Сөйлеу дағдысын дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары

Жоспар:

Кіріспе
: 1
Кіріспе: Мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдарының теориялық негіздері
:
: 1. 1
Кіріспе: Мектепке дейінгі ортаңғы топ балаларының сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық аспектілері
:
: 1. 2
Кіріспе: Мектепке дейінгі балалардың ауызекі сөйлеу тілдерінде мәнерлеп оқудың алатын рөлі
:
: 2
Кіріспе: Мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдарының әдістемелік негіздері
:
: 2. 1
Кіріспе: Ортаңғы топ балаларының сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістері
:
: 2. 2
Кіріспе: Жүргізілген іс-тәжірбиелік жұмыстың нәтижесі
:
:
Кіріспе: Қорытынды
:
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тіізімі
:

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі - қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің мазмұны баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді.

Тіл дамыту қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Тілді дамытудың соңғы нәтижесі, ол - ең кереметтің, күштінің және қиынның көрінісі, яғни адам өз тілінің, өзінің сөйлеу тілінің жемісі болып саналады. Балабақшада балаға білім берудің жетістігі ретінде ең маңызды және ең алғашқы жағдай ол - баланың сөйлек дағдысын дамыту. Бала сөйлеудағдыларын жақсы меңгерсе ғана кез келген сұраққа толық, мәнді жауап бере алады. Балалардың әңгімесіне салғырт қарау, олармен тілдескенде айналасындағы адамдардың дұрыс сөйлемеуі мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы психикасы мен тілінің дамуына кері әсерін тигізеді. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы жанұядан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жеткізілуі тиіс. «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»: «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі балабақшадағы өткізілетін барлық іс - шаралар арқылы жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы қоршаған ортамен таныстыру», - делінеді. Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған. Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат - баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету.

Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі жанұяда, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата - аналар мен тәрбиеші - педагогтардың бұл аса маңызды мәселелерге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екендігін көрсетеді. Ал тәрбиеші басшылыққа алатын білім мазмұны бағдарламада нақты көрсетілген. Сондықтан жас ерекшелігіне қарай жұпталған әр топта өтілетін тәрбиелеу мен оқыту процестерінің алдына қоятын мақсатын, бағдарламалық білім мазмұнын тәрбиеші жете білуге тиісті. Тіл дамыту жұмысы барлық жағынан қамтылуы керек: сөздің ана тілі нормасына сәйкес айтылуы, бағдарламаға сай болуы, сөздің бір - бірімен байланыстылығы, пікірдің дәйектілігі және бейнелігін қамтамасыз ету қажет. Балабақша тәрбиешілері өз жұмыстарында балалардың жан - жақты дамуы үшін барлық қажетті шараларды пайдаланып, балабақшаның қызметін «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының» орындалуына бағыттап, білім беру сапасын арттыру және оқу - тәрбие жұмыстарын бағдарламаға сай жүргізе білу міндеттерін қойып, сол міндеттерді әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы шешеді.

Жоғарыдағы ғалымдардың іргелі ғылыми зерттеулеріне, ресми құжаттарға, нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасай келе, мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілдерін біршама жолға қойылғанымен, бүгінгі күнге дейін нақты зерттеу нысаны ретінде қарастырылмағаны мәлім болды. Ғылыми зерттеулер мен даму динамикасы және мектепке дейінгі білім беру, білім берудегі қолданысының маңыздылығы, оның мектепке дейінгі білім беру мектепке дейінгі білім беру рөлі жайындағы тәжірибелерді талдау бірқатар қарама-қайшылықтарды анықтады:

- мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары деген қоғамдық сұраныс пен бұл мәселенің педагогика ғылымында жеткілікті қарастырылмауы арасындағы;

- мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары қажеттілігі мен осы үдерістің әдістемелік жүйесінің жасалмауы арасындағы.

Көрсетілген қарама-қайшылықтар ғылыми ізденудің бағытын айқындап, мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындап, әдістемесін жасау мәселесін анықтауға мүмкіндік берді.

Анықталған қарама-қайшылықтар мен тұжырымдалған мәселе зерттеу тақырыбын: «Мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары» деп алуымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты : мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде ғылыми-теориялық тұрғыда негізделген тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйретудің әдістемелік жүйесін негіздеу және тәжірбиеде қолдануға ұсыну.

Зерттеудің міндеті:

- мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдарының теориялық негіздерін айқындау;

- мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдарының әдістемесін жасау, оның тиімділігін эксперименттік жұмыстар арқылы тексеру;

- ұсынылған әдістемелік жүйенің, жаттығулар мен тапсырмалардың ұтымдылығын оқыту эксперименті арқылы дәлелдеу.

Зерттеу болжамы. Мектепке дейінгі балалардың сөйлеуге үйретудің тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: егер балаға берілетін мәтін жайлы теориялық білім мен қажетті білік, дағдылар нақтыланып, мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері саналы түрде меңгерілсе, балаларды сөйлеу дағдысына үйрету жұмысы жаңа технология талаптарына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы арқылы т. б. ) жүргізілсе, онда балалардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігі қамтамасыз етіліп, ойын тиянақты түрде жазуға дағдыланады, өйткені баланы сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесі жүйелі сөйлеу мәдениеті мен логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.

Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларымен, нормативтік құжаттарға, білім беру стандарттарына, педагогтардың тәжірибелері және жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану, өзіндік жұмыстардың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету.

Зерттеу нысаны : Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру үдерсі

Зерттеу пәні - Мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдарының теориялық негіздерін айқындалды;

- мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдарының әдістемесін жасау, оның тиімділігін эксперименттік жұмыстар арқылы тексерілді;

- ұсынылған әдістемелік жүйенің, жаттығулар мен тапсырмалардың ұтымдылығын оқыту эксперименті арқылы дәлеленді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының білім алушылары мен балабақша тәрбиешілері сабақ жүйесінде қолдана алады

Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі және сенімділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіш нәтижелерінің қорытындыларымен, олардың тиімділігін тексерумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу базасы: Көкшетау қаласы, № балабақшасының ортаңғы тобы

Дипломдық жқмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.


1 Мектепке дейінгі ортаңғы тобында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдарының теориялық негіздері

1. 1 Мектепке дейінгі ортаңғы топ балаларының сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық аспектілері

Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдысын дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың сқйлеу дағдысыг, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.

Қазақстан Республикасының мектепке дейін тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттік стандарты мектепке дейінгі мекемедегі коммуникативтік-тілдік құзіреттіліктің қалыптастырудың негізгі тапсырмалардың бірі ретінде анықтайды.

Қазіргі заманғы балалар жоғары ақпарат тоғысында өмір сүруде. Олармен жанды қарым-қатынасты теледидар мен компьютер алмастырады, бұл мектепке дейінгі жастағы баланың белсенді сөздерді қолдануына кері әсерін тигізеді.

Б. Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.

Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А. М. Бородич: ”Сөйлек дағдысы - адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі“ десе, Ф. А. Сохина: “Сөйлек дағдысы дегеніміз - белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп қарастырады. Сонымен сөйлеудағдысын жетілдіру - отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші [] .

«Балаға таныс емес бес сөзді үйретсең, ол сол сөзді үйрену үшін ұзақ қиналады, ал осындай таныс емес жиырма сөзбен суреттер арқылы көрсетсең, ол оны тез қағып алады» К. Ушинский айтқандай, көрнекі материал басқа құралдарға қарағанда оңай игеріледі .

Байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту - диалог, монолог секілді оқытудың негізгі нышандарын игеруді болжамдайтын, балаларды қатынастырып сөйлеуге үйретудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Осыған орай, балаларды сөйлеу дағдысын дамытуда неғұрлым жаңа тиімді технологиялар, балалардың ойларын қалыптастыруды жеңілдететін тәсілдер қажет. Осындай құралдардың бірі - мнемокесте, сызба түрінде ұсынылған моделдеу - көрнекілігі.

Балалардың сөйлеуін дамытудың тиімді құралы ретінде моделдеу - көрнекілігін қолдансақ, онда қазіргі кезеңге лайықты мектепке дейінгі баланың сөйлеу дағдысының барлық түрін қалыптастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге болады.

Себебі, көрнекі материалды балалар жақсы игереді, үлгілеуді орындау, сөйлеу дағдысын дамыту сабақтарындағы мнемокестелар балалардың көріп тану ақпаратын тиімді қабылдауға, есте сақтап, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Мнемотехниканың тәсілдері қосымша қауымдастықтың құрылуы жолы арқылы балалардың есте сақтауын арттырады, байланыстыра сөйлеуге үйретіп, тілдік-коммуникативтік құзыріттілігін қалыптастырады, тілін дамытады (№1қосымша) .

1-cурет. Мнемокесте, сызба түрінде ұсынылған моделдеу - көрнекілігі

Мектепке дейінгі жастағы балалардың көбі алған әсерлерімен өзара бөліседі де, ал берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыруда қиынсынады Негізінен бұл баланың берілген сауалға деген білімінің аздығы емес, баланың байланыстыра сөйлем құрастыра алмағандығынан осындай қиыншылықтарға тіреледі.

Балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың тиімді құралы ретінде С. Г. Ермакованың «Мектепке дейінгі жастағы баламен жұмыс істеуде моделдеу - көрнекілігін қолдану» әдістемесінде [15] :

- нысананы немесе жағдайға өздігінен талдау жасауға.

- децентрацияның (орталықсыздандыру) дамуына (есептеу бағытын өзгерте білуге) .

- болашақ ойдың идеясы мен ниетінің дамуына, жағдай туғызып, оқыту барысында байланыстыра сипаттап сөйлеуді үлгілеуде пікірін білдіру жоспарлы құрал ретінде көрсетілген.

Моделдеу - көрнекілігінің құралын байланыстыра монологтық пікірін білдіреуге үйрету жұмысының барлық түрінде қолдануға болады:

- қайтадан әңгімелеу;

- ойыншықтар, сурет бойынша, заттар туралы, сурет сериялары бойынша көркемдеп әңгәмелеу;

- заттар туралы жұмбақтар құрастыру;

- тақпақтар жаттау.

Моделдеу - көрнекілігін қолдану, балалардың байланыстыра сөйлеуін мақсатты дамытуға, лексикасын белсенді байытуға, сөйлемнің әртүрлі құрылымдарын сөз сөйлеуде пайдалана білуді қалыптастыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге балалардың монологтық сөз сөйлеуін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуге болады.

Балаларға әдістерді құру және қолдану үдерісі үлгілердің түріне және жас ерекшелігі мен балалардың өз қабілетіне қарай біртіндеп жүзеге асады.

Тәрбиеші алдын-ала дайындап қойған үлгілеу техникасына үйрете отырып балаларды оларға таныс емес жаңа үлгі формамен таныстырады. Кейбір кездері, керісінше, бала мен тәрбиешінің бірігіп құрған үлгісі оны дұрыс игеруге себепкер болады.

Осыған орай үлгінің әртүрлі формалары қолданылды:

- стильденген, заттардың жиектелген кескіні;

- зат пен құбылысты кескіндейтін рәміздер;

- сызықтар, бағыттар, геометриялық фигуралар;

- динамикалық және тірек сызбалар, нұсқама сызбалар;

- мнемокестелар.

Оқу жылының басында балалардың сөз сөйлеуінің даму диагностикасы өткізілді, төмендегі бөлімдер бойынша балалардың ауытқушылықтары анықталды:

- Сөз сөйлеудің дыбыстық жағдайы;

- Фонетикалық қабылдауы;

- Балалардың сөйлеу дағдысын дамыту деңгейі.

Берілген талдау нәтижесі бойынша балалардың сөйлеу дағдысын дамытуды оқыту траекториясы анықталды; монологтық сөз сөйлеу үдерісінің ең тиімді бағдарламалық-әдістемесін қамтамасыз ету іріктеліп алынды [16] .

Сөйлеу дағдысын дамытуды жұмысы тіл дамытудың басқа тапсырмаларынан бөлінбейді және ең бірінші бұйрық беріп, әңгіме құрастыруға көшпес бұрын, алдын-ала үлкен жұмыс атқару қажет (2-сурет) :

1. Сөздікті байыту бойынша.

2. Сөйлемдер, фразалар құрумен жұмыс істеу.

3. Сөз сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру.

4. Лексикалық сөзді қолдана білу (диалог, монолог) .

2-сурет. Сөйлеу дағдыларын дамыту жұмысы

Кезеңдерге бөліну тек шартта ғана. Тәжірибе жүзінде кезеңдер өзара қатынаста болады. Ақырғы сәтте жұмыс төмендегідей жүреді:

- Фразалық сөздерді қолдана білу;

- Сөз сөйлегенде байланыстырып, біртіндеп, ретімен, логикамен сөз құрай білу;

- Мазмұнына сәйкес нақты лексикалық сөздік қолдана білу;

- Сөйлемді грамматикалық түрде дұрыс құрастыру;

- Сөйлемді өздігімен және ешқандай кідіріссіз тоқтамай және сөз соңында фразамен айта білу.

Байланыстырып сөз сөйлей білудің ең қарапайым түрі қайтадан айтып беру. Оған сөйлеуді қалыптастырудың ерекше рөлі бөлінген. Мұнда сөз сөйлеудің мәнерлі құрылымы, сөйлемді белгілі ретпен біртіндеп құрастыра білу жүзеге асырылады.

Моделдеу - көрнекілігін қолданбаса балалар сюжетті өздігінен жоспарлауда, байланыстыру контекстінде сөз сөйлеуді грамматикалық құруда шын қиыншылықтармен кездеседі.

Тірек сызба көмегімен қайталап әңгімелеу:

- Естіген мәтіннің негізгі бөліктерін бөлуді шамалайды;

- Оларды өзара байланыстырады;

- Сонан соң тірек сызбаға сәйкес сөйлем құрастырады.

Қайталап әңгімелеу кезінде моделдеу - көрнекілігін қолдану бойынша жұмыс балалардың төмендегідей қабілеттерін қалыптастырады:

- Алмастыру қағидасын игеру, яғни кейіпкерлерді және көркемдік шығармашылық заттарын орынбасарлармен белгілей білу;

- Оқиғаны орынбасарлар арқылы көрсете білуді қалыптастыру;

- Орынбасарлардың орналасуына сәйкес эпизодтардың ретімен берілуі;

- Қайталап әңгімелеудің жоспары ретінде өздігінен кеңістіктік динамикалық үлгі құра білуді қалыптастыру;

- Тірек- сызба арқылы әңгіме құрастыру.

- Моделдеу - көрнекілігінің тиімділігін бекіту үшін мен келесі тәжірибені жасап көрдім: сөз сөйлеу қабілеті бірдей балалардан құрылған екі топқа жеті сөйлемнен мәтін құруды ұсындым:

Бірінші топ - мәтінді тірек сызбасыз айтып берді

Екінші топ мнемокесте арқылы айтып берді.

Тәжірибе моделдеу - көрнекілігінің тиімділігін көрсетті. Балалар тірек сызбаға сүйеніп, жоғары нәтижеге жетті.

Қорытынды және келешек

Бала үшін сөйлеу, тілін меңгеру көп сатылы үдеріс. Ол ойдың тіл арқылы сыртқа шығу ниетінен басталады. Ниет не айту керек?, Қандай ретпен?, қалай айту керек? деген сұрақтарға жауаптарды ортақтастырады.

Мен өз жұмысымды қолданатын, сөйлеу дағдысына үйретудегі моделдеу - көрнекілік баланың осы сұрақтарына жауап бере алады. Моделдеу - көрнекілігін қолдану бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесі сөз сөйлей білу тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша тәрбие жұмысы үдерісінің сапасын қамтамасыз ету үшін кеңінен қолдануға болатынына куә бола алады.

Нәтиже бойынша балалар белсенді бола бастады, балалар өз ойын айтқысы келеді, сұрақтарға жауап береді, сұрақты дұрыс қоя біледі ең бастысы - осы материалмен жұмыс істеу қызықты. Әңгіме құрастыруды, сурет бойынша әңгіме құруды тек жеке балалар ғана емес, оқу жылының басынан үндемей келген балалар да орындай алады.

Өкінішке орай қазіргі кезде де сөз байлығының жетіспеушілігінен балалар өз ойларын толық жеткізе алмайды. Балалардың сөздік қорын дамытуға қосымша жұмыстар атқаруда тағы да мнемотехниканың көмегіне сүйенеміз.

Балаларды тексеру қорытындысы бойынша моделдеу - көрнекілігінің тиімді және мектепке дейінгі жастағы баланың монологтық сөз сөйлей білуін қалыптастыратын үдеріс құралы екенін дәлелдейді, өйткені ол:

- естіп, ойда сақтау қабілетінің дамуына мүмкіндік береді;

- сюжеттің дамуы үшін әңгіменің фрагментін, суретті, олардың арасындағы өзара байланысты анықтап және оларды біріңғай сюжетке біріктіруге мүмкіндік береді;

- ой ойлай білуді қалыптастыру және оны толық әңгімеге айналдыра алуға мүмкіндік береді [17] .

Осылайша, моделдеу - көрнекілігі мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру бойынша жүргізілетін барлық жұмыстарда, оқытудың барлық кезеңдерінде қолдануға болады және қолдану қажет.

С. Г. Ермакованың көрнекі үлгілеуді суреттеп әңгімелеу әдістемесінен мысал келтірсем.

«Көктем» тақырыбына суреттеу арқылы әңгіме құрастыруды былай таратуға болады.

Тәжірибе жұмысы:

1. Берілген жыл мезгілінің сипаттық белгісін символдармен белгілеу, әңгіме құрастыру

2. «Көктем» деген сөзден басталатын сөйлемдер құрастыру (әр бір символға қысқаша сөйлемдер құрастырады) .

3. Символдарға сүйеніп суреттеу әңгімесін құрастыру.

Д/о: «Көңілді паровоз»

Мақсаты: оқылған әңгіменің мазмұнына сүйеніп суреттеу әңгіме құрастыру.

Әңгіме «Автобустағы оқиға», Нұрдәулет Ақыш.

Әңгіме «Балалар мен ғалым», Спандияр Көбеев.

Көрнекілік: А-3 қағазы, паровоздың бейнесі, әңгіменің мазмұны, бөлінген ақ қағаздар-карточкалар, т/т фломастер.

Моделдеу - көрнекілігінің дағдысын қалыптастыру мектепке дейінгі балалардың өздігінен қатысу үлесінің үнемі өсуімен, белгілі ретімен өтеді. Моделдеу - көрнекілігінің әдісі байланыстыра сөйлеуді дамытудың әңгімелеу, сурет бойынша сюжетті әңгімелеу, зат немесе құбылыс туралы суреттеп әңгімелеу, шығармашылық әңгімелеу сияқты барлық тапсырмаларын шешуге мүмкіндік береді және әңгіме үшін өзіне таныс нысана таңдап алуға, суреттің кейбір сәттерін таңдап алуға, олардың өзара байланысын анықтауға, оларды әңгімелеу үшін біріңғай сюжетке біріктіруге көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту
«Сүйіспеншілік» тақырыбындағы фразеологизмдерді сөйлеу дағдысын дамытуда қолдану жолдары
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдiстемесi
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Оқушылардың қазақша тілін дамыту
Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары
«Сөйлеуді жетілдіру жолдары»
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz