Ауыспалы егіс құрамы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2

  1. Ауданның табиғи-климаттық жағдайы . . . 3Климатты . . . 3Жер бедері . . . 4Ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі жағдайы . . . 5
  2. Ауыспалы егісті жобалау . . . 6Ауыспалы егістің тиімді құрамын және құрылымын таңдауАуылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктері және сорттары

Кіріспе

Қазіргі кезде әлемдік экономиканың өркендеуіне ауыл шаруашылығының алатын үлесі едәуір көп екенін байқауға болады.

Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен өзгешелегі-ол табиғатқа, ең алдымен топырақ пен ауа райына тәуелді болған. Ал қазіргі кезде техонологияның дамуына байланысты ауыл шаруашылығы өзгеріп келеді. Ауыл шаруашылығы негізінен екі саланы қамтиды. Олар: өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы. Бұл салаларды қарқынды дамытып қана қоймай, азық-түліктің өзіндік құнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін анағұрлым арттыра отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру күн тәртібінде тұрған мәселердің бірі.

Өсімдік шаруашылығы дегеніміз- халықты азық-түлікпен ғана емес шикізатпенде қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мал шаруашылығымен өте тығыз байланысты.

Қазіргі кезде өсімдік шаруашылығының ең манызды ұстанымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза, сапалы өнім алу және де мал азықтардын сапасын артыру болып табылады. Сондықтан да қазіргі заманға сай техонологиялар арқылы сапалы, таза, сондай-ақ тез өнім алуға болады.

Өсімдік шаруашылығы саласы өзіне егіншілікті, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, гүл, шалғындық, орман шаруашылықтарын біріктіреді.

Егіншіліктің басты мақсаты - жерді тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарынан жыл сайын тұрақты, сапалы, мол өнім алуды қамтамасыз ету.

Жер бетінде тіршілік ететін қандай да болмасын дақылдың өсіп-өнуіне оның қоршаған ортасымен тығыз байланысты болады. Оған әр түрлі факторлар жатады: жарық, жылу, ауа, су және қоректік заттар. Дақылдардан жоғары әрі тұрақты өнім алу үшін, оларды мезгілінде қажетті шамада, барлық тіршілік факторларымен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Өсімдік өсіруді жоспарлау барысында климатық жағдайына, тұқымға, топырақтың жағдайына, суару жұмыстарды жоспарлауға, агротехникалық машиналарды дұрыс пайдалануға, вегатативтік кезеңінде қолайлы жағдай жасауға басты назар аудару керек. Сондай-ақ өсімдіктерді егу барысында кейбір талаптарды басты назарға алу керек. Олар: ашық жерге, топыраққа, жер асты ылғалының болуына ерекше көңіл бөлу керек.

Курыстық жұмыстың мақсаты Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында күздік бидай, жоңышқа, қызанақ өсіру технологиясы мен танысу.

  1. Ауданның табиғи-климаттық жағдайы

1. 1. Климатты

Кез келген ауыл шаруашылығы дақылының өндірісі көптеген факторларға байланысты, оның ішінде аумақтың географиялық орналасуы мен климат жағдайлары айтарлықтай әсер етеді.

Жамбыл облысы Орталық Азияның орталығында, 42-45° с. е. пен 69-75° ш. б.
аралығында орналасқан. Солтүстік аймағы жазық-Мойынқұм, Бетпақдалаға оның тосқауылсыз шығып жатса, шығысында Алтай тау ( Шу-Іле) таулары, ал оңтүстігінде Қырғыз Алатауы, батысында Қаратау тауларымен шектеседі. Шу және Талас өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Шығыс,
Оңтүстік және Батыс шекаралары табиғи шекара- су айырық жоталармен өтеді.

Облысқа: Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Рысқұлов, Сарысу аудандары кіреді.
Облыс өзінің бағыты бойынша өндірістік-аграрлық, 2010 жылдың 1
жарты жылдығында кәсіпорынның жалпы өнімі 19, 2 пайыз, 6, 2 пайыз - ауыл
шаруашылығы, 11, 7 пайыз - көлік және байланыс, 6, 3 пайыз - құрылыс, 9, 3
пайыз сауда, 47, 3 пайыз басқа салалар. 7 ауыл аудандарында аграрлық сектор жұмыс істейді, қалған үшеуінде өнеркәсіп дамыған.
Жамбыл облысының температурасы тез өзгереді, біркелкі ылғалдың және
ауа құрғақшылығының, ыждағатты түрде ылғалдың булануымен, күн
сәулесінің молдығымен сипатталады. Континенталдық өзгерістің жайлы
өзгеруі, облыстың оңтүстік аймағында қыстың жұмсақ, ылғалдың молырақ
болуы байқалады. Табиғи жайылымның флорасы мен фаунасы алуантүрлі
болып келеді.

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудан аумағының басым бөлігі жазық, тек Оңтүстік ғана таулы. Мұнда Қырғыз Алатауының Ашамайлы, Қорғантас, Қарақыр, Көкқия, Көгершін, Шөңгір, Құттыжан, Ойранды, Шал, Қайыңды, Сөгеті, Мамай, Қарауылшоқы және Көкдөнен таулары орналасқан. Ауданның солтүстік Мойынқұм шөліне ұласып кетеді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, солтүстік қуаң. Ауаның қаңтар айындағы орташа температурасы 6-8°С шілдеде 22 - 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 - 350 мм, таулы бөлігінде 500 мм-ге дейін жетеді. Белсенді температура жиынтығы 3000-3500°С, кейбір жерлерде 2400-3000°С болады. Аясыз кезең ұзақтығы -150-180 тәулік, кейбір жерлерде- 130-170 тәулік болады. Аудан жерінен бастауын Қырғыз Алатауынан алатын Қорағаты, Қарасу, Шалсуы, Жарлысу, Талды, Қарақыстақ, Әулиебұлақ, Қорғантас, Қарақат, Шөңгір, Көкдөнен, Қайыңды және Сарыбұлақ өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында аумағы шағын келген (5 км²-ден аспайтын) Белогорка, Байтелі, Шілік, Ақкүшік, Мақбел, Әбілқайыр, Қосапан, Сұңқайты, Сандықкөл, Мөңке, Қарамақау, Көккөл және Қалғанкөл көлдері бар.

1. 2. Жер бедері

Т. Рысқұлов ауданның жер аумағы 10, 5 мың км2. Аудан орталығы -Құлан ауылы болып саналады.

Аудан территориясының беті Қырғыз Алатауымен шектеседі, осы таулардан солтүстікке қарай ағатын 9 тау өзені бар. Жер бедерінің ерекшелігі- бау-бақшаға қолайлы, жиі тал бұталардың айналасында, қаратал мен теректі ағаштармен немесе шалғындармен және батпақтармен таратылған дала табақшалар болып саналады.

Т. Рысқұлов ауданының табиғи шарты, соның ішінде климат, топырақ және жер бедері дәнді және жемшөп дақылдармен айналасуға өте қолайлы. Табиғи құнарлы жер телімдерді, жайылым азықтар мен пішендерді алу үшін қолдануға болады.

Микрорельеф, яғни микро жер бедері топырақ қабатының кешенділігіне сәйкес келеді. Ауданның жер бедері, ауыл шаруашылық дақылдарды егу және жинау, топырақты өңдеу жұмыстарына заманауи техникаларды қолдануға ыңғайлы және мал бағуға өте қолайлы, яғни жер бедері, топырақты механикалық өңдеуге және ауыл шаруашылық дақылдарды өсіруге кедергі жасамайды.

Т. Рысқұлов ауданының таулы бөктері қара, қызғылт қоңыр, қоңыр топырақты болып келелі, орталығында сұр, сортаңды сұр, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақты болып келеді. Танаптық, егіндік жерлер көбінесе таулы аймақтарында болады. Өйткені өсімдік өсуге қолайлы келеді.

Т. Рысқұлов ауданнында суармалы және тәлімді егіншілік аймағы болып табылады. Әртүрлі механикалық құрамы түрлі топырақ типтері таубөктерлі күңгірт және ашық қара-қоңыр, шалғынды қара қоңыр, күнгірт шалғынды топырақ түршелерімен тараған, ГТК- 0, 2-0, 5. Ауданда күздік бидай, жоңышқа, қызанақ өсіруге болады.

1. 3. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қазіргі жағдайы

Т. Рысқұлов ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жері (2005) 845, 6 мың км², оның ішінде жыртылған жері 148, 1 мың га, шабындығы 19, 9 мың га, жайылымы 685, 7 мың га.

Ауданда 1997 жылға дейін негізінен биязы жүнді қой, астық, қант қызылшасы, етті-сүтті мал, жылқы өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 жылқы, 1 асыл тұқымды қой з-ттары болған. Кейіннен олар әр түрлі шаруашылық субъектілерге біріктірілген. 2005 жылы 12 өнеркәсіп кәсіпорны, оның ішінде 2 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес кәсіпорындары тіркелген. Аудан аумағында 100-ден астам шағын кәсіпорын тіркелген, оның жұмыс істейтіні - 88. Жеке кәсіпкерлік саны - 239.

Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жері (2005) 845, 6 мың км², оның ішінде жыртылған жері 148, 1 мың га, шабындығы 19, 9 мың га, жайылымы 685, 7 мың га.

Ауданда 1997 жылға дейін негізінен биязы жүнді қой, астық, қант қызылшасы, етті-сүтті мал, жылқы өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 жылқы, 1 асыл тұқымды қой з-ттары болған. Кейіннен олар әр түрлі шаруашылық субъектілерге біріктірілген. 2005 жылы 12 өнеркәсіп кәсіпорны, оның ішінде 2 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес кәсіпорындары тіркелген. Аудан аумағында 100-ден астам шағын кәсіпорын тіркелген, оның жұмыс істейтіні - 88. Жеке кәсіпкерлік саны - 239.

Қазіргі кезде ауданда жерлерінің жалпы жер көлемі 906106, 9 гектар, оның ішінде жайылымдар - 567547, 1 гектар.

Санаттары бойынша жерлер келесідегідей бөлінеді:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 752709, 1 гектар;
  • елді мекендердің жерлері - 32316, 8 гектар;
  • өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер - 13003, 4 гектар;
  • орман қорының жерлері - 61853, 0 гектар;
  • су қорының жерлері - 908, 9 гектар;
  • қордағы жерлері - 45315, 7 гектар.

Т. Рысқұлов ауданында жер балансының мәліметтері бойынша 906106, 9 мың гектар жалпы көлемде барлығы 752709, 1 ауылшаруашылық құрылымдар есептеледі, оның ішінде жайылымдар 567547, 1 мың гектар, оның ішінде:

  • 746569 мың гектар көлемде 567776, 6 шаруа және фермер қожалығы, оның ішінде жайылымдары 429162, 2 мың гектар;
  • 178792, 6 мың гектар көлемде 43 шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және ауылшаруашылық кооператив, оның ішінде жайылымдар 133749, 9 мың гектар;
  • 6135, 9 мың гектар көлемде 7 мемлекеттік ауыл шаруашылық заңды тұлғалар, оның ішінде жайылымдар 4635, 0 мың гектар.

2. Ауыспалы егісті жобалау

2. 1. Ауыспалы егістің тиімді құрамын және құрылымын таңдау

Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру дегеніміз - ауыспалы егіс танаптарын; жұмыс учаскелерін; егістікті қорғау орман жолақтарын; дала жолдарын; дала қостарын; авиа алаңдарды; дала су көздерін орналастыру.

Әр табиғи-шаруашылықтық жағдайда бұл жұмыстардың мағынасы, қажеттілігі әртүрлі. Сондықтан бұл жұмыстардың белгілі жағдайдағы нәтижелілігіне, маңыздылығына байланысты жұмысты орындау кезегі және олардың құрамы әртүрлі болады.

Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру келесі талаптарға сәйкес болулары керек:

1) топырақтың сапасын әрдайым жоғарылатуға, эрозиялық апаттан сақтауға, эрозия қалдығын жоюға жағдай жасау, дифференциалды агротехника қарастыру;

2) техниканы және техника құралдарын тиімді пайдалануға және далалық жұмыстарды ұйымдастыруға оптимальды территориялық жағдай жасау;

3) ауыспалы егіс айналымының әр жылында негізгі дақыл бойынша жалпы өнімнің мөлшерінің бір қалыпта болуын қамтамасыз ету;

4) Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыруға байланысты капиталдық (бір уақыттық) және әр жылдық шығындардың мөлшерінің неғұрлым аз болуын қамтамасыз ету.

Ауыспалы егіс танаптарын және жұмыс учаскелерді орналастыру. Танаптар, өсімдіктерді кезектестіре отырғызуға арналған, мөлшерлері бірдей, ауыспалы егіс массивінің бөліктері. Кейде танап ішін орналастыру жұмыстары жүргізіледі: жұмыс учаскелерін белгілеу, танаптарды өсімдіктерді отырғызу үшін жолақтарға бөлу.

Жер бедеріне байланысты танаптарды жобалау. Егістік жұмыстарын тиімді ұйымдастыруда жер бедері өте көп әсерін тигізеді. Әсіресе беткейдің экспозициясын және еңістігін жерге орналастыруды жобалауда міндетті түрде есепке алу қажет. Әр танап бір экспозициялық бетте орналасуы тиіс. Бұл топырақтың егіс егуге бір уақытта дайын болуын, ауылшаруашылық өсімдіктерінің пісу уақытының бірыңғай болуын қамтамасыз етеді. Дақылдарды бір уақытта егуге, күтуге және жинауға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Ал егер танапты беткейдің бір бетіне орналастыру мүмкін болмаса, онда танап агротехникалық бірыңғай жұмыс учаскелеріне бөледі.

Бедерлі жерлерде танапты орналастырудың ең негізгі шарты - танаптың ұзын қабырғасы беткейге көлденең, яғни беткейде горизонталдарға параллель болып орналасуы керек. Өйткені танапты бойлай жасалатын негізгі жұмыстар горизонталдар бағытында жасалады, сондықтан беткейді бойлай ағатын суларға кедергі жасалып, олардың ағыны бәсеңдеуге байланысты, танаптарға сіңіп, жерге қосымша ылғал болады.

Ауыспалы егістке егілетін дақылдар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
Ауыспалы егіс тізбектерінің топырақ құрылымына және құнарлығына қарқындылық әсері
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Ауыспалы егісті жобалау
Егістік жерлерді орналастыру
Малазықтық ауыспалы егіс дақылдарының тыңайту жүйесі
Ақмола облысы астрахан ауданы «Приишимское» жшс-нің жыртылған жерін реттестіру жобасы
Ауыспалы егіс сызбалары
Ауыспалы егіс
Жерге орналастыруды жобалау және ауылшаруашылық жерлерін пайдалану саласы бойынша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz