Қазіргі замандағы Қазақстандағы жасөспірімдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Алматы қаласы
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік Мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс

Бағыты: Қазіргі замандағы Қазақстандағы жасөспірімдер
Тақырып: Оқушылардың компьютерлік ойындағы тәуелділігі дамыған қоғам құруға қаншалықты әсер етеді?

???? сөз
Оқушы: Бердикулов Алдияр
Жетекші: Аманкулова Ш.М
Ішкі Модератор:

Алматы қаласы 2022
Өзектілігі:
Бұл мәселе 21ші ғасырда бүкіл әлемге әсер етеді.Ойындар бүкіл әлемде танымал болғандықтан, әр сағат сайын шамамен 5.000.000 ойын жүктеледі.Мысалы, онлайн ойын ойнау қалпыбар әр елде шамамен 10% ойынға тәуелді.Әрине, бұл проблема жаһандық деңгейде деп айта аламын. Әсіресе Қазақстанда бұл мәселе көптеген отбасыларда кездеседі.Біздің Отанымызда онлайн ойындардың танымал болуымен ойыншылар саны пропорционалды түрде өсуде. Осыған байланысты қарапайым ойыншылар ойындардың психологиялық әсерінің құрбаны болады.Мысалы, ойында өткізген уақытты санайтын онлайн бағдарлама бар(Steam). Steam бағдарламасындағы орташа статискалық ойыншының ойналған сағаттары көрсетіледі. Ол 3 жыл бұрын бастап CS GO және Dota 2 ойындарында әрқайсысы үшін 2.000 сағат өткізген, бірге ол 3 жылда 4.000 сағат.Теориялық тұрғыдан ол 1095-тен 167 күн бойы тоқтаусыз ойнады.Жазылғандардың барлығын біріктіре отырып, көптеген жасөспірімдер ойынға тәуелділіктен зардап шегетінін айта аламыз.
Онлайн әлемге әйгілі VALVE, EA, Ubisoft және т.б. ойын өндірішулер компаниялары әлемдік жетістіктерге жеткен. Бұл өте жылдам дамып келе жатқан индустрия ой-саны қалыптаспаған жасөспірімдерге үлкен әсер етеді. Компьютерлер мен интернет ойындарға тәуелділік адамдардың отбасылық, академиялық және кәсіби өміріне теріс әсер етеді. Интернет тұлғааралық қарым-қатынаста проблемалар тудыратындығымен танымал. Друзиннің тұжырымдары бойынша, ойынға тәуелді адамдар қарым-қатынаста қиындықтарға тап болады және олар басқалармен аз уақыт өткізеді.[1] Осыны негізге ала отырып, қазіргі замандағы компьютерлік ойындардың жасөспірімдерге кері әсері өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу мақсаты
Берілген зерттеу жұмысының негізгі мақсаты ол Қазақстандағы онлайн ойындар жасөспірімдерге қалай әсер ететінін анықтау және оның дамыған коғам құруға эффектіне баға беру. Жасөспірімге ойындардың әсері әртүрлі аймақтардан талданады, ал зияткер қоғам қалыптастыруына жасайтын кедергілері алуан түрлі перспективалардан сараптанылады.
Зерттеу міндеті
Зерттеудің басты міндеті - зерттеу әдістерінен алынған ақпаратты қолдана отырып, онлайн ойынға тәуелділігінін жасөспірімдерге физикалық және психикалық жағдайына қалай әсер ететінін, жыныстық айырмашылықтарды ескере отырып жеткіншектердің бойында тұлғаның қалыптастыруын бағалау.
Зерттеу әдісі
Зерттеу барысында, бастапқы мақсаттарға жету үшін әдістің екі түрі қолданылады. Біріншіден, ақпарат алу үшін Google Forms-те онлайн сауалнама жүргізу қажет. Содан кейін алынған мәлімет бірнеше критерийлер бойынша талданады. Екіншіден, интернеттегі сенімді мақалалар мен сайттар ескеріледі. Бұл контент-талдау әдісі болып табылады.
Зерттеу сұрақтары
Қазақстан жасөспірімдері неге ойын тәуелділігіне ұшырайды?

Баланың ойынға тәуелділігінің қандай салдары бар?
Жас ұрпақтың көпшілігінде тәуелділіктің ұзақ мерзімді салдары қандай болуы мүмкін?
Жасөспірімдерде ойындардан тәуелділік қаупін қалай азайтуға болады?

Кіріспе
Жақында Интернетті пайдалану біздің күнделікті маңызды әдеттеріміздің бірі болды. Осы ресурстан ақпарат алу бұрын күрделі мәселе болған. Алайда, Интернет бізге ақпаратты қол жетімді етті. Интернет дәуірі үнемі өзгеріп отырады және бізге әсер етеді. Күн сайын Интернет ақпарат алмасу, қарым-қатынас жасау, сауда жасау және ойын ойнау құралына айналады. Интернет-технологиялардың дамуы компьютерлер мен жоғары жылдамдықты желілердің дамуына байланысты жеделдеді. Адамдардың интернеттегі ақпаратқа қол жетімділігі асты, бірақ бұл олардың күнделікті өмірінде сөзсіз өзгерістерге әкелді.
2021 жылы Жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру жобасын іске асыру барысы туралы онлайн-баспасөз конференциясы өтті. Осы конференцияға ҚР Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының басшысы Динара Сәдуақасова, өңірлік жастар ұйымдарының өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Осы конференция барысында осындай қорытынды шығарылды: қазақстандық заңнаманы жетілдіру туралы нақты ұсыныстар әзірленіп, талдамалық баяндама дайындау жоспарланған. [2]

Негізгі бөлім
Біріншіден, біз жасөспірімдердің ойынға тәуелділігіне әсер ететін факторларды зерттеуіміз керек. Онлайн ойындарға проблемалық тәуелділікте жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және тіпті өмірге қауіп төндіретін факторлар бар. Ғалымдар ойынға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар мен жасөспірімдердің туризмінің қалыптасу кезеңдері
Балалар - жасөспірімдер туризмінің XIX ғасырдағы даму тарихы
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы
Қоғамдағы демографиялық процестер
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы мәлімет
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің қалыптасу кезеңдері
Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы
Балалар мен жасөспірімдердің есірткілік заттарға әуестену мен тәуелділікке шалдығу жағдайларына әкеп соқтыратын жағдайлар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары
Аралас экономикалық жүйе
Пәндер