Сөздердің морфологиялық құрылымы



Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Әр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымын, құрылымдық элементтердің (морфемалардың) табиғатын, қызметі мен өз ара байланысу және тіркеу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық типтерін айқындау үшін және олардың грамматикаларын ғылыми дұрыс негізде жасау үшін де өте-мөте қажет.
Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфем) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.
Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан алуан түрлі болады: олар бір морфемадан да ( бас, қол), екі морфемадан да (бас-та, қол-да), бірнеше сорфемадан да (бас-та-у-шы, қол-да-н-ыс-ы) құрала береді. Сөз құрамындағы морфемалардың әрқйсысының өзіне тән мағынасы болады. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы үш морфеманың біріншісі (көл) заттық мағынаны білдірсе, екіншісі (-шік) кішірейткіш мағынаны, соңғысы (-ке) бағыт мағынасын білдіреді. Мағыналық тұрғыдан қарағнада морфема сөзді ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі болып саналады. Сөз де, морфема да дыбыстардың тіркесінен құралады. Дыбыс - тілдің ең кіші единицасы, бірақ ол өздігінен мағынаны білдіре алмайды. Дыбыс - тілдің мағыналық единицасы емес, ең кіші фонетикалық

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Сөздердің морфологиялық құрылымы

1. Морфологияның негізгі ұғымдары
2. Сөздердің морфологик құрылымы
3. Морфемалар мағынасы мен қызметі

Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте
маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Әр түрлі тілдердегі
сөздердің морфологиялық құрылымын, құрылымдық элементтердің
(морфемалардың) табиғатын, қызметі мен өз ара байланысу және тіркеу
сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық типтерін айқындау үшін
және олардың грамматикаларын ғылыми дұрыс негізде жасау үшін де
өте-мөте қажет.
Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең
алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі
морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай
негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым
мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік
морфема (немесе көмекші морфем) деп аталатын түрлері жайындағы
ұғымдар енеді.
Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан алуан
түрлі болады: олар бір морфемадан да ( бас, қол), екі морфемадан
да (бас-та, қол-да), бірнеше сорфемадан да (бас-та-у-шы, қол-да-н-ыс-
ы) құрала береді. Сөз құрамындағы морфемалардың әрқйсысының өзіне
тән мағынасы болады. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы үш
морфеманың біріншісі (көл) заттық мағынаны білдірсе, екіншісі (-шік)
кішірейткіш мағынаны, соңғысы (-ке) бағыт мағынасын білдіреді.
Мағыналық тұрғыдан қарағнада морфема сөзді ары қарай бөлшектеуге
келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі болып саналады. Сөз де,
морфема да дыбыстардың тіркесінен құралады. Дыбыс - тілдің ең кіші
единицасы, бірақ ол өздігінен мағынаны білдіре алмайды. Дыбыс -
тілдің мағыналық единицасы емес, ең кіші фонетикалық единицасы.
Егер жеке дыбыс мағынамен байланысса, яғни мағыналық единица
ретінде қызмет атқара қалса, онда оның сөз немсе көмекші
аффикстік( морфема болғаны. Мысалы, орыс тіліндегі в городе, о
работе дегендегі в,о - предлогтар да, қазақ тіліндегі о баста, о
заманда дегендердегі о- ол деген есімдіктің ықшамдалған түрі, ал
іні-м, киім-і дегендердегі -м, -і - көмекші морфемалар (тәуелдік
жалғаулары). Келтірілген бұл мысалдар мағынаның дыбысқа емес,
сөзге және сөздің мағыналық бөлшекгі- морфемаға тән екендігін
дәлелдей түседі.
Сонымен, морфема дегеніміз тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтн
ең кіші мағыналық единицасы.
Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Морфемалардың
ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері де, грамматикалық
мағынаны білдіретіндері де бар. Мысалы, көлшікке деген сөздің
құрамындағы көл морфемасы негізгі лексикалық мағынаны білдірсек, -
шік және –ке морфемалары грамматикалық мағыналарды білдіреді.
Жалпылама лекмикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема
немесе негізгі морфема деп аталады да (аталған сөздің құрамындағы
түбір немесе негізгі морфема – көл), грамматикалық мағыналарды
білдіретін морфема аффикстік морфема немесе көмекші морфема - -шік
және –ке).
Дүние жүзіндегі тілдер грамматикалық құрылысы жағынан алуан
түрлі. Осыған орай, ол тілдердегі сөздердің морфологиялық
құрылымы да, сөз құрылымындағы түбір морфема мен аффикстік
морфемалардың табиғаты да түрлі-түрлі болып келеді. Негізгі (немесе
түбір) морфеманың жалпылама лексикалық мағанасы ( общее лексическое
значение) заттық мағына ( вещественное значение) деп аталады. Орыс
тіліндегі письмо, писать, письменный, писание деген сөздердің
құрамындағы түбір морфема (пис-) осындай заттық мағынаны білдіреді
де, өздігінен дербес қолданыла алмай, сөз құрамында ғана
қолданылады. Кейбір негізгі морфемалар (түбірлер) нақтылы лексикалық
мағынаны да білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда заттық мағынаны
білдіретін негізгі морфема (түбір) нақтылы лексикалық мағынаны
білдіретін сөз ретінде қолданылады да, заттық мағына (вещественное
значение) мен нақтылы лексикалық мағына бір-бірімен түйісіп өзара
сайма-сай келеді. Мысалы, орыс тіліндегі бег, дар, дом, ум
дегендер түбір морфемалар бола тұрып, лексикалық мағыналары бар
дербес сөздер ретінде де ұғынылады. Демек, орыс тілінде түбір деген
лингвистикалық ұғым бұл күнде өз алдына дербестігі жоқ пис (пис-
ать), веж – (веж-ливый) тәрізді негізгі морфемаларды да, өз алдына
дербестігін сақтаған бег, дар, дом, ум тәрізді туынды емес
сөздерді де (непроизводные слова) қамтиды.
Түбір сөз бен түбірдің, негіз бен сөздің формасы жағынан бір-
біріне сәйкес келуі, орыс тіліне қарағанда, ағылшын тілі мен
түркі тілдерінде әлдеқайда жиі ұшырасады. Түркі тілдерінде, соның
ішінде қазақ тілінде, сөздің негізгі ары қарай морфемаларға
бөлшектеуге келмейтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Грамматика
Сөз және оның морфологиялық құрылымы
Сөздің құрылымы
Морфологияны оқытуда оқушылардың тақырыпты түсінгендігін жаттығу жұмыстары арқылы жүзеге асыру
Корей тіліндегі сөзжасам жұрнақтары
Қытай тілі грамматикасындағы (介词) сөз алды қосымшаларының ерекшелігі
Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі
Етістіктің жақ категориясы
Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің негіздері
Пәндер