Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы
ТҰРАНУНИВЕРСИТЕТІ
МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАН
ГУМАНИТАРЛЫ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Білім беру бағдарламасы: 7M03102 - Психология
БЕКІТЕМІН:
Психология кафедрасының меңгерушісі
PhD, доцент
Т.П. Васько _________________________
__________________2021 г.
МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
Магистрант:
Төлеубаева Майра Сапарғалиқызы
Топ:
2 семестр 2021-2022 оқу жылы
Ғылыми жетекші:
психол.ғ.к., қауымд. профессор, Мырзатаева Бибымария Пердешовна
I Бөлім. Жеке ғылыми-зерттеу жұмыс жоспарының бөлімдері бойынша есеп
№
1-2 семестр бойынша МҒЗЖ жұмыс түрі
Орындалу уақыты
1
Әдістемелік әдебиеттерді талдау
10.2021 - 12.2021
2
Ғылыми жетекші мен зерттеу тақырыбын бекіту
09.2021-10.2021
3
Магистрлік диссертацияның тұжырымдамасын дайындау
11.2021 - 12.2021
4
Магистрлік диссертацияның жоспарына дайындық
09.2021-10.2021
5
Магистрлік диссертацияның әдебиеттер тізімін дайындау
09.2021-12.2021
6
Магистрлік диссертацияның кез келген аспекті бойынша мақала немесе тезис даярлау
12.2021-05.2022
7
Ғылыми іс-шараларға қатысушы немесе тыңдаушы ретінде қатысу
Жыл бойы
8
1-2 семестр бойынша МҒЗЖ есебін дайындау
06.2022
II Бөлім. Семестрдегі ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері туралы мазмұндық есеп
1. Магистрлік диссертацияның тұжырымы
Психология ғылымдарының кандидаты, қауымд. профессор Мырзатаева Бибымария Пердешовнаның ғылыми жетекшілігімен Бірінші курс студенттерінің колледжге бейімделуін психологиялық қолдау тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы бекітілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Жаңа ортада, жаңа жағдайда жас маманның қалыптасуы кәсіптік оқу орнында қандай білім алғанына, қандай іскерлік пен дағдыларды меңгергеніне ғана тəуелдí емес. Ең маңыздысы өндірісте, жаңа ортада болашақ маманның бейімделуіне байланысты.
Студенттердің психологиясының қалыптасуы, алдымен, олардың басты еңбегі -- оқуына, болашақ мамандығына деген ниеті мен ықыласына қоғамдық белсенділігіне байланысты болады.
Бүгінгі маман -- еліміздің саяси максаттарын айқын көретін, ғылыми жəне практикалық мол даярлығы-тәжірибесі бар, өз мамандығын жақсы, жоғары денгейде меңгерген адам.
Колледж студенттерінің проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелік категориясы ретінде Б.Г. Ананьевтің психологиялық мектебі зерттеді.
Колледж студенттерінің психологиялық даму ерекшеліктерін шетелдік ғалымдардан Н.В. Кузьмина [6], Ю.Н. Кулюткин, А.А. Реан, Е.И. Степанова, П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин, В.А.Якунин, И.А. Зимняя [8] және т.б. зерттесе, отандық ғалымдар Қ.Б. Жарықбаев [9], С.М. Жакупов [10], З.Ә. Исаева, Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева, М.А. Құсайынова және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде сарапталып өзіндік тұжырымдама берген. Бірақ көптеген ғылыми еңбектерді қарастыра келе колледж студенттерінің психологиялық нақты даму ерекшеліктері негізінде осы оқу орнының оқу жағдайларына бейімдеу мәселесі әлі де толық зерттелмегені айқындалды. Сондықтан, колледж студенттерінің оқу жағдайларына бейімделуінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отыр. Осы қайшылықты ескере отырып, біз ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Бірінші курс студенттерінің колледжге бейімделуін психологиялық қолдау деп белгіледік.
Зерттеудің мақсаты: 1 курс студенттерінің колледжге бейімделу деңгейлерін анықтау, колледжге бейімделе алмаған студенттерге психологиялық қолдау көрсету
Зерттеудің міндеттері:
oo 1 курс студенттерінің колледжге бейімделуін әлеуметтік - психологиялық қолдау бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу жасау;
oo 1 курс студенттерінің колледжге бейімделу деңгейлерін анықтау;
oo 1 курс студенттерінің колледжге бейімделуін әлеуметтік - психологиялық қолдаудың кешенді бағдарламасын жасау және оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру;
oo Эксперименттік зерттеу нәтижелерін шығару, ұсыныстар дайындау.
