кәләм ілімінің (яғни соңғы заманда келген ғұламалардың)
мамандары (хижри) мың жылдықтан басталған тарихтан кейін
кәсіби тоқырауға душар болған; нысанаға алынған бұрыннан келе
жатқан философия да үш ғасырдан бері дағдарысқа ұшыраған, оның
орнына батыс философиясы келіп орнықты. Батыс философиясы
мемлекетімізге кіруімен бұл Кәләм ғылымы басышылыққа алуға
жеткіліксіз деп қарала бастады; Кәләм ілімінің бүгінгі сана сезімге
сәйкес келетін жаңа бір бейнеге кіру қажеттілігі туындады. Сонымен
бұл қажеттілік алдында Ислам ізденісі және баспасы ғылыми қауымы
жаңа Кәләм ілімінің жазылуын күн тәртібіне шығарды (Измирлы
Исмаил Хаккы. Йени Илми Келам.), - деп айтады.
Измирли марқұмның түсіндіргеніндей Еуропада Ренессанстан
кейін пікір, өнер және ілімде болған өзгерістер арқылы ескі Грек философиясы, модадан қалып, беделін жоғалтты. Ғазалиден бастап сегіз
ғасыр бойы Кәләм кітаптарымызда кейбір жерде қабыл көрген, кейбір
жерлерде жоққа шығарылған философия Ислам философтары негізін
қалаған философия еді. Бұл философия көп жағдайда ескі Грек ойына
сүйенді. Батыста ағылшын философы Бэкон (1561-1626) мен француз философы Декарттың (1596-1650) әдіс туралы жаңалықтарын
ортаға қойғаннан кейін философиялық ойға жаңа бір жол ашты және
көптеген күшті философтармен өзін жаңалады. Бүгін, Ислам әлемін
де қосқанда күллі әлемге жайылған жаңа ағымдар алдында Кәләм
іліміміз де әдістерін өзгертуге мәжбүр болды.
Ескі Кәләм кітаптарымыз Аллаһтың болмысы (исбат-ы уаджиб) тақырыбына көмекші болсада бұл, бүгінгі күннің қажеттілігіне
жеткілікті емес. Өйткені Кәләм кітаптары ең көп шыққан Орта ғасыр
Ислам дүниесі де ішіне кіреді, бүкіл әлемді діндердің билеп тұрған
бір заманы болды. Бұл дәуірде, тіпті кейіннен келген дәуірлердің Ислам әлемінде құдайсыздық ағымдары әлсіз, тіпті жоқ десе де болады.
Осы себептен кәләмшылар көбінесе әлемнің кейіннен жаратылғанын
(хадис болғанын) дәлелдеу бағытында осы тақырыпты қозғаған.
Кәләм ғалымдары Дәхрияны да жоққа шығару үшін исбаты уаджиб
(Алланың барлығын дәлелдеу) жасаған. Муаттыла, Маддия (материалистер) және Табиия сияқты есімдермен есте қалған бұл ағым, белгілі
болғанындай, сонау біздің заманымыздан бұрын, Демокритке (Демокрит, б.з.б. V ғасыр) және Эпикурге (Эпикур, б.з.б. 341-270) дейін
тіреледі.
Алайда, бүгінгі Кәләм ілімінде Аллаһтың барлығы мәселесі
маңызды тақырыптардың біреуін қалыптастырады. Өйткені
құдайсыздық ағымы - Әсіресе, коммунизмнің пайда болуынан кейін
- әлем жастарына (және жұмысшыларына) әсерін көрсетуде. Осы
күндері әсерін Ислам әлемінде де сездіріп тұрған құдайды жоққа
шығару ағымдары көбейіп кеткен. Мысалы:
а) Материализм: Материяның механикалық бір қозғалыспен
өзінен өзі болғанын қабыл етеді. Демокриттің бұл көзқарасы
Карл Маркс (1818-1883) және Энгелстің (1820-1895) тарихи
материализмімен қуат алған және коммунизм жолымен әлемге
жайылған.
ә) Эволюция теориясы: Әсіресе, тірі жәндіктердің, бұдан
бұрынғы тұрпайы жәндіктердің өзгеруінен және дамуынан
қалыптасып ортаға шыққанын қабыл етеді. Бұл өзгеріс және дамуда қоршаған ортаға бейімделу күресінің рөлі үлкен. Дарвиннің
(1809-1882) ұсынған бұл көзқарасын космогониялық (хилқат-ы алем,
әлемнің жаратылысы) жағы Еуропада жоққа шығарылса да, елімізде
әліде беделін жоғалтқан жоқ.
б) Позитивизм: Діндарлықтың, адам ойшылдығының алғашқы
кезеңін қалыптастырғанын, ой санасы өскен адам баласының ғылым
дәуірі болған он тоғызыншы ғасырдан бастап тек қана позитивті
ғылымдардан басқа нәрселерді ұстанбайтындығы пікірін негізге
алған бұл көзқарас О. Комт (1798-1857) тарапынан ортаға ұсынылды.
Еуропада модасы өтіп кеткен бұл ағымға Түркияда әліде мән берілуде.
в) Фрейдизм: Адам баласында көрінген барлық әрекеттер, бұл
жерде өнер, ахлақ және дін сияқты жоғары сезімдердің, ақиқатында
сана ішін жаулап алған жыныстық (сексуалды) сезімнен шығатынын
тұжырымдайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш жолы
Орта ғасырдағы теологиялық философия
Аср-и сағадат және табиғин дәуірінде сенім (ақаид)
Алаштың жолы
Ғылымға даңғыл жол салған – сарабдал сынның сардары (Сындарлы сыншы – Тұрсынбек Кәкішұлы туралы бір үзік сыр)
Əл Фараби жəн ислам мəдениеті
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Ақпарат және оны өрнектеу жолары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы
Қазақстанның неолит дәуірі мәдениеттері
Тарихи шығармалар тілінің лексикасы
Пәндер