Мәйітті табылған жерде тексеріп қарау тәртібі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Университет ОӘК отырысында талқыланды
Обсуждено на заседании УМС университета
Университет ҒК отырысында бекітілді Утверждено на заседании УС университета
№ __ хаттама, _ тамыз 20__ ж.
Протокол № _, __ августа 20__ г.
№ _ хаттама, __ тамыз 20__ ж.
протокол № _, __ августа 20__ г.

Шымкент. 2022

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Негізге бөлім
І. Танылмаған мәйіттің жеке басын анықтаудың сараптамалық әдістері
1.1 Танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауда жүргізілетін әрекеттер сот-медициналық сараптама жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Кісі өлтіруді тергеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
ІІ. Эксгумация негіздемесі

2.1 Мәйітті жерленген жеріне қазып алудың жалпы ұғымы ... ... ... ... ... 15

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19

Кіріспе
Адам өлтіру ісі бойынша болған жердің объектісін, қылмыс болған жерді сипаттау қамтамасыз етіледі. Қала өлтіргені пышық сұғу, атыс қаруын пайдалану, химилялық зат арқылы уландыру және т.б жолмен жасалған адам өлтіру ісі қаралады.
Тергеуші мәйітті куәгерлер көзімен, медицина сараптама қызметкерлер қатысуымен мәйітті тексеріп фотосуретке және бейнетаспаға түсіріп, хаттама толтырады. Тергеуші оқиға болған жерде полиция қызметкерлерінің қарап тексерумен алған мәліметтерді, қылмысты көзбен көрген тұлғалардан жауап алады. Мәйіттің денесін қарау, қылмыс болған жерді тексеру арқылы алынған іздер бойынша қылмыстық іс қозғалады. Киімнің қалталары мұқиятт қаралады және табылған заттар, жыртық киімдер, қол дақтары, аяқ іздері және т.б. заттардың түрі, өлшемі, көрінісі, формасы, нақты орны көрсетіледі.Қылмыс жасау арқылы қалай өлтіргені, дене жарақаты сипаттама және хаттамаға бекітеді.
Адамды қарумен ату арқылы өлтірген болса, дене жарақаты, киімдерінде оқ ату іздері көрінеді. Хаттамаға дене жарақатының пішіні, өлшемі, жарақат саны порохтың түйірлері, қару майлары көрсетіледі.
Мәйіт уландырылған жағдайда денеден, киімнен химиялық уландыру заттардың іздері, уланыруға арналған заттар болғандығы хаттамаға көрсетіледі.
Фотосуретке түсіру кезінде мәйітті табылған жерден қозғалтпай қимылсыз болуы қажет. Қылмыстық объектіні жерді, еденді мұқият зерттелуі қажет. Мәйітке қатысты барлық жерлерді қарау шарты:
- Мәйітті табылған жердң қызыл лентамен қоршау;
- Мәйіттің осіне 45 градус жақын бұрыштарда түсіру;
- Мәйіт ең жақсы көрінетін бағыттарда түсіру;
- Нысанды қашықтықты талап ету;
Мәйіттің орны үш жақтан бекітіледі:
1. Бүйірден бастап қарама қарсы жақтары
2. Осінен перпендикуляр (1.1. сурет)
3. Жоғарыдан (1.2. сурет)

4

1.1. сурет 1.2. сурет
Зақымданған және ерекше белгілері (көгерген, туу белгілері, татуировка және т.б) сызықтық жоспар бойынша масштабпен түсіріледі.
Егер мәйіттің қалтасында жеке басын куәландыратын құжаты болмаса, қылмыс болған жердегі тұлғалармен танылмаған жағдайда, тергеуші мәйіттің жеке басын анықтау шараларын жасайды.

5
І. Танылмаған мәйіттің жеке басын анықтаудың сараптамалық әдістері
1.1 Танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауда жүргізілетін
әрекеттер және сот-медициналық сараптама жүргізу.

Мәйітті көрсетудің мақсаты көп жағдайда танылмаған мәйіттің жеке басын анықтау болып табылады. Мәйіттің кім екенін анықтап, сөйтіп өлген адамның аты-жөнін білу үшін оны тануы мүмкін адамға көрсетеді. Сәйкестендірудің басқалардан айырмашылығы, мәйітті жекеше түрде көрсетеді. Бұл этикалық және психологиялық себептерге байланысты: мәйітті тану процедурасы анықтаушы тұлғаға және тергеу әрекетінің басқа қатысушыларына ауыр психологиялық әрекет тудыруы мүмкін. Алайда өлтірілген мәйітті қылмыс болған жерде тану үшін көрсетуіде қолайлы болуы мүмкін. Мәйітті тану үшін көрсету орны нақты жағдайларды ескере отырып таңдалады. Басқа объектілердей емес мәйітті жеке көрсетеді. Мәйітті табылған жерде тексеріп қарау тәртібі; 2010 жылғы сот - медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу заңнамасы Жалпы ереже 3 бөлім 10-11 тарау Мәйітті табылған жерде тексеріп - қарау тәртібін ұйымдастыру бойынша жұмыс жасайды. Мәйітті негізгі көрсету орны - мәйітхана. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 229 -230 бапта көрсетілген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Тергеу тәжірбиесінде кей жағдайларда, өздерінің хабар-ошарсыз кеткен адамның туыстары, таныстары, әріптестері арасында адамның жоғалғаны туралы арызбен құқық қорғау органдарына жүгінген азаматарды "біреу өлтіріп кетпеді ме?" деген күдікпен тұлғаларға аты-жөні белгісіз мәйітті көрсетеді. Мәйітті көрсетпес алдын мәйітханада керек жұмыстары жасалып, мәйіттің ішкі органдары алынады. Заңға сәйкес мәйітханада дәрігердің шешімімен жасалады.
1. Мәйіттің ішкі ағзаларынан және жұмсақ ұлпарынан қосымша кесінділер алынып сот-гистологиялық бөлімшесіне жұмысқа жіберіледі.
2. Мәйіттің ішкі ағзалары химия-токсикологиялық бөлімшесіне улы заттар анықтау үшін жіберіледі.
3. Мәйіттің мойын органдарын комплекс күйінде кесіп алынып ыдысқа салынып бекітілгені туралы қағаз жабыстырылып, мәйітті тіркеу журанылына алынған жөнінде белгі жасатылып, тергеушінің қолына әрі қарай медико-криминалистикалық зерттеу тағайындау үшін тапсырылады.
4. Мәйітті фотосуретке түсіріледі. (2.1. - 2.2. сурет)
6

2.1. сурет 2.2. сурет
Шіріту процестерінің әсерінен мәйіт өзгереді және көптеген анықтау белгілері жойылады. Сондықтан мәйітті тексеру кезінде марқұмның жеке басын анықтауға қажетті барлық мәліметтерді толық анықтау қажет.Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар танылмаған мәйіттің табылған жерін тексеру бірнеше тапсырма шеңберінде екі бағытта жүргізіледі:

3.1 сурет
1) жәбірленушінің сыртқы түрінің белгілерін, оның киімін және т.б. анықтау және бекіту, оның жеке басын кейіннен анықтау үшін;
2)қылмыскерді әшкерелеу және оның жеке басын анықтау үшін дәлелдемелерді жинау.
Белгісіз мәйіттерді (танылмаған адамдарды) тану жөніндегі алғашқы шаралар мыналарды белгілейді.Құқық қорғау органының кезекші қызметкері
7
танылмаған мәйітті тапқаны туралы ақпаратты алған кезде құрамында тергеуші (анықтауды жүргізетін адам), сот медицинасы саласындағы маман, сот сарапшысы, қылмыстық тергеу тобы бар, қызметкері, учаскелік полиция инспекторы және қажет болған жағдайда дереу оқиға орнына келетін. қызметтік иті бар кинолог инспекторы, сондай-ақ басқа да мамандар. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қылмыстың материалдық іздерін табуда ғана емес, жәбірленушінің жеке басын анықтауда да қиындықтарға тап болады. Оқиға болған жерге келгеннен кейін топ басшысы, ең алдымен, оның алдында мәйіт бар екеніне көз жеткізуі керек, содан кейін оқиғаның сипаты, оның болған уақыты және т.б. Сондықтан мұндай жағдайларда оқиға болған жерді жалпы қараудың маңызды, құнды құрамдас бөлігі болып табылатын мәйітті сырттай қарауға үлкен көңіл бөлу керек. Мәйіт оқиға туралы мәлімет береді, өлімнің түрі мен себебін азды-көпті дәл көрсетеді. Мәйітті табу уақыты, өлтіру әдісі, мәйітті жасыру әдісі және оның сыртқы жағдайы маңызды мәнге ие. Мәйіттің табылған жерінде сыртқы сараптамасы шұғыл тергеу әрекеті болып табылады. Сараптама жүргізу кезінде сот медицинасы саласындағы маман:
1) қайтыс болғанын куәландырады;
2) мәйіттің лауазымы мен орнын, соңғы ұстанымын сипаттау;
3) мәйітте немесе оның астында орналасқан объектіні сипаттау;
4) мәйіттің киімін сипаттау;
5) мәйіттен және оның жанынан табылған заттар мен ластануларды сипаттауға;
6) киiмдi шешiп, тек шешiндiрiп, жинаған кезде труппаның жынысын, шамамен жасын, дене бітімiн анықтауға;
7) терінің, шырышты қабаттардың түсін, қарашық жағдайын сипаттаут.б.;
8) ерекше белгілерді сипаттау және жазу;
9) ерте мәйіттік өзгерістердің сипаты туралы мәліметтерді хаттамаға енгізу үшін тергеушіге:
■ мәйіттік дақтардың орналасуы мен сипаты (түсі, дозаланған экспозициямен түсінің өзгеруі және бастапқы түсті қалпына келтіруге қажетті уақыт);
8
■ жолақты бұлшықеттердің механикалық және электрлік әсерге реакциясы;
■ көз қарашығының электрлік ынталандыруға тән реакциясы;
■ дененің жабық және ашық бөліктерін ұстағанда салқындату сипаты;
■ дененің және қоршаған ортаның температурасы, мәйіттік сүйектенудің болуы, оның таралуы және ауырлығы;
■ кеш мәйіттік өзгерістер болған жағдайда (шіру, мумиялану, майдың жоғалуы және т.б.), олардың ауырлық дәрежесін және локализациясын көрсетеді.
Мәйітті мәйітханаға әкелгеннен кейінгі жағдайда жоғалған хабар-ошарсыз кеткен арыздарды қарап, арыз жазған кісіге хабар беріледі. Мәйіттің денесін көрсетер алдында арнайы сот-сараптама жүргізіліп (егер мәйіт пішіні бұзылса) мәйітті кісі көретіндей жағдайға келтіреді (оны "мәйітті әрлеу " дейді). Мәйітті зерттеу және сот-медициналық сараптаманы дәлел ретінде сақтау нәтижесінде жасалады. Сот-сараптама жүргізіп біткен соң тану процесі жүргізіледі. Қайтыс болған адамның жеке басын анықтай алатын жақын туыстары және ауыртпалықсыз тани алатын адамдарды таңдайды.
Әдетте, мәйіт пен оның табылған кездегі киімдері бөлек көрсетіледі. Дегенмен, адамның көзі тірісінде кездей соқ және тек киіммен көрген адамдарға тану үшін киімдегі мәйітті көрсетеді. Мәйіт алдымен иығына дейін жаймамен жабылған күйде көрсетіледі, содан кейін дене бөліктері біртіндеп ашылады. Егер дененің белгілі бір бөлігінде тірі кезінде ерекше белгілері немесе назар аударарлық белгілері (туу белгілері, тыртықтары, татировкалары және т.б.) болса, анықтаушы оларға ерекше назар аударады.
Сәйкестендіру үшін ұсыныс заңды болып табылады:
Танылатын адам қайда екені белгісіз болса
Сәйкестендіру үшін әртүрлі елді мекендерде орналасқан бірнеше тұлға көрсетілу
Сәйкестендіру үшін ұсынылған тұлғалардың ұқсастығына (қолы, көзі және т.б.)
жеке басын анықтайтын тұлға көргеннен кейін оның сыртқы түрі қатты өзгерсе және оның бұрынғы күйін қалпына келтіру мүмкін болмаса (мысалы, тұлғаны анықтауға болатын тұлғаның беті қатты күйіп қалса немесе төбелес кезінде бет-әлпеті бұзылса) , т.б.);
сәйкестендірілген тұлға таныстыруға қатысудан бас тартса
9
Сәйкестендіру үшін ұсынуға қатысатын тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.
Мәйіттің сот-медицина сараптамасынан өткізілгенен соң, қаза болған адамның жақын туыстарына сот-медициналық сараптаманың құны көрсетілген құжат жіберіледі.
Хабарланатын зерттеу құны; мәйітті зерттеу - 69005,72 тенге, қанды алкоголь химико-токсикологиялық зерттеу - 7715,08 тенге, ішкі органдар химико-токсиологиялық зерттеу - 491030,55 тенге, сот-гистологиялық зертттеу - 17122,11 тенге, медико-криминалистикалық зерттеу - 8279,00 тенге. Мәйітті сараптама орташа алғандағы мерзімі 30 тәулікке дейін. Қосымша зерттеулер тірі адамды зерттеу уақыты 5 тәулікке дейін.
1.2 Кісі өлтіруді тергеу.
Кісі өлтіру туралы істер бойынша тергеу әрекеттері аталмыш қылмыс түрінің өзіндік ерекшелігіне сай криминалистикалық тактика тарауында қарастырылған тактикалық тәсілдер мен жағдайларды сақтай отырып жүргізіледі. Кісі өлтіруді тергеу кезінде жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері:
* Оқиға болған орынды тексеру;
* Куәлардан жауап алу;
* Сот-медициналық сараптама тағайындау:

Оқиға болған жерді тексеру;
Кісі өлтіру қылмысы - өте ауыр қылмыстар тобына жатады. Сондықтан, мұндай қылмыс оқиғасы орын алған кезде оқиға болған жерді қарау кезінде
жалпылама түрде объектілерге талдау берген жөн:
a) оқиға болған жерде не бар, олар қалай орналасқан;
b) қылмыстың ізі;
c) іздер; аяқтың ізі, қолдың ізі, тістің ізі, транспорт құралдарының ізі және т.б.
d) қанның ізі, тер және басқада адамнан бөлінетін заттар;
e) шаш, киімнің талшықтары;
f) атыс қаруынан қалған заттар.
Куәлардан жауап алу;
- кісі өлтіруді кім жасады, ол тұлға куәңа белгілі ме;

10
- қандай жағдайда кісі өлтіру жасалынды, қандай тәсілмен қылмыскер қай жаққа бой тасалап кетті;
- кісі өлтіру кезінде куә қай жерде тұрды және не істеді, оны қылмыскер байқап қалдыма;
- куә жәбірленушімен таныспа және қандай қарым-қатынаста болған;
- жәбірленушінің киген киімі, онда қандай заттар болды және қылмыскер олардың арасынан бір нәрсе алдыма;
- қылмыскер кісі өлтірген жерде не тастап кетті, іздері қай жерде.
Тергеу барысында жалпы объектілер тексеріледі, қай күні, сағат нешеде көз жұмғанын, соңғы кіммен тілдесті, кімнің қасында болды болған жағдай барысы бойынша тергеп - тексереді. Тергеу барысында мәйіттен немесе оқиға орны болған жерде табылған жеке басын куәландыратын тұлғада реттік нөмері көрсетілген құжаттары бар бірегей заттарды күдікті деп танылған тұлғаға, олардың сипаттамалары туралы мәліметтер анықталағаннан кейін жауап алу кезінде тікелей ұсынылады.
Кісі өлтіруде кейінге қалдырмайтын тергеу әрекеті ретінде сот-медициналық сараптамасы жүреді:

* Өлім мерзімі және себебі туралы;
* Мәйіт денесіндегі жарақаттар тірі кезінде немесе өлгенен кейін жасалды ма;
* Жарақаттарды келтіру реті туралы;
* Қылмыс құралдары
* Жарақат жасау кезіндегі жәбірленушінің тұрған жағдайы туралы және т.б.
Кісі өлтіру кезіндегі қылмыстық іс қозғау себептері, ол азаматтардың арызы, үйі, мекеме және өндіріс мәлімдемелері бойынша жоғалу туралы арыз түсуіне байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру басталады.
1) мұздатылған мәйіт;
2) сыртқы түрі айтарлықтай өзгерген белгісіз мәйіт (шіріген және бөлшектенген, пішіні бұзылған мәйіттер);
3) ыдыраған, қаңқаданған белгісіз мәйіт (бұл ыдыраудың соңғы сатыларына өткендер, сондай-ақ күйіп кеткен мәйіттер);
4) бөлшектенген танылмаған мәйіт.
5) сыртқы түрі шамалы өзгерген белгісіз мәйіт (бұл су ортасынан алынған пышақ және оқ жарақаттары бар танылмаған мәйіттер);
11
Мәйітті анықтау мүмкіндігін сақтау, дәлелдеме ретінде пайдалану үшін мәйітті жерлегенге дейін мәйіттің бетін гипс немесе балауыз маскасын жасауға болады. Мәйіттен саусақ іздері алынуы және сәйкестендіру әдістерінің көмегімен суретке түсіріледі. Мәйіт танылғаннан кейін терегеу хаттамасы толтырылады.
Тергеу барысында мәйіттің үстіндегі киіміне назар аударады. Себебі, киім көбінесе адамның әлеуметтік жағдайын көрсетеді, сонымен қатар ұрлық немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ
Адамға қарсы жасалатын қылмыс
Адам өлтіруді тергеу
Криминалистік әдістеме жүйесі
Оқиға болған жерді қараудың сатылары
Тергеу қарауы, эксгумация, куәландыру
Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
Мәйіт эксгумациясы (процессуалдық, ұйымдастырушылық және криминалистикалық мәселелері)
Айғақтарды сол жерде тексеру жəне нақтылау. Тергеу эксперименті
Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері
Пәндер