Қожа Ахмет Йассауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани хикмет


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министерлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Тарих, экономика және құқы факультеті

ҚР тарихы кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Қожа Ахмет Иассауи - ортағасырлық

мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын.

Тексерген: Мухангалиева Ж. Қ

Орындаған студент: Иденген Н. С.

Орал -2022ж.

Мазмұны

Кіріспе

2. Ұлы Дала Дарасы Қожа Ахмет Йассауи

2. 1 «Диуани хикмет»

2. 2 Иассауи және оның заманы

2. 3 Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қожа Ахмет Йассауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йассауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүсттік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Анасының аты Қарашаш болған.

Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.

Қожа Ахмет Йассауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани хикмет». Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

«Диуани Хикметтен» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Йассауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.

Түркі халықтарының орта ғасыр кезіндегі Ислам мәдениетінің ықпалының күшеюі және бір жола араб жазуына көшуі, өмірге көптеген ойшылдарды алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде сопылақ ағымның әсері күшейіп, бірте-бірте қанатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла тағала зандылықты

Ахмет Йассауи - түркі тілдес халықтар арасында сопылық әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, аса көрнекті ақын, есімі ислам әлеміне мәшһүр ойшыл қайраткер. Ол орта ғасырлық Испиджаб (Сайрам) қаласында туылған. Ақынның толық аты-жөні: Хазіреті Сұлтан Шейх-ул-Ислам Қожа Ахмет Йассауи шайық деп жазылған. Ер жете келе Түркістан (ол кезде Йассы деп атаған) қаласына келіп тұрады. Йассыға қоныс аударғаннан кейін ол осындағы атақты Арыстан Баб шайықтан тәлім-тәрбие, діни дәріс алады. Біраз жыл Бұхара шаһарында оқыған. Сөйтіп, Йассы қаласына атақты ғұлама болып оралған.

Қожа Ахмет Йассауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзиясының негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.

Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы қожа мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы Йассауи ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешсісі аталас туысы болып келетін Арыстан баб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесіне

Ахмет Йассауидің есімін мұсылман әлеміне мәшһүр еткен шығармасы “Диуани хикмет” (“Ақыл кітабы”немесе “Даналық кітабы”) болып табылады. Оны “Даналық кітабы” деп те атайды. Ақын өз кітабын Орта Азия мен Қыпшақ даласының түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған құран мен түрлі хадис, тефсирлердіжергілікті түркі халықтарының түсінігі оқуына мүмкіндік берді. “Диуани хикмет” - көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана жазылған дидактикалық-этикалық туынды болып табылады.

“Диуани хикмет” - түркі тілдес халықтардың XII ғасырдан сақталған әдеби жәдігерліктерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағы өазаө әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені Йассауи хикметтерінің тілін ұзақ ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті ғалым А. К. Боровковтың пікірі бойынша “Ақыл кітабы” оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған. Ақын Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі ұланғайыр өлкеде көшіп-қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті болатындай ауыз екі сөйлеу тілінде жырланғаны дау тудырмайды. Бірақ бертін келе жинақты көшірушілер өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген сияқты.

Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. “Ақыл кітабы” Қазан (1887 және 1901ж. ), Стамбул (1901ж. ), Ташкент (1902 және1911ж. ) баспаларынан бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады. Ахмет Йассауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикметі Йассауидің өзінікі екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек.

Түркия ғалымы Ф. Кепрулузаде Ахмет Йассауи хикметтерінің жазылу тарихынан, поэтикасын, әлеуметтік бағдарын тұңғыш рет әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеп, ол туралы келелі ғылыми еңбек жазғаны мәлім. Ғалым 1928 жылы Ахмет Йассауи поэзиясын ғылыми негізде жүйелеп, Стамбул баспаларының бірінен жеке кітап етіп шығарды. Қазіргі зерттеушілердің барлығы дерлік Ахмет Йассауи жырларының осы басылымын негізге алып жүр.

Белгілі орыс ғалымдары А. Н. Самойлович, Е. Э. Бертельс, А. К. Боровков, Г. Ф. Благова, т. б. Ахмет Йассауи жырларын зерттей келіп, кезінде оны жоғары бағалады, әрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерлеріне тигізген әсері зор болғанын ерекше атап көрсетті. Сондай-ақ Ахмет Йассауи поэзиясын зерттеу ісіне Э. Р. Рутамов, Н. М. Маллаев, В. И. Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосты.

“Диуани хикметті” қазақ тіліне аударма жасағандар- М. Жармүхамедұлы, М. Шафиғи, С. Дәуітұлы, Е. Дүйсенбайұлы.

Ахметт Йассауидің “Ақыл кітабын” ғылыми тұрғыдан кең көлемде зерттеп, оған тарихи, әдеби, тілдік тұрғыдан жан-жақты түснік берген М. Жармұхамедұлы болды.

Ахмет Йассауидің “Ақыл кітабындағы” он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы хикметтерінде негізінен өз өмірбаянын жырға қосқан. Соның өзінде, ақын “Диуани хикметтің ” басты идеясын айтудан ауытқып кеткен кетпеген. Қайта ақынның ғұмырнамасы “Даналық кітабының” философиялық мәнін, көркемдік көрінісін жетілдіре түскен. Ахмет Йассауи өз өмірі туралы айта келіп, “не себептен алпыс үште кірдім жерге?” деген сауал қояды. Ақын өмірбаянына бағышталған барлық хикметтер осы жалғыз сауалға жауап болып табылады.

Ислам жолын уағыздаушы данышпан ақын пайғамбар жасына жетіп; Аллаға шүкіршілік етеді, одан әрі, яғни алпыс үш жастан асып, тірі пенделер арасында жүруді өзіне үлкен күнә санайды. Сол үшін ол жер астынан арнайы салынған орынға - хилуетке түсіп, қалған өмірін сонда өткізеді. Бұл туралы ақын өзінің “Даналық кітабында”

Таң сәріде дүйсенбі күн жерге кірдім.

Мұстапаға қайғы тұтып кірдім міне.

Алпыс үште сүндет деді естіп білдім.

Бақыл айтып жер астына қадам қойдым,

Жарық дүниениі талақ етіп, хақты сүйдім (64, 34)

Кезіндк “Диуани хикметті” ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті ғалым Е. Э. Бертельс бұл дидактикалық сарындағы туындының ежелгі түркі поэзиясымен дәстүрлі байланысы бар екенін дәлелдей келіп, төмендегідей пікір айтқан болатын: “Ахмет Йассауидің жырлары күні бүгінге дейінгі қазақ даласына Кіші Азияға дейін кеңінен тараған фольклорлық лириканың түрлерімен сырттай ұқсас болып отырады. Бұл ерекшелікті сопылық әдебиетте алғаш рет Йассауи бастап тұрақтандырды. Осыдан кейін өзге елдердің дәруіштік поэзиясында да бұл үрдіс жалғасын тапты, сөйтіп, жазба поэзия мен фольклордың байланысы бұдан былай жаңа сипат алды” (108, 77) .

Ахмет Йассауи “Ақыл кітабында” “Аллаға жақындай түсу үшін” әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан қтуі керектігін айтады. Біріншісі - шариғат. “Шариғат” - ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды, әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, “тариқат” - дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләзаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқаша суфизімнің негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, “маърифат” - негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болад. Бұл басқыштың негізгі талабы - күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі “бір Алла” екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, “хақиқат” (“фано”) - Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғарғы басқышы. Сопылық түсінік бойынша, “шариғатсыз” - “тариқат”, “тариқатсыз” - “маърифат”, “маърифатсыз” - “хақиқат” болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.

Сонымен, Ахмет Йассауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүлдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Бұл белестер жоғарыда көрсетілгендей-ақ төрт өлшемнен тұрады, олар: шариғат, тариқат, маърифат және хақиқат. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбәр асудың (белестің) он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана “жабарут”, “мәләкут”, “лахут”, “насут” деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады. “Жабарутты” түсіну адам үшін табиғатпен үйлесімділік табу деген сөз. “Мәләкут” әлеміне енген адам өмірдегі тіршіліктің мағынасына, адамның танып-білу күшіне қанық болады. Адам “лахутқа” жеткенде бұл жалғаннан безіп, рухани өмірге жететін құдіретті күшті меңгереді. Міне, осы үш өлшемнің басын қосып тұрған әлем - “насут” болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Йассауи өмірі туралы
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі жайлы
Диуани Хикмет туралы ақпарат
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қожа Ахмет Яссауидың сопылық дүниетанымындағы этикалық мәселелер
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Қазақ жеріндегі исламның таралуы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz