Ұят сөзі ұғымы


Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Эссе
Тақырыбы: «Қазіргі қазақстандық отбасындағы "ұят " феномені »
Орындаған: Төлендиева Жансая; Шелекбай Сая
Тобы:МиФ-21-3
Қабылдаған: Шаяхметова Маржан Накипбековна
Қарағанды 2022-2023
ЖОСПАР:
- Кіріспе бөлім
- Негізгі бөлім
- «Ұят» сөзі ұғымы
- «Өлімнен ұят күшті»
- «Ұлдың ұяты-әкеге, қыздың ұяты-шешеге»
- Қорытынды
«Ұят» сөзі ұғымы ауқымды, мағынасы терең сөздің бірі. Шариғат тілінде де тағылымы мол ұғымдардың бірі саналады. Қазақта: «Өлімнен ұят күшті» деген даналық бар. Арлы адам үшін ұяттың орны бөлек. Аталарымыз: «Ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым» дейді. Қазақтың бар даналығы шариғатпен астасып жатыр. Сондықтан ұят дегеніміз - адамның мінез-құлқымен сыйыспайтын, жағымсыз істерден адам баласын аулақ ұстайтын, жақсылыққа итермелеп, жамандықтан жирендіретін, бойымыздағы асыл бір қасиет.
Ар ұждан адамның жан дүниесінен астап алып, оның Отан, отбасы, бауыр, қоршаған орта мен табиғатқа деген кіршіксіз сезімінен байқалады. Қазақта "Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" деген мәтел бар. Бұл арқылы адам жан дүниесі армен өлшенгенін байқауға болады. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар-ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз. Осындай анықтамаларды оқи отырып, мен қаншалықты арлы адаммын деген сұрақ туады. Ұятты адамның әрекеті ең алдымен өзгеге деген көмек қолын созып, ашықтық танытып, өзге адам баласына құрметтен басталады. Мені бала кезден "үлкенге құрмет көрсет, үлкенді сыйла, табиғатты ластама", деп үйретті. Табиғаттың баласы, жер ана деп тәрбиеледі. Бүгінде менің оларға сыйластық таныта білуім, жанашырлығым, әрекетімді ойланып іске асыруым менің дұрыс бағытта екенімді білдіреді. Ар-ұждан дегеніміз адамдықтың өлшемі. Адам болу үшін үлкен нәрсенің керегі жоқ, бәрі кішкентай заттан бастау алады.
Абай: "Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді" дейді. Шынында да, өзі кінәң болмаса, ешкімнің алдында жазықты болмасаң, болмайтын жерде қысылып, қызара кету - надандықтың көрінісі. Ол есейіп ер жетсе де, әлі ішкі жасы есейе қоймаған, өзі ел алдында ұялатындай іс жасамаса да, артында ынжықтығы басымырақ келетін сипат.
Ата бабамыз қашанда бір әдепсіздік қылық көрсе: «Ұят болады» деп бір-бірін ескертіп ол істің күнә немесе жамандық, әдепсіздік екендігін меңзеп қоғамды рухани күйреуден сақтандырып отырған. Ұятсыздықтың қашанда жақсылыққа апармайтынын білген. Арсыздық жаман қасиет деп есептеліп, адалдық, ар-намыс, ұяттылық қашанда жоғары бағаланған. Бұлар адамды бақытқа, табысқа жетелейді деп иланылған.
Адам баласынан ұялу мәселесіне келер болсақ, ол ең бірінші өзінің мінез-құлқын түзетіп, басқаларға тілімен немесе қолымен зиян беруден бойын аулақ ұстап, жағымсыз сөздерден сақ болып, адамды ашуландыратын қисық сөздерді айтпай, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету, басқаларды ғайбаттамай сөз тасудан сақтану десек болады.
Абай сынайтын ұяттың тағы бір мысалы - елден ұят деп кредит алып, шашылып той жасау. "Бүйтпесек, ұят, сөйтпесек ұят" деп, қымбат мейрамхана, асаба жалдайды. Рас, оны кейбіреу дарақылықпен, мақтанмен жасайды. Енді бір адам мақтанайын демейді, бірақ, әлгі даңғойлардан қалып қоюды ұят санап, өзін қинайды. Бұл да надандықтан болатын ұят.
Басқа адам үшін ұяла алу - ол да адамдықтан, оны жаман іске қимағандықтан болады. Мысалы, досың бір нәрсені "бүлдіріп" қояды, сол үшін ұяласыз. Анасы баласы үшін ұялуы мүмкін. Мұның барлығы сол адамның сондай жағдайға түскеніне бейжай қарай алмау. Былайша айтқанда, ана адамға деген жанашырлық, махаббаттан болатын ұят.
Қазіргі таңда шыны керек, қоғамда ар, ұят, иман деген құндылықтар азайып бара жатыр. Ол рухани, адами тұрғыдан болсын немесе жүріс-тұрыс, киім-киіс тұрғысынан болсын. Осыдан небәрі он бес, жиырма жыл бұрын, ел, қысқа етек киіп, жалаңаштанған қыз баласын көрсе, бетін шымшып, бұның ұят екенін, бұлай киінгеннің ұятсыздық екенін меңзеп, үлкен кісілер: «Қарағым, мұның ұят емес пе?! Тыртитып киіп алғаның не?» «Не мата жетпей қалды ма?» деп сөгіп, ұрысатын-ды. Естеріңізде ме? ондайларды мектепте де ата-анасын шақыртып, өзін бүкіл оқушылардың алдына шығарып жиналысқа салып, ұрысып, ескерту беріп, бетін қызартып жататын. Ал, қазіргі жағдайды өздеріңіз көріп-біліп жүрсіздер. Жалаңаштану модаға айналды. Ол - мәдениеттілік, заманауилық болып саналады. Атам қазақ «Өлімнен ұят күшті» деген. Жалпақ тілмен ұят жайлы бұдан артық айту қиын. Әрине, ұятты барлығынан жоғары қойған ата-бабаларымыз ұят иманның бір тармағы, ажырамас бөлігі екеніне кәміл сенген. Сондықтан, шыбын жанын ұят жолында құрбан етуге даяр тұрған. “Ұят тек жақсылыққа алып келід” пайғанбарларымыздың бірі. Арсыз арам, асығыс айлакерлік, Мұның бәрі шайтанның досы болмақ. (Шәкәрім) Адам болудың бір шарты - Ұят деген ұғымды бойға сіңіру. Ұят дегеніміз - адам бойындағы адамгершілікке жат, жаман қылықты, істі өз мойнына алып, өзіңді-өзің сөгу, өзіңе-өзің ұрсу, өзіңді-өзің дұрыс, әділ, адал жолға салу. Абай атамыз: "Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнәрсені көрмей қалады" дейді. Қылған ісіне осыншалық деңгейде ұялатын адам бүгінде біздің арамызда бар ма, ағайын? Болса
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz