Алаш идеясы бастау алған Алаш қоғалысын зерттеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

Бағыты : Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік бағыттар

Секциясы : Тарих

Ғылыми жоба тақырыбы: « Алаш идеясының кеңестік кезеңдегі көрінісі »

А вторы: Досхан Сабина, №86 орта білім беретін мектебі КММ, 10 сынып, Шымкент қаласы

жетекшісі: Байгазиева Алия Алипбековна, №86 орта білім беретін мектебі КММ, тарих пәні мұғалімі

Шымкент 2022

Мазмұны

Аннотация . . . 3

Кіріспе . . . 4

Негізгі бөлім . . . 5

Теориялық бөлім . . . 6-14

Қорытынды . . . 15

Қолданылған әдебиеттер . . . 17

Пікір . . . 18

Ұсыныс . . . 19

Аннотация

Бұл жұмыста Алаш қозғалысының жалғасын тапқан кеңестік кездегі жастардың қазақ елінің ұлттық мұрат мүддесін қорғау жолында жасаған еңбектері мен күрестері туралы баян етіледі. Аттары ескерусіз қалған есімдерің жаңғыртылуына септігін тигізеді. ХХ ғасырдың кеңестік кезеңіндегі Алаш идеясын жалғастырушы ұйымдар мен қозғалыстардың байланыстары сипатталып отыр.

Бұл зерттеу жұмысында оқушыларға өз тарихын танысам, сырын білсем деген құштарлығын арттырып, берері мол болар еді. Отан сүюге тәрбиелейді.

Осындай мақсатпен жұмыс істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында көптеген экспонаттармен, жаңа тың деректермен толықтырылар еді.

Абстракт

В данной работе описаны усилия и борьба молодежи в советский период, продолжившей движение Алаш, в защиту национальных идеалов казахской страны. Имена помогут обновить имена, которыми пренебрегли. Описаны отношения организаций и движений, продолжающих идею Алаша в советский период Казахстана ХХ века.

Эта исследовательская работа дала бы студентам многое, чтобы повысить их желание узнать о своей истории и узнать ее секреты. Учит любить Родину.

Если мы будем работать с этой целью, школьный музей пополнится множеством экспонатов и новых данных благодаря хорошей работе учеников.

Abstract

This paper describes the efforts and struggle of young people in the Soviet period, who continued the Alash movement, in defense of the national ideals of the Kazakh country. Names will help renew names that have been neglected. The relations of organizations and movements that continue the idea of ​​Alash in the Soviet period of Kazakhstan in the twentieth century are described.

The relations of organizations and movements that continue the idea of ​​Alash in the Soviet period of Kazakhstan in the twentieth century are described.

This research work would give students a lot to increase their desire to learn about their history and learn its secrets. Teaches you to love your country.
Therefore, we want our future youth to understand that the history of their homeland is not inferior to anyone.

This research would help students to get to know their country and learn its secrets. Educates to love the motherland.

If we work for this purpose, the school museum would be replenished with many exhibits and new data due to the good work of students.

Кіріспе

Ей, тәкаппар дүние!

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені?

Мен қазақтың баласы!

Қ. Аманжолов

Қазақ тарихында өзіндік орны ғана емес, сан ғасырларға кететін тағылымы зор, өткеніміз бен өткеліміздің темірқазығы іспеттес Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы әлі сан қырынан тарзылайтын тың тақырып істпеттес. Соныдықтан да осы тақырыпты жаңа қырынан, яғни кеңестік дәуір кезіндегі Алаш қозғалысы қалай орын алғаны туралы жазғым келді. Біздің тарапымыздан Алаштану мәселесіне және бір қырынан қарап көруді парыз санадым. Таразыланатын тақырып: Алаш идеясы.

Алаш қозғалысының көшін бастаған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар ол кездері жастары қырықтың қырқасынан енді ғана асқан екен. Бар жоғы жиырма бес жаста болған Әліихан Ермековтың жасаған ерлігі естен шықпайды. ХХ ғасырдың басында сол кездің жалындаған жастары, алашшылдар патша үкіметінің боданындағы туған халқының тағдыр тауқіметін өткір тілмен айтып, баспасөз беттерінде жиі-жиі мақалалар жазып, өмірлерін саяси күреске арнаған. Атап айтар болсам М. Тынышпаев, С. Сәдуақасов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев т. б. жалынды жастар Алаш қозғалысына айбын бергені анық. Жалпы айтқанда, Алашқа ұран болған Алаш идеясы -ақыл тоқтатқан аға буынның бастауымен ерте есейген жас ұрпақтың жалғастыруымен тағылымы бүгінге сабақ боларлық салмақты да жасампаз идея.

Ғылыми жобаның мақсаты: Алаш идеясы дегеніміз не? Алаш арыстары кімдер? Осы срақтарға жауап бере отырып, Алаш идеясының әлеуметтік қуатымен маңызын бүгінгі күн тұрғысынан таразылап, зерттеуді жөн көрдім. Бүгінгі күннің жас ұрпағына алаш арыстары тағылымының күн тәртібінен түспейтін өзектілігін, олардың биік тұлғалық тұрпаты мен ұлықталуға тиіс ұлттық болмыс -бітімін, тәлім -тәрбиесін ашып дәріптеу.

Ия, бастау бұлағы сонау Алаш қозғалысынан терең тамыр тартатын, бұйырқалайтын тұсы 1986 жылғы жастардың желтоқсан көтерілісімен тұйықталатын тағылымы зор тарихи бірізділігімен ерекше Мәңгі жас -Алаш идеясының бігінгі жаңа буын, өз құрдатсарыма берер сабағы турасында ойлану қажеттігінен туындайды.

Алаш қозғалысынан бастау алған жасампаз идея -ұлт -азаттық идеясы алпысыншы жылдары «Жас тұлпар» ұйымы болып бас көтеріп, жетпісінші жылдары «Жас қазақ» бірлестігі болып жанданып, одан жиырмадан аса жасырын жастар ұйымдарына ұласқан ағысқа қарсылық ақыры 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан көтерілісіне алып келді. Біздіңше, жастық лептің дем беруімен тарихи бірізділік бойынша дамыған бұл асқақ тарихымызды бүгінгі ұрпақ, яғни біздер білуге тиіспіз. Тағзым етуіміз парыз.

Жобаның негізгі мақсаты:

  • Білім алушы құрдастарымның тарих туралы білімдерін көтеру.
  • Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және зерттеу мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Жобаның міндеттері:

  • Алаш идеясы бастау алған Алаш қоғалысын зерттеу
  • Өз елімнің тарихын жетік білу
  • Болашақта алаш қайраткерлерінің жасаған еңбектерін құрметтеуге үлесін қосу

Мәселе: Алаш қозғалысының қайраткерлеріне және олардың жолын жалғастырушы ізбасарлдарының еңбектеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

Зерттелетін объект: Алаш қозғалысының жетекшілері, Қазақстанның кеңестік дәуір кезінде компартияның саясатына қарсы шыққан қоғам қайраткерлері және олардың өмірі

Алаш идеясының кеңестік кезеңдегі көрінісі

Cөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!

М. Жұмабаев

Алаш идеясы туралы айту үшін алдымен оның қайда, қалай пайда болғаны туралы сөз қозғағым келіп отыр. Осы мәселені зерттеу үшін мен көптеген кітаптарды, оқулықтарды, ғаламтордағы мәліметтерді қарап жинақтадым. Әрине ол туралы өте көп жазылып, айтылып жүргені бәрімізге мәлім. Дегенмен мен өзім жинақтаған мәліметтерді жазғым келіп отыр.

Тарихи деректерге сүйене келе төмендегідей мәліметтерді жинақтадым. 1905 жылы құрылған «Қазақ конституциялық -демркратиялық паритясы» мен 1906 жылы құрылған «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясын қоспағанда «Алаш» партиясы қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы болып саналады. Нақтырақ айтқанда Қзақастандағы қазіргі саяси жүйе мен партиялық институттың бастауы.

Жиырмасыншы ғасыр басында Ресейде билік басына келген кеңестік жүйе Алаш қозғалысын тарих сахнасынан ысырғанымен, діңгегі мықты бәйтерек -Алаш идеясы тез арада тамыр алып үлгерген. Уақыт өте келе, буын алмаса бере, ол -көктеп, жаңа бой көтерулерге ұласып отырды.

Қазақстан тарихында көрсетілгендей Қызыл империя -кеңестік жүйе Алаш қозғалысын құлатып, қайраткерлерін репрессиялық қанқұйлы әрекетпен тұқыртып тынғанымен, Алаш идеясын жоя алмады.

Алаш идеясының түп қазығы -қазақ ұлтының азаттығы, қазақ халқының өз алдына ел болуы еді.

Енді Алаш қозғалысынан кейінгі жағдайда Мәңгі жас -Алаш идеясының кеңестік билік жүйесіне ымырасыз қарсылығы қалайша жүзеге асып, қай тұста байқалғандығына көз жібереміз.

ХХ ғасырдың басында, дәлірек айтсам 30-жылдардағы ұжымдастыру мен 1941-1945 жылдардағы ҰОС -на қатысу қазақтардың санын күр төмендетіп жіберді. Мұрағат материалдарынан алынған мәліметтерге қарасақ 1915 жылғы санақ бойынша қазақтардың саны 6 миллион адам болса, 1945 жылы 2, 5 миллионға кеміп кетті. Ал 1962 жылдары салыстырмалы түрде алғанда қазақтардың үлес салмағы 29 пайызға дейін күрт түсті. Енді елуінші жылдар ішіндегі тың жерлерді игеру деген желеумен Қазақстан жеріне төрт миллионға жуық өзге ұлт өкілдері қоныстандырылды.

Сөйтіп сан сапаға әсер етпей қоймады. Қазақ халқы өз тамырынан жаырай бастады. Тіпті қазақ тілі қолданыс аясынан сырылып, барлық саладан жедел түрде ығыстырыла бастады.

Оның қазақ жеріне ядролық полигонын ашу тіптен шектен тыс кеткендік болды. Талай жылдар бойы экоклогиялық апат тудырған бұл саясат КСРОның әлем алдындағы ең сорақы саясаты болды.

Осындай қазақ халқын кемсітуі жайлы тағы басқа да фактілерге қарап отырып «мұндай жағдайда қазақ зиялылары қайда ұқарап отырды?» деген сұрақ туындайды. Ия олардың үндемеске амалы болмады. Себебі сол жылдарда басқаруда отырған ұрпақ отызыншы жылдардағы ашаршылықтың дәмін татқан, соғысқа дейінгі, соғыстан кейінгі репрессиялардың шет жағасын көргендер еді. Сондықтан да олар үндемей қалуына себептер болды.

Дегенмен 1985 жылғы Сәуір пленумынан кейін жариялылық, баспасөз бостандығы берілгеннен кейін, көптеген қазақ зиялылары барынша күреске шыға бастады. Сондай күрескерлерлің бірі, бірегейі 80 жылдарда ҚазКСРі мәдениет министрі қызметін атқарған Өзбекәлі жәнібеков, өзі жоғары билікте жүрсе де қазақтың рухани дүниесін түгелдеуде біршама жұмыстар атқарды. Өзінің сенімді және озықойлы әріптестерімен бірге 1988 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің шешімімен жазықсыз отыз жетінші жылдар репрессиясының құрбандары болған ұлтымыздың біртуар арыстары, Алаш қозғалысының көсемдері А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытовтарды алдымен саяси жағынан, кейінірек азаматтық жағынан ақталуларына үлкен ықпал етті. Бұл қылышынан қан ьамып тұрғанжүйені мойындатып, ұлы тұлғаларды халқының рухани айналымына қайта қосу айтарлықтай жаңалық, жанқиярлық еңбектің нәтижесі еді.

«Жас тұлпар» ұйымының қызметі мен маңызы

Қазақтың жас ұлт зиялылары бір ұйымның төңірегінде топтасып әрі жекелей жұмыстарын Қазақстанда ғана емес, Компартияны ордасы Орталық -Мәскеудің өзінде жүргізгендігіне «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымы дәлел. 1963 жылы Мәскеудің жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген «жас алаштықтар» ұлт мәселесіне саяси белсенділік танытып, «Жас тұлпар» ұйымын құрды. Мен осы ұйым туралы мәліметтерді кеңірек іздегім келді. Себебі 9 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығында ол туралы бірнеше сөйлем ғана жазылған еді. Сондықтан олар туралы жазылған көптеген еңбектерді оқи отырып, жастардың бұл бірлестігін ұйымдастырған Мұрат Әуезов екенін және онымен бірге Болатхан Тайжан, Алтай Қадырдановтардың болғанын анықтадым. Олардың айтуынша, «Жас тұлпар» бастапқыда мыңға жуық студенттерді біріктірсе, кейіннен ол географиялық жағынан да кеңейе келе Ленинград (қазіргі Санкт Петербург), Киев, Одесса, Рига қалаларында қанат жая бастады. Ал Қазақстанның өзінде Алматы, Павлодар, Ақмола және Шымкент қалаларында да ұйымдастырылып, Қарағанды қаласында «Жас қазақ» және Семей қаласында «Тайшұбар» деген аттармен жұмыс істеді.

«Жас тұлпар» ұйымының мақсат мұраты не еді? Мәскеуде оқып жүрген жастардың байқағаны өз елінің қатардан қалып бара жатқаны еді. «Жас тұлпарлық» жастар алға қойған басты мақсаттары ретінде барша қауымның ұлттық санасын оятуға бағытталған жұмыстармен қатар, жоғары билікке қазақтың ұлттық мәселелерін шешуге қатысты нақты ұсыныстар қойды. Нақты «Жас тұлпар» ұйымы туралы деректерге сүенер болсақ, олар Ресейдің қазақтар көбірек шоғырланған аймақтарында мәдени-көпшілік шаралармен қатар, концерттер берді. Түрліше дәрістер оқыған. Және тарихи-танымдық экспедициялар ұйымдастырды. Бұл туралы олар ашық түрде баспасөз құралдарына жариялай алмады. Ол кезде ақпарат құралдарына «цензура» қойылған, мұндай мәселелерді ашық айта алмады. Жастар ұйымы өздерін қазақ мәдениетін ту етіп, үгіттейтін, мәдени-ағартушылық ұйымбыз деп таныстырды. Өз заманында «Жас тұлпар» бірлестігі бірталай қазақ жастарының ақыл-ойын оятып, қазақы бір шоғыр халықтың жүрегіне үміт ұялатты, серпін берді. Жас тұлпаршылардың бастауымен «Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Айгүл» ансамбльдері құрылды. 1975 жылы Олжас Сүлейменовтің “АЗиЯ” атты тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді. “Игорь жасағы туралы жырды” талдай келіп, бұл жыр славяндық жəне түркілік этностық əлем шекарасында дүниеге келген және жырда екі көрші мəдениеттің шындықтары көрініс тапқан деген тұжырым жасады. Алайда ұлыдержавалық шовинизм идеологтарына бұл ұнамады. Бас идеолог М. Сусловтың басшылығымен тойтарыс беріліп, кітап тауар айналымынан алынып тасталды, жаңа басылымына тыйым салынды. «Қайта құру» жылдарында «Жас тұлпардың» бұрынғы белсенділерінің бірі Олжас Сүлейменов бастап, «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы қозғалысын ұйымдастыруға қатысты.

«Жас тұлпар» ұйымының мүшелерінің бірі -Көшім Лекерұлы 1965 жылы Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін тарихшы және ағылшын тілі мамандықтары бойынша бітірген. Оған дейін Әуе шабуылынан қорғаныс күштерінде әскери қызметте болған. Кеңес Одағының астанасын дұшпанның зымыран шабуылынан қорғағанымен, сонда білім алғанымен көкірегіне ұлтшылдық сезім тұнған жан еді. Университеттен кейін оны Сомали мемлекетіндегі КСРО елшілігіне қызметке жібермек еді. "Денсаулығы Африка құрылығында жұмыс істеуге жарамды" деген медициналық анықтамасы бола тұра жолдамадан бас тартады. Қазақстандағы жоғары оқу орнында жұмыс істеуге сұранады. Өзгелер қол жеткізе алмайтын дипломат қызметіне барғысы келмейді. КСРО Сыртқы істер министрлігінің басшыларын таң қалдырған бас тартудың өз сыры бар. Жас маман осы тұста ұлттық мүддені терең ойлаған.

Сонымен қатар өзінің тарих ғылымының кандидаттығы диссертациясын қорғау кезінде бөгеттер мен қиянаттарға қарамастан "ХІХ және ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан тарихының Батыс Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында зерттелуі" тақырыбында жазады. Соған орай орыс тілінде "Действительность и фальсификация: Англо-американская историография о Казахстане" атты монографиясы жарыққа шыққан. Өте астарлы еңбек. Батыс авторларының "Қазақстан отарлық жағдайда өмір сүріп жатыр" деп жазғанын сынаған болып, түптеп келгенде Кеңес Одағына әкелінбейтін, қазақ жұрты мүлде хабарсыз сол зерттеулерде не жазылғанын көрсетіп кеткен.

Міне осылайша қазақ жастары мен ғалымдары бастарын сауғаға тігіп, қаһары мықты кеңестік идеологиямен осылайша күресті. Мақсаттары қазақ жастарының көзін ашып, ұлттық сананы ұялату болды. Дегенмен құрығы мықты КСРО ның қаупсіздік комитеті «Жас тұлпар» жастар ұйымының мүшелерінің ізіне шығып, басшыларын қамауға алып түрлі шаралармен ұйымды таратып жібереді.

Дегенмен Алаш идеясымен сусындаған қазақ жастары өз жұмыстарын әрі қарай жалғастыра береді. Солардың бірі «Жас қазақ» ұйымы жетпісінші жылдары мақстатты жұмыс жасай бастайды. 1972 жылдан бастап Қазақ елі өз алдына дербес әрі саяси тәуелсіз мемлекет болуы қажет екні азаматтар санасына сіңіру бағытында мақалалар жазып, үнпарақтар таратуды қолға алды. Осы жылдары Қазақстандағы диссиденттік бас көтерулердің көшбасында жиырма үш жасар саяси күрескер Хасен Қожа-Ахмет тұрды.

Хасен Қожа-Ахмет -қазақ халқының ұлт-азаттығы, мемлекеттік тәуелсіздігі үшін күресіп 1970-1990 жылдар аралығында үш мәрте бас бостандығынан айырылған белгілі саяси қайраткер, композитор, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, тарих, музыка, филология зерттеушісі, профессор, «Желтоқсан», «Азат» ұлттық қоғамдық ұйымларының басшысы. Оның есімі 1977 жылы Хельсинкидегі Дүниежүзілік саяси тұтқындар тізіміне жазылып, шетелдерде де белгілі болған еді. Тарих ғылымдарының докторы Қамбар Атабаев «Туын жықпай алаштың» атты деректанулық зерттеуінде Х. Қожа-Ахметтің 1970 жылдарда жазған еңбектері туралы былай деген еді: «Ұзын-ырғасы 260 жылдық тарихы бар тәуелсіздік жолындағы күрестің өзіндік ерекшеліктері бар үлкен бір кезеңі замандасымыз Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметтің атымен тікелей байланысты. Хасеннің 1972-1976 жылдар арасында жазған еңбектері мен сол еңбектердің негізінде пайда болған соттың «Айыптау қорытындысын» дерек көздері ретінде алып отырмыз . . . Ол Қазақ хандығының патшалы Ресей империясына өз еркімен кірмегендігі туралы баяндағаны үшін айыпталып, Хасен ғылыми емес, «аса қауіпті мемлекеттік қылмыскер»-деген атақ алып түрмеге түсті.

Х. Қожа-Ахметтің күресін, көп жағынан, XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының күресіне ұқсас деп айтуға болады. Хасенді де кеңестер түрмесі мойыта алған жоқ. Түрмеде отырып та, одан кейін де жазған саяси мазмұндағы өлеңдері, ертегілері, мақалалары Хасеннің алған бағытынан таймағандығын көрсетеді.

Алаш көсемдерінің терең энциклопедиялық білімнің, сан-салалы өнердің иелері екендігі баршаға аян шындық болса, Х. Қожа-Ахметтің жариялаған еңбектері де оның қоғам даму зандылықтарын, тарихты жақсы білетін саясаткер, сазгер, суретші, ақын, журналист және жазушы екендігін көрсетеді. Осы жасалған ғылыми жобада Хасен Қожа-Ахметтің оның «Зұлымдық империясымен» жекпе-жек» атты жинағынан 1970 жылдары Ресей-КСРО-ның отаршыл-тоталитарлық саясатын әшкерелеп, қазақ елін азаттық күресіне шақырған шығармаларының бірқатарына тоқталғым келеді.

ОЯН, ҚАЗАҚ! ОЯН, ЕЛІМ!

Өзіңді намысы бар азамат деп санасаң, ойланатын уақытың жетті, бауырлар. Туған жер тоналуда. Ана тіліміз, мәдениетіміз үмытылуда. Орыс шовинистерінің осы саясаты өзгермесе, қазақ ұлтының жер бетінен жойылар уақыты да алыс емес. Тарихтың бұл тәлкегінен тек күресу арқылы аман қалуға болады. Отанымыздың тәуелсіздігі үшін, Қазақ елін жойылудан сақтау үшін біз, қазақ елінің азаматтары, орыс отаршыларына мынадай талаптар қоямыз:

  • Бір ұлтқа табындыру, орыстандыру саясаты тоқтатылсын!
  • Орыстарды қазақ жеріне қаптатып қоныстандыру тоқтатылсын!
  • Қазақстандағы барлық оқу орындары, мекемелер ұлттық тілімізде болсын.
  • Ядролық қарулар сынап, химикат "тыңайтқыштармен" улап, қазақ жерін шөлге айналдыру тоқтатылсын!
  • Қазақ жастарына зорлықпен қой бақтыру тоқтатылсын!
  • Ұлт азаттығы үшін күрескен саяси тұтқындар
  • түрмелерден босатылсын!
  • СССР Конституциясының 125-бабында айтылған: сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, жиналыс жасау бостандығы, т. б. праволар іске асырылсын!
  • Шетелдердегі қазақтарға және Түркістандық басқа да ұлттарға Отанына қайтуға рұқсат берілсін. Олар қудаланбасын!
  • Қазақстаннан тоналып Россияға жөнелтілетін барлық заттарға шек қойылсын (мұнайға, етке, астыққа, т. б. ) .
  • Орыстар өз Конституциясындағы "Әрбір Одақтас
  • Республиканың СССР-ден еркін бөліну правосы сақталынады" делінген 17-бабын естерінде сақтасын.
  • Ұлт бостандығы жасасын! Біз жеңіске сенеміз! (1972 ж. )

M A C A

Қан құмар сары масадай,

Отарын сорады Россия.

Соруын орыс қояр, - деп,

Қанға да бір күн тояр, - деп,

Көніп келдік бас ие . . .

Соруын орыс қоймайды,

Шапалақ жемей тоймайды!

ТОНАУ

Завод салды, жол салды,

Россия қолын мол салды.

Астық, мұнай, кенді алды,

Тоналмай, қазақ нең қалды?

(1972 ж. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақ Елі және ұлттық идея
Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
Алаш қозғалысының негізін қалаушысы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Әлихан Бөкейхан саяси реформатор
Ә. Бөкейхановтың қоғамдық саяси қызметі
Алаш қозғалысы және жер мәселесі
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
Алаш философиясы әлем қазақтары мәдениеті контексінде
Алаш идеясы – тәуелсіз елдің басты мұраты
ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ - ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz