Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

1. 1. Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың теориялық негіздері.

  1. Қазақстандық мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасының моделі.
  2. Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін жеделдете оқудағы оқу-танымдық уәждемелерінің моделі.
  3. Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың әдістемелік жүйесі.
  4. Тіл үйрету деңгейлерінің жеделдете оқыту кезеңдерімен байланысы.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Қазақ тілін меңгеруде қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізу үшін жеделдете оқытудың теориялық тұрғыда негізделген, тәжірибеде дәлелденген тиімді технологиясын қолдану керек екенін уақыт талап етіп отыр. Бұл, атап айтқанда, оқу мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасау туралы Конституцияның 93-бабы мен, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 4-бабының, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке тұлғаны қалыптастыруды дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» заңының 8-бабының талаптары аталған топтағы көкейтесті мәселені қозғайды.

Бастапқы білім беру сатыларынан өтіп, қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жеделдете үйрету мәселесі ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан бүгінгі күнге дейін зерттеу нысанасы болған жоқ. Өзара сабақтасты байланыс, жүйелі оқыту болмағандықтан, бір сатыда меңгерген білімдер мен дағдыларды келесі сатыларда қайталау, соған байланысты адам ресурстары мен уақыт үнемсіздігі, таптаурындық факторлары тіл үйренушілерге кері ықпал етті.

Қазіргі заманғы қолданылып келген тіл үйретудің көптеген әдіс-тәсілдері құзыреттілікке бағытталған оқытудың басты шарттарын қанағаттандыра алмауда. Бүгінгі қоғамдық қажеттіліктің көрінісі болып отырған әлеуметтік-лингвистикалық жағдай тіл үйрету әдістемесіндегі жеделдете оқыту мәселесіне баса мән беріп, терең зерттеуді талап етеді.

Мемлекеттік қызметшілерді жеделдете оқытудың теориялық және технологиялық құралдарын негіздеу мен оны жүзеге асырудың қажеттілігі бірнеше қарама-қайшылықтарға келіп тіреледі.

Олар:

- мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жеделдете оқыту үдерісін енгізуге қоғамдық-әлеуметтік қажеттілік пен аталған мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыдан жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қайшылықтар;

- қазақ тілін жеделдете оқытуға қойылатын жоғары талаптар мен мемлекеттік қызметшілердің оқу-танымдық уәждемелерінің төмендігі арасындағы қайшылықтар;

- жеделдете оқытуда мемлекеттік қызметшінің өздік жұмысын тиімді ұйымдастырудың қажеттілігі мен оның басты алғышарты болып табылатын ақпараттық білімдік ортаның шектеулі мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтар;

- жеделдете оқытуда педагогикалық технологияларды тиімді қолданудың жоғары маңыздылығы мен қатысымдық бағытта жеделдете оқыту технологиясын жүзеге асырудың жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықтар.

Қазіргі қоғамымызда мемлекеттік қызметшілердің қазақ тіліне деген қызығушылығы мен оны меңгерудің мәнін түсінуі үздіксіз білім беру жүйесінде қазақ тілін жеделдете оқытудың теориялық тұжырымдамасын қалыптастырудың қажеттілігін тудырды. Соған байланысты оқу жоспарымен шектелген уақыт аралығында бағдарлама қойған міндеттер төңірегінде неғұрлым жоғары деңгейдегі қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің қажетті алғышарттарын жасайтын, сөйлесім әрекетін дамытуды көздейтін қатысымдық бағдарлы жеделдете оқыту технологиясын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, мемлекеттік қызметшілерге тіл үйрету курстарында қазақ тілін жоғары деңгейде жеделдете оқыту - бүгінгі әлеуметтік міндет болып отыр.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі еліміздің тілдік егемендігінің бірден-бір талабы, уақыт сұранысы болып табылатын қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың қазіргі жүйесі мен қоғамдық-әлеуметтік талап арасындағы сәйкессіздіктің табиғатын ашып, оқу үдерісін жеделдетудің жаңа бағыттарын саралап беруді көздейді.

Жеделдете оқытудың инновациялық технологиялары арқылы мемлекеттік қызметшінің қатысымдық құзыреттілігін дамыту үдерісі (қарапайым, базалық деңгейлер) .

Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың әдіснамалық және теориялық негіздерін тұжырымдау; деңгейлерге сәйкес жеделдете оқыту технологиясын айқындай отырып, әдістемелік кешен ұсыну; оның тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Осы мақсаттарға жету жолында:

- қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытып, үйретудің тарихи кезеңдерін талдау;

- қазақ тілін жеделдете оқыту әдістерінің ғылыми негіздерін тұжырымдау;

- қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту бағдарламасын түзу;

- қазақ тілін жеделдете оқытудың жалпы сипаттамасы мен басты ұстанымдарын айқындау;

- қазақстандық тілдік тұлға қалыптастырудың андрагогикалық, акмеологиялық, аксиологиялық теориясын ғылыми негіздеу;

- қатысымдық құзыреттіліктің құрамдас бөліктері мен оның даму жолдарын көрсету;

- қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың әлеуметтанымдық, психологиялық, лингвистикалық, дидактикалық негіздерін анықтау;

- қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту деңгейлерінің жеделдете оқыту кезеңдерімен байланысын нақтылау;

- тіл үйренушілерді білім деңгейлеріне қарай топтастыру, жеделдете деңгейлік оқытуда аралық және қорытынды сынақтарды ұйымдастыру әдістемесін ғылыми негіздеу;

- мемлекеттік қызметшілердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудағы ақпараттық білімдік ортаның маңызын айқындау;

лексикалық минимумдарды танымдық бағдарлы оқыту және грамматикалық минимумды формулалар арқылы оқыту мәселелерін қарастыру;

- жеделдете оқытуда қолданылатын сөйлесімдік мәтіндер мен сөйлеу жаттығуларының қатысымдық бағдарын айқындау;

- қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытуда қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық және интерактивті технологияларды ғылыми негіздеп, олардың тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу міндеттері қойылды.

Егер қазақ тілін жеделдете оқыту әдістерінің ғылыми негіздері айқындалып, соған сәйкес әдістемелік жүйесі құрылып, қазақстандық тілдік тұлға қалыптастыру теориясы ғылыми негізделіп, қатысымдық құзыреттіліктің құрамдас бөліктері мен оны дамыту жолдары көрсетілсе, онда қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етіледі. Жеделдете деңгейлік оқыту үдерісі мен сынақтарды ұйымдастырудың әдістемесі ғылыми негізделсе, мол ақпараттық білімдік ортада ересектердің өздік жұмысы тиімді ұйымдастырылса, тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігіне қол жеткізуге болады. Грамматикалық минимум формулалар арқылы беріліп, лексикалық минимумдар танымдық бағдарлы, сөйлесімдік мәтіндер мен сөйлеу жаттығулары қатысымдық бағдарлы оқытылса, ақпараттық-коммуникациялық және интерактивті технологиялар молынан қолданылса, жаңа білім моделі мен парадигмаларына сәйкес нәтижеге бағытталған жеделдете оқыту үдерісі жүзеге асырылады.

Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытуда қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің тиімді жолы -қатысымдық бағдарлы оқытуды жүзеге асыру. Қатысымдық бағдарлы үдеріс ақпараттық-коммуникациялық, интерактивті оқыту технологиялары арқылы жүргізілгенде тіл үйренушінің оқу-танымдық уәждемелері артып, белсенді сөйлесім әрекеті жүзеге асады.

Бірінші кезеңде педагогикалық, психологиялық, лингвоәдістемелік еңбектердегі әдіскер-ғалымдардың ой-пікірлері жүйеленді, ересектерді тіл үйрету курстарында оқытудың өзекті мәселелерін айқындау мақсатында оқытушылармен, тіл үйренушілермен сауалнамалар жүргізіліп, бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдарға талдау жасалды.

Екінші кезеңде негізге алынатын жетекші идеялар, ұстанымдар айқындалып, қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту үдерісінің моделі жасалды. Оқытушыларға арналған семинарлар, ЖОО-да жүргізілген арнайы курстар мен «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәндеріне жеделдете оқытуды енгізу жүзеге асырылды. Авторлық жеделдете оқыту бағдарламасы, оқу құралдары, мультимедиалық бағдарламалар әзірленіп, ҚР БжҒ министрлігі, ҚР МжА министрлігі, Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, ШҚ облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан жарық көрді, республикаға, облысқа тарап, оқу үдерісіне енгізілді.

Үшінші кезеңде нәтижелерін жүйелеу, жинақтау, қорытындылау жұмыстары жүргізілді. Мультимедиалық бағдарламалар, интерактивті технологиялар бойынша оқыту тәжірибесі жинақталып, нәтижелері сандық және сапалық талдаудан, саралаудан өткізілді.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде алғаш рет мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздері жасалды, оның басты мақсаты тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігін дамыту екендігі ғылыми тұрғыда дәйектелді.

Әлемдік әдістеме іліміндегі ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып, ұлттық педагогика ұстанымдарына негіздей құрылған қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту жүйесінде қазақстандық тілдік тұлға қалыптастырудың әлеуметтанымдық, лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық, андрагогикалық, акмеологиялық, аксиологиялық теориялары ғылыми негізделді.

Жаңа технологиялар дәуірі жағдайында мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жеделдете оқытудың әдістемелік жүйесінің мазмұны айқындалып, соңғы ғылыми жаңалықтар негізінде толықтырылды, білім берудің жаңа парадигмалары негізіндегі жеделдете оқытудың мәні айқындалып, ұстанымдары нақтыланды, кешенді әдістемесі ұсынылды.

Қазақ тілін жеделдете оқыту кезеңдерінің тіл үйрету деңгейлерімен байланысы анықталып, жеделдете деңгейлік оқытудың соңғы нәтижесі - қатысымдық құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында аралық, қорытынды сынақтарды және өздік жұмысты ұйымдастырудың тиімді тәсілдері айқындалды.

Жеделдете оқытуда қолданылатын лексикалық минимумды когнитивтік бағдарлы оқыту, грамматикалық минимумды формулалар арқылы меңгерту және сөйлесімдік мәтіндер мен уәждемелі айтылым әрекетін тудыруға негіз болатын сөйлеу жаттығуларын қатысымдық бағдарлы жүргізудің тиімді тәсілдері ұсынылды.

Мемлекеттік қызметшінің қатысымдық, танымдық, шығармашылық белсенділігін дамытып, білім нәтижелілігін арттыратын жеделдете оқыту әдістері, инновациялық технологияларға негізделген жеделдете оқыту технологиясы, оқу құралдары мен мультимедиалық бағдарламалар ғылыми негізделіп, тәжірибеде қолданылып, тиімділігі дәлелденді.

Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жеделдете оқыту әдістемесі бұрын-соңды зерттеу нысанасы болмағандықтан, ұсынылып отырған зерттеу жұмысының нәтижелері қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамып, қалыптасуына негіз болады, қазақ тілін жеделдете оқытудың андрагогикалық, аксиологиялық, акмеологиялық теориялары мен тілдік тұлға, қатысымдық құзыреттілік теориялары жайлы жаңа ізденістердің дамуына түрткі болып, кеңінен зерттелуіне мүмкіндік жасайды. Еңбектегі ғылыми ережелер мен теориялық қағидалар қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық тұрғыдан толығып, жетілуіне үлес қосады.

Жеделдете оқытудың ұстанымдарына сәйкес құрылған әдістемелік жүйені ұстаздар қауымы өз тәжірибелерінде қолдануына болады. Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы негізге алынған теориялық қағидалардың әдіснамалық тұрғыдан сараланып талдануы арқылы танылады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

1. Жеделдете оқытуда қысқа уақыт аралығында, шоғырландырылып ұсынылған мол тілдік материалды саналы меңгерту үшін тіл үйренушінің жан қуаты мүмкіндіктерін толық пайдалану көзделеді. Тіл үйренушінің қатысымдық, іскерлік, белсенділік, шығармашылығының негізгі факторы - оның сұранысын қанағаттандыратын оқу-танымдық уәждемесі, өзіндік саналы шешімі мен сенімі.

2. Тілдік қатынастың барлық салаларына байланысты қатысымдық құзыреттіліктің деңгейлерге сәйкес мазмұны мен түрлі қарым-қатынас жағдаяттарындағы қатысымдық міндеттерді шешу мақсатына жетудің нақты жолдарын айқындап беретін қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту бағдарламасы қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің кепілі бола алады.

3. Қазақстандық тілдік тұлғаның концептілік өрісінде ұлттанымдық лексикалық деректер когнитивтік, аксиологиялық қызмет атқарады. Тілдік тұлғаның тезаурусында ғаламның тілдік бейнесінің қалыптасуына ұлттық танымдағы базалық концептілер игі әсер етеді.

4. Ақпараттық білімдік ортада электронды оқу ресурстарының мазмұны неғұрлым бай, жан-жақты болған сайын тіл үйренушінің өздік жұмысқа деген қызығушылығы арта түседі, қатысымдық, танымдық белсенділігі дамиды, ол өз кезегінде өздік жұмыс нәтижесінің сапалы болуына әсер етеді. Тілдік портфель тіл үйренушіге өздік жұмысын жүйелі жүргізуге көмектеседі, рефлексия жасау мен өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастырады.

5. Дәстүрлі әдістемедегі аударма-грамматикалық әдістің орнын жеделдете оқытуда қатысымдық бағдарлы әдістер алмастырады. Осы мақсатқа сәйкес жеделдете оқыту сабақтарында диалог, полилог түріндегі аутентикалық, дискурстық сөйлесімдік мәтіндер мен уәждемелі сөйлесім әрекетін тудыруға негіз болатын сөйлеу жаттығуларын қолданған тиімді.

6. Оқу үдерісін ұжымдық өзара сөйлесу әрекетіне сай құрған кезде тіл үйренушілер бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасайды, топ ішінде әркім өз нәтижесін көрсетуге тырысады және әркімнің жеке жетістіктеріне басқалардың жетістіктері тікелей әсер етеді. Жеделдете оқыту үдерісінде сөйлесім әрекетін дамытуға әсер ететін интерактивті әдістерді тиімді ұйымдастыру ұжымдық қатынастарды жақсарта түседі.

7. Жеделдете оқыту сабақтарын мультимедиалық технологияға негіздей жүргізу виртуалды тілдік орта тудырып, сөйлесім әрекетінің барлық түрін қамти отырып, белсенді тілдік қатынас жасауға, компьютерлік жолмен автоматтандыру арқылы уақыт мөлшерін бірнеше есеге үнемдеуге, бақылау мен тексеруде объективтілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

1. 1. Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың теориялық негіздері

«Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың теориялық негіздері» «Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытып, үйретудің қалыптасуы мен дамуы» атты тармағында мұрағат деректері мен әр тарихи кезеңдерде жарық көрген оқу-әдістемелік еңбектерге талдау жасай келе, қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге оқытып, үйретуге қатысты жұмыстардың біршама жедел, қарқынды жүзеге асқан кезеңдері үшке бөліп қарастырылды.

Олар:

1) Бастапқы немесе сауат ашу кезеңі (1914-1941 жылдар аралығы) ;

2) Аралық немесе қайта құру кезеңі (1958-2000 жылдар аралығы) ;

3) Қазіргі немесе жаңа технологиялар кезеңі. ХХІ ғасырдың басынан бастап, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан кезең.

Қазақ тілін жеделдете оқыту ұғымының бастапқы кезеңдегі сипаты қысқа уақыт аралығында үлкен істерді тындыру, тез, жылдам, ынтамен, жігермен іске кірісу түрінде болды. Болашақ тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып, дамуында шешуші кезең болған осы аласапыран шақта әдіскер ғалымдардың алдында неғұрлым қысқа мерзім ішінде халықты жаппай сауаттандыру, алғашқы оқу-әдістемелік құралдарды жазу, қазақ тілін оқытатын алғашқы мұғалім кадрларды даярлау, іс қағаздарын жүргізудің алғашқы тәжірибелерін ретке келтіру, қазақ тілін оқыту, үйрету әдістемесінің ғылыми іргетасының негізін қалау сынды уақыт күттірмейтін ұлы міндеттер тұрды.

Аталған уақыт ішінде қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге оқыту мәселесі үш-төрт жылда бір болса да көтеріліп отырса, Ұлы Отан соғысы мен тың игеру кезеңіне тап келген 1941-1957 жылдар аралығында бұл мәселе мүлдем артқа шегеріліп тасталды. Ғалым С. Аманжоловтың 1954 жылы жоғарғы орындарға бірінен соң бірін жолдаған екі хаты сол кездегі қазақ тілінің мүшкіл жағдайын көрсетті [4, 16 б. ] .

1958 жылы февраль айында шыққан ҚазССР Министрлер Советінің №133 - «Республиканың қоғамдық және кооперативтік ұйымдарында, мемлекеттік аппаратта іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жақсарту шаралары» туралы қаулысына сәйкес республикада 1958-60 жылдары әртүрлі мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге оқыту ісі біртіндеп қайта жандана бастағанымен, баянсыз болды.

Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың қайта қарқын алуы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен ҚазССР Министрлер Советінің «Республикада қазақ тілін оқып-үйренуді жақсарту туралы» 1987 жылғы 5 марттағы қаулысы шыққан уақыттан басталды. Аталған құжатта қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытып, үйрету мәселесі тұңғыш рет үкімет деңгейінде көтерілді [5] . Осы қаулыға байланысты жұмыс орындарында қазақ тілін үйренгісі келетіндер үшін курстар мен үйірмелер ашу ісі ұйымдастырыла бастады. Қазақ тілін жеделдете оқыту ұғымы бұл кезеңде де қоғамдық-саяси сипатта ғана болды, тез, жылдам, қысқа мерзім ішінде деген мәнінен айырылған жоқ.

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге үйретуге арналған көптеген еңбектер жарық көріп жатса да, тіл үйренушілерді оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз ету мүмкіндігі шектеулі болды. Мемлекеттік қаулының әсерімен тіл үйрету ісіне үлкен қарқынмен, жұмыла кіріскен тілші, әдіскер, оқытушылардың алдында бастапқы уақытта «тез арада», «қысқа мерзімде» деген мақсат тұрса, ендігі кезекте «жеделдете оқыту әдісінің сипаты», «оқу сапасы мен нәтижесі» деген мәселелердің өзектілігі айқындала бастады. Бұл жөнінде Ф. Оразбаева: « . . . кейбір тілшілер қазақ тілін жедел оқытудың жаңа әдістемелерін іздеп, соны іске асыру керек десе, енді бір оқытушылар қазақ тілін жеделдете оқыту дегеннің өзі қате ұғым, мемлекеттік тілді жеделдете оқыту дегеніміз - оның әлеуметтік салмағы мен қызметін төмендету, жеңілдету деп те түсініп жүр. Шындығында, бұл қазақ тілінің мәртебесін төмен түсіру деген ойды білдірмейді, сол тілді тез үйретудің тиімді әдістері, яғни, оқыту әдістемесінің бір үлгісі, бір түрі деген ұғымды білдіреді», - деп, қазақ тілін оқыту әдістемесінде тұңғыш рет жеделдете оқыту әдісінің мән-мағынасын ашып, оның басты ерекшеліктерін айқындап берді [6, 159-160 б. ] . Қ. Қадашева бұл мәселеге қатысты: « . . . интенсивті оқыту әдістемелері қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда оқытуда қолданылып жүр деген пікірлер болғанымен, іс жүзінде әлі іске асқан жоқ. Өкінішке орай, көптеген оқытушылар аудиторияда қандай әдістемемен оқытатынын өзі де білмейтініне көзіміз жетіп жүр», - деп жазды [7, 8 б. ] .

2006 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың №127 Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» толықтырулар енгізілуі қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту ісіне жаңа қарқын әкелді [8] . Мемлекеттік тіл жылы ретінде танылған 2007 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Тіл комитетінің жанындағы «Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» «Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге, (ересектерге, тіл үйренуші жеке тұлғаларға) жеделдете деңгейлік оқытудың Тұжырымдамасы [9] мен Стандартын [10], Типтік бағдарламасын [11] даярлап, ғалымдар талқылауынан өткізіп, бекітті. Бұл кезеңде мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жеделдете оқыту үдерісі ерекше қарқын алып, дамып, жеделдете оқыту ұғымы әдістеменің жаңаша сипаттағы бағыты түрінде қалыптаса бастады.

«Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытып, үйрету теориясы» атты екінші тармақта жеделдете оқыту әдісінің ғылыми негіздері мен жеделдете оқытудың жалпы сипаттамасы қарастырылды.

ХІХ ғасырдың соңына қарай аударма әдісінің орнына келген тілдерді оқытудың натуралдық, аудио-лингвалдық, аудио-визуалдық, саналы-практикалық әдістері жеделдете оқыту бағытының іргетасын қаласа, Г. Лозановтың суггестопедиялық (лат. «Suggestio» - иландыру, сендіру, нандыру) әдісі жеделдете оқытудың даму болашағын, басты ерекшеліктерін айқындап берді. Суггестопедиялық әдістің негізінде пайда болған Л. Ш. Гегечкоридің ересектерге арналған циклдік және цикл аралық жүйесі, И. Ю. Шехтердің эмоциялық-мәндік әдісі, А. С. Плесневичтің толығымен сүңгу әдісі, В. В. Петрусинскийдің интегралдық әдісі және Г. А. Китайгородскаяның тұлға мен ұжымның мүмкіндіктерін жетілдіру әдістерінің тілдерді ересектерге жеделдете оқытуда өзіндік маңызы болды.

Тілді жеделдете оқыту ұғымы қазақ тілін оқыту әдістемесіне осыдан бірнеше жыл бұрын (1987ж. ) термин ретінде енсе де, оның ғылыми-теориялық, әдістемелік негізі қаланбады, басты ерекшеліктері, нақты әдіс-тәсілдері, технологиясы айқындалмады. «Жеделдету» сөзінің тіл үйрету термині ретіндегі мағынасына тіліміздегі “жедел - тез, жылдам, асығыс, тығыз” [12, 48 б. ] ұғымдарынан гөрі орыс тілінде қолданылып жүген «интенсивный» сөзінің латын тіліндегі түпнұсқасының мәні («intensio» - қысым, ширату, қатайту, қарқындату, бар күшті салу [13, 153 б. ] ) көбірек сәйкес келеді.

Бұл жөнінде ғалымдар: «Интенсив терминінің өзі қате түсініле бастады. Әдісті қате түсіну оқытушы үшін «жеңілдетілген, қысқартылған, толық емес бір дүние», ал тіл үйренуші үшін «еш қиналусыз өсірілген, жылдам піскен жеміс» ұғымын берді. Интенсив сөзінің латынша мағынасына сәйкес белгілі бір уақыт көлеміндегі еңбек энергиясының көлемі ғана емес, уақыт тығыздығы да ескеріледі. Шындығында жеделдете оқыту қатал уақыт шегіндегі динамикалы, тығыз, мол тілдік материал арқылы жүргізіледі», - деп жазды [14, 12 б. ] .

Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту әдісі дегеніміз - деңгейлік оқыту жүйесінде, мол ақпараттық білімдік ортада тіл үйренушінің өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру арқылы оқу-танымдық уәждемелерін арттыра отырып, тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған, жаңашыл ақпараттық-коммуникациялық, интерактивті оқыту технологияларына негізделген қатысымдық бағдарлы оқыту әдісі. Жеделдете оқыту үдерісінің жылдам, қарқынды жүзеге асуының маңыздылығы жөнінде Я. А. Коменский: «Нужно приложить усилие к тому, чтобы все, чему обучают и чему ученики учатся, протекало быстро. Нужно, чтобы еще раньше, чем минует воодушевление, мысль осознала, что она достигла своей цели и что пользуется своими выгодами, чтобы не поддавалась скуке, не достигнув цели, и не продолжала двигаться со скукой, поскольку бы видела, что к цели она движется вяло», - деп атап көрсеткен [15, 581-582 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тіл үйренудегі қағидалар
Халықаралық қатынасқа іскерлік мәдениет
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолдары
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі
Кәсіптік білім берудегі тұлғаның іс әрекеті және дамуы.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН АНЫҚТАУ
Жаңа білім беру жүйесі Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz