Қағидалардың 159 - тармағына сәйкес конкурстық комиссияның сауалдары туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 146 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелді.

Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24. 05. 2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24. 05. 2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) "Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) ;

2) "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14956 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) .

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым министрі:

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев: Е. Сағадиев

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

2018 жылғы ""

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2018 жылғы ""

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

2018 жылғы ""

:
Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2018 жылғы 31 қазандағы№ 598 бұйрығыменбекітілген: Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 598 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24. 05. 2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.

2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) ;

2) конкурстық құжаттама - конкурсқа қатысуға өтінімді дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ұсынатын және конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін қамтитын құжаттар;

3) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) :

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында - орта білім беру ұйымы, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда, орта білім беру ұйымы, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы не білім беруді басқару органы не орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша орган;

мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында - мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда, мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы немесе білім беруді басқару органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша орган;

4) Қазақстан Республикасының резиденттері - шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе одан тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтары;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері;

Қазақстан республикасының одан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;

5) қаржы жылы - ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;

6) көрсетілетін қызметті берушіні таңдау өлшемшарттары - әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;

7) құжаттың электронды көшірмесі - түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық күйге келтіретін құжат;

8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - мемлекеттік әріптес және жекешелік әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" заңда (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптарын айқындайтын жазбаша келiсiм;

10) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - мемлекеттік органның сатып алудың электронды қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйесі;

11) көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) - тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;

12) орта білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

13) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау - 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;

14) өнім беруші - қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) ;

15) сатып алудың сәйкестендіру коды - сатып алудың барлық кезеңдері туралы ақпарат қамтылған әрбір сатып алуға (лотқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;

16) электрондық әмиян - мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотында орналастырылатын, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуге байланысты есептік операцияларды жүзеге асыруға арналған әлеуетті өнім берушінің жеке шоты.

Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 10. 08. 2022 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібі

3. Тамақтандыруды ұйымдастыру:

орта білім беру ұйымдарында:

1) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды конкурстық негізде сатып алу арқылы жүзеге асырылады;

2) мектеп асханасының жабдығы болмаған және/немесе тозған жағдайда жаңа жабдыққа ауыстыру мақсатында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады;

3) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету жолымен;

мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды конкурстық негізде сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

1-параграф. Конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу

4. Конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындауды көздейді:

1) егер конкурсты ұйымдастырушы тапсырыс берушінің өзі болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту - конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс берушінің көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарының (көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарының) тармақтарын веб-портал арқылы жіберуі;

2) конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыру және бекіту, конкурсты ұйымдастырушы өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің қызметкерлерін енгізу міндетті емес;

3) конкурстық құжаттаманы бекіту;

4) өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;

5) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуі;

6) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда орналастыру;

7) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;

8) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану;

9) конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;

10) конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының жеңімпазбен шарт жасасуы.

5. Конкурстық құжаттамада не орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптарды белгілеуге не сатып алынатын қызметтердің, тауарлардың жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсетуге жол берілмейді.

6. Қызметті және (немесе) тауарларды сатып алуды ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің қызметті немесе тауарларды сатып алудың бекітілген жоспары негізінде конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады.

7. Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерге және (немесе) тауарларға қажеттілік негізінде қаржы жылына арналған көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

8. Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметті және (немесе) тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.

Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды ұсынады.

9. Көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болса, конкурсты ұйымдастырушының бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.

Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталға орналастырады.

10. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы конкурстық комиссияны бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.

11. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.

12. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушының бұйрығымен құрылады және комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде бес адамнан тұрады.

Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және комиссияның жоқ мүшелерін ауыстырусыз дауыс беруге қатысады.

13. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша веб-порталда тіркелген жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін енгізеді.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 10. 08. 2022 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14. Конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан не бірінші басшының немесе оның орынбасарының міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам айқындалады.

Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте, конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда бірінші басшы айқындалады.

15. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның қызметіне жетекшілік жасайды және осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.

16. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.

17. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, алмастыру құқығынсыз заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.

18. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.

Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастырушы болып табылатын, конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты органның немесе ұйымның лауазымды адамдарының арасынан айқындалады.

19. Конкурстық комиссияның хатшысы:

1) конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және веб-порталға орналастырады;

2) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ олар болған жағдайда басқа да құжаттарды орналастырады;

3) осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.

20. Конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өнім берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі - Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, ол мыналарды қамтиды:

1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылар санаттарының тізбесі, тауарларды жеткізушіні таңдау кезінде - Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесі;

2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма.

Көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырмаға:

- "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес келетін тағамдардың атауын, тағам порциясының граммен, тағам ингредиенттерімен (граммен) массасын, бағалар мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорына, статистика жүргізу жөніндегі уәкілетті органның мәліметтеріне сәйкес бірлік үшін орташа баға ескеріле отырып тағамдар мен өнімдердің бағасын көрсете отырып, білім беру органы бекіткен перспективалық тарату-мәзірі;

- бағалар мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорына, статистика жүргізу жөніндегі уәкілетті органның мәліметтеріне сәйкес бірлік үшін орташа баға ескеріле отырып тағамдар мен өнімдердің бағасын көрсете отырып, тапсырыс беруші бекіткен тағамдардың, буфет өнімдерінің, оның ішінде шырындардың, сусындардың және басқаларының ассортименттік тізбесі;

- тағамдардың технологиялық карталары қоса беріледі.

3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін конкурсқа қатысуға өтінім;

4) мына есеппен:

- 150-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 1 аспаз, 1 ас үй жұмысшысы;

- 151-ден 350-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 1 аспаз, 2 ас үй жұмысшысы;

- 351-дан 650-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 1 аспаз, 3 ас үй жұмысшысы;

- 651-ден 1500-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 3 аспаз, 4 ас үй жұмысшысы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конкурс жарияланған лауазымның атауы
Қаржы нарығының міндеттері
Сыртқы саудада тауарларды сату-сатып алу
Қазақстан Республикасындағы қызметшілердің конститутциялық құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің құқықтық мәртебесін реттеудің кейбір мәселелері
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі
Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары
Құрлық әскерлерінің әскери институты
Қазақстан Республикасы мемлекетінің қызметінің принциптері
Конкурстың қазылар алқасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz