Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі құндылықтар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Ғылыми жоба тақырыбы
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ӘҢГІМЕЛЕРІН ЗАМАНАУИ ДӘРІПТЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Оқушы:
Ғылыми жетекші:

І. Кіріспе
1.1 Ы. Алтынсарин туралы
1.2 Ыбырай феномені
II Негізі бөлім
2.1 Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі құндылықтар
2.2 Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін заманауи дәріптеудің технологиясы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Аңдатпа

Халқымызда Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді деген дана сөз бар. Тарихта аты мен хаты өлмей келе жатқандардың бірі, XIX ғ. ағартушы, зтнограф - Ыбырай Алтынсарин. Ұлы ағартушыға ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал - губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1879) қызметін, торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876 - 1879) қызметін атқарады.
Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай,Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі класстық орыс - қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуәрде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдік мектебі ашылады, Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп интернат аштыруының мән - маңызы зор болды. Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерінде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар терінде халықтың ауыз әдебитін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.

Аннотация

В народе есть мудрое высказывание: Имя хорошего человека не умирает, не умирает письмо ученого. Одно из бессмертных имен и букв в истории XIX века. просветитель, этнограф - Ибрай Алтынсарин. Помимо обучения великий педагог отвечает и за другие задачи. По поручению Оренбургского генерал-губернатора он четыре раза служил уездным судьей в Тургай (1868 - 1879) и старшим помощником главы Тургайского уезда (1876 - 1879).
После того, как Ибрай начал свою работу инспектором, он активизировал свою воспитательную работу, открыв по очереди двухклассные русско-казахские школы в Элекском, Костанайском, Тургайском и Иргизском районах, снабдив их необходимыми учебниками. В частности, с учетом кочевых обычаев страны предлагается новый подход к образованию в российской системе народного образования. В результате 10 апреля 1888 года в Орске была открыта учительская школа для подготовки учителей казахской молодежи для начальных школ. Ибрай приложил большие усилия для открытия школ для казахской молодежи в области экономики, сельского хозяйства и ремесел. Он даже пообещал передать свою землю сельскохозяйственной школе, которая будет открыта в Костанае. Открытие Ибраем школ-интернатов для казахских девочек в Торгае, Костанае, Карабутаке и Актобе было очень важным. Ибрай Алтынсарин уделял внимание чистому преподаванию родного языка в открытых им школах, использовал устную литературу народа на языке речи и писал литературные произведения для воспитания будущих поколений.

Annotation

There is a wise saying among our people: "The name of a good person does not die, the letter of a scientist does not die." One of the immortal names and letters in history, XIX century. educator, ethnographer - Ibrai Altynsarin. In addition to teaching, the great educator is responsible for other tasks. On behalf of the Governor-General of Orenburg, he served four times as a district judge in Turgai (1868-1879), and as a senior assistant to the head of the Turgai district (1876-1879).
After Ibray began his work as an inspector, he intensified his educational work, opening two-class Russian-Kazakh schools in Elek, Kostanay, Turgai and Irgiz districts, one by one, equipping them with the necessary books. In particular, taking into account the nomadic customs of the country, it offers a new approach to education in the Russian public education system. As a result, on April 10, 1888, a teacher's school was opened in Orsk to train teachers of Kazakh youth for primary schools. He even promised to give his land to the agricultural school to be opened in Kostanay. Ibray's opening of boarding schools for Kazakh girls in Torgay, Kostanay, Karabutak and Aktobe was very important. Ibrai Altynsarin paid attention to the pure teaching of the native language in the schools he opened, wrote folklore for the upbringing of the next generation, using the oral literature of the people.

Жобаның мақсаты: Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін заманауи дәріптеудің технологиясын оқу мен дәріптеу және насихаттау.

Жобаның міндеттері:

Оқушылардың бойында Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін заманауи дәріптеудің технологиясын тұлғалық байлық еңбектері ретінде құрметтеу дағдыларын қалыптастыру;

Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін заманауи дәріптеудің технологиясын адамгершілік тұрғыдан дәріптеу;

Жоба өзектілігі: Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін заманауи дәріптеудің технологиясын танымдық тұрғыдан зерттеу.

Ғылыми жобаның деректік негізі: ғылыми жұмысты жазу барысында осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмай келген баспа сөз материалдары мен тарихи түрлі әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталып алынды.

Зерттеудің болжамы: Зерттеу жұмысы Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін заманауи дәріптеудің технологиясы нтанымдық тұрғыдан зерттеу еңбектері арқылы оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуі және зияткер ұрпақтың қалыптасуына тарихи көмек.

Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Ғылыми жобaның ғылыми жaңaлығы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін заманауи дәріптеудің технологиясын танымдық тұрғыдан зерттелуі.

Кіріспе

Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылған ол атасының -- белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршинның қолында тәрбиеленеді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасын Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырай дың өмірлік ұстанымына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбек сүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды. 1857 жылы ол Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тілдерінде еркін сөйлей білді. Кейінірек халық ағартушысы ретінде өз білімін өзінше оқып, арттыра түсуді белсенді түрде жалғастыра түсті. Дүние жүзі әдебиетінің классиктері В. Шекспирдің, И. Гетенің, Д. Байронның, А. Пушкиннің, Н. Гогольдің, М. Лермонтовтың, Ғ. Низамидің, А. Фирдоусидің, Ә. Науаидың шығармаларын зор зейін қойып оқыды. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына орыс педагогы К. Ушинскийдің және чех ойшылы Я. Коменскийдің еңбектерімен таныс болуы игілікті әсерін тигізді. Ы. Алтынсарин орыстың көрнекті демократтары Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнің және басқалардың шығармаларымен де таныс болды. Мектепті бітіріп шыққан халық ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының қол астында кеңсе қызметкері болып істеді. Осы жылдар ішінде ол өз халқының сауатын ашып, білімін көтерудің аса қажет екенін жете түсінді.

0.1 Ы. Алтынсарин туралы

Қазақстанның тарихына Ыбырай Алтынсарин көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде енді. Қазақстанның тарихына Ыбырай Алтынсарин көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде енді.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы, Арақарағай болысында (бұрынғы Затобол ауданы), ауқатты отбасында дүниеге келген. Ыбырайдың өз әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өскен. Сол кездің Балқожа би қазақтың халық ауыз әдебиетіне жетік, өлең шығарған, тілі шебер шешені болған.
Балқожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашылған жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Оның мектепте оқыған кезі туралы мұрағат құжаттарының бірінде оның табандылығымен, өздігімен жұмыс жасай алатындығымен ерекшелегендігі айтылған.
1857 жылы Ыбырай мектепті аяқтап, Орынбор шекара Комиссиясына тілмаш болып қызмет атқарады. Ол осында білім деңгейін көтеруді жалғастырады, туған елінің тарихын, әдебиетін, шығыс, орыс және батыс - европа мәдениетінің ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларын ықыласпен оқып үйренеді.
Туған халқына қалай пайдамды тигізсем деген зор ынтамен шабыттанған Ы.Алтынсарин өзінің қабілетін байқап, педагогикалық жұмыспен айналысуды армандайды.
1860 жылы ұзақ машақат пен қиындықтан кейін оған Орынборды тастап Торғай қаласына ауысудың сәті түседі. Бірақ бұл жерде жергілікті патша үкіметі ұзақ уақыт бойы Ыбырай Алтынсаринге өзінің сүйікті мұғалімдік ісімен айналысуға мүмкіншілік бермейді. Соттың көмекшісі, біресе судья, уезд басқармасының көмекшісі, басқарманың міндетін атқарушы қызметіне тағайындайды.
1865 жылы ғана педагогикалық жұмысқа ауысудың сәті түседі. 20 жылға жуық халық ағарту саласында басшылық қызметтер атқарады. Торғай уезіндегі халыққа білім беру бойынша инспектор қызметінде ол өзін көрнекті ұйымдастырушы, талантты педагог, белгілі ағартушы-жазушы және ірі қоғам қайраткері ретінде көрсетті.1865 жылы ғана педагогикалық жұмысқа ауысудың сәті түседі. 20 жылға жуық халық ағарту саласында басшылық қызметтер атқарады. Торғай уезіндегі халыққа білім беру бойынша инспектор қызметінде ол өзін көрнекті ұйымдастырушы, талантты педагог, белгілі ағартушы-жазушы және ірі қоғам қайраткері ретінде көрсетті.
Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы, - деп жазды Ыбырай Алтынсарин, - барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі - осы, тек осы мектептерде.
Ағартушылықты жақтаушы Ы.Алтынсарин білімді адамның ардақты борышы-балаларға білім беру деп санаған.
Оның қазақ балаларын оқытуға деген ынтасы, олардың өз халқына пайдасы тиіп, жетістікке жетулері екінші жақтан қарсылық тудырды. Патшалық әкімшілік төменгі буыннан чиновниктер даярлануын қалады, орыс тілінде іс жүргізу, хатшы, тілмаш, аудармашы патша үкіметінің отарлау саясаты рухына бейімделіп тәрбиелегендерін қалады. Сондықтан олар Алтынсариннің қазақ балаларын орыс тілінде оқытуына қарсылық білдіре қоймайды, бірақ кең көлемде білім беруіне қолдау көрсетпеді. Бір жағынан, өңірлік дінбасылар көпшілікке Ыбырайдың қазақ балаларын орысшаландыру арқылы орыс әскеріне дайындап жатыр деді. Алтынсарин шын мәнінде надандыққа, діншілдікке, ескі салтқа ислам дінін өз мақсаттарына пайдаланған патшалық идеологияға, магометке сүйене, ақ патшаның құлы болыңдар дегендерге қарсы шықты.
Шалғай түкпірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартушылық идеялармен қанағаттанған Ы.Алтынсарин көздеген мақсатына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Торғайда, Елек қорғанында, Ырғызда, Ақтөбеде орыс-қазақ мектептерін ашты. Қазақ қыздары үшін Ырғызда жанында интернаты бар мектеп аштырды.
Бізге ең ауыр, жауапты кезең кез келіп отыр: бұл кезеңде біз бәрін жаңадан бастап жасауымыз керек, осы жаңалықтың бәрін қараңғы халықтың арасына енгізіп, күшіміздің келгенінше, біліміздің жеткенінше, олардың көзін ашуымыз керек. Сол себепті мен ел аралап, қоғамнан және әр түрлі қоғамдық уездерден, облыстық болыстардан ақша сұрап жүрмін. Оның ынтасының арқасында 7 бастауыш мектеп, 4 екікластық қазақ балаларына арналған училище, сонымен қатар қыздарға арналған орыс-қазақ мектебі ашылды. 1883 жылы Орскіде қазақ мұғалімдер семинариясы ашылды. Ы.Алтынсарин зиялы халық мектептерін ашып қана қойған жоқ, сонымен бірге дидактикалық оқыту принциптері мен балаларды тәрбиелеуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар жазды.

1.2 Ыбырай феномені

Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді, - деп жазды. Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді, - деп жазды.
Алтынсарин орыс халқы мен қазақ халқының достығына сенімді қолдаушы болды. Ол орыс демократиялық насихаттады, орыстың педагог-жазушылары К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тәжірибесін пайдаланды.
Алтынсарин ағартушы ретінде білімге табынған және білімнің қоғамды, әрбір жеке тұлғаны дамытудағы күшіне сенген.
Ы.Алтынсариннің әдеби қызметін бақылаған замандастары, оның еңбектерінің қаншалықты халықтың қажеттігіне жарайтындығын көзі тірісінде бағалаған.
Өзінің қатардағы әдеби шығармашылық еңбегінен басқа - Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы, Қазақ хрестоматиясы (1879) еңбектері ана тілінде құрастырылған.
Бұл кітаптарда орыс графикасы негізінде жасалған жаңа қазақ алфавиті пайдаланылды.
Қырғыз хрестоматиясының кіріспе сөзінде Алтынсарин: Жалпы біліммен пайдалы мағлұмат беретін кітап Азия халықтарының бірде-бірінің тілінде жоқ, сондықтан орыс тіліндегі кітаптан ізденуді мақұл көрдік. Осы себептен біз хрестоматия өзінің мақсатына сай келуі үшін оны орыс алфавитімен шығаруды қолайлы деп таптық, - деп жазған.
Ы.Алтынсариннің ақындық шығармашылығында ең алдыменн халыққа білім берудің маңызын насихаттарды, жастарды білім алуға шақырды. Білімнің қажеттілігін Алтынсарин заманында дәлелдеу керек болды. Мектеп ашу ғана емес, оқушыларды жинауға қиынға соқты.
Алтынсарин балаларды оқуға, білімге шақырған өлеңдер жазды. Солардың ішіндегі Кел, балалар, оқылық деген өлеңі жас өспірімдерді оқуға үміттеген жалынды ұран болып қалды. Бұл өлеңде адам өміріндегі білім мен ғылымның пайдасы туралы айтылған.
Ғасырлар бойы көшпенділер байлық басы мал деп санаған. Бірақ баянды, шынайы байлық білімде екенін Алтынсарин өлеңдерінде айтып, осыған жастарды сендіруге, көзін жеткізуге тырысады. Адамды тек білім ғана бақытты, құдыретті ететіндігін көрсетеді.
Өнер-білім, бар жұрттар деген өлеңінде өнер-білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жас өспірімдерді мәдениетті халықтың қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі-өнеге алуға шақырады.
Қоғамдағы әділетсіздік тақырыбындағы ақынның шығармаларына елдегі әлеуметтік теңсіздікті, байлардың зорлық-зомбылығын, сараңдығын, кедейлердің аяусыз басып жаншуын, жер-жерлерді байларды құрметтейтінін, жоғары қоятынын әшкерелейтін өлеңдері бар.
Ы.Алтынсарин туған табиғаттың суретін де шебер жырлаған. Өзіндік үндестік, үйлесим заңдылығымен табиғаттың үні мен болуына таң қалмаған ақын кемде-кем шығар.
Ы.Алтынсариннің жанына мәңгі жақын-дала табиғаты, ел көрінісі, ауыл келбеті. Әсіресе, жаз мезгіліндегі дала оны қатты тебірентеді. Жаз өлеңінде табиғат көрінісі халықтың өмірімен астасып жатады.
Ыбырай бұл өлеңде жерді көк майса шалғын басып, дүние гүл жайнап, даланың хош иісі адамды керемет рахатқа бөлеп жатқан ең бір әсем кезеңнің тамаша картинасын жасайды. Өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, тынымсыз ағып, адам, жан-жануар біткенге нәрін ұсынады.
Жаз адамға қуаныш сыйлайды. Алтынсариннің көреген көзі жас сәбидің желкілдеп өскен көк майсада сайран салуын, керуен жолына әсемденіп, көңілдері көтеріңкі әзілдері жарасқан әйелдерді, таң сәрідегі ғашықтардың айырылысуын аңғарады.
Ы.Алтынсарин - табиғатты жіті бақылаушы ғана емес, әсем суреттей білетін ақын. Ол - өмір жайлы көп толғанатын, өмірдің мәңгілік жаңаруын, жаңғыруын күтетін философ, ақын.
Ақынның көз алдындағы табиғат - ұлы сауықтырушы, тыныштық орнатушы. Ол өмірді ерекше ықыласпен қабылдап, оның кереметтігіне, тамаша екендігіне сенеді. Бұны тек Жаз өлеңінен ғана емес, Өзен өлеңінен де көруге болады. Бұл, бір жағынан, жағада өскен желкілдеген көк майса шалғын, өрісте асыр салған тай-құлындар, мөлдір ағыста шоршыған балықтар, ал екінші қырынан, өмір ағысының мәңгілік бейнесі:

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады,
Өксіген оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рахат тауып басылады.
Міне, Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты.Міне, Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты.
Табиғат әлемінің әр алуан сұлу да, көркем көріністерін баланың көз алдына келтіріп, көңіліне эстетикалық әсер қалдыру арқылы өмір танытады.
Ы.Алтынсарин өлеңдерден басқа, демократтық, гуманистік, ағартушылық идеядаға әңгімелер жазды. Әңгімелерінде XIX ғ.60-70 жылдарындағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, өмірі суреттелген.
Жазушының Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейітқұл, Киіз үй мен ағаш үй, Надандық, Өтіріктің зияны, т.б. әңгімелерінде қоғамдық өмірдің негізгі мәселелері: әлеуметтік теңсіздің, надандық зияны, білім мен ғылымның пайдасы жайлы айтылады.
Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесінде құрдас екі баланың ескі жұртта қалып қойып, жаңа жерге көшкен ауылды іздеп тапқандығы туралы айтылады. Олардың хикаяларын айта отырып, Алтынсарин балалардың мінездерін, әлеуметтік жағдайларын, өмірлерін, тәрбиелерін, дағдыларын көрсетеді.
Әңгіменің негізгі түйіні - мінездері бір-біріне қарама-қарсыәлеуметтік жағдайлары екі түрлі балалар өмірі. Үсен - кедей баласы, еңбекқор, ол сонысымен өзін көрсетеді. Еңбек нағыз адамды тәрбиелейді, өмірдегі бар қиындықты жеңе алады, ал жұмыссыздық - кеселдіктің тамыры.
Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесі педагогикалық мақсаты көздейді: оқытады және бағыт көрсетеді. Алтынсарин қиындыққа емес, мінездің ақарапайымдылығы мен айқындылығына ұмтылады. Бірақ, бұл мінездер дерексіз емес, олар - шынайы өмір көрінісі. Өмірлік ұстаным, дидактикалық ойға еркін бағыттайтын - Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесі қазақ оқушыларының арасында ғана емес, орыс оқырмандарына да кеңінен танылған. 1890 жылы Родник журналында әңгіменің орысша нұсқасы жарияланған.
Өмірді түсінуге, демократиялық және гуманистік көзқарастарды қалыптастыруда маңызды орын алатын әңгімесінің бірі - Қыпшақ Сейітқұл. 70-жылдарда жазылып, Қырғыз хрестоматиясында басылған. 70-жылдары патриархалды-феодалдық тәртіптің орнауына байланысты казақ кедейлері отырықшылыққа көшіп, егін шаруашылығымен айналыса бастайды. Алтынсарин оларды қолдайды. Қыпшақ Сейітқұл әңгімесіндегі еңбекқор Сейітқұл байларды жек көреді, олардан құтылу жолдарын іздейді. Ол өзінің кедей ағайындарымен бірге өзен жағасына көшіп, егін шаруашылығымен айналысады. Алтынсарин үлкен ықыласпен диқаншылар еңбегін, кедейлердің ынтымақтастығын, бір-бірін тартуын жазады: Сейітқұлға көшпелі кедейлер қосылды. 5-6 жыл ішінде ол басқарған шаруашылық саны 400-ге жетті Сейітқұлмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары
Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты
Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар
Қажым Жұмалиев 1960 жылы жарық көрген Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі монографиясында
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің қазіргі таңдағы өзектілігіі
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ СИПАТТАРЫ
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Пәндер