Дүниеге көзқарастың түрлері


Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Философия және дүниеге көзқарас
Қабылдаған: Т. Досалиев
Орындаған: Ә. Мұрат
Тобы: ФҚӘ-111
2022ж
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Философия және дүниеге көзқарас.
2. Дүниеге көзқарастың түрлері.
3. Сенімділік. Идеалдар. Нанымдар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды деп ойлаймын. Арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай, дүние неге бұлай құрылған, адамның тууы мен өлімінің, бақыты мен қайғы-қасіретінің себебі неде деген сияқты мың-сан сұрақтар қояды . Сөйтіп, әрбір адамның санасында біртіндеп ол сүрақтар жайында түрліше ой-пікірлер, көзқарастар қалыптаса бастайды. Адамның дүниетанымы дамып, терендеген сайын ақиқат деген не, оны жалғаннан немесе қателесуден қалай айыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттік пен әділетсіздік, зүлымдық пен қайырымдылық дегеніміз не деген сияқты әлеуметгік сұрақтар да қалыптаса бастайды. Бұндай сұрақтарға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым, дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кең көлемді көзқарас, ой-пікір керек. Сондай-ақ адам өзінің іс-әрекетінің мақсаты мен мәнін, ол не себепті басқаша емес, дәл солай жасайтынын түсінуі, бүдан қандай пайда түсетінін т. б. ұғына білуі қажет. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дуниеге көзқарас деп аталады.
Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниеге көзқарас) адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады. Дүниеге көзқарасты құрайтын рухани құбылысқа философия да кіреді. Дүниеге көзқарастық проблемаларды шешуде философияның атқарар рөлі орасан зор. Міне, сондықтан да философия дегеніміз не деген сұраққа дүрыс жауап беру үшін дүниеге көзқарас дегеннің не екенін аңықтап алу керек.
Дүниеге көзқарас - адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл-күй мен мақсат-мүдденің, үміт пен ниеттің т. б. түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас үғымдарының жиынтығы деп айтуға болады.
II. Негізгі бөлім
1. Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары- дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау - эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс. оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты, ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс. белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады) . Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады, бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң, олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған, адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы -қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып, оларға жауап iздейдi. Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай, әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып, өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын, өз дүниетанымын құрастырыды. Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү, оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi, ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн, адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады) . Дүниедегi өзiнiң орны туралы, жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы, өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi . Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы.
2. Дүниеге көзқарастың түрлері.
Дүниеге көзқарастың негізгі түрлеріне: мифологиялық, күнделікті (немесе үйреншікті) . діни, көркемділік, табиғи жаратылыстың (патуралистік), философиялық көзқарастар жатады. Бұлардың бәрі дерлік адамзаттың рухани дамуында маңызды роль атқарды. Тарихи тұрғыда олардың негізгі үш түрін ерекше көрсетуге болады: мифологиялық, діни және философиялық.
Мифологиялық көзқарас - ертедегі қоғамның даму сатыларының алғашқы кезеңдерінде қалыптасты Ол дүниенің, жануарлардың, адамдар тегінің пайда болуы, әлемнің жаратылысы, табиғат құбылыстарындағы апаттардың себептері туралы, қоршаған әлемде өз орнын айқындау жәйлі алғашқы түсініктердің, аңыз-әңгімелердің ең бірінші тарихи үлгісі.
Адамзаттың қарапайым тайпалары үшін айналасындағы аспан жұлдыздары, күн, тау мен өзендер, өсімдіктер және т. б. - жанды болып көрінді, олар да адам, не жануарлар сияқты өздеріне тән қызметін орындайды. Осылайша адамдар өзін қоршаған ортаны өзіне ыңғайластырып жаңа болмыс - мифтік болмысты орнатты. Бұл олардың алғашқы табиғат философиясы, әрине дөрекі, бірақ шындап оймен толықтырылған және анық түсінуге болады.
Ежелгі мифтер әртүрлі жағдайларды басқаратын рухтың бейнелерін суреттейді. Ішіндегі ен құдіреттілері мен күштілері кейін адамдар сиынатын Құдайға айналады. Рух пен құдайлар адамдарға өте ұқсас, бірақ тек қана адам бейнесінде болу шарт емес.
Уақыт өткен сайын мифтердің саны өсе түсті, олар азды-көпті біртұтас көзқарастарды құрайтын үлкен мифологиялық жүйеге және алғашқы пұтқа табынатын діндерге қосыла бастады. Кейінгі монотеистік діндер сол мифтердің ауқымынан өсіп шығып және олардың көп жақтарын өздерінің бойына ендірді.
Мифологиялық көзқарастың негізгі сипаттары: 1. Антро-поморфтылық, яғни табиғат құбылыстарын (мысалы, бұлттардың қозғалысын, жер сілкінулерді және т. б. ) адаммен ұқсастырып қарастыру; оларға адамға тән қасиеттердің барлығын: түнсіктерді, келеңсіз факторларға деген реакцияны, тілектерді, жеккөрушілікті, қайғы-қасіретті және т. б., тану. 2. Дескриптитивтілік (ағылшын -суреттеме) - оқиғаларды, құбылыстарды түсіндіру, әңгіме, аңыздар арқылы суреттеме түрінде бейнелеуге ұмтылу; ал кейіпкерлері-ерекше адамдар түріндегі батырлар және құдайлар (мыс. Мифтер Нептун Зевс, Меркурии, Алпамыс және т. б. туралы аңыздар) . 3. Объективтілі және субъективтілі Әлемдерді синкретикалық (бір-тұтас, бөлінбейтін) бірлікте қарастыру. Бұл мифологиялық көзқарастың барлық жағына тән. 4. Алғашқы-қауымдық сананың толыққанды кезеңінде адамдар, жануарлар, өсімдіктер туралы алғашқы мифтік білімдермен қаруланған бақсылардың әрекеттерінде көрінетін сиқыршылықпен байланысты.
Миф - бұл ауыз әдебиетінің халық шығармашылығы, қоршаған ортаның мәнін түсіну барысында тәжірибеде сақталған ойлау мен сезінудің түрі; бұл тіршілік әдіснамасы. Осы типтес мифтердің түрлері Ежелгі Грекияның да әртүрлі аймақтарында орын алды. Әр полистің өзі құрметтейтін қамқоршы құдайы мен ержүрек батыры болды, олардың құрметіне храмдар тұрғызылып, малдардан құрбандық шалынды.
Енді осы мифтер қалай жасалынады? Әрине оларды ойдан шығарылған мағұлматтармен толы десек те, бірақ оны адамдар тек қана қиялдағы жәй елестің ойыны арқылы жасамайды. Кез келген миф белгілі бір нақты деректерге арқа сүйейді. Сол жағдайда ғана өмір сүре алады. Адамның қиялы, сезім арқылы қабылданатын болмыстан қанша бір шарықтап кеткенмен, ақиқаттан қол үзіп кетуі мүмкін емес. Яғни, мифтің мазмұнында адамның сезім мүшелеріне байқалатын әйтеуір бір дерек болады және мифтік қиял соған арқа сүйейді. Мыс, табиғаттың жыл мезгілінің ауысуын ежелгі египеттің таңғажайып мифінде Озирис құдайының өлуімен және тірілуімен байланыстырылған. Әрине, бұл жерде жыл мезгілінің ауысуы құрғақ қиял емес, нақты дерек. Дәл осы секілді, кілем күнделікті өмірдегі қарапайым зат. Алайда кілем - ұшақ, мифологиялық бейне. Екеуінің арасында қандай айырмашылық бар? Әрине, деректілігінде емес, кілем өзінің факт тұрғысында кілем күйінше қалады. Оның айырмашылығы сол, ол тіптен басқа идеяға, мағынаға ие болады: сол себептен оған басқаша өзге көзбен қарау орын алады. Бұл жерде оларды бір бейнеге біріктіру, бірлестіру орын алады (кілем белгілі бір зат және кейбір құстардың ұша алатындығы да одан өзгеше), олардың табиғи - ерекшеліктеріне қарамастан оларды қарапайым заттар әлемінен дербестендіріп басқа түсінік тудырады. Мифологиялық қиялдың өзі айналамыздағы байқауға болатын құбылыстарды түсіндіру үшін адамдардың ақыл-ойында пайда болады.
Миф - ойдың ешқандайда арнайы жұмысын қажет етпейді. Қарапайым заттар мен адамдармен өзара сұхбаттасуға қаншалықты ой қажет болса, мифтегі ой жұмысы да соншалықты. Ал, философияның дәлелденген тұжырымдарына, белгілі бір жүйеге келтірідген қорытындылар, терминологиялық айқындылық қажет.
Миф дегеніміз символ, солай болғандықтан, ол өзін күрделенген символикалық қабаттармен және аллегориямен, желі-сараптармен қамтамасыз ете алады. Мыс, құдайға сиыну символикалы, өйткені адамдар бұл жерде сыйынуды жәй бейнелемейді және белгілі бір қимылдар жәй бейне емес, ол шынында өтеді.
Күнделікті, эмпирикалық көзқарас. Бұл, дүниеге көзқарастың келесі тарихи үлгісі. Тіршілік тәжірибесі мен эмпирикалық білімдерден құрыла отырып, бұл көзқарас күнделікті қарекетке бағыт-бағдар береді. Әрине, олар күрделі мәселелерде тиянақты білімдерді, ойлау мәдениетін қажет етеді және адамдағы білімдер белгілі бір көлемде болып екі деңгейге бөлінеді.
Біріншісі - кәдуілгі (стихиялы - эмпирикалық) білім. Бұған еңбек дағдыларын, тұрмыс дәстүрлерін, өнерге деген қарапайым көз-қарастарды және т. б. жатқызуға болады. Бұл білімдер, адамдардың тіршілік тәжірибесінде, еңбек барысында, басқа адамдармен қарым-қатынастарының негізінде қалыптасады. Оларды адамдар өздерінің күнделікті тұрмыстарында басшылыққа алады.
Білімнің екінші деңгейі - ғылыми білім. Олар көпгеген ұрпақтар күшімен арнайы кәсіпкер ғалымдар арқылы абстрактілі ұғымдармен қалыптасып, қисынды жүйелер түрінде жасалынады. Ғылыми білім материалдық әлемнің, қоғамның, адамның мәнін, заңдарын тануға бағытталған.
Кәдуілгі және ғылыми білімдер білімнің барлық көлемін қамтымайды. Өздерінің шешілуіне байланысты даналық деп атайтын ерекше, «мәңгі» сұрақтар да бар. Яғни даналық деп сол қарапайым, кәдуілгі және ғылыми білімдердің жиынтығын айтпайды. Кез келген адамның бәрі бірдей дана бола бермейді.
Дана адам - ол көп біліп кана қоймай, негізінде әлем қалай құрылған, адам оған деген қатынасын қалай жасайды. Яғни мифтік, діни, не философиялық пайымдаулар арқылы адамның әлемдегі орны қаңдай, әлем мәңгілік не, әлде жаратылған ба, жаратылғандардың бәрі жағдайлардың ырқынан тыс жасалынып жатыр ма, адам дегеніміз не, жалпы таным арқылы біз оған ықпал жасай аламыз ба, ақиқат дегеніміз не, жақсылық, жамандық дегеніміз не деген сұрақтарға әрдайымда жауап іздеу барысында болатын адам. Сонымен күнделікті эмпирикалық көзқарасқа бұлардан өзге тіршілік барысында және қаракеттердің барлық түрлерінде жеке сананың негізінде қалыптасатын белгілі бір тұрғыдағы түсініктер жатады.
Философия дүниеге жаңа сапалы үлгідегі көзқарас болып келеді. Әрине оның негізгі сипаттары туралы жоғарьща айтыл өттік. Сондықтан былайша корытылдылауға болады: Философия, мифология мен дінге қарағанда әлемді дұрыс (рационалды) түсіндіруге бағытталған. Философияда табиғат, қоғам, адам туралы жалпы ой-түсініктер - теориялық қарау мен логикалық (қисынды) талдаудың пәніне айналады. Дүниеге философиялық көзқарас, мифология мен дінге қарағанда логикалық реттелген білімдердің жүйесі, өзінің жайлары мен принциптерін теориялық тұрғыда негіздеуге тырысады. Дүниеге философиялық көзқарасқа сипаттама бере отырып, оның мазмұнында өзіндік философаялық мәселелермен қатар экономикалық, саяси, құқық және жаратылыстану түсініктері, этикалық, эстетикалық, діни (немесе атеистік) принциптер, көзқарастар, идеалдар жататындығын айта кету керек.
Сондықтан дүниеге философиялық көзқарасын философиямен толық телдестіруге болмайды. Алайда бұл көзқарастың теориялық негізі мен түйіні философияда. Яғни философия - тек қана дүниеге көзқарас емес, ол басқа да қызметтер атқарады.
Жалпы көзқарастар жаллы адамзаттық тұрғыда туындайды, ойдағыдай жағдайда ол кез келген адамға тән. Сондықтан көзқарастың жіктелуінің өзіндік межелері бар, оны көруге болады.
3. Сенімділік. Идеалдар. Нанымдар
Сенімділік. Бұл руханилықтың ілікі әлеуметтік - психологиялық бөліктері, ол арқылы дүниеге көзқарастық білімдер қабылданады немесе керісінше алынып тасталынады. Сенімділік - тек қана зерделіліктің тұрғысы емес, сонымен қатар ол әсершең күй-жағдай, берік психологиялық бағыталғандық, өзінің принциптерінің, идеяларының, көзқарастарының әділеттілігіне деген көзі жеткендік. Сондықтан сенімділік дүниеге көзқарастың құрылымындағы ең қажетті бөліктерінің бірі болып табылады.
Құндыдықтар. Бұл белгілі бір социумның, адамдардың қажеттідіктеріне, қызығушылығына негізделген айналамыздағы қоршаған әлемге деген болымды не жағымсыз қатынастар. Оларды адамдар өмір барысында ұғып алады. Өзінің мән мағанасымен құндылықтар білімдерден өзгеше. Білімдерге нақты шындыққа тырысу тән - олар объективті танымға ұмтылады, ал құндылықтар өздерінің қажеттіліктеріне, қызығушылығына сәйкес айналамыздағы қоршаған әлемге деген адамдардың ерекше қатынасы.
Идеалдар. Бұл ең ақырғы мақсатқа ұмтылдыратын ойдағы жетілгендік мөлшерлер үлгісі. Идеалдардың маңызды ерекшелігіне оның ақиқатты бейнелеудегі озықтылығы және ол өзімен өзіне де аксиологиялық қызметтерін атқаратындығы жатады. Дүниеге көзқарастық құндылықтар - бұл субъектінің барлық қарекеттерінің өрістеріндегі өмірлік бағдарын айқындайтын мәдениеттің және өмірдің ең жоғары құндылықтары.
Нанымдар. Бұл әлеуметтік ақпараттарды, өлшемдерді, құндылықтарды және қоғамдық өмірдің идеалдарын қабылдаудың тәсілі және түрі. Олар өзіндік тәжірибенің немесе өзінің танымдық тәжірибесінің нәтижесіне байланыссыз көптеген фактілерді немесе шындықтың объективті сипаттарын қабылдай береді; өткен ұрпақтардың тәжірибесін игеру құралы; келешекке деген үміттері.
Тіршілік нормалары. Бұл тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыстағы құлықтардың қажетті шарттарының үлгілері, қызмет стандарттары, оларды орындау жеке адамдардың немесе адамдар тобының қарекеттерін қоғамдық талаптарға бағындырудың қажетті жағдайы болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz