Сарымсақтың биологиялық құрамы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ

I.КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 САРЫМСАҚ ТАРИХЫ МЕН ХИМИЯЛЫҚ ҚРАМЫ
2.2 САРЫМСАҚ - ПИЯЗ ТҰҚЫМДАСЫ
2.3 САРЫМСАҚ ӨНІМІ

III.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
3.1 САРЫМСАҚ - САНСЫЗ АУРУҒА ЕМ
3.2 МЕНІҢ ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕМ
III.ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

АННОТАЦИЯ
Біз күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сарымсақтың бірнеше ауруға ем екенін білеміз. Алайда оның пайда болу тарихынан бейхабармыз. Осы орайда сарымсақтың нақты қандай ауруларға емдік дәрі ретінде қолданылатынын толығырақ ашып айтуды жөн көрдік. Бұл жайында айтпас бұрын сарымсақтың қайдан шыққанына үңіліп көрейік. Көбінесе, сарымсақтың отаны деп Орталық Азия аталады. Кейбір деректерде Алтай таулары мен Тянь-Шань арасындағы жазықтық деп жазылған. Мыңдаған жыл бұрын ол Қытайға, Египетке және басқа елдерге келуі де мүмкін деген дерек те жоққа шығарылмайды. Басқа нұсқалар бойынша, сарымсақ Орта Азия немесе Ауғанстанның тау бөктерінде, Оңтүстік-батыс немесе тіпті Оңтүстік Азияда пайда болған. Мұнда жергілікті халық әлі күнге дейін жабайы өсетін сарымсақты пайдаланады, ол өзге дақылдардан айтарлықтай ерекшеленбейді. Оның өткір иісіне қарамастан, ежелгі Мысырда да, Грекияда да, Римде де, Үндістанда да өсірген. Ал Ежелгі Қытайда сарымсақты мүлде басқа мақсатта пайдаланған. Аспан асты елінде сарымсақ жерлеу рәсімі кезінде зұлым рухтарды қорқытатын күш ретінде қолданылды. Бүгін мен сіздерге жоба барысында сарымсақтың емдік қасиеттерін зерттеп тұжырымдайтын боламын.

АННОТАЦИЯ
Мы знаем, что чеснок, который мы используем в повседневной жизни, является лекарством от нескольких заболеваний. Однако мы не знаем истории его возникновения. В этой связи мы решили более подробно раскрыть, при каких конкретно заболеваниях чеснок используется в качестве лечебного средства. Прежде чем говорить об этом, давайте посмотрим, откуда взялся чеснок. Чаще всего родиной чеснока называют Центральную Азию. В некоторых источниках написано, что равнина между алтайскими горами и Тянь-Шанем. Не исключается и тот факт, что тысячи лет назад он мог приехать в Китай, Египет и другие страны. По другим вариантам чеснок возник в предгорьях Средней Азии или Афганистана, юго-западной или даже Южной Азии. Здесь местное население до сих пор пользуется дикорастущим чесноком, который мало чем отличается от других культур. Несмотря на его резкий запах, он выращивался как в Древнем Египте, так и в Греции, Риме и Индии. А в Древнем Китае чеснок использовали совсем в других целях. В Поднебесной чеснок использовался в качестве силы, отпугивающей злых духов во время похорон. Сегодня я расскажу вам о целебных свойствах чеснока в ходе проекта.

ANNOTATION
We know that garlic, which we use in everyday life, is a cure for several diseases. However, we do not know the history of its origin. In this regard, we decided to explain in more detail what specific diseases garlic is used as a medicine. Before we talk about it, let's look at where garlic comes from. Most often, the homeland of garlic is called Central Asia. In some sources, it is written that it is a plain between the Altai Mountains and the Tien Shan. The fact that thousands of years ago it could have come to China, Egypt and other countries is also not excluded. According to other versions, garlic originated in the foothills of Central Asia or Afghanistan, in Southwest or even South Asia. Here, the local population still uses wild garlic, which is not very different from other crops. Despite its pungent smell, it was cultivated in Ancient Egypt, Greece, Rome, and India. And in ancient China, garlic was used for a completely different purpose. In the Middle Kingdom, garlic was used as a force to repel evil spirits during funerals. Today I will tell you about the medicinal properties of garlic in the course of the project.

Ғылыми жобаның мақсаты - сарымсақтың емдік қасиеттерін оқу мен дәріптеу және насихаттау.
Ғылыми жобаның өзектілігі: сарымсақтың емдік қасиеттерін танымдық тұрғыдан зерттелуі.
Ғылыми жобаның міндеттері:
- сарымсақтың емдік қасиеттеріннің сырларын танып-білу;
- сарымсақтың емдік қасиеттері жайында зерттеулер жүргізген әлем ғалымдарының ғылыми зерттеулерімен танысу;
- сарымсақтың емдік қасиеттеріннің тәжірибелер нәтижесінде пайда болған өзгерістер сырын ұғыну;
- Оқушылардың бойында сарымсақ қасиеттері жайлы еңбектерін құрметтеу дағдыларын қалыптастыру;
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Зерттеу жұмысы сарымсақтың емдік қасиеттері арқылы оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі және зияткер ұрпақтың қалыптасуына тарихи көмек.
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістерін қолданылды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: сарымсақтың емдік қасиеттері және сарымсақтың көптеген мүмкіндіктерін және мән-маңызы айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта сарымсақтың емдік қасиеттерін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің пәндерінде жайлы қосымша эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.
Зерттеудің дербестік нәтижесі:
- сарымсақтың емдік қасиеттеріннің сырлары айқындалды;
- сарымсақтың емдік қасиеттері таныстырылды;
- сарымсақтың емдік қасиеттеріне байланысты нақты мәліметтер ашылды;
- сарымсақтың емдік қасиеттерін бақылай келе, нақты тәжірибе жүргізу барысында сарымсақтың сыртқы қабығының өзіндік пайдасы бар екені мен үшін үлкен жаңалық болды.
Ғылыми жобaның ғылыми жaңaлығы: сарымсақтың емдік қасиеттерін танымдық тұрғыдан зерттелді.

КІРІСПЕ

Сарымсақ- пияз тұқымдастарына жататын шөп тәріздес өсімдік. Отаны - Шығыс Азия.
Жабайы сарымсақ екі жылдық, ал шаруашылық мақсатында өсірілетін сарымсақ көпжылдық . Сарымсақтың дәмі ащы, иісі өткір.
Сарымсақты өнімі жер астында өседі. Жер құнарлы әрі жұмсақ болса , сарымсақтың көлемі үлкен болады.Сарымсақтың өнімі бірнеше кішкене бөлікшелерден тұрады. Жинап алар алдында сарымсақтың жапырағын орап немесе байлап тастаймыз. Сабағы қураған кезде жуасын қазып алып, топырағын сілкіп түсіреміз де сабағынан 2см - дей қалдырып кесеміз. Тамыры мен жапырағын қиып тастаймыз. Сарымсақ температурасы 3 градустан, 0 градусқа дейін құрғақ, қоңыр салқын орында сақталады.
Сарымсақ көп жылдар бойы көкөніс ретінде де , емдік өсімдік ретінде де қолданылып келеді. Сарымсақ құрамында В тобының витаминдері,
С витаминдері және Д витаминдері, йод, май тағы басқа заттар бар. Оның ащы және тәтті екі сорты болады. Ащы сорты Солтүстік және Орталық ендікте, тәтті сорты Оңтүстік кең тараған.
Қазіргі кезде сарымсақтың құрамы ғылыми тұрғыда анықталып, адам организмі үшін пайдалы екендігі зерттелген.
Сарымсақтың құрамында ауру тудыратын микробтардың көптеген түрлерін жоятын ерекше заттар болғандықтан, ол медицинада да кеңінен қолданылады. Халық арасында сарымсақты көптеген ауруларды емдеуге ертеден пайдаланған.
Жапон ғалымдарының дәлелдеуінше сарымсақ адам миындағы қартаю процессін бәсеңдетеді. Есте сақтау қабілетімен эмоцияға қарсы жауап беретін жасушаларды жақсартады. Көптеген халықтың халық медицинасында маңызды ролге ие - осы сарымсақ.
Қытайдағы халық медициансында ас қорыту жолдарымен тыныс алу жолдарына қатысты ауруларды емдеуге, обаға, тырысқақ індеттерінен қорғану үшін осы сарымсақты қолданылған.
Ал орыс халқы сарымсақты уды кетіру үшін, жылан шаққанда, шипа болу үшін жұқпалы індеттерден сақтану үшін пайдаланған.
Сарымсақтың сырын Давид Мирельман есімді дәрігер ашқан. Сонда ол сарымсақ адам бойындағы ауру туғызатын зиянды микробтарды өз бойына жұтып алуға бейім екендігін айтқан.
Сарымсақ тек науқас адамдарға ғана емес, дені сау адамдарға керек. Осы орайда мен сарымсақты аурудың алдын алу үшін күніне 2-3 түйірін, ал ауруды емдеу үшін 4-6 түйірін жеу керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде көптеген адамдар сарымсақтың пайдасын біліп те, білмей де иісіне бола пайдаланбайды.Кейде мен тіпті тамақтың арасынан теріп отыратындарды да көремін. Осы орайда сарымсақтың пайдасын тереңірек зерттей отырып қандай ауруларға қарсы тұра алатынын насихаттай отырып, осы өсімдікті дұрыс пайдалануды ұсынамын. Сарымсақты пайдалана отырып, сіздер өздеріңізді көптеген аурулардан алдын-ала сақтай аласыздар.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 САРЫМСАҚ ТАРИХЫН ЗЕРДЕЛЕУ

Аллаһ Тағала Мұса пайғамбар (а.с.) қауымын түрлі сынаққа салып, 40 жыл шөлде қаңғыртқаны белгілі. Көктен бізге тамақ түссін дегенде, оларға үнемі бөдене еті мен мәннә шырыны түсіп тұрған. Бірақ біршама уақыттан кейін әлгі қауым қайта баяғы әніне басады. Өздері бұрын көп тұтынған көкөніс түрлерін, жеңсік астарын аңсайды. Тамақтың бір түрінен жалыққандарын айтып, Мұса пайғамбарға (а.с.) шағымданады. Осы оқиға баяндалғанда, аяттағы көкөністер қатарында сарымсақ та аталған:
Қане, сендер былай деп едіңдер: Әй, Мұса, тамақтың бір-ақ түріне енді төзе алмаймыз. Біз үшін Раббыңа дұға ет, бізге сәбіз, acқабақ, сарымсақ, жасымық пен пияз секілді жер өнімдерінен берсін(Бақара, 61).
*Адамдар үшін пайдалы болған сарымсақ иттер мен мысықтар үшін улы болып саналады.
Дара жарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын өсімдіктер - даражарнақты өсімдіктер. Бұлар пиязшықты, кейде түйнек-пиязшықты және тамырсабақты, көпжылдық өсімдіктер болып табылады. Таспа тәрізді немесе сопақша жапырақтары жалпақ және түтікшелі болып келеді. Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады. Гүлдері - ұсақ, жай шатыршагүлге жиналады. Күлтелері қызғылт, ақ, күлгін және қаңқызыл түсті.
Гүлдері жапырақсыз гүлсидамның ұшында дамиды. Гүлдері ашылғанға дейін бүкіл гүлшоғырының сыртын мөлдір қабықша қаптайды. Гүл жарған соң қабықша құрап қалады. Пияз тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі - қауашақ. Пияз тұқымдастарды тұқымынан да, өсімді мүшесінен де көбейтуге болады. Ғаламшарымызда пияз тұқымдастардың 650-ге жуық түрі таралған. Қазақстанда олардың 110-ға жуық түрі өседі. Пияз тұқымдастар - азықтық, мал азықтық, дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер.
Сарымсақ - пияз туысты, көпжылдық өсімдік.
Сарымсақ (лат. Allium sativum) амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын адамзат кеңінен асқа, медицинада пайдаланатын көкөністің түрі.
Оның пиязшығы өте көп пиязшықтардан - тілшелерден құралады. Сарымсақтың пиязшығы және тілшелері жұқа құрғақ қабықшамен қапталады. Сабағының биіктігі 1 метрге дейін жетелі. Жапырағы жалпақ, қатар жүйкелі. Гүлсидамы 1,5 м биіктікке дейін өседі. Сарымсақтың өзіне тән иісі болады. Сарымсақ пиязшығының құрамында 20-27% полисахарид, нәруыз, 7-28 мг% С витамині бар. Құрамындағыбактерияларды жойып жіберетін эфир майы медицинада қолданылады. Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшпа заттар фитонцидтер деп аталады. Бұл грекше фитон - өсімдік латынша каедере - жою, яғни жойғыш өсімдік деген мағына береді. Сарымсақ - тағамдық, көкөністік өсімдік.
Оны шұжық өндіруде, сүрлеме жасауда, асқа дәм беретін зат есебінде пайдаланады.

Хадистерде
Ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.с.) төмендегідей бірқатар хадистерінде сарымсақтың өте пайдалы екендігін, оны емге жарату керектігін білдірген.
Сарымсақ жеңдер, сонымен емделіңдер. Өйткені ол жетпіс түрлі ауруға ем Сарымсақ немесе пияз жеген кісі (иісі кеткенше) мешіттерімізге жоламасын, үйінде отырсын (Бұхари, Әдеп, 76; Азан, 1207)
Кейде Расулаллаһқа (с.а.с.) көкөністен жасалған тамақ әкелінгенде, алдымен иісін байқап, неден жасалғанын сұрайтын. Қай көкөніс түрі екенін анықтап, өзі жемейтін болса, жанындағы сахабаларының біріне беретін. Әлгі сахабасының сәл тартынғанын байқаса: Сен маған қарама, же. Өйткені мен сен секілді емеспін, сен сөйлеспейтіндермен (періштелермен) тілдесемін дейтін (Мүслим, Мәсажид, 73).
Ислам діні көпшілік жиналатын орындарды таза ұстауға шақырады. Сондықтан, мешітке жамағатқа ұнамсыз жағымсыз иіспен бармауды ескерткен. Ал Расулаллаһтың (с.а.с.) пияз не сарымсақ та жемей өзін әр уақыт таза ұстауы - ол кісіге Жәбірейіл періштенің жиі келіп тұратындығы себепті еді.
Сарымсақ иісі жағымсыз болғанымен өте пайдалы. Ол жайлы жоғарыда аз да болса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сарымсақтың химиялық құрамы
Сарымсақтың пайдасы жіне қызықты мәліметтер
Кверцетин – табиғи биофлавоноид
Өсімдік фитонцидтерінің емдік қасиеттерін зерттеу
Жеміс – жидек түрлері
Қытырлақ нанның қамырын дайындау
Оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
Сарымсақ сорттары
Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Орманды қорғау
Вегетативті көкөністерді сақтау ерекшеліктері
Пәндер