Зерттеу нысаны: техникалық және кәсіптік орта білім беру оқу орнындағы 1 курс студенттерінің колледжге бейімделу үрдісі.
Зерттеу пәні: 1 курс студенттерінің колледжге бейімделуін психологиялық қолдаудың жолдары
Зерттеудің болжамы: егер, 1 курс студенттерін колледжге бейімдеуге арналған түзету сабағының бағдарламасы құрастырылып, жүргізілсе, онда олардың колледжге бейімделу үрдісі жылдамдайды.
Зерттеудің әдістері мен әдістемелері:
- ғылыми жұмыс ретінде алынған мәселе бойынша зерттеулерге теориялық талдау;
- диагностикалық әдістемелер
- мәліметтерді статистикалық талдау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері:
Л.С.Выготскийдің психика дамуының мәдени-тарихи теориясы, В.В. Давыдов еңбектері мен тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:
1 курс студенттерінің колледжге бейімделуінің психологиялық мәні ашылып, осы үрдісті психологиялық қолдаудың бағдарламасы ықпалының тиімділігі айқындалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: 1 курс колледж студенттерінің бейімделу үрдісін психологиялық қолдаудың бағдарламасын колледж психологтары мен оқытушылары, әлеуметтік педагогтар өз жұмыстарында пайдалана алады. 1 курс студенттерінің колледжге бейімделуіне жағдайлар жасау бойынша берілген ұсыныстарды ата-аналар өздерінің отбасындағы тәлім-тәрбие үрдісінде қолдана алады.
2. Магистрлік диссертацияның жоспары
Диссертациялық зерттеу жұмысы бойынша теориялық бөлім мен әдебиеттерге шолу жүргізілгеннен кейін ғылыми жетекшімен келісе отырып, зерттеудің жоспары құрылды. Магистрлік диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында кестелер мен диаграммалар көрсетілген. Жұмыстың жалпы көлемі 90 бет.
КІРІСПЕ
1 БӨЛІМ. 1 курс студенттерінің колледжге бейімделуінің теориялық негіздері
1.1 Бейімделу әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде.
1.2 1 курс студенттерінің колледжге бейімделуінің ерекшеліктері.
1.3 Мазасыздықтың колледждің 1 курс студенттерінің колледжге бейімделуіне әсері
1 бөлім бойынша қорытындылар.
2 БӨЛІМ. 1 курс студенттерінің колледжге бейімделуін психологиялық қолдауды эксперименттік зерттеу
2.1. Колледждің 1 курс студенттерінің бейімделу деңгейлерін анықтау және оның нәтижелері
2.2.Колледждің 1 курс студенттерінің бейімделуін психологиялық қолдаудың бағдарламасы және оны сынақтан өткізу
2.3.Колледждің 1 курс студенттерін психологиялық қолдау бойынша эксперимент жұмысының нәтижелері
2 бөлім бойынша қорытындылар
Қорытынды
1.1 Бейімделу әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде
Бейімделу (лат. adaptare -- бейімделу) ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі. Бейімделу үрдістері биологияның негізгі ұғымдарының бірі -- гомеостазды сақтауға бағытталады. Биологиялық бейімделу ағзаның барлық деңгейлерін қамтиды: молекулярлықтан бастап, іс-әрекетті психикалық реттеуте дейін. Экстремалды жағдайларға бейімделу сәттілігінде жаттығу процестері, индивидтің функционалдық, психикалық және моральдық күйі маңызды рөл атқарады. Бейімделу сондай-ақ теориялық ұғым ретінде гештальт психология, швейцар психологы Ж.Пиаже шығарған интеллект даму теориясындағы индивид пен қоршаған орта арасындағы өзара қатынастың гомеостаздық тепе-теңесу процестері ретінде түсіндіретін психологиялық тұжырымдамаларда да кеңінен қолданылады. Талдағыштар сезгіштігінің тітіркендіргіштердің әсеріне икемделуі. Нәрселердің бейнесін қабылдау кезінде көз шағылыстыратын жарықтың әсерлігі біртіндеп бәсеңдейді, немесе қараңғы бөлмеге кірген адамның көзі біртіндеп маңындағыларды көре бастайды. Сол сияқты, құлаққа жағымсыз естілетін дыбыстарға да бейімделу түрліше болады. Адамның уақытты түйсініп қабылдауға бейімделуі де әр қилы болуы мүмкін. Бейімделу мерзімі бірнеше секундқа, ондаған минуттарға созылады. Бейімделу орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметтері арқылы реттеледі. Адамның бейімделуі биологиялық және психологиялық деп екіге бөлінеді: біріншісі, ағза функцияларының және құрылымының ортадағы жағдайға, шартқа бейімделуі; екіншісі адамның әлеуметтік индивид ретінде, белгілі талаптарға, жағдайларға, принциптерге, әлеуметтегі және қоғамдағы әдептілік ережелеріне, өзіндегі жекелік қасиеттерін ескере бейімделу үрдісі болып танылады. Әлеуметтік ортаның талаптарына индивидтің белсенді бейімделу үрдісі психологияда әлеуметтік бейімделу (әлеуметтену), әлеуметті аккомодация деп аталады. Қабылдаудың нәтижелілігін арттыру және рецепторларды шектен тыс жүктемеден сақтау мақсатымен сезім мүшелерінің әртүрлі стимулдар ерекшеліктеріне сәйкес бейімделу орын алады. Бейімділік -- индивидтің өзін қызықтыратын белгілі бір іске тандамалы бағыттылығы. Өмірде кездесетін жағдайларға, ең жақсы түрде бейімделуге ықпал ететін адам қылығы.
Колледж студенттерінің бойында мазасыздану күйі ұзақ уақытқа созылатын болса, бұл ол баланың жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Нәтижесінде уақыт өте келе, астения дамиды, яғни жүйке бірте-бірте тозады, әлсірейді. Астения кезінде шаршау жиілейді, жұмысқа деген бала қабілеттілігі төмендейді, зейін қоюлары нашарлайды, естері әлсірейді. Әрине, бұл кемшіліктердің барлығын жоюға болады, бірақ оларды жоймайынша оку іс-әрекетіңде табыс, нәтиже төмендей беретіні сөзсіз. Үнемі бола беретін нәтижесіздік жағдайы уақыт өте келе, шындыққа деген пессимистік қатынасты, көзқарастың пайда болуына және депрессивті күйдің өріс алуына себепші болады. Әдетте мінез-құлықтық қиыңдықтар дегенді әдебиетте "мектептік мазасыздану" деген терминімен түсіндіріп жүр. Белгілі Кеңес Одағының психологы Б.Г. Ананьев студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси - қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді. Эмоциялық күй-қалып жөнінде Қазақстанда жазылған еңбектер де бар. Мысалы, айтып кететін болсақ, М.В.Кузубованың "Жасөспірімдік шақтағы мазасыздану жайлы" және АЛ.Ескендірованың "Агрессияға" байланысты кандидаттық диссертация жұмыстары белгілі. Психология ғылымдарының докторы, профессор С.М.Жақыпов өзінің "Оқыту процесінде студенттердің танымдық іс-әрекетін басқару" еңбегінде мынандай құнды пікірді алға тартады. "Бірлескен іс-әрекет жағдайында эмоциялар санаға жекелеген ұғымдар жөнінде белгі береді. Бірлескен іс-әрекетте бір субъектінің эмоциясы өзге субъект үшін жеке мән-мағына жайлы белгі ретіңде болуы мүмкін.
Қазіргі заманның талабы, жас ұрпақты тұлға етіп тәрбиелеу, ол тұлғаның дүниетанымы кең, өзін-өзі қоғамда, өзі білім алып жатқан оқу орнындағы ұжымда бақылай алатын және кез келген ортада өз-өзін таныта білетін болуы қажет. Бұл міндеттер баланың сол оқу орнына бейімделуімен тығыз байланысты. Осы аталған міндеттерді шешу қазіргі кездегі психологиялық - педагогикалық ғылымның басты міндеті болып саналады.
Мектеп табалдырығынан кейін оқушылардың колледжде білім алуға келулері, олардың өміріндегі алғашқы дербес басқан қадамдарының бірі.
1 курсқа білім алушыларының колледж өміріне қалыптасу кезінде жақсы ойластырылып ұйымдастырылған жұмыс, көшет егін дайындығы тәрізді өз ісінде жас шебердің кәсіби қалыптасу ісінде көбірек елеулі жетістік әкелетіні баршамызға белгілі.
Баршамызға белгілі, жас, көпті көрмеген ұлдар мен қыздар мектептен басқа оқу ортасына түсіп, жаңа оқу орны, жаңа орта, жаңа тәртіпке-тәуелсіз, қарама-қайшы уәждемемен тиімді түрде бейімделе алмайды, жақсыға ұмтылуды қойып, кәсіби хабарлардан алыс басымдық таңдайды.
Қазіргі кезде кез келген оқушылардың мектептен кейін колледжге түсіп, сол оқу орнына бейімделуіне көңіл аударуларының орасан зор әлеуметтік мәнге ие, білім алушыларға қойылатын колледждің барша талаптарын оқушылардың орындауларын қамтамасыз ететін мұғалімдер, олардың білім мен білік, дағдыны дұрыс игеру кезіндегі жауапкершілік әрқашан бірінші орынға шығады.
Бейімделу үдерісі - үздіксіз үдеріс болып табылады, егер де сол жүйеде еңбек субъектісі - кәсіби орта болған жағдайда ғана ол тұлғаны белсендіре алады.
Колледж өміріне білім алушылардың бейімделу процесінде 3 түрлі кезеңді алып қарауға болады:
1.Бейімделуге қиналу.
2.Орнығу.
3.Бейімделудегі жүдеу.
Осы кезеңдер іс-әрекет субъектісінің ақпараттық, энергиялық, мінез-құлықтық ресурстардың арақатынасын бейнелейді және өнеркәсіптік ортаның талаптарын орындайды.
Бейімделу - бұл белсенді іс-әрекеттің алғышарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді.
Білім алушылардың колледжге психологиялық бейімделуі - оқу орнында қалыптасқан талаптар мен бағалардың өлшемдеріне құндылықтар мен нормаларды өзіне иемденудің есебінен білім алушының сол оқу орнына икемдену қабілетін айтады.
Бірінші курс білім алушыларының оқу орнының жағдайына бейімделуінің үш түрі бар:
1) формальды бейімделу, білім алушылардың жаңа ортаға, колледж құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның талаптарына қатысты;
2) қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс білім алушыларының топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі;
3) дидактикалық бейімделу, колледждегі білім алушылардың оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістеріне байланысты бейімделуі.
Көпшілік бірінші курс студенттері кеше ғана мектептегі мұғалімдерінің назары мен қамқорлығын сезінген олар оқу орны жағдайында алғашында дискомфортты сезінеді. Оларды арнайы оқу орнындағы жаңа іс-әрекеттері - ол жауапкершілікті тәуелді қатынастардың сапалы өзгеше жүйесі. Онда ең бірінші орынға өз мінез-құлқын өз бетімен реттеу қажеттілігін, өз ісі мен тұрмысының ұйымында бостандық дәрежесінің болуы қойылады.
Әр оқушының бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді. Еңбек тәжірибесі бар жас адамдар студенттік өмірмен тұрмысқа жеңіл және тез бейімделеді, ал кешегі оқушылар - колледждегі жұмыстарға жақсы бейім. Студенттік топтың міндеті - жалпы оптималды іс-әрекет үшін жағдай жасау.
Әдетте, барлық оқу орындарында бірінші курстықтарды оқу орны жағдайына бейімдеуге көмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады. Маңыздырақ іс-шаралар қатарына Колледж студенттеріне арнау, Мамандыққа кіріспе курсының оқытылуы, алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен бірінші курс колледж студенттерінің сөз сөйлеуі, бақылау, бағалау шаралары жатады.
Бірінші курс студенттерімен негізгі жұмыс міндеттерінің бірі - ол өз беттік жұмыстың рационализациялау мен оптимизациялаумен оларды таныстыру болып табылады.
Студенттердің өздік жұмысын семинар, практикалық және зертханалық сабақтары арқылы бақылайтын кейбір студенттер тарапынан сәйкес талаптарды орындаудан қашып және оған енжарлық танытулары да байқатады.
Мамандарды даярлаудың сапасын көтеру үшін үлкен резервтері студенттер білімін бақылауды жүзеге асыруды ашады. Емтихандық сессияларда үлгерімдікті бақылау жүйесі студенттердің тек сол кезде ғана дайындалып, кейіннен ұмытуға себепші болатын жағдай ғана. Студенттердің кітаппен жұмыс жасау, бүкіл семестр бойына жүйелі түрде дайындалмауы кездейсоқ емес [2].
Негізінен студенттер күнделікті профильдік сабақтарға 2-3 сағаттан артық жұмсайды, және 22,8% бұған 1 сағаттан аз уақыт бөледі. Кейбір студенттер күрделі, қиын сайысқа қатысамыз деп, соңында оқуға жауапкершілікпен қарауға дайындықсыз болып қалады. Қолға қалам алмай, сабақ туралы мүлдем ұмытады. Студенттердің тек 9,6 % -ы әдетте семестр бойы дайындалып, емтихан кезінде өткенді қайталай салады, ал 47,6% -кітап және конспект бойынша бүкіл курс материалдарын қайталап шығады, және 42,8%-ы тек конспект бойынша даярланады.
Студенттің оқу орнына оңтайлы бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс студенттің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б. білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу оқу орнының психологиялық қызметінің дамуымен байланысты. Колледж оқушыларының әр курстағы дамуы бірнеше сипатқа ие.
Бірінші курс ұжымдық өмірдің студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті үйрету міндетін шешеді. Студенттердің мінез-құлқы конформизмнің жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Бірінші курстағы колледж студенттерінде өз рөлдеріне дифференциацияланған қадам жоқ.
Екінші курс - колледж студенттерінің оқу әрекетіндегі ең қысым түсетін оқыту мен тәрбиелеудің барлық түрлері жедел араласады. Студенттер жалпы дайындықты алады, олардың мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері қалыптасады. Берілген ортаға бейімделу үрдісі негізінен аяқталған деп саналады.
Үшінші курс - мамандандырудың басталуы, ғылыми жұмысқа қызы-ғушылықтың күшеюі, студенттің кәсіби қызығушылығының тереңдеуі мен ары қарай дамуының бейнеленуі ретінде көрінеді. Мамандануға табанды қажеттілік жеке адамның жан-жақты қызығушылықтары аумағының таралуына жиі әкеліп соғады. Әдетте, жоғарғы оқу орнындағы жеке адамның қалыптасуының түрлері мамандану факторымен анықталады.
Төртінші курс - оқу іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші нақты танысу. Студенттер мінез-құлқын арнайы дайындықтың рационалды түрлері мен жолдарын интенсивті іздестіру. Колледж студенттері мәдениет пен көпшілік өмір құндылықтарын асыра бағалайды; оқу орнын жақында тәмәмдау перспективасы - болашақ іс-әрекет түрін нақты тәжірибелік қағидалары қалыптасады. Жұмыс орны, материалдық және жанұялық жағдаймен байланысты одан әрі өзекті бола бастаған жаңа құндылықтар пайда болады. Колледж студенттері біртіндеп оқу орнының ұжымдық өмірінен алшақтай бастайды.
Үшінші және төртінші, кей жағдайда екінші курстарда өмірлік серігін іздеу маңызды рөл атқарады. Бұл да студенттердің қоғамдық іс-әрекеті мен үлгеріміне әсер етеді. Қарама-қарсы жыныс өкіліне қызығушылық студенттер мінез-құлықтары мен ақыл-ойында мәнді орынды иеленеді. Интимдік қарым-қатынастар өзін жақсы көрсетуге, жұмысты көңіл-күй, шығармашылық белсенділік тудыратыны жиі кездеседі, десек те, О. Кернбергтің ойына жүгінсек эмоционалды өзара қарым-қатынастарда агрессия мен махаббат өзара әрекеттесе рөл ойнайды.
Колледж студенттерінің жеке басының психологиялық дамуы - қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен шешілуі, сыртқының ішкіге ауысуы, өзіндік серпіліс, өзімен белсенді жұмыс жасаудың диалектикалық үрдісі.
Бұл типологияда жалпы студенттердің кәсіпті таңдау ерекшеліктері, оқу үлгеріміндегі, мамандығына қатынасының айырмашылықтарына, негізгі қызығушылықтарына, қарым-қатынасы, бос уақытын өткізу ерекшеліктеріне баса назар қойылған.
Оқытудың сәттілігі оқытылу сияқты адамның психикалық қасиетімен анықталады. Бұл түсініктің негізін адамның жеке бас ерекшеліктері (бейімділік, жеке адамның тұрақтылығы, мотивациялар тығыздығы және басқалар) және оның барлық интеллектуалдық потенциалы құрайды.
Студенттердің үлгерімі тек арнайы қабілеттер мен жалпы интеллект дамуына ғана емес, сонымен бірге, қызығушылықтар мен мотивтер, мінез қырлары, темперамент, жеке адам бағыттылығы, оның өзіндік санасына да тәуелді. Жеке адамның бағыттылығына, оның материалдық және рухани қажеттіліктері кіруі мүмкін. Осы қажеттіліктер өзінің қанағаттануын күтеді және сондықтан да құмарлық, еліктеу, тілек ету, талпыныс, эмоционалдық күйлерді тудыратыны хақ, ал осылардың себебінен студент белсенділік танытуға мәжбүр болады.
Жеке адамның әлеуетті мүмкіндіктерін жұмылдырудың маңызды шарты оның қандай да бір іс-әрекет түріне бағыттылығы мен белсенділігі болып табылады. Адам үшін ең мәнді нәрсе сайып келгенде оның іс-әрекетінің мотивтері мен мақсаттары ретінде орын алады.
Колледж студенттерінің жеке басындағы негізгі қажеттіліктерінің бірі қарым-қатынас қажеттілігі. Қарым-қатынаста студенттер өзгелерді ғана емес өзін де танып біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін меңгереді.
Студент дамуы мен іс-әрекетінде әлемдік көзқарасы - қоршаған ақиқат дүниеге көзқарасы, наным-сенімдер жүйесі де қомақты рөлге ие. Студенттің мінез-құлқы мен әрекетіндегі айқын ерекшеліктер темпераментіне де тәуелді. Сондай-ақ, колледж студенттерінің іс-әрекеттерінде олардың мінезі де көрініс береді. Мінез - адамның салыстырмалы тұрақты психикалық құрылымы, оның жүріс-тұрысына әсер ететін қырлар жиыны.
Сонымен колледж студенттерінің жас кезеңдерінде төмендегідей жаңа құрылымдар, мүмкіндіктер анық байқалады:
- ақыл-ой, адамгершілік қатынастағы зерделілік (ересектік);
- наным-сенім, дүниеге көзқарасы;
- өзбеттілік - турашылдық;
- сыншылдық және өзіне сыншылдық;
- ішкі сенімсіздікті тудыратын өзіндік бағасының қайшылығы;
- максимализм, үлкендердің ойына жағымсыз қатынас;
- екі жүзділік, қалжың, дөрекілік, айқаймен әсер етуге талпыныс;
- интеллектуалдық танымдық дамудың жоғарғы шегі.
Біздің ойымызша, колледж студенті жеке адам ретінде өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Ол табысты колледж студенті болуымен қатар келешек өмірінің жоспарларын құрайды. Студент оқу уақытынан бөлек махаббат, эстетикалық таным, басқалармен қарым-қатынасқа түсу, бос уақытын өзткізуге де уақыт бөлуі керек. Кейбір адамдар өмірде жар таңдау мәселесінде айтарлықтай қиыншылық, қиналыстарға, түсініспеушілікке, қызғаныш пен жек көру сезімдерін бастарынан кешіріп жатады.
Бірінші курс білім алушыларының оқу орнына бейімделу үрдісіне орай жүргізілген көптеген зерттеулер келесідей негізгі қиындықтарға жіктеледі:
1) кешегі мектептің ұжымындағы оқушылардың оның өзара көмегі мен моральдық қалауының кетуімен байланысты жағымсыз күйзелістер;
2) кәсіпті таңдаудағы мотивацияның белгісіздігі, оған жеткіліксіз психологиялық даярлық;
3) мінез-құлық пен іс-әрекетті психологиялық өзіндік реттей алмаушылық, оның күнделікті бақылауға алынуын педагогтардың талап етуі;
4) жаңа жағдайда еңбек пен демалыстың оптималды тәртібін қарастырып іздеу, жұмыс пен өзіндік қызметті реттеу, әсіресе үй жағдайынан жатақханаға ауысу кезінде;
5) соңғысы өзіндік жұмысқа дағдының болмауы, конспектті жасай алмау, алғашқы еңбек көздерімен, сөздіктермен, анықтама сілтемелермен жұмыс жасай алмаушылық;
6) оқу орнында қалыптасқан ішкі тәртіп ережесіне қайшы әрекеттерді жасау, ішкі тәртіпке көнбеушілік немесе үйренбеушілік.
Барлық осы қиыншылықтар өзінің шығуына байланысты әр түрлі. Оның кейбіреулері объективті құрыла алмайтын, енді біреулері субъективті сипатта және де әлсіз даярлықпен, мектеп және жанұя тәрбиесіндегі ақаулармен байланысты.
1.2 1 курс студенттерінің бейімделу ерекшеліктері
Бейімделу дегеніміз - грек тілінен аударғанда адаптация дегенді білдіреді. Яғни, ағзаның ортамен өзара тиімді қарым - қатынасы болып табылады. Бұл процесс әртүрлі деңгейлерде: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік түрде іске асырылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz