Зиянды тағамдық заттар қоспалары


Тақырыбы:
Фаст- фуд немесе жеңіл тағамдардың
адам ағзасына әсері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
І. Әдебиеттерге шолу
1. 1 Фаст-фуд тағамдарының қысқаша тарихы . . .
ІІ . Негізгі бөлімі:
2. 1 Фаст-фуд тағамдарының құрамы және адам ағзасына әсері . . .
2. 2 Фаст-фуд тағамдарының оң және теріс жақтары . . .
ІІІ. Зерттеу бөлімі:
3. 1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы . . .
3. 2 Кириешки және Чипсы өнімдеріне және “коко-кола” сусынына сапалық реакция . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Фаст-фуд қазіргі заманның ажырамас бөлігі. Қарқынды өмір салты қазіргі заман адамына асықпай, сүйіспеншілікпен отырып тамақтануға мүмкіндік бермейді. Күнделікті тамақтанудың орнына жақын маңдағы тамақтанатын жерден бизнес-ланч, пакеттегі жылдам еритін лапша, гамбургерлер немесе хот-догтар мен газдалған сусындар сияқты жеңіл тамақтармен тамақтануға тура келеді.
Қазіргі таңда қалада кез-келген аяқ басқан жерден тамақтануға болады. Көптеген жерлерде арнайы орындар тұрғызылған, онда ыстық самсалар, қамырдағы бәліштер, құймақтар және тағы да басқа жеңіл тағамдар сатылады. Жалпы аш қалмайсың.
Бізді қызықтыратыны, осы фаст-фуд қайдан шықты? Неліктен, ол ересектер мен балалар арасында танымал? Дәрігерлер мен диетологтар айтқандарындай фаст-фуд адам ағзасына, денсаулығына, әсіресе балаларға шынымен зиян ба?
Зерттеудің өзектілігі: фаст-фуд өнімдерінің зиянын тәжірибе арқылы дәлелдеп, оқушылар арасында үгіт жүргізу арқылы қолданушылар санын азайту
Зерттеудің қарама-қайшылықтары дәрігерлер қаншалықты фаст-фудтың зиянын айтқанымен көптеген адамдар жиі пайдаланады.
Зерттеудің мәселесі: фаст-фуд өнімдерін пайдалану.
Зерттеудің міндеттері: -
фаст-фудтың шығу тарихымен танысу.
-фаст-фуд өнімдерін қаншалықты жиі пайдалану мен сүйікті тамақтануын анықтау мақсатында мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізу.
-фаст-фуд дайындау барысында оның құрамымен танысу
-газдалған сусынмен іс-тәжірибе жасау.
Зерттеу нысаны: фаст-фуд өнімі.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарда келесі зерттеу әдістерін пайдаланды: іздеу (ақпараттар жинақтау), сауалнама (әлеуметтік сауал), талдау (жинақталған ақпараттарды салыстыру) .
І. Әдебиетке шолу
1. 1 Фаст-фуд тағамдарының қысқаша тарихы
Фаст-фуд (ағылшанша « fast food» -тез тамақтану) тез әзірленетін тамақтар. «Фаст-фуд» термині ең алғаш рет 1951 жылы Merriam-Webster сөздігіне енгізілген.
1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald's компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды. Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты.
Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті. СолтүстікКореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы. Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы «LosAngelesTimes» газетінде сөз болды. АҚШ-тың өзінде фаст-фуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады. Фри картофельдерінің көпшілік арасында кеңе тек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді. Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.
ІІ . Негізгі бөлімі:
2. 1 Фаст-фуд тағамдарының құрамы және адам ағзасына әсері.
Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам ас мәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына : «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап», «Спрайт» және т. б. кіреді. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін.
Тәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады. Тәтті газдалған сусында көп мөлшерде қант қолданылған. Сондықтан бұндай сусындар қан диабетімен ауыратын адамдар үшін өтте қауіпті. Тек диабет ауыратын адамдар үшін еместе тағы бауыр, бүйрек, асқазан ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусының орнына ондай химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніңіз жөн. Картопты «Фри» - құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдігі майлар мен акриламид. Акриламид токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденді. Ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Акриламид көміртеке өте бай . Швед биохимиктері зертеуінде бір порция картопты «Фри» - де акриламид нормасынан 50 есе асып тұр. Яғни бір порция да 50 грамм акриламид бар тіпті бір қорап темекінің өзінде акриламид 20 грамм.
Бір порция картопты «Фри» жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шекенмен бірдей болдық. Гамбургер. Бір гамбургер құрамында 46 % тұз, 45 % майлар ал бұл бір күндік норма. Және бұдан басқа 25 % калорий және холестирин. 15 % көмірсутек, 10 грамм қант, 1, 5 грамм зиянды майлар. Катлетер грилде дайындалғандықтан құрамында концерогендер болады. Гамбурге арналған етте арнайы қоспалар болмауыда мүмкін. Бірақ тоқаш құрамында борлы бидайлы ұн, зиянды майлар, силикаттар, карбонат және сульфат натрийі, қамыр үшін конденсаторлар, калий пропаны. Гамбурге арналған соус құрамында : қант, сироп, майлар, пропиленгликоль альгинат, бензоаты натрий және калий.
Гамбургер құрамында ондай аса қауіптілігі химиялық қоспалар жоқ екен. Бірақ гамбургерді адам көп қорек етсе онда ол адамның салмақ қосуы әбден мүмкін. Тез дайындалатын тағамның қатарына бәріне танымал кеспелерде жатады. Тез дайындалатын кеспелердің құрамы : қант, пальма майы, бояуыштар, қайнатыңқыраған тұз, лимон қышқылы, ароматизаторлар, кептірілген тауық етті немесе сиыр етті, кептірілген көкөністер, саңырауқұлақтар. Бұндай өнімдерді Қазақстанға басқа елдерден әкелінеді, жақында айтылған жаңалықтарда тез дайындалатын кеспелерді Ресей жерінен әкелінеді. Бұл кеспелерді арнайы тексерістен өтті, кеспелерде адам ағзасына зиян шек таяқшалары бар екенін анықталды. Басқа елдерден тек кеспелер ғана емес басқа да тағам өнімдері Қазақстан жеріне танымалданып отыр осының нәтижесінен басқа тағамдарда бұндай ішек таяқшалары болмауын бізге кім кепілдік береді. Жоғарыда айтылып кеткен тез дайындалатын тағамдарда емес тағы күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамында химиялық қоспалар бар екенін бәрімізге белгілі. Дүкендердегі сатылатын өнімдердің 70-95 % тамақтануда қолдануға болмайды.
Сонымен қатар, өсімдік өнімдері химиялық тыңайтқыштар, гербицидтер, инсектицидтер көмегімен өндіріледі. Жануарларды өсіру гормоны антибиотигімен жемдейді. Тағам өндірісі фабрикалары өнімдерді табиғи жұғымды заттардан айырып, өңдейді. Оның орнына өнімдерге синтетикалық дәрмендер, жасанды консерванттар, қоспалар, ароматизаторлар қосады. Бізге ұнай ма, ұнамай ма - біз химиялық сұйық заттарды амалсыздан ішуіміз керек. Химиялық қоспалар біздің ағза тарамдарында жиналып, сақталады, соңында оны іштен бұзады. Адам жылына ағзаға зиянды 2-3 килограмм химиялық заттарды жеп тауысады екен . Олар күнделікті әдеттегі және залалсыз тағам өнімдерінің құрамында болады.
Химиялық қоспалар көмегімен астық өнімділігін арттырады, өсімдіктің сақтау мерзімін көбейтеді, жемістер, көкөністер, дәндердің сыртқы түрін жақсартады. Алайда бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық - түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцеро -гендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр.
Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған.
Олар Е-121 қоспасы - қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 - амарант бояуы, Е-240 - формалдегид консерванты. Сіздің денсаулығының сіздің қолыңызда. Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмен деп барады. Яғни бұндай тағамдардың әсерінен ауру адамдардың, әйелдердің бала тумау саны жоғарлап бара жатыр. Жоғары да айтылып кеткендей сау адамды науқас қылатын дәл осы тағамдар. Өтініш тағамдардың құлақшаларына (этикетка) қараңыздар!!!
Зиянды тағамдық заттар қоспалары
Е102, Е110, Е120, Е124, Е127, Е129, Е155, Е180,
Е201, Е220, Е222, Е228, Е233, Е242, Е400-405, Е501
2. 2 Фаст-фуд тағамдарының оң және теріс жақтары
• Ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар. Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын - шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жерінізге осы кока- коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз.
• Кока- кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазарып шыға келеді.
• Кока -кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді.
• Кока- кола дақты және иісті жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.
Фаст - фуд тақырыбын зерттеу барысында, мен бұл құбылыстың оң жақтарын тапқым келді, бірақ өкінішке орай дәмді және жылдамдығынан басқа өзімізге қажетті ештеңе таба алмадым. Ешқандай пайдасы туралы сөзді кездестірмедім. Тағам біздің ағзамызға дәм мен рахаттан бөлек пайда әкелу керек.
Осы мәселе төңірегінде дәрігерлердің пікірлерімен таныса келе білгенім, барлық дәрігерлер мен диетолог мамандардың пікірлері бір арнада тоғысады - олардың ойынша фаст - фудтың екі түрі болады: зиянды және өте зиянды.
Жылдам тамақтану жүйесінің кейбір аспектілерін қарастырайық.
1. Құнарлығы.
Фаст -фудт өнімдерінде құнарлық шектен тыс көп, бірақ құрамында пайдалы дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.
2. Майлар.
Фаст - фуд мейманханаларындағы барлық түскі ас трансгенді майларды қосу арқылы әзірленеді. Бұл майлар өсімдік майлары мен маргариндердің бірнеше қайтара қайнатылғаны. Бұл майлар адам қанындағы холестерин мөлшерін көтереді, зат алмасу процесін нашарлауына әкеп соғады, жүрекке, бауырға т. б. адам ағзаларына зиян келтіреді. Бұл өнімдердің онкологиялық ауруға душар ету қауіпі жоғары.
3. Шамадан тыс тұзды қосу.
Тұз жүрекке, бүйрекке өте зиян. Біздің ағзамызға аз ғана мөлшерде тұз керек, атап айтсақ тұздың құрамына кіретін натрий. Натрийдің көп мөлшері ағзаға кері әсер береді.
Бұлардың барлығынан біздің ағзамызға зияны болмаса, пайдасы жоқ.
ІІІ. Зерттеу бөлімі:
3. 1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы
Мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларынан төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама алынған еді:
1. Фаст фуд өнімдерін күнделікті қолданасың ба?
2. Кириешки мен чипси өнімдерін және “коко-кола” сусындарын аптасына неше рет қолданасыз?
3. Фаст фуд өнімдерінің денсаулыққа қандай зияны бар?
4. Осы өнімдердің ішінде жиі қолданылатын қандай түрі бар?
Сауалнамаға барлығы 145 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесін саралай келе көзіміздің жеткені, біздің мектептің оқушылардың 20% күнделікті, 30% аптасына 2- 3 рет, 35% айына - 1 рет, 15 % мүлдем қолданбайтындығы анықталды. Оқушылардың 70% саңырауқұлақтар қосылған кириешки мен чипсилерді пайдаланатындықтары анықталды. Оқушылардың 70% олардың құрамын қарамайтындықтарын айтқан. Ал оқушылардың
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz