Бұрғы қондырғысының негізгі жабдықтары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Сафи Өтебаев атындағы «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ

Жолдыгалиев Аслан Саматұлы

Бұрғылау сорабының механикалық бөлігінің элементтерін есептеу және олардың құрылымын құру ( №7-нұсқа, [1] )

КУРСТЫҚ ЖОБА

6В07107 - «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары»

Атырау, 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Сафи Өтебаев атындағы «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ

«Индустриялды-технологиялы0 факультет»

«Қорғауға жіберілді»

« ИТФ » деканы

Жантурин Ж. Қ., т. ғ. к., доцент

«» 202__ ж.

КУРСТЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Бұрғылау сорабының механикалық бөлігінің элементтерін есептеу және олардың құрылымын құру ( №7-нұсқа, [1] ) »

Мамандық: 6В07107 - «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары»

Орындаған: студент Жолдыгалиев Аслан Саматұлы

Ғылыми жетекші: Имангалиева Г. Е., т. ғ. к.

Атырау, 2022

ТАПСЫРМА

Студент Жолдыгалиев Аслан Саматұлы

МДБ 5В072400 - «Технологиялық машиналар және жабдықтар»

Тобы МжГӨМЖ-19 қ/т

Тақырыбы Бұрғылау сорабының механикалық бөлігінің элементтерін есептеу және олардың құрылымын құру ( №7-нұсқа, [1] )

Бұйрықпен бекітілді № « ___ » 20 __ ж.

Курстық жұмысты тапсыру мерзімі: «___» 20__ж. - «___» 20___ж.

Алдын-ала қорғау мерзімі: «___» 20__ ж.

Жұмысты қорғау: «___» 20__ ж. - «___» 20___ ж.

Курстық жұмыстың берілгендері

  1. Курстық жұмыстың берілгендерін әдістемелік нұсқаудан алу керек ([1], №7-нұсқа)

Негізгі тарау

Арнайы бөлім

Бұрғылау сорабының трансмиссиялық бөлігінің элементтерінің құрылымын құру

Есептік бөлім

Бұрғылау сорабының мехникалық бөлігін беріктікке есептеу ([1], 7-нұсқа)

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Расчет на прочность буровых насосов: учеб. пособие / Л. Н. Цехмистро, Е. С. Крупа, В. Э. Дранковский, А. Н. Хандурин, К. С. Резвая - Харьков: НТУ «ХПИ», 2016. - 110 с.
  2. Анашкина А. А., Осипенко И. А. Буровые насосы. Методические указания для лабораторных и самостаятельных занятий. - Тюмень. 2012. - 32 с.
  3. Баграмов Р. А. Буровые машины и комплексы. 1988 г.
  4. Ильский А. Л. Расчеты и конструирование бурового оборудования. М., «Недра» 1985 г.
  5. С. И. Ефимченко. Расчеты ресурса несущих элементов буровых установок. Москва, 2001 г.

ТАПСЫРМА (ЖАЛҒАСЫ)

Графикалық материалдар тізімі

  1. Бұрғылау сорабының трансмиссиялық бөлігінің элементтерінің құрылымын құру

Тапсырманы беру мерзімі «___» 20__ ж.

Жобаның ғылыми жетекшісі: Имангалиева Г. Е., т. ғ. к.

Тапсырманы орындауға қабылдап алдым:

Студент Жолдыгалиев Аслан Саматұлы

«___» 20__ ж.

Мазмұны

Кіріспе 7

1. Бұрғылау сорабы және олардың жетектерін монтаждау10

1. 1 бұрғылау сорабының жұмысын жасау жолдары10

1. 2 Бұрғылау сорабының жұмыс істеу принципі мен схемасы13

1. 3 Бұрғы қондырғысының негізгі жабдықтары 19

1. 4 Бұрғы сораптардың, бұрғы шығырлардың, превенторлардың, қарсы шығарып тастау жабдықтардың атқаратын қызметі мен конструктивтік ерекшеліктері21

1. 5 Бұрғы мұнаралары. Бұрғы мұнараларының атқаратын қызметі мен пайдалану параметрлері24

1. 6 Бұрғы мұнаралардың түрлері. Мұнараға түсетін салмағын анықтау24

1. 7 Бұрғы қондырғылары. Дизель жетектеушімен бұрғы қондырғылары26

1. 8 Электр жетектеушімен бұрғы қондырғылары. Конструкция мен негізгі элементтері. 29

1. 9 Бұрғылау жабдықтарын іске қосуға, қолданысқа тапсыруға дайындау34

2. Есептеу бөлімі37

2. 1 Есеп 137

2. 2 Есеп 2 38

3. Монтаждау жұмысындағы техника қауіпсіздігі. 40

Қорытынды42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ44

Кіріспе

Монтаж және қалпына келтіру жұмыстарының техникалық даму бағытының негізі - жұмысты өнеркәсіптендіру және механикаландыру, өндірістің экономикалық және прогрессивтік әдістерін енгізу болып табылады.

Технологиялық жабдықтар, көтермет тасымалдау құралдары мен технологиялық құбыр өткізгіштерді қалпына келтіру, жөндеу және монтаждау жұмыстары жабдықты эксплутациялау сенімділігі мен жобалық қуатты жылдамырақ меңгеруіне, срнымен қатар өндірілетін өнім спасы мен кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне байланысты.

Монтаждау алдында іске қосқыш аппараттарды мұқият қарайды, олардың бөліктерінің түгелдігін тексереді, түйіспелерінің тазалығын және реттелгендігін байқайды, қосылуының және ажырауының жеңілдігіне көз жеткізеді. Іске қосқыш аппараттарды негізгі қабырғаларға, колонналарға не пісірумен арнайы дайындалған құрылмаларға орналастырылады.

Оларды мүмкіндігінше электр қозғалтқыштарға жақынырақ орналастырады, сондай-ақ оларды күтіп қараудың, жөндеудің не алмастырудың ыңғайлы болуын ескереді.

Бұрғылау сораптары негізінен бұрғылау ерітінділерін шыңырауларға тұғырды тазарту мақсатында, және долотаның жұмыс істеу шарттарын жақсарту мақсатында және құбырлық бұрғылауларда құбырлық бұрғының айналуын жақсарту мақсатында беруге арналған.

Бұрғылауда негізінен поршенді 12Гр, БРН-1, У8-6М және У8-7М сораптарын пайдаланады. Әрбір бұрғылау қондырғысы негізінен екі сораппен комплекстелінеді. Бірақ, бұрғылау шарттарын есепке ал отырып сораптардың санын азайтуға немесе көбейтуге болады.

Бұрғылау қондырғыларының типтеріне байланысты және олардың жабдықталғандығына байланысты сораптарды монтаждау үшін негіз болып бұрғылау қондырғыларының негіздері, сонымен қатар бетоннан жасалған тұғырлар немесе құмдақтарда орналасатын ағаш тұғырлар негіз болып саналуы мүмкін.

Бұрғылау сораптары астына орналасатын іргетастар типтері негізінен топырақ жағдайына байланысты құрылады. Іргетастар жердің деңгейінен, сұйықтықтың қабылдлау ыдыстарындағы деңгейлері сораптың сорушы клапандарынан жоғары болатындай биіктікте орнатылады. Бұл арқылы сораптың толығу коэффициенті жақсарады және сорап өнімділігі жоғарылайды.

Электрожетектерге ие қондырғыларда сораптар жетектері ретінде әрбір сорапқа біреуден келетіндей етіп электроқозғалтқыштары пайдаланады.

Бұрғылау сораптары ұнғымаға тазалау мақсатымен сұйықтықты еңгізу үшін орнаған салқындату және қашауды майлау шекті қашаулармен бұрғылағанда гидромониторингті эффектіні жасау, тоқтап қалған гидравликалық қозғалтқышты іске асыру жұмыстарын қамтиды. Тағайындалуы мен эксплутациялық шарттарына байланысты бұрғылау сораптары келесі негізгі талаптарды қамтиды:

  • келтірілген бөдшектердің саңылаулары және бөлшектерді шаятын ерітіндіден қорғалуы тиіс және тексеру мен техникалық талаптарының қызмет көрсету үшін ыңғайлы әрі оңай болуы қажет;
  • қоспалы ерітінділермен әрекетесетін саңылаулар және бөлшектер жеткілікті дәрежеде берік болуы және бөлшектер қатардан шыққан жағдайда тез ауыстыруға ыңғайлы болуы қажет;
  • сораптар алыс-жақын қашықтықтарға тасымалдануына сай болып, жалпы жағдайларына тәуелді болуы керек;
  • сораптар құрамында майы бар және коррозионды белсенді қоспалармен тығыздығы әр-түрлі ерітінділермен жұмыс істеуге арналған болуы қажет;
  • сораптар құрылысында оң және сол бүйірінде сорапты агрегат қозғалтқышы болуы тиіс;
  • сораптардың сенімділігі және ұзақтығы олардың ұтымдылығы мен эксплутациялық қауіпсіздігімен үйлесуі қажет;
  • сораптың біреуі ұнғаманы шаю үшін қамтамасыз етулер шектерде қадағалануы тиіс;
  • сораптың қуаттылығы ұнғыманы шаюға және тоқтап қалмаған гидравликалық қозғалтқыштарды іске келтіру үшін қолданылады;
  • сораптың шыға берісте шаятын сұйықтықтын жылдамдығы инерционды ауырлықты және қысым соққысын жою үшін бір қалыпты болуы қажет;
  • үлкен көлемді саңылаулар және де техникалық қызмет көрсету үшін сенімді ұстау және ауыстыру құралдарын қамтамасыз етілулері қажет;

Бұрғылау сораптарын дайындау барысында шартты ГОСТ-пен бекітіледі. Бұрғылау тереңдігі өсумен бірге сораптың қуаттылығы мен осьпен бұрғылау талаптарына сай, бұрғылау сорабының жаңа модельдерін өндіріске еңгізуде жинақталған тәжірибе ғылыми-зеріттеу және тәжірибелік құрастыру жұмыстарымен, сонымен қатар сорапты жасауда жеткен жетістіктерге байланысты сораптардың өндірісі үздіксіз болып, одан да әрі даму үстінде.

Бұрғылауда алдымен сораптың үлкен берілісі және салыстырмалы шамалы қысымы болуын талап етеді, ал одан кейін ұңғының тереңдігін арттыру шарасы бойынша өзініңберілісін төмендетіп, қысымды жоғарылатады.


1. Бұрғылау сорабы және олардың жетектерін монтаждау 1. 1 бұрғылау сорабының жұмысын жасау жолдары

Бұрғылау сораптары негізінен бұрғылау ерітінділерін шыңырауларға тұғырды тазарту мақсатында және долотаның жұмыс істеу шарттарын жақсарту мақсатында және құбырлық бұрғылауларда құбырлық бұрғының айналуын жақсарту мақсатында беруге арналған.

Бұрғылауда негізінен поршенді 12Гр, БРН-1, У8-6М және У8-7М сораптарын пайдаланады. Әрбір бұрғылау қондырғысы негізінен екі сораппен кешенделеді. Бірақ, бұрғылау шарттарын есепке ала отырып сораптардың санын азайтуға немесе көбейтуге болады.

Бұрғылау қондырғыларының типтеріне байланысты және олардың жабдықталғандығына байланысты сораптарды монтаждау үшін негіз болып бұрғылау қондырғыларының негіздері, сонымен қатар бетоннан жасалған тұғырлар немесе құмдақтарда орналасатын ағаш тұғырлар негіз болып саналуы мүмкін.

Бұрғылау сораптарын дайындау барысында шартты МЕСТ-пен бекітіледі. Бұрғылау тереңдігі өсумен бірге сораптың қуаттылығы мен осьпен бұрғылау талаптарына сай, бұрғылау сорабының жаңа модельдерін өндіріске еңгізуде жинақталған тәжірибе ғылыми-зеріттеу және тәжірибелік құрастыру жұмыстарымен, сонымен қатар сорапты жасауда жеткен жетістіктерге байланысты сораптардың өндірісі үздіксіз болып, одан да әрі даму үстінде.
Бұрғылау ертіндісін бұрғылау бағанашығына айдайды, бұрғылау кезінде ұңғы ішінде тоқтамсыз ауаны айналымын жасау үшін қолданады.

Бұрғылау бағанышығына қажет бұрғылау ертіндісін жібереді, ол ішіндегі тау жынысын бұрғылаудан кейінгі қалған қалдықты және қажетті көтеру жылдамдығын тау жынысын шығару үшін қолданады, керек гидравиликалық қуат қашауға жоғары жылдамдықпен (150м/с дейін) кіріске тазарту бұрғыланған тау жыныстарынан келтіру.

Гидравликалық жетекке энергияны келтіріп бұрғылау сұйығын тазарту. Бұрғылар тау жыныстарынан және газдан бұрғылау сұйығын тұрақты параметрде ұстап тұрып, ұңғыға құю үшін жаңа бұрғылау сұйығын дайындау.

Газ және құм тазалаудан кейін сұйық 1, 0% үлкен фракция тау жыныстары және құм 0, 02мм-ден 0, 1мм-ге, 0, 1мм-ден үлкен фракцияларды тез алып тастау қажет. Алып тасталынған бұрғыланған тау жыныстары және құмдар, бұрғылау сұйығы және бұрғылау тау жыныстары. Ұңғы диаметрлі және бүрғылау жылдадамдығына байланысты.

Бұрғылау сораптарының тағайындалу мен пайдалану шарттарына байланысты мынадай негізгі талаптар қойылады:

  • сорап берілісі, ұнғыны тиімді жуумен қамтамасыз ететін реттеленетін шекте болуы керек;
  • сорап қуаты, ұңғыны жууға және түпкі гидравликалық қозғалтқыштың жетегіне жіткілікті болуы керек;
  • жуу сұйығының сораптан шығу жылдамдығы, бұрғылау кезіңде қиындықтардың туындауына себепші болатын инерциялық жүктемелер мен қысымның пульсациясын, қосымша энергетикалық шығындар мен шаршаудан болатын бұзылыстарды болдырмау үшін бір қалыпты болуы керек;
  • сораптар абразивті және құрамында май бар әр түрлі тығыздықтағы коррозияға-белсенді жуу ерітінділері мен жұмыс істеуге қабілетті болуы керек;
  • бұрғылау ерітіндісі мен жанасатын тораптары мен бөлшектері ұзақ мерзімді және істен шығып қалған жағдайда ауыстыруға тез және қолайлы болуы керек;
  • ірі габаритті тораптары мен бөлшектері жөндеу мен техникалық қызмет көрсету кезінде сенімді ұстауға арналған құрылғылар мен жабдықталған болуы керек;
  • жетекті бөлігінің тораптары мен бөлшектері жуу сұйығынан қорғалған және тексеру мен техникалық қызмет көрсетуге қолайлы болуы керек;
  • сораптар алыс және жақын қашықтарға жинақталған күйінде тасымалдауға жасақталған болуы керек;
  • сораптардың конструкциясы сорап агрегатының қозғалтқышын оң және сол жағына орналасуға мүмкіндік беруі керек;
  • сораптардың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі оларды пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігіне сай болуы керек;
  • бұрғылау сораптарын жасап шығаруға қойылатын талаптар МЕСТ бойынша жасалануы керек.

Бұрғылау қондырғысының күштік торабынан айналысына қайысты беріліс көмегі арқылы трансмиссиялық білікке беріледі. Трансмиссиялық біліктен тиісті қосынды арқылы, шатун орнатылған, эксцентрипті білікке беріледі. Сорап жетегі сына қайысты беріліс көмегі сияқты, шынжырлы беріліс көмегімен жүзеге асырылады.

Ұңғы түбін бұрғыланған жыныстан қамтамасыз ету үшін бұрғылау қондырғысы бұрғылау ерітіндісін жинау мен тазалау үшін арналған жабдықтан, айдау құбырынан, бұрғылау сорабынан тұратын гидравликалық жүйемен жинақталады немесе іріктеледі.

Бұл жүйеде бұрғылау сораптары қозғалтқыштың механикалық жұмысын қайта келтіруге гидравликалық энергияны бұрғыланған жыныстың бетіне шығару үшін қажетті бұрғылау ерітіндісіне беруге және де турбо бұрғы турбиналарын бұрғылаудың турбиналық әдісі кезінде қозғалысқа келтіру қызмет етеді.

Бұрғылауда алдымен сораптың үлкен берілісі және салыстырмалы шамалы қысымы болуын талап етеді, ал одан кейін ұңғының тереңдігін арттыру шарасы бойынша өзініңберілісін төмендетіп, қысымды жоғарылатады.

Бұрғылау сораптары өте ауыр шартта пайдаланылады. Олар саз-су қоспасы негізінде дайындалған тұтқыр ерітіндіні айдайды және барит немесе гелиостит қосындылары мен ауырланады. Ерітінділер 2%-ға дейін бұрғыланған тау жыныстарының бөлшектерін ұстайды және сорабтар мен 40-70 0 С температура кезінде ұстайды, толығырақ айтқанда айдайды.

Суерітінділері осындай температурада ең көп коррозиялы активті болып келеді. Ерітінділердің тығыздығы әдетте 1, 2-1, 5г/см 3 құрайды, 2, 5 г/см 3 -қа дейін көтерілуі немесе 0, 8г/см 3 -қа дейін төмен түсуі мүмкін.

1. 2 Бұрғылау сорабының жұмыс істеу принципі мен схемасы

Бұрғылау қондырғысы- бұл ұңғыманы бұрғылауға арналған құрал-жабдықтар кешені. Ол бұрғылау тәсіліне қарай, айналмалы бұрғалау қондырғысы (көп тараған түрі) және соққылы бұрғылау қондырғысы болып екіге бөлінеді.

Айналмалы бұрғылау қондырғысының құрамына бұрғылау мұнарасы, күштік жетек, түсіріп-көтеру операцияларын механикаландыруға арналған құрал-жабдықтар, бұрғылау сорғылары, шайғыш ерітіндіні дайындауға, тазалауға және оны өңдеп қайта қолдануға арналған құрал-жабдықтар, т. б. енеді.

Бұрғылау қондырғысы мұнай, газ және терең геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылауға арналған тұрақты бұрғылау қондырғысы, көбіне геологиялық барлау жұмыстарында, су астындағы бұрғылауда және құрылыс жұмыстарында қолданылатын жылжымалыбұрғылау қондырғысы.

Негізінен қопарылыс ұңғымаларын бұрғылауға арналған (жабдықтары шынжыр табанды не , автомобильге, тракторға, катерге, т. б. орнатылған), өздігіненжүретін бұрғылау қондырғысы және жетуі қиын жерлерде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған тасымалды бұрғылау қондырғысы болып ажыратылады. Тау-кен ісінде бұрғалау қондырғысы бұрғылау станоктары деп аталынады.

Бұрғылау - бұрғы жәрдемімен тұтас материалдың жоңқасын жонып алу жолымен бітелмеген немесе бітеу цилиндрлік тесік тесу процесі; тау жыныстарын бұзу арқылы қимасы дөңгелек болатын кен қазбасын жасау процесі.

Геологияда - жер қыртысын геологиялық зерттеу, кен орындарын іздеу және барлау, жер астынан қатты, сұйық және газ күйіндегі түрлі кен байлықтарды алу, батпақты жерлерді құрғату, жер асты коммуникацияларын жүргізу, т. б. көптеген жұмыстар бұрғылау арқылы іске асырылады.

Ұңғыманы бұрғылау кезінде тау жыныстарын бұзып қопарудың қазір қолданылып жүрген тәсілдері негізінен екі түрге бөлінеді:

Бірінші тәсіл бойынша бұрғылау аспабының тікелей әсер етуі арқылы тау жыныстарын бұзып қопаратын механикалық әдіс, ал екінші тәсіл бойынша тау жыныстары әр түрлі физикалық(термиялық, ультрадыбыстық, т. б. ) әсерлер арқылы бұзылады.

Бұрғылаудың механикалық әдісі айналдыра бұрғылау және соққылап бұрғылау болып екіге бөлінеді. Бұрғылау аспабының түріне (шнекті, штангалы, алмасты, тісті доңғалақты, т. б. ), бұрғылау машинасының түріне (перфораторлы, пневмосоққылы, турбиналы, т. б. ), сондай-ақ, ұңғыма қазудың тәсіліне (көлбеу, тармақты, т. б. ) қарай бұрғылау бірнеше түрге бөлінеді.

Тау жыныстарына физикалық әсер арқылы бұрғылау тәсілдерінің ішінде термиялық бұрғылау кең тараған. Қопарып бұрғылау тәсілін өндіріске енгізу қолға алына бастады. Бұрғылаудың техникалық жабдықтары негізінен бұрғылау қондырғылары мен тау жынысын бұзып қопаратын аспаптардан тұрады. Ал ұңғыма бұрғылау жұмыстары кенжардағы тау жыныстарын талқандау, бұзылған жыныстарды сыртқа шығару, орнықсыз (опырылмалы) ұңғыма қабырғаларын бекіту сияқты процестерден құралады.

Талқандалған тау жыныстарын ұңғыма кенжарынан үздіксіз сыртқа шығарып тұрмаса бұрғылау жылдамдығы бәсеңдеп, тіпті тоқтап қалуы да мүмкін. Сондықтан бұрғылау кезінде бөлінетін ұнтақтардан тазалау үшін ұңғыманы сумен, балшық ерітінділерімен үнемі жуып немесе сығылған ауамен үрлеп тұрады. Орнықсыз жыныстарды бұрғылау кезінде ұңғыма қабырғасын опырылудан сақтау үшін әр түрлі әдістер (арнаулы ерітінді, жылдам қатаятын қоспа, цемент) қолданылады.

Екінші оқпанды бұрғылау- өнімді горизонттарды берілген координаттарға сәйкес тесіп өту немесе ұңғыманы қойнауқаттың азырақ сорғытылған екінші бөлігіне бұру мақсатында ұңғыманың басты оқпанымен қатар қосымша сипатталатын бұрғылау жұмыстары.

Терең бұрғылау- қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, тереңдігі 4500-6000 м аралығында болатын бұрғылау ұңғымаларын жасақтау терең бұрғылауға жатады. XX ғасырдың соңғы ширегінде жүзеге асырылған тереңдігі 8000 м-ге, тіпті одан да астам тереңдіктерге (ең терең ұңғыма тереңдігі 12 мың м-ден астам) шейін бұрғылау шаралары "өте терең бұрғылау" деген сөз тіркесі арқылы беріліп жүр.

Карталық бұрғылау- геологиялық-құрылымдық түсіру шараларын табысты жүзеге асыру, яғни масштабы 1:2 және 1:5геологиялық карталарды дайындау мақсатында жүргізілетін онша терең емес бұрғылау ұңғымаларын (100-150 ж-ге дейін) жасақтау шаралары.

Әдетте түп тау жынысытары борпылдақ шөгінділердің қалың қабатымен көмкерілген аудандарда сол қабатты тесіп өту үшін, немесе жасырын кенді денелер мен шашылым кен орындарын іздеу мақсатында жүргізіледі.

Құбырлы бұрғылау- бұрғылау барысында бүкіл ұңғымаға тиесілі тау жынысытары түгелімен емес, тек сол ұңғыма шеңбері бойымен ғана уатылатын бұрғылау түрі. Құбырлы бұрғылау нәтижесінде тесіліп өтілген тау жынысы қабаттарының кәдуілгі бағанға ұқсайтын "бұрғылау тасбағаны "деп аталатын үлгісі бұрғылау құбырының ішінде бөлшектенеді де, ол жер бетіне көтеріліп алынады.

Бұталы бұрғылау- өнімді қойнауқаттарды тесіп өту мақсатында шағын ғана аумақта (үйінді тасбөгетте, эстакадада, т. с. с. ) орналастырылған бұрғылау ұңғымасынан бір ғана тік бағытталған, бірнеше еңіс бағытталған ұңғыма оқпандарын рет-ретімен бұрғылау.

Мұндай ұңғыма түрлері бұрғылау өңірінің бірнеше ұңғымаларды әр түрлі нүктелерде орналастыруда қиындықтар туындаған, яғни бұрғылау жұмыстарын су айдыны бетінде, батпақты жерлерде, т. с. с. жүргізу керек болған жағдайда, немесе қоршаған ортаны тиімдірек қорғау мақсатында, кенорынды өндірістік жабдықтау және игеру істеріне деген қаржы мен уақытты үнемдеу мақсатында қолданылады.

Мұнай мен газға теңіздік бұрғылау - ішкі су алаптары (Каспий теңізі, Арал теңізі, т. с. с. ), теңіз (Парсы шығанағы, Кариб, Жапон, Солтүстік теңіздері, т. с. с. ) және мұхит қайраңы ауқымында мұнай мен газ кенорындарын іздеу, барлау және игеру мақсатында жүргізілетін бұрғылау.

Мұндай бұрғылаулар әдейі жасақталған негіздерден, эстакадалардан, жүзу кемелерінен және қозғалмалы аяқтарға орнатылған платформалардан жүргізіледі. Бұрғы сораптары:

1. плунжерлі сораптар;

  1. поршенді сораптар.

Бұрғылау сораптары ұңғымаға шайғыш сұйықтығын түбін шламдардан тазалау мақсатында жіберуге арналған және оларды жоғары шығаруға арналған. Геологиялық ұңғымаларын бұрғылауды үш плунжерлік сораптарда насостары бірдей қозғалыстағы және екі цилиндрлік поршендік сораптарды қолданады.

Плунжерлік сорғышта жұмыс істейтін элемент. Плунжер екі қуыс металдық цилиндр, тығыздалған цилиндрмен қосылған бір сорғыштың гидравликалық бөлігі.

Плунжерлік сораптар бірдей әрекетте сол уақытта тік жүрісті плунжерде айдау жүргізіледі, ал керісінше жүрісте қайтару үдемелі қозғалыс бұлғақтан болады.

Клапандық қорапта сорғыш, айдағыш клапандар орналасқан. Поршеннің қозғалыс кезінде цилиндрде оң, сол айдағыш клапаны жабылады, ал сол жақ сорғыш ашылады. Пайда болатын вакуумның әсерінен шайғыш сұйықтық қабылдау торынан, цилиндрдің сол жақ бөлігіне түседі.

Цилиндрдің оң жақ бөлігінен осы уақытта сұйықтық жабық сорғыш клапанында поршеньмен итеріледі, ол оң жақ айдағыш клапаны арқылы айдағыш сызыққа бағытталады. Поршеннің кері әрекетінде сұйықтық клапан арқылы өтіп, клапан арқылы айдағыш орналастырылады.

Айдағыш сызықта үш жүрісті кран, манометр, сақтандырғыш клапан орнатылған. Айдағыш сызықты сұйықтықпен толтыру үшін, оның ұшында кері клапан болады.

Поршеннің әр жүрісінде бір мезетте сұйықтықты сору мен айдау болады. Бұндай сораптарды екі әрекетті сорғыш деп атайды.

http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2016/GRMPI/Tokusheva%20i%20dr/%D0%A2%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F/lek12.files/image007.jpg

1 - сурет. Плунжерлі сораптың кинематикалық схемасы

http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2016/GRMPI/Tokusheva%20i%20dr/%D0%A2%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F/lek12.files/image008.jpg

2 - сурет. Поршенді сораптың гидравликалық бөлігінің принципиалды схемасы

http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2016/GRMPI/Tokusheva%20i%20dr/%D0%A2%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F/lek12.files/image009.jpg

3 - сурет. Көлденен қос әрекетті поршендік сораптың жұмыс істеу схемасы

Плунжерлі сораптар құрамалы, жыныстың тығыздалу құрамын әр кезде бақылауда ұстайды және олардың тозуын реттеп отырады, ол жоғары температурада шайғыш сұйықтығының берілу тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Сораптардың жалпы сипаттамасы: ығыстырғыштық плунжерлік түрі; біржақтық әрекет, гидроблоктың тікелей сызбасы; гидроблок приводы үшін механикалық трансмиссия. Поршенді сораптар көшіру кезінде ыңғайлы, ол дистанциондық- оперативтік бастаумен аяқтаудың басқармасын қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұрғылау қондырғысын таңдап алу
Азаматтық құрылыстағы бұрғылау қондырғылары, жабдықтары
Бұрғылау ұңғымаларының классификациясы
Орталық – Шығыс Прорва кен орнында тереңдігі 3300м пайдалану ұңғыма желісінің геологиялық сипаттамасы
Газ ұнғымаларының жабдықтары
Бұрғылау сораптың құрылысы және жұмыс жасау принципі
Пресс - қайшылардың негізгі операциялары
Өзен кен орнының геологиялық сипаттамасы
Сораптар диагностикасы
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған жабдықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz