Жастардың сөйлеу мәдениеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
І Бөлім
1.1 Жастардың сөйлеу мәдениеті.Жастар қалай сөйлейді?
1.2 Қазіргі жастар дерті-желіге тәуелділік
ІІ Бөлім
2.1 Менің қаламдағы жастар келбеті
2.2 Бүгін мен болашақ.Не істемек керек?
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер

1
Аннотация
Бұл ғылыми жобаның басты көтеріп отырған мәселесі қазіргі қоғамдағы жастардың тіл қолдану аясының таяздығы. СМС тілінің жастарға тигізіп жатқан зардабы. Замана жастарының өзгерудегі себебі мен салдары таразыланып, бағамдалады .Автор неге қазіргі жас-жеткіншектер моральді тұрғыдан әлсіз деген сұрақты зерделейді.Тіл мәдениеті мен әлеуметтік желіге тәуелділіктің арасындағы байланыс пен алшақтықты зерттейді.Жастардың шынайы өмірден ажырап ұялы телефон мен әлеуметтік желіге тәуелді болуы ана тілімізден ажырауына әкеліп жатқан мәселе екендігін дәлелдеуге тырысады. Осы мәселе төңірегінде өзінің Талдықорған қаласы жастары арасында да зерттеулер жүргізеді.Мәселенің шешімін өз көзқарасы тұрғысынан жан-жақты қарастырады. Қорытынды бөлімінде жаңа заманның жастарының жаңа талаптарын елемеу уақыт ағымын ескермегенмен бірдей екендігін айтады.Балаларды балабақшадан, мектептен бастап, ең алдымен, өз ана тілінің қаймағын бұзбай, таза сөйлеулеріне баулудың маңызылығын дәйектеген. Себебі, бүкіл өмір баспалдағы, жастық шақтан басталатындығын дәлелді тұжырымдайды.

2
Кіріспе
Тілдегі сөздер де бір-бір кітап. Тек оны оқи білу шарт. Сөз-кітапты кім қалай оқиды? Сөз молдығы-оралымды тілге қойылар талаптың бірі. Сөз байлығына ден қоймаған адамның тілі жұтаң тартып тұратындығы бәрімізге белгілі.[Нұргелді Уәлиев. Сөз мәдениеті. Алматы Мектеп1984ж.29-бет]Олай болса,болашақтың өкілдері-жастар тілі туралы сөз қозғасақ. Тіл тазалығын сақтауға талаптанған адам сөз арасын ыбырсыта бермейді [Нұргелді Уәлиев. Сөз мәдениеті. Алматы Мектеп1984ж.46-бет.]Біріншіден, қазіргі көптеген жас-жеткіншектер моральді тұрғыдан әлсіз дер едім.Оған дәлел,біздер үшін ата-ана деген құлдарымыз бар.Бұл Құл деген сөзді де анекдоттан естігенім бар еді.Дүниеге келген жас шарана шырылдап жылағанын қоймапты.Алла сұрапты: Неге сонша шырылдай бердің?-деп.Сонда бала:-Мен енді мына өмірде қайтіп өмір сүремін,анамның құрасағында тып-тыныш жата бергенім жақсы еді-дейді.Сонда Алла:-Қорықпа ,мен саған әке-шешеңді құлдығыңа қоса бердім-деген екен дейді.Қысыр сөз болса да,өмірде шынымен әке-шешеміз азаннан кешке дейін тыным таппай біздің ішіп жеміміздің қамымен кеткен.Екіншіден, жастар әлемдік өрмек тордың өрмегіне шырмалып,ұялы телефон мен ғаламторды шарлап, шынайы өмірден кіндігіміз ажырап кеткен сияқты.Шындығы-осы.Бұл себептер елге деген махаббаты азайтатын сыңайлы.Ұлы ойшыл Аристотель "өмірдің мәні не?" деген сұраққа "айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету" деп жауап берген екен.Ал моральді тұрғыда әлсіз,ана тілінің қадірін түсінбейтін бала ержеткенде аяғынан тік тұрып, еліне қызмет жасау қолынан келе қояр ма екен?2021 жылы 13 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Ұлттық жобалар негізінде 2021-2025 жылдарға арналған Білімді ұлт сапалы білім беру ұлттық жобасы іске қосылды. Аталған жобаның шеңберінде зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілінің дамуына жағдай жасау, жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу секілді мәселелер қарастырылған. Қазіргі таңда қазақстандықтардың жалпы
саны - 19 169 550 адам. Жалпы халықтың 33,97%-і - 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72%-і - 14-28 жас аралығындағы жастар екен.[AZNations сайты.]Ал менің тұрып жатқан қалам Талдықорғанда халық саны 146 827 адам.Демек, қазақстандық жастар жалпы халықтың 60 пайыздан жоғары санын құрайды екен.Ұлттық жоба аясында қазақ тілінің дамуына аталмыш жастар үлесі қандай? Тілдегі сөздер аспан әлеміндегі жұлдыздар тәрізді. Жарығы бар, көмескісі бар, қас-қағым сәтте пайда болып, қас пен көздің арасында ғайып болатын ғұмыры келтелері бар... [М . Ә у е з о вт і ң Абай жолы романының жиілік сөздігі.Ғылым баспасы, 1979ж]. Біз қандай сөзбен сөйлесеміз,құрбылар?
0.1 . Жастардың сөйлеу мәдениеті.Жастар қалай сөйлейді?
Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді сөзі маржандай екен деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұнның ақыл-ойдың көркі-тіл,тілдің көркі-сөз деп дәл айтқаны бар.Сөйлеу мәдениеті-үлкен қасиет,мазмұны жағынан терең,ұтымды, әділетті, көркем, ғылыми, бай, халық тілі.Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл-ой мәдениетіне жетуіміз қиын. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал деп ұлы Абай тегін айтпаған.[№49(330).] Қазіргі жастардың сөйлеу мәдениеті өзгеше.Бір ауыз сөзді кібіртіктеп, ойланып барып әрең жеткізетінін көріп жүрміз. Көркем әдебиет оқуға енжарлық, компьютерлік-технологиялық прогресс ең алдымен жастардың тұтас тілдік бейнесін бұзды. Сөйлеу барысында жалпы қолданыстағы сөздерге орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді шектен тыс көп пайдаланады. Соның ішінде жаргон сөздер,сленг қолдану көп екен.Жастар дағдысына қарай бұндай сөздерге өте оңай бейім, әрі оларды кез келген жағдайда қолдана береді.Өзім жүрген ортада инстаграмм парақшасы арқылы мынадай сауалнама жүргізіп көрдім:
1.Жаргон сөздерді жиі қолданасыз ба? Ия жоқ
2.Қандай жаргон сөздерді жиі айтасыз,естисіз?
3.Сіз білетін СМС сөздер қандай?
1.Жаргон сөздерді жиі қолданасыз ба?
Нәтиже: Ия- 61%
Жоқ-39 %
2.Қандай жаргон сөздерді жиі айтасыз,естисіз?
Нәтиже: Жындыларский зат- күшті зат;Базар жоқ- сөз жоқ;Құлаққа лапша ілу- өтірік айту;Ауру-адамға маза бермейтін адам;Қуғынбай-артық сөйлеп кеткен, мылжың;Сасымашы-босқасөйлеу;Зубрить -жаттапалу; Инет- ғаламтор;Потеря болу- қобалжу;Сущняк- сусын;Тілге жатып алыпты -шешен, әңгімені жақсы айтады;Қумашы-бос әңгіме айтпашы;Мықты шарит, прошаренный-ойлау қабілеті жылдам;Типа-сол сияқты;Забей-ұмыт, қоя сал;Тема екен-күшті, керемет еке; Охота емес-зауқым жоқ;Бұқаланба-ашуланба;Крышаны тайдырмашы-ашуландырмашы;Ағаш болу- икемсіз болу,Пати, тусовка-сауық кеші;Тренька-жаттығу;Изи (easy) -бәрі оңай;Жиза -өмірлік жағдай;Жыртылу-жабайылана күлу.
3.Сіз қолданатын СМС сөздер қандай?
Нәтиже:
Скилл-дағды;Хахаха-күлкілі;Пфх-жағы мсыз;апфх-жөнсіз;Слм-сәлем;Не жан -не жаңалық;Не іст жат-не істеп жатырсың;Кк- керек, бошы-болшы;Раха- рахмет;Дсм-досым;Не истеватсын?-не істеп жатырсың?
Осы аз ғана мысалдан біздер-жастардың еліктегіш, қоғамда болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой сүзгісінен өткізбей жатып бойға сіңіріп үлгеретініміз көрініп тұр.Таңның атысы, күннің батысы әлеуметтік желіде отыратын жастар ұзақ жазуға еріне ме, әлде мұның өзге себебі бар ма, әйтеуір, жаргондармен қысқа ғана жазуға құмар. Тіпті сонымен қатар, ғаламтордағы кейбір жазбалардан тыныс белгілерді мүлдем таба алмайсың.Бұл олардың қол және көз дағдыларына әсер етіп, сауатты жазу дағдысын жояды.Мысалы: көрватырм-көріп отырмын, болватр-болып жатыр, табалмайатырм-таба алмай отырмын, нстеватсын-не істеп жатырсың?, кеатырм- келе жатырмын, қаяқтасың -қай жақтасың? невоқалд-не болып қалды? келет-келеді, келшиш-келсеңші, болшиш-болсаңшы,бош-болшы.Қазір бізге бұл сөздердің дұрыс жазылуы осындай секілді болып көрінеді.Мен өзім де әлеуметтік желілерде хат жазғанда, қазақ әріптерін қолданбайтындығымды жасырмаймын. Маған орыс тілінен қазақ тіліне ауыстырып, барлық сөзді орфографияға сай жазу қиындау. Сондықтан, өзіме ыңғайлы жолмен жаза беремін. Ол үшін әлеуметтік желіде мені ешкім сынға алмайды.Ғ. Мүсіреповтің Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады деген аталы сөзі бар. Бұған қарап, бүгінгі қазақ жастарының бәрі өз тілімізге өгей болғаны ма? деген сауал пайда болады.Уақыт өте келе интернет арқылы өзгеріске ұшыраған тіл мәдениетінің нормалары бұзылып, жаппай сленг, жаргон, арго тәрізді дисфемизмдермен ластануы мүмкін. Жаһандану дәуіріндегі жан-жақтан ретсіз келіп жатқан ақпараттар тасқыны жастардың санасын осындай паразит сөздермен улап жатқаны айқын.Әлеуметтік желілер адамды мәде - ниет - ті сөйлеу ғана емес, мәдениетті ойлау мүмкіндігінен де айыруда, сөздердің орнына смайлик арқылы сөйлесуді де әдетке айналдырып алдық. Н.Уәлиев өзінің Сөз мәдениеті атты еңбегінде: Тіл мәдениеті дегеніміз -- сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық, -- деп анықтама береді [2,17б.].Демек өз тіліңде таза, мәдениетті сөйлеудің өзі асқан білімділіктің шыңы дер едім.
1.2 Қазіргі жастар дерті- желіге тәуелділік
Өзім оқып жүрген мектепте Ұстаздар күніне арналған байқау ұйымдастырылды.Ең қызықты құттықтау жолдауға барлығымыз қызыға атсалысып кеттік.Ойымызға келген қызықты ойлар көп,бірақ соны қағазға түсіріп жазуға келгенде тосылып қалдық.Байқасам, бізде сөздік қор тым аздау екен.Біздің күнделікті қолданып жүрген сөздеріміз СМС тілінен аспай жатқандай болды.Осыдан барып мен онлайн өмірдің зардабы қандай екенін сезгендей болдым.Ал біздің өмір баспалдағымыз осы балалықтан басталатыны рас қой.Мұрат Мөңкеұлы бабамыз айтқандай, Мен қауіп еткеннен айтамын... Қарап отырсақ, көп жастарға Әлеуметтік мүгедек диагнозын қоюға болады.Швециядағы беделді университеттің докторы Аяд Рахван: Әлеуметтік мүгедек - желіге өте тәуелді адам деп көрсеткен.Желіден түспейтіндер ара - сында ғылыми зерттеу жа - са - ған ғалым:Әлеуметтік желі адамның ойлау логикасы мен шешім қабылдауына кері әсер ететініне көзім жетті. Осы мәселе бо - йынша ғылыми талдау жасау барысында әлеуметтік желі адамның сараптау, талдау, есте сақтау қабілетін азайтады деген қорытынды шығардым, - дейді.Виртуалды өмірдің бояуына қанып бара жатқан белсінділер - жастар емес пе? Ұсынып отырған ғылыми жұмысымды Бүкіл өмір баспалдағы, жастық шақтан басталады-деген тақырыппен ұсыну себебім,осы жастар тобының бір өкілі ол - мен. Ғұмырын тиімді пайдаланып, жетістіктің асқар шыңын бағындырып, Нағыз елдің тізгінін ұстайтын бала ғой деп сүйсіне қарап жүргендерді түгендемес бұрын осы тақырыпта ой қозғадым.Мүмкін бұл Жаман айтпай, жақсы жоқ дегенді ұстанғаным болар.Интернет жүйесі алғаш 1969 жылы 2 қыркүйекте пайда болып, қоғамға енгенде оны ең жас пайдаланушылар жасы 20-25 жастан асқан, ересек адамдар болса, қазіргі таңда интернетке 5-6 жастағы бала да әуес.Мектептегі оқушылар арасында Бос уақытыңызда немен айналысасыз?жеген сауал жүргіздім.
1.Әлеуметтік желіде отырамын
2. Кітап оқимын
3.Достарыммен кездесемін
4. Спортпен айналысамын. Нәтиже мониторингтен көрініп тұрғанындай 75% жастар бос уақытын әлеуметтік желіде өткізеді екен.

Осы желілерде компьютерлік ойындарға тәуелді ұрпақ қалыптасып жатыр. Тіпті, аулада ойнауды, спорт үйірмелеріне баруды, шығармашылықпен айналысуды түбегейлі ысырып қойған балалар да бар. Тиісінше, бүгінгі таңда балалар компьютерлік ойындар әлеміне еніп, шындықты виртуалды шындықпен шатастырып, компьютерлік кейіпкерлермен жақын өмір сүреді. телефоннан шық, компьютерді өшір деген сөзге агрессия көрсетететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениеті және сөйлеу әдебі
Сөйлеу әдебі ағыл
Компьютерлік қысқарған әрі ұятсыздау естілетін сөздер
Сленг және масыл сөздердің қазақстандық жастардың сөйлеу мәнеріне әсері қандай
ҚР кітапханашылары жаңа жағдайда мәселелері, даму жолдары
ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СӨЗ МӘДЕНИЕТІ
Сленг сөзі ағылшын тіліне енген сөз
Қазіргі қазақ тілді әлеуметтік желідегі сөз мәдениетін проблемалары қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері
Тілдік норма - тілдік әдебиеттілігінің бір белгісі
Тіл экологиясының қалыптасуы
Пәндер