Топырақтардың құрамы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
жер және орман ресурстары кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Топырақтың биологиялық және физика-химиялық қасиеттері

Орындаған: Мұратбек Ш.А.
Тобы: КД-20-10К
Тексерген: Жамангараева А.

Алматы қаласы, 2021 жыл

Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
1. Топырақтын биологиялық қасиеті.
2. Топырақтың химиялық қасиеті.
3. Топырақтын физикалық қасиеті.
4. Топырақтын физикалық-механикалық қасиеті.
. 3.Қорытынды.

1.Топырақ деп-жердің үгілу аймақтарында жататын және инженерлік құрылыс қызметінің нысаны болып табылатын тау жыныстарын атайды. Топырақ ең көп тараған құрылыс материаллы және ол кез келген құрылыстың жертабаны (негізі) болып табылады. Топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттері олардың ұзақ мерзімде қалыптасуы уақытындағы табиғи өзгерістер әсерінен туындайды. Яғни, табиғи топырақтардың қасиеттері үздіксіз өзгеріп отыратынын ескеру қажеттілігін көрсетеді. Топырақтың пайда болуына және қалыптасуына байланысты екі түрге бөлінеді: құрылықтық және теңіз шөгінділері. МСТ 25100-95 Топырақтар. Жіктелуі сәйкес және құрылымдық байланыстар сипатына, пайда болу жағдайына, құрамы мен құрылыстық қасиетіне сәйкес топырақтар негізгі екі топқа бөлінеді: тасты және тассыз.
Тасты топырақтар бөлшектерінің өзара байланысы қатаң, беріктігі өте жоғары (5МПа жоғары), кеуектілігі аз, іс жүзінде суды өткізбейді, әрі сығылуға берк болып келеді.
Таcсыз топырақтар - бөлшектерінің өзара байланысы бос, цементтелген шөгінді тау жыныстары. Бұл тау жыныстар тобының ірі сынықты (қойтас, малтатас), құмды (қиыршықтасты, ірі, ірілігі орташа, ұсақ және шаңдақ), шаңды-балшықты (құмайт, саздақ, балшық), биогенді (батпақ, шымтезек), жасанды топырақ (нығыздылған, үййілген, шайынды, салынды) топырақтар жатады.
Топырақтардың құрамы
Топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттері оны құрайтын компоненттердің құрамы мен қасиеттеріне, мөлшерлік ара-қатынасына және әрекеттестігіне туәелді болады. Табиғи топырақтар құрамына алуан-түрлі компоненттер кіреді, оларды қарастырғанда келесі үш топқа топтастыруға болады: қатты, сұйык және газ түрінде.
Қатты компоненттерге пішіні мен өлшемі ерекше әр алуан түрлі минералдардың бөлшектері жатады. Қатты бөлшектер төрт фракцияға бөлінеді: малтатасты, құмдақ, шаңды, балшықты. Олардың өлшемдері 2-40мм, 0,05-2мм, 0,001-0,05мм, 0,001мм-ден төмен сипатталады.
Сұйық компонент-топырақ кеуектерінде болатын әр түрлі күйдегі (бу, сұйық, қатты) су. Топырақ құрамындағы су байланысқан және бос болып бөлінеді.
Топырақтың құрылыстық қасиеттеріне олардың құрылымы мен текстурпасы үлкен әсер етеді. Табиғи жағдайда жатқан топырақты өңдеген кезде ол өлшемі мен пішіні алуан түрлі кесектерге және қатты бөлшектермен сипатталады.
2,1. Топырақтың биологиялық қасиеті. Топырақ түзілуде өсімдіктермен қатар, микроағзалар мен жануарлардың алатын орны зор. Топырақ микрофлорасы. Аналық тау жынысында бірінші орналасып тіршілік ететін тірі ағзалар микроағзалар болып табылады және олар топырақты құнарлы ететін ағзалар тобына жатады. Олар атмосфера азотын сіңіреді де, оны күрделі ақуыз (белок) денесіне айналдырады, органикалық қалдықтарды ыдыратады және оларды өсімдік сіңіре алатын қарапайым тұз күйіне дейін минералдайды. Сондай - ақ, микроағзалар қарашірік түзуге, көптеген минералдарды синтездеуге, бұзуға қатысады.
Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер және балдырлар сияқты әр түрлі микроағзалар өмір сүреді. О лардың саны өте көп.Мысалы, олардың 1 г құнарлы топырақтағы саны миллионнан миллиардқа дейін жетеді.
Бактериялар- топырақта ең көп тараған микроағзалар тобы. Қоректендіру жағдайына қарай олар гетеротрофты және антотрофты болып екі топқа бөлінеді. Гетеротрофты бактериялардың бейорганикалық заттарды органикалық заттарға айналдыру қабілеті жоқ, сондықтан олар дайын органикалық қосылыстармен қоректенеді.Антотрофты бактериялар органикалық заттарды өздері синтездеп алады. Т опырақта бос олттегіні пайдаланатын аэробты бактериялар және оттегісіз тіршілік етіп, көбеюге қабілетті анаэробты бактериялар болады.
Бактериялар топырақта органикалық және минералды қосылыстарды ыдыратуда әртүрлі рөл атқарады.
Актиномициттер, кейде оларды сәулелі саңырауқұлаұқтар деп те атайды. О лар топырақтағы шіріген заттарды, жасұнықтарды (клечаткаларды) ыдыратады.
Актиномициттер құнарлы, органикалық заттарға бай, бейтарап реакциялы топырақта жақсы дамиды.
Саңырауқұлақтар-жіпше тәрізді гетеротрофты ағзалар, олар топырақта көптеп кездеседі.Мысалы, 1 г жердегі олардың саны 1 млн-ға дейін жетеді.Олар органикалық заттарды минералдандыруға және гумификациялауға белсенді қатысады. Топырақ саңырауқұлаұ\қтары арасында патогендер де кездеседі. Олар әр түрлі аурулар қоздырады. Саңырауқұлақтың жоғары сатыдағы көптеген түрі өсімдіктермен симбиозда болады да, олардың қоректенуін жақсартады.
Балдырлар - топырақтың барлық түрлерінің жоғарғы қабатында тараған. Олардың жасушасында хлорофилл бар , сондықтан көмірқышқылын сіңіріп, топыраққа оттегін бөліп шығарады.Бактериялардың шамадан тыс көбеюі топырақтың гүлдену құбылысына әкеліп соқтырады.
Қыналар- саңырауқұлақтар мен балдырлардан тұрады. Саңырауқұлақтар балдырларды сумен және онда еріген минералды заттармн қамтамасыз етеді, ал балдырлар саңырауқұлаққа олар пайдаланатын көміртегін синтездейді. Қыналар алғашқы топырақ түзілуге және биологиялық мүжілудің жылдам жүруіне көмектеседі.
2,2. Топырақтың химиялық қасиеттері. Топырақтың химиялық құрамы күрделі, өйткені оған 40-тан аса әр түрлі химиялық элементтер кіреді. Өсімдіктер қоректену үшін оларға макро (көміртегі, оттегі, сутегі, азот, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий, күкірт, фосфор) және микроэлементтер (йод, бром, марганец, молибден және басқалар) керек. Бұл элементтер топырақ құрамында әр түрлі фориада болады және олардың көпшілігі органикалық заттардың немесе минералдардың да құрамына болуы мүмкін. Тек азот пен көміртегі ғана минералдар құрамына кірмейді, олар органикалық және органо-минералдық қосылыстар болып табылады.
Топырақтың көптеген қасиеттерінің ішінен оның құнарлылығын көрсететін және ауылшаруашылық дақылдарының өнімдеріне тікелей ықпал ететін агрохимиялық көрсеткіштерін, яғни топырақтың қышқылдық дәрежесін (рН) , қарашіріктің , азоттың, фосфордың және калийдің қорларын атауға болады.
Топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі-оның қарашірігінің (гумусының) мөлшері. Ол Қазақстан топырағында 1-3 пайыздан (сұр топырақ), 6-8 пайызға (қара топырақ) дейін ауытқиды. Ауыл шаруашылығында жоғары өнім алу үшін үш элементті, яғни, азотты, фосфорды және калийді қолданады. Сондықтан, егіншілікке азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштар пайдаланылады.Қазақстан топырағы калийге бай, азотпен орташа қамтамасыз етілген, ал фосфор жеткіліксіз.
2,3. Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді. Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады.
Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 4 С-тағы судың сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады.
Негізінен топырақтың тығыздылығы оның қатты фазасы құрамындағы минералдық және органикалық бөлшектер мөлшерінің арақатынасына тікелей байланысты. Егер топырақта қарашірік көп болса, онда қатты фазаның тығыздылығы төмен болады. Құмды топырақтың қатты фазасының тығыздылығы -2,70 гсм, қара топырақтікі-2,37 гсм, ауыр сазды топырақтікі-2,67 гсм болады.
Топырақ тығыздылығының жоғары болуы тамырдың төмен бойлап өсуіне, тұқымның көктеп өсуіп шығуына кедергі жасайды. Топырақ тығыздылығының ең қолайлы мөлшері өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Топырақ тығыздығының шамадан тыс жоғары болуынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.
Сонымен бірге топырақ тығыздылығы ондағы органикалық заттардың мөлшеріне байланысты, себебі олардың тығыздылығы 1,25 гсм,-ден 1,80 гсм - ге дейін болса, ал минералдарда бұл көрсеткіштер 2,3 гсм - ден 3,0 гсм-ге дейін ауытқиды. Яғни, топырақта органикалық зат көп боған сайын , оның тығыздылығы төмендейді. Мысалы, қара шірігі мол қара топырақтың тығыздылығы 2,37 гсм. Топырақ тығыздылығына оның гранулометриялық құрамы, құрылымы үлкен әсер етеді.
Топырақтардың көлемдік массасы. Табиғи күйдегі 1 см абсолютті құрғақ топырақтың массасын оның көлемдік массасы дейміз. Топырақтың көлемдік массасы оның тығыздылығынан әрқашан кем болады, әйткені топырақ түйіршіктерінің арасындағы ауаның тығыздылығы өте төмен. Көптеген дақылдар (дәнді, отамалы) үшін топырақтың қолайлы көлемдік массасы 0,9-1,2 гсм аралығында болады.
Топырақтың қуыстылығы немесе кеуектілігі-деп топырақтың жалпы көлеміне пайыз есебімен алынған қуыстылықтар көлемінің жиынтығын айтады. Жалпы қуыстылықтар топырақтың гранулометриялық құрамына, қарашіріктің мөлшеріне, топырақ қабаты мен құрылым күйіне байланысты.
Топырақтың үстіңгі қабатында қуыстылық 50-60 %-ға дейін, ал төменгі сазды және балшықты қабатында 35-49%, құмды қабатында 30-35%-ға тең.
Топырақта екі түрлі, яғни капиллярлық және капиллярлық емес қуыстылықтар болады. Әдетте капиллярлық қуыстылық (майда қуыстар) суға толып тұрады, ал ірі қуыстарда, яғни капиллярлық емес қуыстылықта ауа болады. Топырақтың қуыстылығы оның жалпы көлемінің 50-55 пайызына, ал капиллярлық және капиллярлық емес қуыстылықтардың арақатынасы 1:1 тең болғанда, өсімдіктер үшін топырақта ең қолайлы ауа ылғалдылық режимі қалыптасады.
2,4. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне оның созымдылығы , ісінуі,шегуі,байланыстылығы,жабысқа қтығы, физикалық пісуі жатады.
Тұқымның бөртіп өнуі, өсімдік тамырының төмен қарай бойлап өсуі, топырақ пенг атмосфераның арасында газ алмасу, жер өңдеу сапасы топырақтың физикалық-химиялық қасиеттеріне тікелей байланысты.
Топырақтың созымдылығы деп оның сыртқы күштің әсерінен өзінің пішінін өзгертуін және оны ұзақ уақыт сақтай алатын қабілетін айтамыз.
Топырақтың ісінуі деп оның ылғалдану нәтижесінде көлемін ұлғайтуын айтамыз, ал, керісінше, топырақ кепкенде өзінің көлемін кішірейтуін топырақтың шөгуі деп атайды.
Топырақ түйіршіктерін бір-бірінен ажыратуға әсер ететін сыртқы механикалық күштің әсеріне топырақтың қарсы тұра алатын қасиетін оның байланыстылығы дейді.
Жер өңдеу құралдарының жұмыс органдарына немесе басқа заттарға топырақтың жабысу қабілетін оның жабысқақатығы деп атайды.
Топырақтың физикалық пісіп-жетілуі деп оның өңдеуге дайын болған кезін, яғни, топырақтың кеберсіп, оны өңдейтін құралдардың жұмыс органдарына жабыспайтын жағдайын айтады. Піскен топырақ жеңіл өңделеді, құралға жабыспайды, кесекке айналмайды және т.б.
Топырақ қабыршағы. Қар ерігенде, жауған сел жаңбырдан, немесе жерді суарғаннан кейін топырақ кеберсігенде оның бетінде қабыршақ түзіледі. Ол, әсіресе, балшықты және майдаланып үгілген құрылымсыз топырақтарда пайда болады.
Қабыршақ пайда болған топырақта газ алмасу нашарлайды, одан булану нәтижесінде ылғал көп мөлшерде жоғалады, тұқымның көктеп шығуы қиындайды, соның әсерінен өсімдіктер сирейді.
Жерді жылдан-жылға бір тереңдікке жырта берсе, соқаның табанымен топырақ нығыздалып, оның төменгі қабатында соқа табаны деп аталатын қабат пайда болады. Ол өте тығыз, қатты қабат болғандықтан, өсімдіктер тамырларының, ауаның, ылғалдың төмен қарай жылжуына кедергі келтіреді.
Сондықтан да топырақта осындай соқаның табаны пайда болмас үшін жерді жырту бағыты мен топырақтың өңделу тереңдігін өзгертіп отыру қажет.
Топырақтың сапасы морфологиялық, генетикалық, химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзен жетібай
Қазақстанның қуаң дала және шөлейт аймағының қара- қоңыр топырақтары
Топырақтардың химиялық құрамы
Қазақстанның шөл аймағының топырақтары
Топырақтану. Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Топырақ картасын құрастыру
Шақатты топырақтардың қалыптасуы және таралуы
Химиялық мелиорант, фосфогипс
Топырақ ылғалы
Тропиктік белдеулер топырақтары қызыл топырақ - топырақ түрі
Пәндер