Адам денсаулығына зиянды тағамдардың құрамы және адам ағзасына әсері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . 4

І. Әдебиеттерге шолу

  1. Адам денсаулығына зиянды тағамдарды анықтау . . . 5
  2. Зиянды тағамдарының қысқаша тарихы . . . 7

ІІ . Негізгі бөлімі:

2. 1 Зиянды тағамдарының құрамы және адам ағзасына әсері . . . 8

2. 2 Зиянды тағамдардың оң және теріс жақтары . . . 11

2. 3 Зиянды тағамдарды көп қолданғаннан пайда болатын аурулар . . . 12

ІІІ. Зерттеу бөлімі:

3. 1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы . . . 13

3. 2 Кириешки және Чипсы өнімдеріне және “коко-кола” сусынына сапалық реакция . . . 13

3. 3 Қазақ тағамтану академиясының зерттеу қорытындылары . . . 15

Қорытынды . . . 16

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 19

КІРІСПЕ

Адам денсаулығына зиянды тағамдар қазіргі заманның ажырамас бөлігі. Қарқынды өмір салты қазіргі заман адамына асықпай, сүйіспеншілікпен отырып тамақтануға мүмкіндік бермейді. Күнделікті тамақтанудың орнына жақын маңдағы тамақтанатын жерден пакеттегі жылдам еритін лапша, гамбургерлер немесе хот - догтар мен газдалған сусындар сияқты жеңіл тамақтармен тамақтануға тура келеді. Осындай зиянды тағамдардың адам ағзасына әсерін тәжірибе арқылы зерттеп, оқушылар арасында үгіт жүргізу арқылы жұмыстың өзектілігі анықталады.

Қазіргі таңда қалада кез - келген аяқ басқан жерден тамақтануға болады. Түске таяған уақытта ауылдағы дүкенге кіріп, қандай тағамдарды балалар көп алады деп біраз бақыладым. Екінің бірі жылдам еритін лапша, чипсы коламен, кириешки, газдалған сусын, хот дог алып жатты. Мені қызықтырғаны, осы тағамдар қайдан шықты? Неліктен, ол ересектер мен балалар арасында танымал? Дәрігерлер мен диетологтар айтқандай зиянды тағамдар адам ағзасына, денсаулығына, әсіресе балаларға шынымен зиян ба? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оның шығу тарихымен, дайындалу барысымен және құрамымен таныса отырып, жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалады.

Қазіргі уақытта жылдам тағамдар өте көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Осындай тағамдармен тамақтану шын мәнінде адам ағзасына зиян ба? Зиянды тағамдарды жиі пайдалану зерттеу жұмысымның өзектілігі болып табылады.

Зиянды тағамдарды біреулер күнде ішіп - жеп жүрсе, кейбіреулер анда - санда ғана пайдаланады. Тамақты асықпай үйде дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Дәрігерлер қаншалықты зиян екендігін айтқанымен көптеген адамдардың жиі пайдалануы жұмыстың қарама - қайшылықтарын айқындайды.

Осы орайда барлықтарыңызға қызық болар деген ниетпен осы тағамдар туралы қызықты фактілерді ұсынамын.

Зерттеу нысаны: тағам өнімі

Күтілетін нәтиже:

1. Зиянды тағамдарының құрамын, зиянын білу үшін көптеген әдебиеттерді, газеттерді, журналдарды қарау;

2. Танымдық деңгейді арттыру;

3. Аурудың алдын - алу жолдарын қарастыру;

4. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу;

5. Теориялық білімді өмірде іске асыру;

Бүгінгі ғылыми жұмысымда осындай тағамдардың денсаулыққа зиянын насихаттау мақсатында көптеген жасаған зерттеу жұмыстарымның нәтижесімен таныстырғым келеді.

Жүргізілген зерттеу жұмыстарымда келесі зерттеу әдістері пайдаланылды: іздеу (ақпараттар жинақтау), сауалнама ( әлеуметтік сауал), талдау ( жинақталған ақпараттарды салыстыру) .

Жұмысым келесі жоспардан құралған: кіріспе, негізгі бөлім үш бөлім, зерттеу бөлімі, қорытынды, бір кесте, екі сурет, үш диаграмма, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. Әдебиеттерге шолу

Халықтың денсаулығы - қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылады. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақтың денсаулығын сақтап, нығайту - қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттерінің бірі болып табылады. Көне заманғы қағидада бойынша: «Ас - адамның арқауы» - делінген. Өкінішке қарай, біздің замандастарымыз өзін дені сау және сымбатты сезіну үшін қалай тамақтану керектігін біле бермейді. Тамақтанудың да өзіндік ережелері бар және оларды ескермеуге болмайды, өйткені тамақтану - біздің денсаулығымыздың құрамдас бөлігі екенін есте сақтауымыз қажет.

1. 1 Адам денсаулығына зиянды тағамдарды анықтау

Әлемдік диетологтар адам ағзасына өте зиян тағам түрлерін анықтады. Әрине, олардан адам уланып өлмейді. Алайда, жиі пайдаланған жағдайда түрлі ауруларға шалдығары сөзсіз. 1. Чипсы мен лимонад Чипсы құрамында жоғары концентратты бояғыштар мен дәмдеуіштер де көп мөлшерде кездеседі. Оны дайындау кезінде адам ағзасында қатерлі ісік тудыратын көптеген канцерогендер түзіледі. Ал, майлар болса қан құрамындағы холестериннің деңгейін арттырып, инфаркт пен инсульт сынды аурулардың туу қаупін арттырады. Лимонадтың құрамында аспартам (Е951) бар. Сусынды көп ішкен жағдайда күйзеліске және ашушаңдыққа алып келуі мүмкін. Чипсы мен лимонадты көп тұтынған адам семіздікке шалдығады. 2. Фастфуд Тез әзірленетін тағамдар - фри, шаурма, гамбургерлер және қуырылатын өзге де тағамдар денсаулыққа өте зиянды. Өйткені, мұның барлығын бірнеше рет пайдаланылған майда қуырады. 3. Дүкеннің шұжықтары, кептірілген ет өнімдері Шұжықтар, тұшпара, тартылған ет - бұлардың құрамында қоюландырғыш, май алмастырушы заттар, реттеуіш, иістеуіш сынды қоспалар көпетеп кездеседі. Құрамында канцоргендер жоғары мөлшерде болғандықтан мамандар кептірілген ет пен балықты да қауіпті тағамдардың қатарына жатқызып отыр. 4. Маргарин, тәтті тоқаштар Ең зиянды майлардың барлығы маргариннің құрамынан табылады. Көшеден сатып алынған торт пен тәтті тоқаштарды көп жеген жағдайда семіздіктен құтылу мүмкін емес.

5. Кофе мен энергетикалық сусындар Ересек азаматқа күніне екі бокал кофеден артық ішуге болмайды. Әсіресе, адам ағзасына ерігіш кофе аса зиянды. Ол асқазан қыжылына жиі алып келеді. Ал, энергетикалық сусындардың құрамында кофеиннен бөлек қант, бояуыш, химия және газдар бар. 6. Шоколад батончигі, сағыздар Бұл - түрлі химиялық қоспалар қосылған өте үлкен мөлшердегі колория. Оған адам тез үйренеді және әдетке айналдырады 7. Майонез бен кетчуп Майонездің де құрамында холестеринді арттыратын зиянды майлар көп. Әсіресе пластик ыдыстарындағы майонез адам ағзасына зиянды. Ал, кетчуп құрамында үлкен көлемде консерванттар мен реттеуіштер бар. 8. Йогурт пен балмұздақ

Біздің ойымызша, йогурттың сүттен жасалғандықтан адам ағзасына пайдасы үлкен деп есептейміз. Бірақ олай емес. Йогурттың құрамы реттеуіш, қоюландырғыш, иістеуіш сынды қоспаларға өте бай. Балмұздақ та ағзадағы зат алмасуын баяулататын күшке ие. Оны көп жеген жағдайда артық салмақ қосуыңыз мүмкін.

1. 2 Зиянды тағамдардың қысқаша тарихы

1920 жылдары ең бірінші зиянды тағамдар Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Өткен ғасырдың 80 - 90 жылдары жүгіріп жүріп қоректену деп аталатын тағам бүкіл әлемге тараған. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы зиянды тағамға 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті. Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады. Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы қазақстандықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді. Зиянды тағамдардың кең етек алуы қазақстандықтардың күрт семіруіне әкелді. Ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың адам өледі екен.

Ежелгі дәуірдің өзінде зиянды тағамдар айрықша сұранысқа ие болған. Егер ежелгі әйелдер өз отбасы - ошақ қасында ас пісіруді дұрыс деп санаса, ежелгі римдіктер тағам дайындаудан мүлдем бас тартқан, тіпті кейбіреуінде ас үй болмаған. Оның орнына әр қалада тіскебасар сататын орындар мен базарлар болған деседі. Ол жерде асқазанға не керектің бәрі табылған. Ашытқымен иленген қамырдан пісірілген шелпектер үлкен сұранысқа ие болыпты. Оның бетіне зәйтүн майын жағып береді екен. Көп жылдар өте келе бұл шелпектің беті шұжық, көкөніске толтырылып, ірмшік ерітіліп, итальяндық пиццаға айналды. Басқа елдерде де зиянды тағамға құштар болыпты. Қытай елінде «Доширак» пайда болардан бұрын базарларда тез дайындалатын ыстық кеспе сатылатын. Ал Үндістанда ащы соусы бар чапати деп аталатын тағам берген. Еуропада да әртүрлі тіскебасарлар болған, кейбір елдерде, мәселен, Ресейде бәліштер сұраныспен қолданылған.

ІІ . Негізгі бөлімі:

2. 1 Адам денсаулығына зиянды тағамдардың құрамы және адам ағзасына әсері.

Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам ас мәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына : «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап», «Спрайт» және т. б. кіреді. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін. Тәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады. Тәтті газдалған сусында көп мөлшерде қант қолданылған. Сондықтан бұндай сусындар қан диабетімен ауыратын адамдар үшін өтте қауіпті. Тек диабет ауыратын адамдар үшін еместе тағы бауыр, бүйрек, асқазан ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусының орнына ондай химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніңіз жөн. Картопты «Фри» - құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдігі майлар мен акриламид. Акриламид токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденді. Ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Акриламид көміртекке өте бай . Швед биохимиктері зертеуінде бір порция картопты «Фри» - де акриламид нормасынан 50 есе асып тұр. Яғни бір порция да 50 грамм акриламид бар тіпті бір қорап темекінің өзінде акриламид 20 грамм.
Бір порция картопты «Фри» жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шекенмен бірдей болдық. Бір гамбургер құрамында 46 % тұз, 45 % майлар ал бұл бір күндік норма. Және бұдан басқа 25 % калорий және холестирин. 15 % көмірсутек, 10 грамм қант, 1, 5 грамм зиянды майлар. Катлеттер грилде дайындалғандықтан құрамында концерогендер болады. Гамбурге арналған етте арнайы қоспалар болмауыда мүмкін. Бірақ тоқаш құрамында борлы бидайлы ұн, зиянды майлар, силикаттар, карбонат және сульфат натрийі, қамыр үшін конденсаторлар, калий пропаны. Гамбурге арналған соус құрамында : қант, сироп, майлар, пропиленгликоль альгинат, бензоаты натрий және калий.
Тез дайындалатын тағамның қатарына бәріне танымал кеспелерде жатады. Тез дайындалатын кеспелердің құрамы : қант, пальма майы, бояуыштар, қайнатыңқыраған тұз, лимон қышқылы, ароматизаторлар, кептірілген тауық етті немесе сиыр етті, кептірілген көкөністер, саңырауқұлақтар. Бұндай өнімдерді Қазақстанға басқа елдерден әкелінеді, жақында айтылған жаңалықтарда тез дайындалатын кеспелерді Ресей жерінен әкелінеді. Бұл кеспелерді арнайы тексерістен өтті, кеспелерде адам ағзасына зиян шек таяқшалары бар екенін анықталды. Басқа елдерден тек кеспелер ғана емес басқа да тағам өнімдері Қазақстан жеріне танымалданып отыр осының нәтижесінен басқа тағамдарда бұндай ішек таяқшалары болмауын бізге кім кепілдік береді. Жоғарыда айтылып кеткен тез дайындалатын тағамдарда емес тағы күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамында химиялық қоспалар бар екенін бәрімізге белгілі. Дүкендердегі сатылатын өнімдердің 70-95 % тамақтануда қолдануға болмайды.
Сонымен қатар, өсімдік өнімдері химиялық тыңайтқыштар, гербицидтер, инсектицидтер көмегімен өндіріледі. Жануарларды өсіру гормоны антибиотигімен жемдейді. Тағам өндірісі фабрикалары өнімдерді табиғи жұғымды заттардан айырып, өңдейді. Оның орнына өнімдерге синтетикалық дәрмендер, жасанды консерванттар, қоспалар, ароматизаторлар қосады. Бізге ұнай ма, ұнамай ма - біз химиялық сұйық заттарды амалсыздан ішуіміз керек. Химиялық қоспалар біздің ағза тарамдарында жиналып, сақталады, соңында оны іштен бұзады. Адам жылына ағзаға зиянды 2-3 килограмм химиялық заттарды жеп тауысады екен . Олар күнделікті әдеттегі және залалсыз тағам өнімдерінің құрамында болады.
Химиялық қоспалар көмегімен астық өнімділігін арттырады, өсімдіктің сақтау мерзімін көбейтеді, жемістер, көкөністер, дәндердің сыртқы түрін жақсартады. Алайда бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық - түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцеро -гендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр.
Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, көкбауырдың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған.
Олар Е-121 қоспасы - қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 - амарант бояуы, Е-240 - формалдегид консерванты. Сіздің денсаулығының сіздің қолыңызда. Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмен деп барады. Яғни бұндай тағамдардың әсерінен ауру адамдардың, әйелдердің бала тумау саны жоғарлап бара жатыр. Жоғары да айтылып кеткендей сау адамды науқас қылатын дәл осы тағамдар. Өтініш тағамдардың құлақшаларына (этикетка) қараңыздар!!!

2. 2 Зиянды тағамдардың оң және теріс жақтары

Кока-кола сусынында ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар. Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын - шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жерінізге осы кока- коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз.

Кока- кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазарып шыға келеді.

Кока -кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді.

Кока- кола дақты және иісті жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.

Зиянды тағамдар тақырыбын зерттеу барысында, мен бұл құбылыстың оң жақтарын тапқым келді, бірақ өкінішке орай дәмді және жылдамдығынан басқа өзімізге қажетті ештеңе таба алмадым. Ешқандай пайдасы туралы сөзді кездестірмедім. Тағам біздің ағзамызға дәм мен рахаттан бөлек пайда әкелу керек.

Осы мәселе төңірегінде дәрігерлердің пікірлерімен таныса келе білгенім, барлық дәрігерлер мен диетолог мамандардың пікірлері бір арнада тоғысады - олардың ойынша жылдам тамақтың екі түрі болады: зиянды және өте зиянды.

Жылдам тамақтану жүйесінің кейбір аспектілерін қарастырайық.

Жылдам дайындалатын тамақ өнімдерінде құнарлық шектен тыс көп, бірақ құрамында пайдалы дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.

Зиянды тағамдар майларды қосу арқылы әзірленеді. Бұл майлар өсімдік майлары мен маргариндердің бірнеше қайтара қайнатылғаны. Бұл майлар адам қанындағы холестерин мөлшерін көтереді, зат алмасу процесін нашарлауына әкеп соғады, жүрекке, бауырға т. б. адам ағзаларына зиян келтіреді. Бұл өнімдердің онкологиялық ауруға душар ету қауіпі жоғары. Тұз жүрекке, бүйрекке өте зиян. Біздің ағзамызға аз ғана мөлшерде тұз керек, атап айтсақ тұздың құрамына кіретін натрий. Натрийдің көп мөлшері ағзаға кері әсер береді.

Бұлардың барлығынан біздің ағзамызға зияны болмаса, пайдасы жоқ.

2. 3 Зиянды тағамдарды көп қолданғаннан пайда болатын аурулар

«Ауру - астан» десек те, оған өзіміз мән бере бермейміз. Қазақстандықтар соңғы жылдары зиянды тағамның тұтқынына айналды. Жеңіл асқа жерік көп. Бұл тағам түрі - ағзаға аса қауіпті дейді елдегі гастроэнтерологтар. Еліміздегі адамдардың 80 пайызы дұрыс тамақтанбайтын болып шықты. Соның салдарынан ел арасында ас қорыту жүйесінің бұзылуы, яғни ішек қабаттарының қабынуы, асқазан ісігі сынды дертке шалдығушылар саны көбейген. Өкініштісі сол, соңғы кезде асқазаны ауыратындардың дені жастар. Асқазан ісігіне жетпесе де, ішек қабаттарының қабыну, ойық жараның асқынуы секілді дерттер.

Қазіргі адамдарға тағамның сапасы емес, тез дайындалатындығы маңызды. Кез - келген тағамға қосымша дәмдеуіштер қосылады. Соның бірі - натрий глутанаты. Ол аллергиялық әсерлер береді. Жүйке жүйесінің жұмысына кедергі келтіріп, тыныс алуды қиындатады. Республикалық диагностикалық орталықтың бөлім меңгерушісінің айтуынша, күніне қаралуға 60- 70 адам келеді екен. Жас мөлшері 5 жастан жоғары қарай. Барлығы да жоғарыда айтылған асқазан дертінің себебінен бас сұғады екен. Оның себебі дұрыс тамақтанбау. Тамақтану академиясы бастаған отандық гастроэнтерологтар шала піскен тамақпен күресті күшейтуге мәжбүр. Тіпті тамақтану пирамидасын да ұсынып отыр. Пайдасы сол, қарныңызға ел қондырып, көңіліңізді толтырады демесеңіз, жылдам әзірленетін тағамдардың зияны көбірек. Ол көптеген аурулардың бастауы.

Антисанитарлы жағдайда дайындалған, оған қосылатын заттардың қайда және қанша уақыт тұрғаны белгісіз тағамдар холестерин деңгейін арттырып, аш - ішек пен жүрек - қантамырларында түрлі аурулар туғызады.

Нәрлік құндылығы төмендеген өнімдер адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады. Бұл әртүрлі ауруларға, яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге алып келеді. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр.

Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына әкеп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер.

ІІІ. Зерттеу бөлімі:

3. 1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы

Мектебіміздің 3-11 сынып оқушыларынан төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама -алынған еді:

1. Жылдам тамақ өнімдерін күнделікті қолданасың ба?

2. Кириешки мен чипсы өнімдерін және “коко-кола” сусындарын аптасына неше рет қолданасыз?

3. Жылдам тамақ өнімдерінің денсаулыққа қандай зияны бар?

4. Осы өнімдердің ішінде жиі қолданылатын қандай түрі бар?

Сауалнамаға барлығы 87 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесін саралай келе көзіміздің жеткені, біздің мектептің оқушылары 48% күнделікті, 32% аптасына 2- 3 рет, 11% айына - 1 рет, 9% мүлдем қолданбайтындығы анықталды. Оқушылардың 82% саңырауқұлақтар қосылған кириешки мен чипсилерді пайдаланатындықтары анықталды. Оқушылардың 70% олардың құрамын қарамайтындықтарын айтқан. Ал оқушылардың 87 % кириешки және чипсидің, коко-кола сусынын организмге әсерін білмейтіндігі анықталды. Оқушылардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары бойынша ең көп пайдаланатын кериешкилар болып табылды. Балалардың осы тағамды қалауының басты себебі, олардың оны өте дәмді деп есептеуі. Содан кейін барып екіншіден оның жылдам дайындалып, ыңғайлы болуы.

3. 2 Кириешки және Чипсы өнімдеріне және “коко-кола” сусынына сапалық реакция

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фаст - фуд өнімі
Зиянды тағамдық заттар қоспалары
Тағамдық бояғыштардың жіктелуі
Тағамдық өнімдердің ксенобиотиктермен химиялық ластануы
Азық - түлік бояулары
Қазақ халқының бидай дақылынан жасалатын тағамдары
өсімдік қоспасымен байытылған функционалды бағыттағы жаңа сүзбе десерті технологиясын әзірлеу
Орта мектепте биология курсында салауатты өмір салтын қалыптастыру
Тамақтану туралы түсінік
Фаст-фуд туралы қызықты фактілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz